Тәжірибені үйлестірудегі әдістер

Маңғыстау облысы

Ақтау қаласы

Гимназия сыныптары бар №20

жалпы білім беру орта мектебінің

Құқық пәні мұғалімі:

Бекназарова Рима Аяшовна

Тәжірибені үйлестірудегі әдістер

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша ПҚ БАИ-да ІІІ (базалық) деңгейлік курс оқуынан өткеннен кейін сабақтарымды түрлендіріп өткізуді қолға алдым. Тәжірибемді әріптестеріммен бөлісу мақсатында ашық сабақтар, семинарлар өткізіп, баяндамалар, тренингтер, кездесу кештерін, апталықтар ұйымдастырып жүрмін. Кезекті бір семинар сабағым жайлы әрптестеріме баяндап беруді жөн көрдім. «Сен Конституция туралы білесің бе?» тақырыбындағы сабағымда әдеттегідей мақсат пен міндетімді белгілеп алған соң, мынадай аспектілерге назар аудардым: сабақты жоспарлаған кезде сынып бойынша оқушылардың жас ерекшелігін, даму деңгейін ескере отырып оларға бейімдеп жазуды ойластырдым.

Бірінші кезеңде пәнге байланысты ҚР азаматтардың міндеті туралы тренинг жүргіздім. Оқушыларда өзара қызығушылық туындап, бәсекеге түсіп, таласа жауап бере бастады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы жаңаша әдіс-тәсілдердің маңызы ерекше екендігіне көзім жетті.

Екінші кезеңде «Санаға сапар» сабағында әрбір слайдты менің тақырыпқа сай берген сұрағымның бағытына байланысты сұрақ беру арқылы оқушылар сабақты өздері түсіндіруге тырысты. Мысалдар қойып қылмыстың түрлерін ажыратып, қандай қылмысқа жататынын, жасалған қылмысқа байланысты қандай жаза қолданылатыны және жазаның ауыр, жеңіл түрлерінің қандай болуы мүмкін деген тақырыпта ой қозғауға бейімдедім. Практикалық сабақ соңынан ережені толықтай түсіндіруге тоқталдым.

Сергіту сәтін де сол сыныптағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты іздестіріп, құпия сандар арқылы жасырылған сөздерді табу оларды өздігінен ізденіске түсіріп, шабыттандырды. Құқық терминдерін бағанға бөліп сәйкестендіруде терминдерді оқушылар оңай жадында сақтап қалуға бұл тәсілдің ықпалы зор болды. Логикалық даму жолын жылдамдатуда, қызығушылықтарын ояту мәселесін ойластыра отырып суретке қарап мақал құрастыру кезеңде АКТ ны пайдаландым. Қойылған сурет пен ойлаған мақал сөздері оқушыларды жаңа сабаққа кіруде қызығушылығы оянып, бұрын сабақта үндемейтін оқушылар белсенді қатыса бастағанын байқадым, ең соңынан барлық мақалдың жиынтығынан бір ән шығатынын айтып өткенім, одан да қызықтырақ болды. АКТ ны пайдаланудың тиімділігі cол, түрлі- түсті суреттер көрнекі де көлемді, әрі қызықтырақ болып көрінеді интертақтадан. Жаңа тақырыпты тақтаға жазып қойсақ, уақыт үнемделеді, мұғалімге аз сөйлеуге мүмкіндік туады.

Ассоциация әдісімен топтық жұмыс жүргіздім. 4 топқа бөліп жарысып әрбір топ өз тақырыбын қорғауда үлкен жауапкершілік танытып, сабаққа қалай қызу кіріскенін байқамай қалды. Әрбір топ бірін- бірі үйретіп, түсіндіріп, ойын ортаға салып, біріне - бірі жылдам ойлауға ықпал жасап, басқа топтан алға озып шығуға тырысты. Сабақ үстінде талантты және дарынды оқушылардың жұмысына да көңіл бөле жүрдім. Сыныптағы топтар белгілі бір тапсырманы жалпы орындағанда, ондай оқушыларға бөлек тапсырма бере отырып, олардың сабаққа деген ынталары одан да жоғарылай түскенін байқадым.


Ұқсас жұмыстар
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістемесі
Психология әдістері
Педагогика тарихының әдіснамалық негіздері және басқа ғылымдармен байланысы
Мемлекет пен дін ара қатынасын үйлестірудегі дінтану білімінің орны
Термодинамикадағы жұмыс
Тәжірибе жасау
Баяндама
Оқытудағы критериалды бағалау тақырыбы бойынша коучинг сабағы туралы есеп
Қазақ тілін оқытуда жиі қолданылатын педагогикалық әдіс - тәсілдер
Заманауи мұғалим, мұғалімнің кәсіпқойлығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz