Ұстаз қоржыны

№26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Бастауыш сынып мұғалімдері: Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы
Кояганова Бақыт Зиятайқызы
Екібастұз қаласы
Өз тәжірибелерінен өткізіп,
жинақтап құрастырған:
Екібастұз қаласындағы №26 жалпы
орта білім беретін қазақ мектебінің
бастауыш сынып мұғалімдері:
Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы
Кояганова Бақыт Зиятайқызы
Ұстаздық тұлға
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүріңдер- бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелген міндет ауыр» деген болатын.
Еңбек жолы жеңіл болмағанымен, бұл мамандық иесінің әр жеткен жетістіктен рахаттанып, әр оқушының ақ жарқын күлкісінен өзіне бақыт нұрын сезінуге мүмкіндігі мол.
Ұстаз! Мен үшін осы сөздің өзінде қаншама мән-мағына, күш құдіретті, қасиетті ұғым жатыр. Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі, -деген Ы. Алтынсарин атамыз. Жүрексіз өмір болмаса мұғалімсіз білімнің, тәрбиенің іске аспайтыны белгілі. Өмірдегі қоғам қайраткері, небір данышпан адамдар, ғарышкерлер, қарапайым еңбеккерлер бәрі де ұстаздан білім нәрін алған. Өйткені мұғалім елдің ертеңгі тізгінін ұстайтын ұрпақты тәрбиелейді. Ал жас өркеннің қалай болып өсуі ұстаздан алған тәлім-тәрбиесіне байланысты екендігі белгілі. .
Нағыз мұғалім болу-үлкен абырой, зор еңбек, ішкі қажеттілік және балаларға деген жалындаған махаббат. Ұстаз деген атаққа ие болудың өзі бір бақыт. Қай заманда болмасын, ұстаз үздіксіз ізденуші, ұшқыр ойлы болуы тиіс деп ойлаймын. Мектеп табалдырығын
тарыдай болып аттаған бүлдіршіндерім білім тұңғиығына еркін сүңгісе, шәкірттерім білім додасында қатарласынан оза шауып, оң нәтижеге қол жеткізіп жатса, ұстазға бұдан артық қуаныш бар ма?
Кезінде ұлы ғұламалардың бірі «Баланың бақыты жақсы ұстаздың қолында»деген екен. Бұл қанатты сөз ешқашан өзінің мәнін жойған емес. Сондықтан ертең ел тұтқасын ұстайтын бүгінгі жас ұрпақтың болашағы бірінші кезекте мұғалімнің берген білімі мен тәлім-тәрбиесіне тікелей байланысты деп ойлаймын.
Мұғалімнің тәрбие мен білім беру жолында атқарған адал еңбектері ғана жас азаматтардың өмір жолдарына шуақ шаша алып, дұрыс бағыт бере алады.
Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Ұстаз тұлғасы
Ұстаздық еткенің,
Білім дәнін еккенің.
Мектепте білім беру жауапты іс. Өйткені, мектеп арқылы жеке тұлға тәрбиеленеді. Бүгінгі мектеп оқушысы ертеңгі ел тізгінін ұстайтын азамат.
Бастауыш мектептің негізгі міндеті - жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру болып табылады. Ендеше, осы міндеттерді жүзеге асыратын басты тұлға ұстаз. Тек мықты ұстаз ғана ауыр жүкті алып жүре алады.
Мектепте оқитын әрбір баланың терең білім алуына қалай жетуге болады? деген ой әрбір мұғалімді толғандырады.
Психологиялық зерттеулер бойынша, баланың білім алуындағы кемшіліктің себептерінің бірі- баланы жақсы көрудің жетіспеушілігі мен баланың өзін төмен бағалауы.
Мұғалімнің міндеті - баланың өзіне деген сенімін арттыру, өзін тұлға ретінде сезінетіндей мүмкіндік ашу, өзін тұлға ретінде сезінген бала әрқашан өмірде өз жолын таба алады.
Мұғалім істеген ісі өнімді, берекелі болуын тілесе, әуелі өз қызметін шын көңілмен жақсы көруі керек. Мұғалім үлгілі, арман болуға жараса, оның өнегесіне балалар да ықыласпен еліктейді, бағынады.
Мұғалім- психологиялық танымдық процестерді қалыптастырудағы негізгі тұлға. Әрбір баланың психологиясын білу көп ойлануды, көп ізденуді қажет етеді.
Егеменді еліміздің дүние жүзі елдерімен терезесі тең болу үшін оның негізгі тұтқасын ұстайтын дүние әлемін шарлайтын біздің дарынды да, қабілетті ұландарымыз. Халқымыз « Басында бұлағы бар өзен ұзақ ағады» - деп бекер айтпаған.
Ал, қазіргі қоғамда ақыл-ойы кемел, шығармашылық жағынан қабілетті, іскер және білімді адам керектігі - әр ұстаздан талап етіледі.
Білімнің сапалы болуы тікелей мұғалімге, оның білім деңгейі мен іздену шеберлігіне байланысты. Педагогикалық қызметке ынтасы жоғары, білім беру саласындағы үнемі жаңарып отыратын өзгерістерге икемді, жаңа технологияларды меңгере отырып, оқу-тәрбие үрдісінде қолдана алатын шығармашыл маман болуы тиіс
Мұғалімдік еңбектің психологиясы күрделі және жауапты екенін айта келіп, жазушы - педагог М. Әуезов шын мұғалімге тән мынадай қабілет-қасиеттерді атап көрсетеді: эрудиция қабілеті, әр жастағы баланың даму ерекшеліктеріне сай келетін тәрбиенің тиімді әдісін таба білу, баламен тіл табыса білу шеберлігі, ақыл- парасатының мол болуы, оқыту мен тәрбиенің жаңа әдістерін тәжірибеге батыл енгізу, оқушының сеніміне бөленуі, ұйымдастырушылық қабілетті қалыптастыру.
« Осындай қабілетті, қасиеттерді, іскерліктерді өз бойына жинаған мұғалім ғана - нағыз ұстаз бола алады »- деп ойлаймын.
Кояганова Бақыт Зиятайқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?
Бүгінгі еліміздің тірегі-білімді ұрпақ. Білім бастауы -бастауыш мектепте берілетіні айқын. Осыдан да бастауыш мектепте әртүрлі пәндер тоғысып, оқушы білімін дамытып, келбетін сомдауға үлес қосады. Әсіресе, баланың
эстетикалық-көркемдік талғамын ұштап, ұлттық тәрбие береміз. Тіл ана сүтімен бала бойына дарып, мектеп атты ұяда жетіледі. Онысыз бала мәңгүрт болып өсіп, елін-жерін сүймейді. Сусыз құрғақ жерге, таса көлеңкелі жерге дән тастағанмен өнбейтіні сияқты, жас баланы біліммен сусындатып, бағып-күтпесек, көкірегін ашып, тәрбие бермесек, өспейді, өнбейді.
Мектеп жасына дейінгі баланың бүкіл өмірін ұйымдастыру, оның денсаулығын нығайту, ақыл-ой, адамгершілік тәрбиесін жетілдіріп, түптеп келгенде мектепке даярлау, тікелей ата-ана үлесіне тиеді. Ата-аналар баланы мектепке даярлау барысында оның танымдық процестерінің қалыптасуына көп көңіл бөліп, жеке адамдық қалыптасуына назар аудара қоймайды. Бұл баланың келесі даму кезеңі, яғни, бастауыш мектеп жасындағы қалыптасатын психологиялық ерекшеліктеріне әсер етеді. Осындай ғылыми тұжырымдар бойынша баланың мектепке дайындығы-баланың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Сонымен мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяқталуы психологиялық дамуын тоқтатпайды, оның бастамасы мектеп жасындағы кезеңде өз жалғасын табады. Адамның дұрыс қалыптасуы осы мектеп жасына дейінгі кезде психологиялық, интелектуалдық дамуына байланысты болады. Сондықтан баланың мектеп жасына дейінгі дамуына балабақша тәрбиешілері мен мұғалімдер және ата-аналар үлкен жауапкершілікпен қарау керек.
1 сынып оқушыларының қандай болуы біздің қоғам мен Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына байланысты. Бүгінгі мектептің мақсаты тек қана білім мен білік дағдыларын меңгерту ғана емес, сонымен қатар өзін-өзі дамытуға ұмтылатын ақылды да алғыр, ой-өрісі ақпарат көздерін өз бетімен қорытып қолдануға қабілетті, мемлекеттік тіл мен мемлекеттік рәміздердін құрметтейтін, салт-дәстүрді дәріптейтін, өз елінің тарихын қадір тұтатын, елін, жерін сүйетін, Отанын қорғауға оның тағдырының жарқын болуы үшін үлес қосатын отаншыл оқушыларды тәрбиелеу болып табылады.
Қорыта айтқанда, қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет деп ойлаймын. Елімізде өркениетті қоғам құру үшін, тәрбиелі, дені сау азаматтарды көп болып тәрбиелеуіміз керек.
Ақмолдина Ғалия Қазтайқызы
бастауыш сынып мұғалімі
Қазіргі заманғы бірінші сынып оқушысы қандай болу керек?
ХҮ ғасырда Англияның атақты оқымыстысы Лекки «Баланың ақылы да, жаны да туғанда ақ қағаздай болып туады. Ақ қағазға қандай жазу жазса да жазушының өз еркінде. Сол сықылды балаға қандай тәрбие беру тәрбиешіден. Бала қалай тәрбиеленсе, соған көне береді» - деген болатын.
Сондықтан да ақ қағаз бетін қайта өшіре алмайтындай шимай-шатпақ түспесін десек нәресте шыр етіп дүние есігін ашқаннан бастап оның тәрбиесіне аса ыждағаттылықпен кіріскеніміз жөн.
Қай заманда болсын әр халық өзінің ұрпағын жан-жақты жетілген, адамгершілік жағынан жағымды, мінез-өнегелері қалыптасқан, еңбекшіл, үлкенді құрметтейтін азамат болып өссін деп армандаған. Қазақ халқында келешек жас ұрпақты тәрбиелеу, өмірге дайындау, сол халықтың арман-мүддесінен, тәрбие дәстүрімен байланысты туып, өсіп-өркендеп, дамып, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп отырған.
Демек, бірде-бір адамзат қоғамы өзінен бұрынғы аға буынның ақыл-ойын, тәрбиелік тәжірибесін пайдаланбай өмір сүрген емес.
Бүгінгі күннің басты талабы жас ұрпақты тәрбиелеп, білім беру жолдарында оқушылардың ұлттық рухани білім алып шығуы. Баланы бастауыш сыныптан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға үйрету керек.
Өйткені қазіргі кезде қоғам дарынды, қабілетті адамдарды қажет етеді. Жеке тұлғаның рухани өсуіне психологиялық-педагогикалық жағдай жасай отырып, өз ортасында және өзге ұжымда өзін еркін сезіне алуға тәрбиелеу, өзіне-өзі сенімді, жауапкершілік қасиетті сіңірген тұлға ретінде қалыптастыру қажет.
Жаңа орта талаптарына бірінші сынып оқушыларының мінез-құлқының сәйкес келу жетістіктері икемделудің нәтижелігінде көрінеді. Бірінші сынып оқушылары мектептің тәртіп нормаларын меңгеруге лайықты. Оқушылардың көпшілігі тұлға типінің тұрақтылығымен, көпшілігімен, адалдығымен, эмоционалдық бір қалыптылығымен және өзін бақылау дәрежесінің жоғарылығымен сипатталады.
Бірінші сынып оқушыларында оқуға деген ынта қалыптастыру, оларға белгілі бір табысқа қол жеткізетіндей жағдай жасау керек.
Отбасында және балабақшада берілетін тәлім-тәрбиеге қосымша қазақ баласы алғаш мектеп табалдырығын аттап, партаға отырған сәттен бастап, ұлттық құндылықтар тамырынан нәр ала отырып білім алуы қажет. Ендігі мәселе - оларға сапалы да жан-жақты білім беру.
«Ең ұзақ жол алғашқы адымнан басталады» деген қағидаға сүйенсек, ең мықты білім алғашқа сабақтан басталады деуге болады. Бірінші сыныпта жақсы оқыған бала одан кейінгі сыныптарда да білімге құштар болып өседі. Сондықтан да бірінші сынып пен алғашқы өткізілетін сабақтың маңызы өте зор деп білемін.
Өйткені алғашқы айтылған сөздер, алғашқы көрген дүниелер, жалпы алғашқы әсерлер баланың санасына түбегейлі жатталып қалады.
Бүгінгі таңда тәлім-тәрбие беріп жатқан бүлдіршіндеріміз Отанын жанындай сүйетін, ұлттық тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Ынтымақ, бірлік, сыйластыққа қазақ жастарын бала күннен баулысақ, ел іргесі сөгілмек емес.
Қояғанова Бақыт Зиятайқызы
бастауыш сынып мұғалімі
№ 26 жалпы орта білім беретін қазақ мектебі
Өткізілген тәрбие сағаттары
Адам бойындағы ең тамаша қасиет- тәрбие мен білім.
Ж. Баласағұни.
Тақырыбы: «Әліппе деген алтын жол,
Апарар сені алысқа»
1 «А»сынып мұғалімі: Ғ. Қ. Ақмолдина Ғ Қ
Мақсаты: Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Мектеп оқушыларын ана тілін сүйетін, қадірлейтін өз мәдениетін көтеруші және оның мұрагері болатын, рухани дәрежесі биік, Егеменді Қазақстанның жер бетін көрсететін жеткіншек тәрбиелеу, яғни«ойнай берсең, бала боласың, ойлай берсең, дана боласың»ұғымын ұғындыру.
Көрнекілік: Шарлар, жалаушалар, қанатты сөздер, оқушылардың дәптерлері, салған суреттері, еңбек сабағында жасалған бұйымдары, ең таза ұстаған «Әліппе», «Математика»оқулықтары.
Мұғалім:
Армысыздар, құрметті қонақтар!
Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі -әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отыра ертеңгілігімізді бастаймыз.
1-жүргізуші: Қайырлы күн, уа, халайық!
2- жүргізуші:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп, әнде бүгін шырқарар.
1-жүргізуші :
Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,
Жүздеріңнен мейірім мен нұр толар
Алдарыңда жауқазындай құлпырған
Біз алаңсыз балғын шақты балалар!
2-жүргізуші:
Армысыздар, аталар мен апалар!
Әліппемен қоштасу тойы құтты болсын
Мұғалім:
Өсті міне бойларың,
Өсті ақыл ойларың
Қуанышқа ортақпын,
Құтты болсын тойларың.
Бәрімізге ең қымбат әліппені ортаға шақырайық
Хормен : Әліппе (3рет)
Әліппе:
Армысыздар, жас достар!
Армысыздар, ата-ана
Бүлдіршіндер, балғындар.
Менің атым-Әліппе,
Мені анаңдай дәріпте.
Мені оқып ер жеткен,
Ағаң менен әпкеңде.
Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Өйткені, біз тұңғыш рет сауатымызды ашқан «Әліппені» бітірдік.
Біз енді өзіміз-ақ кез-келген сөздерді, сөйлемдерді, тіпті қысқа әңгімелерді бөгетсіз оқи аламыз.
Ең алғаш алғанымда «Әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді.
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді,
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Көлге ойнаған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «Әліппең»
Әліппем, менің Әліппем
Сені қолға алып мен,
Есігін аштым мектептің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Қош бол, құтты «Әліппем
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен,
Тақылдатып сөйлеттің.
Өтті оқу сан сабақ,
Бүгін үлкен салтанат.
Оқулықпен достассақ,
Әліппемен қоштаспақ.
Өсті білім, бойымыз,
Құтты болсын тойымыз.
Әліппем, менің әліппем,
Өмірді келем танып мен,
Қайталап айтам мың рет,
Өзіңе көп рақмет
Әліппе деген алтын жол
Апарар сені алысқа.
Жеңіл емес ауыр жол
Тырысып бақ намысқа.
Таныстырған 42 әріппен
Қош бол менің, қасиетті Әліппем.
Сенің арқаң оқи жаза білгенім,
Сауатты адам санатына енгенім.
Әліппе -Қане, бері қарайық,
Зейін қойып тыңдайық
Әріптермен танысу
Тақпақтарын бастайық
Әліпбидің А тұрады басында,
Әрқашанда Ә тұрады қасында,
Байқадың ба Б тұрады үшінші,
Ал осының сыры неде? Түсінші
«А» деген ол-аналар ғой ардақты,
«Ә» деген ол-әкелер ғой салмақты.
«Б» деген ол-балалар ғой көңілді,
Біздің елде үшеуі де кәделі.
«Ө» дыбысын өткенде бабалардың өнегелі өсиет сөздерімен таныстық.
Әдепті бала-арлы бала,
Әдепсіз бала- сорлы бала
Оқусыз білім жоқ,
Білімсіз күнің жоқ.
Ашу- дұшпан, ақыл-дос,
Ақылыңа ақыл қос
«Е» дыбысын өткенде ертегілер еліне саяхат жасадық.
(«Сауысқан мен қарға» ертегісінен көрініс)
«Қ» дыбысын өткенде «Қошақаным» әнін үйрендік.
«Қ» қартқа қол бер, жасқа жол бер.
«М» мектеп берген біліммен, марқаясың жас ұлан.
«Н» наурыз айы келгенде, наурыз тойын тойлаймыз.
«С» сыйламаған жолдасын, сыйлай алмас өз басын.
«Т» дегенім жеңімпаз, туымыз ғой қолдағы.
Барлық әріп бағалы
Айттық әділ бағаны
Әріпсіз сөз болмайды.
Буын онысыз толмайды.
Адам барлық әріпті
Ардақтайды қолдайды.
Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,
Математикаға орын берер қасыңнан,
Барлық ғылым саған үйір болады,
Досың болар табылатын қасыңнан.
Өмірдегі заттарды,
Есептейтін бәрін мен.
4 амалды қолданған,
Математика пәнімін.
1. Мені келсең білгің,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрмын
2. Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрағым,
Бірді бірге қосқанда,
Мен шығамын шырағым.
3. Екіден соң әрқашан,
Үш саны мен тұрамын.
4. Үш сызықтан таяғым,
Оқушылар қояды.
4 дегенім баяғы
4 түліктің аяғы.
5. 4-тен кейін 5-ті
Білу оңай десті.
Санашы бір қолыңның саусағын,
Оңай табасың бесті.
6. Мен өзімді қатарға
5-тен кейін қоямын
Бір орнымды ұстаймын.
Орныма барамын,
Екі айшық саламын.
7. Қара мына қызықты
Көсеуді кім ұмытты
7 болам бір тартсаң,
Бел ортамнан сызықты
8. Менің атым сегіз,
Жетіден соңғы деңіз
Жазылғанда қос дөңгелек
Мен боламын-8
9. 8-ден кейін 9
6-ны төбесінен тұрғыз,
Сонда болам мен-9.
10. Әліппеде о-ға ұқсаймын.
Санда 0-ге ұқсаймын
Жеке тұрсам мәнім жоқ,
Басым бірден басталып,
Нольмен бітер аяғым
Оқымап ем, «бір» алдым,
Кейіп қалды мұғалім.
Әкеп едім «екілік »
Анам шықты жекіріп.
Үш алғанда байқадым,
Әкем басын шайқады.
«Бес» деп едім бүгін кеп,
Қалды бәрі күлімдеп.
Қәне, балалар, енді қонақтарға, ата-аналарға кітапты қалай оқитынымызды көрсетейік.
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз
Әліппе
Кәрі -жасқа ой сала.
Үйрететін ой сана .
Ана тілін сүйіңдер
Осыған бас иіңдер.
Риза болып аттанам.
Рақмет айтып шаттанам
Оқумен өсіп толыңдар
Аман-есен болыңдар!
Айналайын балғындар,
Меннен білім алдыңдар
Озат достар оқыды,
Ойға білім тоқыды
Ана тілі
Туған елдің тілімін,
Ақылы мен танымын
Түсіндірер бәріне
Ана тілі пәнімін.
Ана тілің арың бұл
Ұяттың боп тұр бетте .
Ата-бабамыз ежелден 3 нәрсені бой тұмардай қасиет тұтып, қадірлеп өткен. Ол -ел, жер және тіл. Ана тілі-әр халықтың төл белгісі.
Адам білімді, тәлім-тәрбиені -тіл арқылы үйренеді. Ана тілі деп атаудың себебі - анасындай қастерлесін дегені. Өз анасын сыйлайтын әр адам өз тілін де құрмет тұтып жүреді.
Аяулы жыр-әніміз
Аялайтын бәріміз.
Алу үшін сана-білім
Ардақтаймыз ана тілін.
Бата
Әліппенің бетін жарық ет,
Ұл-қызды түгел білімді етІ
Келесі оқу жылына,
Аман-есен түгел жет!
«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз,
Өнер-білім көп оқып.
Өсе берсін санамыз!
Әумин!
(Қолдан жасалған бестік беріледі)
Бүгінгі кеш әр үйдің « Той басы» деп саналар.
Балалардың есімі әулеттерге таралар.
Ырым етіп сондықтан ертеңгілік соңында,
Ақ тілекпен баршаға тілек айтар қонақтар
(Қонақтарға сөз беріледі)
Орында жол тәртібін
1 «А»сынып мұғалімі: Ғ. Қ. Ақмолдина Ғ Қ
Мақсаты:
-Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу, көше қатынас ережелерін меңгеру.
- Сұрақтар қою, жұмбақ, өлең айту, ойын арқылы ойларын дамыту.
-Жолда жүру ережесін білуге, есте сақтауға тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап.
Көрнекілік: Тоқта!Сақтан!Жол ашық! Газет, бағдаршам макеті, транспорт модельдері, жол белгілері.
Жүру барысы:
І Қызығушылығын ояту.
Көзін ашып жұмады,
Бағыт сілтеп тұрады.
(бағдаршам)
1-оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар
сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлерге дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2-оқушы: Көшенің екінші бетіне өту үшін, арнайы өткелден өту керек. Ал, қалалық жерлерде аспалы көпірлерден, жер асты жолымен өтеді.
3-оқушы: Көшеде келе жатып, қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең, сақтанып, күте тұр. Көшеде
тоқтап тұрған машинаның қасынан абайлап өт, машина есігін ашып қалуы мүмкін.
4-оқушы:Мектепке келе жатқанда өзіңе қауіпсіз болатын жолды таңдай біл. Өткел тар болса, кездескен үлкен кісіге жол бер.
ІІ Мағынасын ашу.
Мұғалім: Жиекжол деген не?
Оқушылар: (бірге) Ол адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.
Мұғалім: Жаяуға қай жолмен жүруге болмайды?
Оқушылар: (бірге) Машиналар жүретін үлкен көшемен жүруге болмайды.
5-оқушы: Жиекжол бар ғой,
Жандар үшін жаяу.
Өт бірақ, тар ғой,
Шықпа жолға таяу.
Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар :(бірге) Бағдаршам.
6-оқушы: Бағдаршам аты
Көп көзді батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.
7-оқушы: Бағдаршам - өмірімізді қауіптен сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
8-оқушы: Көреген дәу құйрығы,
Көшемізде тұрады.
Бағынамыз әрдайым
Ашса кезек үш көзін -
Тоқта!Сақтан!Жол ашық!
Мұғалім: (Бағдаршамның қызыл көзін көрсетеді)
9-оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта.
Қатып қалған жанша,
Қыбыр етпе тоқта!
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz