Денсаулық сақтау технологиясын оқу - тәрбие үрдісіне енгізу 8 сыныптарға арналған

Тақырыбы:
«Денсаулық сақтау технологиясын
оқу - тәрбие үрдісіне енгізу»
8 сыныптарға арналған
Құрастырған:
«Павлодар облысының туберкулезге
қарсы балалар санаторийі» ММ
жанындағы мектептің қазақ
тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Гуляйм Соянқызы Давледбаева
Павлодар қ.
2013ж
Мақсаты: арнайы денсаулық сақтау технологиясы арқылы саламатты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру.
Міндеттері:
- халық педагогикасы элементтерін қолдану (ауызша халық шығармашылығы, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптары, ұлттық ойындар т. б. ) ;
- мектеп оқушысының бойында саламатты өмір салтын қалыптастыруда тиімді психологиялық-педагогикалық шарттарды қолдану;
- оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуіне көмек көрсету;
- өз денсаулықтарын сақтауда, саламатты өмір сүру дағдыларында жауапкершіліктерін қалыптастыру.
Күтілетін нәтиже: Дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары болады.
Кіріспе.
Жалпы білім беретін мектептерде оқу-тәрбие жұмысын жақсарту және білім мазмұнын жаңарту жайлы Қазақтан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Ы. Алтынсарин атындағы Қазақстан Білім Академиясы ұсынған «Кәсіптік мектептердегі тәрбие жұмысын ұйымдастыру бойынша нұсқауында» мектептегі тәрбие жұмыстарының маңызын көрсеткен. Бүгінгі таңда оқушыларды тәрбиелеуде үлкен жетістіктерге жету үшін « . . . қазіргі ұрпақ тәрбиесінің негізгі мақсаты − оқушыларға тек оқыту процесі кезінде ғана тәрбие берумен шектелмей, оқушылардың шығармашылық белсенділігін күшейтіп, өмірге деген құштарлығын арттыратын, денсаулығына кері әсер етпейтін, сыныптан тыс жүргізілетін жұмыстарды ұйымдастыру арқылы тәрбие беру болып табылады» деп көрсеткен.
Денсаулық дегеніміз - адамның ең ұзақ ғұмыры бойындағы әлеуметтік белсенділігі мен тиімді еңбекке қабілеттілік дәрежесін, биологиялық, физиологиялық және психологиялық қызметін сақтауы мен дамыту үрдісі. Ендеше, жас ұрпақтың дені сау, білімді азамат болып ер жетуі, ең алдымен, ата-анасына, одан соң білім нәрімен сусындыратын мектепке және қоршаған ортаға байланысты.
Ауру - бұл медициналық категория. Ал денсаулық - генетикалық потенциалдарды іске асырудың өлшемі. Тәрбие үрдісінде келесі потенциалдар дамиды - психикалық, тәндік және рухани-құлықты. Адамның отбасында, мектептегі тәрбие барысында денсаулығы дамып, нығаяды немесе тозады. Бұл жағдайда оқушының шығармашылық қабілеті шектеліп қалуы мүмкін.
Оқушылардың денсаулығы қалыпты болуы үшін төмендегі шарттарды орындау қажет:
- Дене еңбегі;
- Дұрыс тамақтану;
- Уақытты дұрыс пайддалану;
- Шынығу және демала білу;
- Бақытты өмір сүру;
- Гигиеналық талаптардың орындалуы.
Денсаулық сақтау технологиясы формалардың, құралдардың және әдістердің жиынтығын көрсетеді, олар адамның дене, психикалық, адамгершілік және әлеуметтік жетістігін қолдаудағы оптималды нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған.
Оқу -тәрбие үрдісінде денсаулық сақтау технологиясын енгізу не үшін қажет? Біріншіден, оқушылар уақыттарының көп мөлшердегі бөлігін мектепте, мұғалімнің қарамағында өткізеді. Екіншіден, мұғалім оқушы денсаулығына түрлі жағдаймен әсер етуі мүмкін. Үшіншіден, дені сау бала оқу үдерісіне белсене араласады, әрдайым жайдары, көңіл күйі жоғары болады. Сондықтан менің негізгі міндетім әр оқушының денсаулығына нұқсан келтірмей, денсаулығын нығайта отырып, оқуға деген құштарлықтарын ояту, әрбір баланың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, бала бойындағы қасиеттерді дамыту.
Аурушаң балалармен жұмыс істегендіктен баланың тұлғалық ерекешелігін ескере отырып күш-қайраттарын қалыптастыру және денсаулығын нығайту деп білемін. Бұл міндеттерге тек қана шынықтыру шараларын өткізіп қана қоймай, яғни баланың мектепте болған бір күні, оған сабақ барысында және сыныптан тыс шараларда пайдалы кеңестер беріп, денсаулықтары туралы ақпараттар беру, ежелден келе жатқан халқымыздың ауыз әдебиетімен байланыстыру арқылы мақал - мәтелдерді, ұлттық ойындарды орынды қолдануды өз тәжірибемде пайдаланамын. Біздің мектепте таңертеңгілік шынықтыру жаттығуларды міндетті түрде сабақ басталар алдында өткізумен қатар арнайы жоспарланған тәрбие іс - шараларында қимыл - әрекеттер, ұлттық ойындар, мақал - мәтелдер сайыстары, оның мағынасын ашу т. т. с. с. тіл дамыту жұмыстары үйлесімді ұйымдастырылады.
Өздік білім көтеру тақырыбым «Денсаулық сақтау технологиясын оқу - тәрбие үрдісіне енгізу» болғандықтан, тәрбие сағаттарым және сыныптан тыс өткізілетін іс - шараларым да осы тақырып төңірегінде негізделген және сол орайда баланы сауықтыру, аурудың алдын-алу жұмыстарының басын құрайды. Бұл жинақ осындай мекемеде және «Денсаулықты сақтау технологиясы» негізінде жұмыс істейтін мұғалімдер қауымына көмегін тигізеді деп ойлаймын.
Сабақтың тақырыбы: «Бірінші байлық - денсаулық . . . »
Мақсаты:
1) Ұлағатты ұстаздың П. К. Ивановтың табиғи сауықтыру идеясымен таныстыру, оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып, денсаулығын сақтау және аурудың алдын - алу жолдарын үйрету;
2. ) Оқушыларға жақсы, саналы, білімді азамат болу үшін, мәнді өмір сүру үшін ең -бірінші денінің сау болуын, басты байлық - денсаулық екендігін халықтың ежелден келе жатқан мақал - мәтелдері және нақыл сөздер арқылы түсіндіру, тәрбиелеу;
3. ) Оқушылардың күнделікті денсаулығын шынықтыру, «Шынықсаң шымыр боласың . . . », күн тәртібін дұрыс ұйымдастыруын қамтамасыз етудіді қалыптастыру.
Көрнекіліктер: суреттер, плакаттар, ( «Денсаулық-зор байлық», Тәні сұлудың -жаны сұлу»)
1) Бірінші байлық-(денсаулық)
2) Денсаулық болу үшін-(саламатты өмір)
3. ) Саламатты өмір дегеніміз не? (жан тазалығы, тән тазалығы)
- Сонымен балалар! Бүгін «Бірінші байлық-денсаулық» деген тақырыпта тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Тәрбие сағатымызда өзіміз білетін тақпақтар, өлеңдер, мақал-мәтелдер айтып, сұрақтарға жауап береміз.
Балалар 1) Денсаулық деген не, қалай түсінесіңдер?
2) Дені сау, денсаулығы мықты деп қандай адамдарды айтамыз?
3) Ауырмау үшін денсаулықты қалай күту керек?
Мұғалім: - Бүгін біз ұлағатты ұстазымыз П. К. Ивановтың ұстанымдарымен танысамыз. Ол 1898 жылы 20-ақпанда Украйнада дүниеге келген. Өз өмірінің жарты ғасырын адамдарды табиғи сауықтыру идеясына арнады. Жер тұрғындарына, көптеген қолжазбалары мен бақылауларын қалдырды. Қазіргі уақытта ұстазымыздың табиғи шынығу идеясы өмір сүріп отыр. П. К. Ивановтың балаларға ұсынған 12 нұсқауымен бар.
- Күніне 2 рет табиғи суға шомыл, бойындағы теріс энергияны жерге ала кетеді, денеңді ұйқыдан оятады.
- Қыста қарда жүріп үйрен, таза ауамен демалып, барлық адамдарға амандық тіле!
- Темекі шекпе, ішімдік ішпе!
- Аптасына бір тәулік ас-судан бас тарт. Асқазаның демалады. Тамақты уақытында іш.
- Жексенбі күні сағат12-де далаға шық, таза ауада қыдыр, қалауыңша тамақтан.
- Жұртқа мүмкіндігінше көмектес, әсіресе жалғыз баста кәрі кісілерге, үгедектерге, кемтарларға көмегіңді шын ақ көңілмен істе.
- Қызғаншақ болма!Өзбойыңдағы жалқаулықты, көрсеқызарлықты, қорқақтықты, жалған намысқойлықты таста!Өтірік айтпа! Жаман ойдан аулақ бол. Төңірегіндегі адамдарды сүй!
- Амандасып жүр, баршаға саулық тіле!
- Ауыра қалсаң көп уайымдама. Ол туралы ойлама, бұл сенің -жемісің!
- Істі аяқта!Ойыңды бөлме. Ерте жатып, ерте тұр!
- Білген, оқығандарды, өзгелерге айт, тарат. Бірақ мақтанба. Қарапайым бол!
Балалар қазір үш топқа бөлініп шағын ой толғаулар арқылы өз ойларымызбен бөлісеміз. (Күн, ауа, су денсаулыққа тигізер пайдасы. т. б. ) .
1. топ «Жерден- нәр»;
2. топ «Ауадан- дауа»;
3. топ «Судан- күш» тақырыптарына шағын эссе жазыңыздар.
Мұғалім: - Өте жақсы, сіздер БАЙЛЫҚ деген сөзді қалай түсінесңіздер?
Байлық деген не? (ой қозғау) (Оқушылардың ықтимал жауаптары: Машина, ақша, мал т. т. с. с. ) .
БАЙЛЫҚ
Табиғат Білім Мал Машина Саябақ Ақша
ДЕНСАУЛЫҚ
Табиғи күш Дене шынықтыру Тамақ Тазалық
- Ал, енді балалар аталы асыл сөздер: «Батпайтын ас - жеген кісінің өзін жейді», - дегендей, денсаулық туралы мақал-мәтелдер, қанатты сөздер айтып, мағынасын ашайық.
- Тазалық-саулық негізі,
Саулық -байлық негізі.
- Ауру болып ем іздегенше,
Ауырмайтын жол ізде.
- Денсаулықтың жаңасын-
Ақшаға қайдан аласың?
- Тыста ұзақ жүргенің-
Ұзақ өмір сүргенің.
М. Дулатов «Байлық» әңгімесі бойынша қойылым
- Ия, балалар! «Бірінші байлық - ден саулық, Екінші байлық - он саулық, Үшінші байлық - ақ жаулық», - дегендей дүниенің еш қызығы жоқ, егерде дендеріңнің саулығы болмаса. Сондықтан еліміздің ертеңі сіздердің қолдарыңызда, денсаулықтарыңыз мықты, білімді, білікті, салауатты азамат болып өсулеріңіз үшін басты байлық ден саулық екенін ойларыңыздан шығармауларыңыз керек.
Үш топ түймедаққа жақсы тілектер жазылған бір-бірлеріне береді.
Сабақтың тақырыбы: «Тұмаудан сақтанайық».
Мақсаты:
- Оқушыларға тұмау және тұмаудан сақтану туралы мағлұматтар беру;
- Халықтың ежелден келе жатқан ден саулық туралы мақал - мәтелдері және нақыл сөздерді орынды қолдану, тәрбиелік мәнін ашуға дағдыландыру;
- Оқушыларға денсаулықтың ең басты байлық екенін ұғындыру, тазалық, жеке бас гигиенасы және дұрыс тамақтану, саламатты өмір салты туралы пайдалы кеңестер беру.
Көрнекіліктер: Слайдтағы сызбалар («Пайдалы және пайдасыз тағамдар», «Адам денсаулығына пайдалы және зиян»), тұмауды емдеуге арналған сусын, кеспе әріптер (Т, А, З, А, Л, Ы, Қ), күн көзі макеті, тұмау туралы кітапшалар, буклеттер, плакаттар, «Орамал тастамақ» ойынына орамал мен сыйлық.
Сабақтың жоспары:
Ұйымдастыру бөлімі.
Негізгі бөлім а) Кіріспе. «Тұмау» деген не?
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндау)
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
в) Сызбамен жұмыс. « Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (слайд)
3. Денсаулық туралы бірер сөз.
а) «Күн шапағы» шеңбері
ә) «Орамал тастамақ» ойыны. Денсаулық туралы мақал-мәтел сайысы
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (слайд)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы .
Мұғалім: - Оқушылар, бүгінгі біздің «Тұмаудан сақтанайық!» атты тәрбие сағатымызға қош келдіңдер! Біз бірлесесе отырып тұмаудан сақтану жолдарын іздестіретін боламыз. «Тұмау» деген не? (Слайд арқылы түсіндіру)
Эпидемиолог мамандар бүгiнгi таңда әлем бойынша вирустық аурудың 200 түрi бар екенiн зерттеп, дәлелдедi. Ол - адамның инфекциялық патологиясында маңызды рөл атқарып, ерекше орынға ие болған ауру түрi. Тұмау вирусы домалақ немесе сопақша пішінді, диаметрі 80-100 мм. Құрамында РНҚ бар. Бөлме температурасында тұмау вирусы бірнеше сағаттан кейін өзінің белсенділігінен айырылады, ал 65 С градусқа дейін қыздырғанда 5-10 минут аралығында өледі. Ол қышқыл тез бұзылады, кептіргенге шыдамайды, эфир, спирт және басқа залалсыздандыру ертінділерінде жойылады. Ультракүлгін сәуле мен ультрадыбыстар тұмау вирусын тез жояды.
Тұмау вирусы көптеген үй жануарларын да зақымдауы мүмкін, бірақ бұлардың адамның эпидемиялық зақымдануында маңызы шамалы.
Жұқтыру көзі болып ауру адам саналады. Вирус жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде ауадағы тамшы бөліктерімен беріледі. Аурудың жасырын кезеңі жұқтырған күннен бастап 1-2 күнге созылады. Тұмау кенеттен басталады. Әдетте ауру дене қызуының тез жоғарылауымен, бастың қатты ауруы, жалпы әлсіздік, ұйқының бұзылуы, тамаққа тәбеттің болмауы сияқты белгілермен көрінеді. Кішкентай балаларда құсу және тырысу байқалуы мүмкін. Бірнеше уақыттан кейін мұрыннан су ағу, жөтел, кейде дауысының қарлығуы қосылады. Жиі бүкіл денеде сырқырау, буындарда ауырсыну байқалады. Осы кезеңде ауру адам басқаларға жұқпалы болады. Ауру ағымы сәтті жағдайда 3-5 күнге созылады, одан кейін жазылады.
ә) Тұмау туралы не білесің? ( оқушылардың сурет салып, баяндауы) 1-оқушы: Тұмаудың жедел түрімен ауырған адамдар өте қауіпті, себебі олар ауырса да жұмыстарына, дүкенге, мектепке және басқа да жерлерге барып жүреді. Осыған байланысты олар көптеген коллективтерге инфекция таратып және аурудың шығу көзі болуы мүмкін.
Тұмаудан кейін иммунитет тұрақсыз, 1-3 жылдай сақталады. Әдетте тұмау вирусы өзгеріп отырады. Сол себепті жыл сайын тұмау вирусы әртүрлі болып отырады, түзілген иммунитеттің шамасы келмейді.
2-оқушы: Тұмаумен ауырған адамды тез арада басқа отбасы мүшелерінен оңашалау керек. Оның бөлмесінде залалсыздандыру жүргізу керек. Науқас үйден шықпағаны дұрыс, әсіресе халық жиналған жерлерге, қоғамдық ұйымдар, тарнспортта, балалар бөліміне бармауы керек.
Науқасты төсекке жатқызып, көп мөлшерде ыстық сусыдар: шәй, кофе, қайнаған сүт береді. С витаминінің жоғары мөлшерін қабылдаған жақсы. Дәрігерді үйге міндетті түрдешақыру керек. Дәрігердің нұсқауына дейін науқасқа ешқандай дәрілер, соның ішінде егер температурасы 39 С градустан аспаса, дене қызуын төмендететін дәрілерді беруге болмайды.
б) Пайдалы кеңестер. Тұмауға қарсы сусын дайындау.
«Бал қосылған таңқурай»
3-оқушы: 1 ас қасық бал, 1 ас қасық итмұрын, 1 ас қасық таңқурай, 1 ас қасық қарақатқа, 100 мл. қайнап тұрған су қосады. 15 минут ұстап, тамақтың алдында ½ стаканнан күніне 3 рет ішеді.
в) Сызбамен жұмыс. «Адам денсаулығына пайдалы және зиян» (слайд)
Мұғалім: - Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік. Дені сау адамның көңілі орнықты, ойындағысын орындайды. Денсаулықтан артық байлық жоқ. Денсаулық туралы тақпақтар тыңдайық :
- Адамға денсаулықтан не бар қымбат,
Ауру төнсе кең дүниені тар қылмақ.
Денсаулықтың қорғаушысы болам деп,
Дәрігерлер берген отан алдында ант.
- Еріншектен - салақтық, еріншек таза жүре алмас,
Салақтықтан - надандық, кір қолын да жуа алмас.
Бірінен бірі туады, қаракет жоқ, ғылым жоқ
Жоғалар сөйтіп адамдық, өз бойынан ұялмас.
- Денсаулықты сақта, түзу өсесің,
Күнәдан пәк жәннат өмір кешесің.
Көрген күнің қараңғы ғой дерт шалса,
Харамменен тәніңді улап не етесің?
Жаман әдет көп шектірер қасірет,
Сақта өзіңді, жақсылыққа жетесің
- Әдетің болсын әрқашан
Жаттығу жасау, жуыну!
Суық қардан онша қорқа қоймасаң,
Шынығасың таза ауада ойнасаң.
Осы кезде спортпен шұғылданып,
Сұлулық пен денсаулықты ойлайсың.
Қабақ түйсең, саған ешкім қарамас,
Жылы сөйлеп, барлығымен амандас.
а) «Күн шапағы» шеңбері
Мұғалім: - Әрине, дұрыс айтасың! Денің сау болу үшін шынығу керек. Ендеше шынықтыру үшін, дене мүшелерімізге назар аударайық!
Оқушылар «Күн шуағы» шеңберіне тұрады. Күннің макетіндегі күн сәулелерін ұстап тұрып, қимылмен көрсетеді.
Адамның дене мүшелері.
5-оқушы: Болмаса да мол,
Жақсылықтар жаса, қол!
6-оқушы: Түрлі жүкті, қос иық,
Кезек-кезек тасиық.
7-оқушы: Нық атта, аяқ ,
Таянба таяқ.
8-оқушы: Шынтақ, жөнін біл енді:
Түйгіштеме біреуді.
9-оқушы: Жұлқынып, оқыс жұлынып,
Жуасқа төнбе, жұдырық!
10-оқушы: (Оқушылар күн сәулелерінен ұстап шеңбер жасап айналады)
ә) «Орамал тастамақ» ойыны. ( слайд)
Денсаулық туралы мақал - мәтелдер сайысы.
б) «Пайдалы және пайдасыз тағамдар» сызбасымен жұмыс. (слайд)
в) «Тазалық» сақшыларының сабы
( Бастарына қима әріптер таққан оқушылар шығады «ТАЗАЛЫҚ» сөзі шығады) . Дыбыстар сөйлейді : (мақал - мәтелдер)
Т - тазалық - денсаулық кепілі
А - ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде.
З - зарлымын деме, жанында жара болмаса
А - ауырып жазылған жан олжа
Л - ластың досы - шыбын.
Ы - ыдысы тазаның ырысы таза.
Қ - қотыр қолдан жұғады.
- Бүгінгі сабақта тұмау деген қандай ауру, оның алдын алу және ауырып қалған жағдайда өзімізге қалай көмектесу жолдарын анықтадық. Келесі сабаққа «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» шағын ой толғау жазып келіңдер.
Сабақтың тақырыбы: «Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ».
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігін, бағалы байлық екендігін түсіндіру.
Дамытушылық: Сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілеттерін дамыту, сөйлеу шеберлігін жетілдіру.
Тәрбиелеу: Жастарды дені сау, білімді, тәрбиелі, мейірімді, ұстамды, өзін-өзі тәрбиелей алатын жеке тұлға етіп қалыптастыру.
Сабақтың түрі: топтық, ұжымдық.
Әдісі: Сұрақ-жауап, ойнау әдісі, талдау-жинақтау
1. Психологиялық дайындық.
Оқушылардың сабаққа қатысын тексеру және жұмыстың жүргізу түріне қарай топтастырып отырғызу.
Мұғалім сөзі: 1) . Естеріңізде бар ма, 2002 жыл Елбасының ұсынысымен қандай жыл деп аталды? (Денсаулық жылы) .
- Олай болса, деніміз сау, білекті, алып жүректі қайсар да қайратты ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (Спорт)
- Дұрыс, балалар, өте жақсы, сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы да «Дені сау ұрпақ- жарқын болашақ » деп аталады. Ал сабағымыз түрі топтық ұжымдық болып өтеді. 4 топқа бөліп отыралық.
1 топ. «Табиғи күш» тобы.
- Күн, таза ауа, суық. Денсаулыққа тигізер пайдасы қандай?
- Өз достарыңа табиғи күшті қорғауға қандай ұсыныстар айтар едіңдер?
- Ата-бабамыз табиғи күш қуаттарының қадірін түсініп, әдемі де әсерлі сөз мәйектерімен жеткізе білген. Сол атаулы сөздерден мысал келтіріңдер.
2 топ. «Ептілер мен күштілер» тобы.
- Денені шынықтырудың маңызы қандай? Шынықтыру түрлерін ата.
- Өзің сүйіп орындайтын спорттық ойындар мен жаттығу түрлері? (Оқушы өзінің күнделікті айналысатын спорттық жаттығуларын көрсетеді) .
- Дене шынықтыру жұмыстары туралы өз ойың.
3 топ. «Шипалы тағамдар» тобы.
- Дұрыс тамақтану жолдары қандай?
- Асқа тағамдарды қалай пайдалану керек деп ойлайсың?
- Тағам түрлерінің адам денсаулығына пайдасы мен зиянды жақтарын салыстырып көрсет. (Сүт пен сыра, алма мен конфет, шипалы су мен тәтті сусындар) .
4 топ. «Сымбат» тобы.
- Жеке бас тазалығы деген не? Өз ойың.
- Таза жүретін баланы қалай атайды? Оның достары нелер?
- Тазалықты сүймейтін бала қалай атайды?
Мұғалімнің сөзі: - Медициналық тұрғыдан алғанда, денсаулық дегеніміз толық физикалық, психикалық және әлеуметтік қолайлы жағдайдың объективті күйі және субъективті сезінуі. Қоршаған орта сапасының нашарлауы адам ағзасының бейімделу мүмкіндіктерін төмендетіп, оның салдарынан денсаулық бұзыла бастайды.
Мұғалім сөзі: - Сонда балалар, темекі мен ішімдіктің адам ғазасына тигізетін зиянды әсері көп. Мысалы: темекі тартып, ішімдік ішкен адамдардың нерв жүйесінің қызметі бұзылады. Темекі зардабынан стенокардия ауруы пайда болады. Темекі түтінін никотин, иіс газы, көгергіш қышқыл және тағы басқа зиянды заттар болады.
- Қоғамның ілгері дамуына кері әсерін тигізіп, жас ұрпақтың санасы мен өмірін уландыратын ауыр кеселдің бірі - маскүнемдік, араққұмарлық. «Русская водка» өлеңін оқу.
Арақ - аурудың ажалы,
Ақшаның тажалы.
Ырыстың қырсығы,
Абыройдың мылтығы.
Жаңсылықтың жаңқасы,
Төбелестің арқасы. ( Құлтума Сармұратұлы) .
- Демек, балалар біз бос уақытымызды тиімді пайдаланып, жаман әдеттен аулақ болайық.
«Денсаулық жаулары», «Денсаулық достары» - оқушыларды ойын бойынша қорытынды жасау
Мұғалімнің сөзі: - «Болашақ өз қолыңда», сол үшін:
1. Өзіңді-өзің тәрбиеле: Ол үшін алдымен алдыңа мақсат қоя біл. Ол ағзаны жоғары жұмыс жағдайда жұмыс істеуге үйретеді. Ал мақсат қоя білмеген адам тез қартаяды.
2. Жігерді қалыптастыру: Жігер - ағзаға берілетін бұйрық. Оны өзің жасауға үйрен.
3. Денсаулығыңды шынықтыр: Шымырлық ағзаны төзімділікке үйретеді.
4. Тамақтана біл: Көп тамақ жеу зиян. «Тамақты өмір сүру үшін жеймін, тамақ жеу үшін өмір сүремін» деген қағиданы естен шығармаңдар.
5. Демала да біл. Ол мәдениетті көрсетеді.
6. Мейірімді болуға үйрен. Адамдарға қуаныш сыйла, өзіңнің көңіл-күйің жақсарады. Ал жағымсыз әсерлер ауру туғызады.
7. Өзіңе-өзің сен. Әрбір адам табиғаттан талантты болып туады.
Тек оны одан әрі дамыту өз қолыңда. Кез-келген жұмысты бастағанда, мен мұны қалайда жеңемін деп баста, сен жеңесің.
8. Өзіңді танып біл. Өзіңе «Мен мақсатты, жігерлі, қайратты, көпшіл мейірімдімін бе?» деген сұрақ қой. Оған шын жауабын бер. Өзіңе-өзің ұнамасаң, онда өзгеруге тырыс.
- Барлық топқа келесі тапсырма:
Кезек - кезекпен мақал - мәтелдер оқылады, ал сіздер жалғасын тауып мағынасын ашасыздар.
- Ауырып ем іздегенше, . . . жол ізде.
- Темекі ақшаның жауы, . . . бақшаның жауы.
- Арақпен достасқаның, . . . қоштасқаның.
- Шылымды әр тартқаның, . . . темір шеге қаққаның.
- Шылым шеккенің іші де күйеді, . . . күйеді.
- Араққа сәлем берсең, . . . қош бол де.
- Есірткі тартса баласы, . . . ата-анасы.
- Арақ түбі - дерт, . . . - өрт.
- Есірткімен достасқаның, . . . қоштасқаның.
- Әуестенсең есірткіге әу бастан, . . . деген науқастан.
- Аурудың жақсысы жоқ, . . . тәттісі жоқ.
- Шарап сіңіп тынар, . . . құрып тынар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz