Сабақ жоспары :: Әртүрлі
Файл қосу
«наурыз» келіп енгенше
«Наурыз» келіп енгенше. «Көкарал» жалпы орта мектебінде Жыл басы
«Наурыз» мерекесін қарсы алу бағдарламасы. Бите Төрехан. «Көкарал»
жалпы орта мектебінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Тақырыбы: «Наурыз» келіп енгенше.
Мақсаты: «Біздер Отан патриотымыз» Жасөспірімдерді саяси
саналылыққа тәрбиелеу, олардың бойына елін, жерін сүйетін, жаны
таза, адамгершілігі мол азаматтық қасиетті қалыптастыру. Патриоттық
сезімге баулу, қазақ мемлекетінің рәміздерін қастерлеуге үйрету.
Ұстанатын қағидасы: «Өсер ұрпақтың турашыл, өнегелі болуы абзал».
Наурыз тәрбие бесігі
Қорытындылау
Наурыз! Бұл бір ғана сөзде қаншама кереметтің бары бір аллаға
аян. Ия, Наурыз деген сөздің құдіреттілігі сол адамзат баласы
соның ішінде әсіресе көшпенділер бұл сөзбен Жыл бойы қоректеніп
келер уақытын асыға күткен және ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді.
Тарихқа үңілер болсақ Наурыз Жаңа күн деген мағынаны береді, ол
уақыт жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер шағы көктемгі Күн мен
түннің теңелген уақытына дәлме - дәл келеді, бұл деген сөз
ертеректе адам баласы қақыраған қыстың кетіп көктемнің келген
шағын, тіршілік көзінің оянғанын малдар төлдеп, құстар келіп ән
салып құлындар тайдай тебісіп туылған кезде Жаңа жыл келді деп
есептеген.
Әр ел өз бетінше климаттық жағдайына табиғи ортасына
байланыстыра отырып той тойлап қарсы алып отырған. Барлығын бір
ғана Наурыз сөзі біріктірген. Африка елдері көбіне түйенің жүнінен
тоқыған киімдерді киіп әшекейлесе Азия елдерінде Парсылар, Арабтар,
Үндістандықтар /Хиндустар/ күрішін суын бір-біріне ұсынып өзара
достыққа қол жеткізген. Кейбір деректерге қарағанда бұл айда қырғи
қабақ соғыстарда тоқталып елдер арасында мәмілеге келгені мәлім.
Ал өзіміздің ата-бабаларымыз бұл күнді қасиетті күндердің атасы
санағаны тарихтан мәлім. Көне жазбалар және көне қорғандар
орнынан табылған түрлі бағалы заттарға қарай отырып тарихшыларымыз
археологтар т.б. өз тұжырымдамасында бұл күнді атап өту кезеңі 5
(бес) мың жылдан асатынын атап көрсетіп отыр.
Бұл деген сөз ұрпақтан ұрпаққа бұл Наурыз сөзі, мерекесі, Жаңа
күні, жаңарып өзгеріске ұшырап отырған. Соған қарамастан негізгі
бағыт бағдары өте жақсы сақталып біздің өміріміздің төрінен өзіне
тән лайықты орынды алып отыр. Наурыз мерекесінің ерекшелігі
халықтардың ұлты, руы нәсіліне қарамайды себебі оның басты мақсаты
адамдар арасындағы достық қарым-қатынастың оң көрінісі екенін
бәріміз жақсы білеміз. Ата-бабаларымыздың бізге қалдырған аманаты.
1. Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық мейрам-жоралар, діни-
рәсімдік мерекелер жайында әңгімелеу.
2. Наурыз бүкіл мұсылман халқының ұлттық мейрамы, көктем мерекесі
болып тойланатынын ұқтыру.
3. Халықтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, халық тәжірибесін, оның
дүниетанымын жинақтап, тәрбие беру.
4. Жаңа ұрпаққа рухани мұраны жеткізу.
5. Ұлттық салт-дәстүр негізінде тәрбиелеу.
6. Наурызда жаңа өмір басталып, күн менен түн теңеліп, Жер-Ана
бусанып, жерді идіріп өсімдік біткен бүршік жарып желектеп,
табиғаттың ықыласына тас жібіген керемет жайлы түсінік беру.
Мерекеге арналған ұран сөздер:
Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!
Наурыз тойы-мереке, Мешін жылы-береке!
Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын.
Бұлақ көрсең, көзін аш.
Артыңда мал қалғанша, тал қалсын!
Жыл басы-Наурыз, мол болсын дәм-тұз!
Буклеттер, киіз үй көрмесі, ұлттық киімдер, адраспан,
Наурыз көже.
Бағдарлама.
Қатысушылар: «Көкарал» орта мектебінің мұғалімдері.
Қыдыр баба: Ә.Орынбаев.
Төле би: К.Шегебаев.
Қазыбек би: К.Ысқақ.
Әйтеке би: Ж.Жұмағұлов.
Наурыз: А.Қазиева.
Алдар көсе: Қ.Бердіш.
Қожанасыр: Б.Өтеген.
Тазшабала: Е.Ермағанбетов
Әжелер: Ш.Сенбі, М.Әбиева, Г.Жүніс, Н.Түймебаева, А.Оспан,
К.Қарабай, С.Досмайлова.
Келіндер: Г.Тәшен, Г.Лебаева, А.Емжар, Ж.Майданова, А.Әбдіхадыр,
К.Исаева, Г.Зарнаби.
1-жүргізуші: Е.Есіп:
Уа, халайық! Бүгін ұлыстың ұлы күні. Ата-бабаларымыздың сөзімен
айтсақ, ақ түйенің қарны жарылған күн. Наурыз мейрамы. Наурыз
салтанаты.
2-жүргізуші: Д.Әби.
Наурыз-жаңа күн, яғни жаңа жылдың алғашқы күні. Жыл басы. Бұл
біздің халқымызда Күн мен Түн теңелер мезгіл-Наурыз айының 22-ші
жұлдызына сәйкес келеді. Бұл күні аталарымыз бен әжелеріміз үй-
үйді, ауыл-ауылды аралап, наурыз көжеден дәм тататын. Үлкен-кішіге
ақ баталарын беріп ізгі тілек тілесетін.
1-жүргізуші:
«Ұлыс күні қазан толса, ол жылы ақ мол болар,
Ұлы кісіден бата алса, сонда олжалы жол болар» деп нақыл
айтып, ауыл арасын ауыз бірлікке, татулыққа, ынтымаққа шақыратын.
Жыл басы-Наурыз күні айтылған бұл тілектер ақ болып, толық
орындалады деп ырым ететін.
2-жүргізуші:
Ғасырлар бойына атадан балаға мұра болып жатқан дәстүрлі осы
Наурыз тойы бүгін, міне тағы есігімізді ашып отыр.
Құрметті халайық қадірменді жамиғат. Біздің өткен ит жылына еш
өкпеміз жоқ.
Солай ма?...
Әжелер адыраспанмен аластайды.
Алас, алас, көзі жаманның көзінен алас,
Алас, алас, тілі жаманның тілінен алас.
Әжелер шашу шашады.
Шашу, шашу. Көп шашайық шашуды,
Жауғандай көк аспаннан нөсер жаңбырдай.
Уа, жамиғат жинап ал несібеңді,
Ризығың болсын көл-көсір.
Қашанда құт - береке орнасын деп,
Тойларда шашу шашу-салты елімнің,
Уа, халайық теріп ал мәмпәсиді,
Қабыл қылсын халқымның ақ тілегін.
Қарашаш ана ортаға шығады.
-Ұлыс күні кәрі жас,
Құшақтасып көріскен.
Жаңа туған қозыдай,
Жамырасып өріскен
Сақтай гөр деп терістен,
Кел, тез бақ, кел-десіп
Ием, тілек бер – десіп.
Бабалар бата беріскен.
/Үш би ортаға шығады/.
Төле би:
Сұрасаң бата берейін,
Үстем болсын мерейің.
Ықыласпен қол жайсаң,
Ақ тілекті төгейін.
Дастарханың мол болсын
Абыройың зор болсын.
Қазыбек би:
Өрендерің ер болсын,
Көре алмаған бағыңды.
Сындыра алмаған сағыңды,
Бетін басып жер болсын.
Әйтеке би:
Жарылқа алла қабыл ет,
Жарылқаудың қамын ет.
Ізет, абырой, бақ-дәулет,
Қызыр қарап, бақ қонсын,
Жақсылық үшін қызмет ет.
Қарашаш ана:
-Баба, хылқымыздың салтында кез-келген той-томалақтың ойын-
күлкісіз, думансыз өтпесі белгілі. Ал сол ойын-күлкінің көркі сәні
болған жарықтық Алдаркөсе, Қожанасыр, Тазша балаларды ұмытпаған
боларсыз. Бүгінгі тойымызға сол кісілерде келіп отыр. Соларды
ортаға шақырып қызықтарын тамашаласақ қайтеді?
1-жүргізуші:
Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық,
Аңыз бен ертегіден бізге жеткен
Құрметті қонақтарды қарсы алайық.
/Алдымен Қожанасыр содан соң Алдаркөсе шығады/.
Алдаркөсе /үнжырғасы түскен Қожекеңе/.
Әй, Әпендім, үн-түнсіз сілейіп неғып тұрсың? Тым болмаса мына
халқыңа аман сәлемің қайда?
Қожанасыр:
-Әй, Алдарым-ай құрғақ сәлем жұртыма тамақ болар дейсің бе? Көк
есегіме артып келе жатқан бірер қап базарлығым бар еді, әне бір
бұрышта бір топ рэкет дегендер тартып алып..., содан есек те жоқ,
базарлық та жоқ, мына жұртыма не дерімді білмей тұрғаным.
Алдаркөсе:
- Апырай ай, ө, шының ба?
Қожанасыр:
-Мен ешкімді алдап көрген жоқпын. Мына сен ғой ел-жұртты
бүлдіріп...
қазіргілердің бәрі Тазша бала екеуіңнің ұрпақтарың көрінеді.
Алдаркөсе:
-Қой, ойбай, мына жұрт шын көріп қалар.
Қожанасыр:
-Бірі бірін-бірі қайтсем алдап кетем деп тұрған алыпсатар болып
алыпты. Сен екеуіңнің ұрпақтарың демегенде не?
Тұсаукесу
/Ортаға жасы үлкен әже шығады/.
Тұсауы кесілетін баланың беліне түйіншекке түйіп: бидай, арпа,
қант, кәмпит, т.б. байланады.
Ішекпен байлағанда малды болсын, аузынан май кетпесін, барлық
уақытта тоқшылықта болсын деген тілек болса, көк шөппен байлағанда
жершіл болып, көк шөптей өсіп-өнсін деген ниетпен пайдаланған.
Әже:
Баланы алдына алған ана тұсауын кесейін деп:
Қаз, қаз балам, қаз балам,
Қадам бассаң мәз болам.
Күрмеуіңді шешейін,
Тұсауыңды кесейін.
Жүгіре қойшы құлыным,
Желбіресін тұлымың,
Елгезек бол ерінбе,
Ілгері бас, шегінбе, деп кеседі.
Баланы ала қашқанда екіншісі қуып беліндегі байлағанды алып,
заттарынан тойда отырғандарға ауыз тигізеді.
Алтыбақандағы жастардың ән шашуы.
Құттықтаулар.
Дастархан мәзірінің байқауы.
-----------------------
Наурыз көже
7 (жеті)
Алтыбақан
(жеті ағаш)
Үш би Қарашаш ана
Жеті келін
Қыдыр баба
Қожанасыр, Алдаркөсе, Тазша бала
Ә Ж Е Л Е Р
Бесікке салу
Тұсау кесу
Спорттық ойындар
Концерттік бағдарлама
Қонақтар
Ата-аналар
Оқушылар
Жастар
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz