Таспа құрттар класы

Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Мұхит атындағы ОЖББМ Амангалиева Фарида Марксовна
Пәні: Биология Сыныбы: 7б
Тақырыбы: Таспа құрттар класы. Сиыр цепені- таспа құрттар класының өкілі
Мақсаты: Таспа құрттар класының жалпы сипаттамасы, құрылысы мен биоэкологиялық ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру.
-білімділік: таспа құрттардың ерекшеліктерін талдап, олардың паразит түрлерімен танысу
-дамытушылық: өздігімен жұмыс істеу қабілетін, ақпаратты жинақтай білу дағдысын дамыту
-тәрбиелік: . Құрттардың ауру туғызатын түрлерінен сақтану шараларын үйрету
Құрал-жабдықтар: интербелсенді тақта, электрондық оқулық, дидактикалық материалдар
Оқыту әдістері: Әңгімелесу, сұхбаттасу, түсіндіру, көрнекіліктер түрін пайдалану, көрсетілім нұсқалары, бейнетаспа, деректер. Сыни тұрғыдан ойлау мен жазу.
Сабақтың барысы
Оқушылармен амандасу. Түгендеу. Сабаққа дайындығын тексеру. Психологиялық дайындығын тексеру.
Сабақтың мақсаты мен міндеттерін қою.
2. Білім мен іскерліктерін жан-жақты тексеру кезеңі.
Оқушыларға өткен тақырып бойынша сұрақтар қою арқылы білімдерін тексеру.
- Тип неліктен жалпақ құрттар деп аталады?
- Гельминтология қандай ғылым?
- Жалпақ құрттар қалай жіктеледі?
- Жалпақ құрттарға тән негізгі ерекшеліктерді атаңыз
- Сірқабық деген не? Ол қандай қызмет атқарады?
- Ақ сұлама - кірпікшелі құрт өкіліне сипаттама беріңіз
Сабақтың мазмұнымен таныстыру. Кіріспенің сызбанұсқасын талдау, біртіндеп кіріспеге көшу:
Слайд сызбалармен жұмыс.
Таспа құрттар типі. Осы типке жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері.
1. Жаңа сөздермен жұмыс (Оқулықтан жаңа сөздердің мағынасын табу, түсіндірмесін жазу) Таспа құрт. Сиыр цепені. Жармасқақ. Қармақшалы дернәсіл. Финна. Эндопаразиттер. Эктопаразиттер.
2. Сиыр цепенінің дамуы. ( Оқулықтағы 107 суретпен жұмыс жүргізіледі)
Жаңа тақырыппен танысады.
Тақтада берілген тапсырмаларды орындайды
- Оқушылардың теориялық білімін бекіту мақсатында тапсырмалар жүргізіледі.
1. Биологиялық диктант
1. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалардың ішекқуыстыларда болмаған жаңа жүйесі бар. Жаңа жүйе . . . деп аталады.
2. Зоология ғылымының паразит құрттарды зерттейтін
саласы . . . деп аталады.
3. Ағза денесінің сыртында паразиттік жолмен тіршілік
ететін жәндіктер . . . деп аталады.
4. Жалпақ құрттар . . . класқа жіктеледі.
5. Жалпақ құрттар денесі . . . қабаттан тұрады.
6. Таспа құрттар класының өкілі - . . .
2. Тест жұмысы
- Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктерге қандай белгілер тән?
А. Екі жақты симметриялы В. Радиальды симметриялы
С. Екі қабатты жануар Д. Целомды жануар
2. Жалпақ құрттар типінің ішекқуыстылардан ерекшелігі неде?
А. Көп жасушалы жануарлар; В. Жасушалары жіктелген; С. Үш қабатты; Д. Екі қабатты.
3. Жалпақ құрттарды қандай кластарға бөледі?
А. Кірпікшелі, буылтық; В. Сорғыштар, жұмыр, буылтық; С. Таспа құрттар, аз қылтанды, сүліктер; Д. Кірпікшелі, сорғыштар, таспа;
4. Сиыр цепенінің дернәсілі қайда дамиды?
А. Адам ішегінде; В. Топырақта; С. Сиыр денесінде; Д. Тоған суда.
5. Жалпақ құрттар типіндегі ағзаларда қантарату, тынысалу жүйесі болама? А. Болады; В. Болмайды; С. Дұрыс жауап жоқ; Д. Бәріде.
6. Жалпақ құрттар типіндегі ағзалар қалай тыныс алады?
А. Өкпесімен; В. Тыныс алу жүйесімен; С. Желбезекпен; Д. Бүкіл денесімен.
7. Кірпікшелі құрттар класының өкілі?
А. Бауырсорғыш; В. Ақ сұлама; С. Сиыр цепені; Д. Сүлік.
8. Алғаш жалпақ құрттарда пайда болған жүйе?
А) Ас қорыту В) Қан тарату С) Тыныс алу Д) Зәр шығару
9. Эктодерма мен энтодерманың аралығындағы аралық жасушалық қабат?
А. Мезодерма; В. Сірқабық; С. Піллә, Д. Эктодерма.
10. Паразит құрттарды зерттейтін сала?
А) Палеонтология В) Протозоология С) Гельминтология
Д) Микология
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz