Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы

МАГИСТРАНТ Бертаева Айжан

Консультация, көмек сабағы

Бұл сабақтар студенттер біліміндегі кемшіліктерді жоюда, оқу бағдарламасын жүйелеу мен жинақтап қорытуда ғана жүргізілмейді, сонымен қатар білім-білік дағдыларды қалыптастыруда маңызды. Мазмұнына және міндетіне қарай тақырыптық және белгілі мақсатқа арналған көмек сабақтары болады. Тақырыптық көмек сабағы әр тақырыпты өткенде немесе оқу бағдарламасындағы қиын сұрақтар бойынша ұйымдастырылады.

Сабақтың тақырыбы: Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың сабақтастығы

Білімділік мақсат
А) Халық педагогикасы мен ғылыми педагогика туралы білімнен хабардар етіп, оларға тың мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру;
Б) студенттерге деңгейлік тапсырмалар беру арқылы алған білімдерін бағалау;
В) студенттердің өздерінің жетістіктерін өздеріне талдатып, өздік бағалау әрекеттерін ұйымдастыру .

2. Тәрбиелік мақсат :
А) Адамгершілік тәрбиесін беру (қазақстандық патриотизм, ұлттық келісім ұғымдарын дұрыс қабылдау, үлкенге сый, кішіге жол көрсету) ;
Б) Еңбек тәрбиесі (еңбекке баулу, еңбек адамдарына сый-құрмет, мамандыққа бағдарлау және экономикалық тәрбие) ;
В) Сұлулық тәрбиесі (табиғат пен өнердегі сұлулықты түсінуге, әдептілік ережелерін бойына сіңірген шығармашылық қабілеті мүмкіндігінше дамыған азамат тәрбиелеу) ;

3. Дамытушылық мақсат:
А) Жеке тұлғаны дамыту (талдау, салыстыра білу қабілеттерін дамыту, оқу материалдарынан ең бастысын, мазмұнын ажыратуы, классификациялау) ;
Б) Жалпы қабілеттілікті дамыту (әдебиеттер мен қосымша көрнекіліктерді тиімді пайдалану) ;
В) Еріктілікті дамыту, қабілеттілік пен белсенділік, танымдық қиыншылықты жүзеге асыруға тырысу;
Г) Танымдық қызығушылықты дамыту (танымдық қызығушылықты дамытудың стимулы, жаңашылдық, ғылым мен техниканың жетістіктерін пайдалана білу) ;

Уақытты меңгеру

- «Проблеманы айқындау» кезеңі.

- «Проблема шешу» кезеңі -

- «Проблема шешімін қолдану» кезеңі -

Сабақ барысы

І. «Проблема айқындау» кезеңі

- №1 тапсырма. Қарастырылатын тақырып бойынша студенттерге «Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай ?» деген сұрақ қойылады.

- Жеке жұмыс. Әр студент осы сұрақ төңірегінде берілген уақыт ішінде (1 минут) жекелей ой қозғайды, ойларын дәптерлеріне жазады.

- Топтық жұмыс . Шағын топ ішінде студенттер бір-бірімен жазғандарымен бөліседі, білгендерін толықтырады, проблемаларды анықтайды (2 минут) .

- Аудиторлық жұмыс. Әр топтан бір студент берілген сұраққа ауызша жауап береді. Қалған студенттер олардың жауаптарын талқылайды,

толықтырады (2 минут) .

ЖАУАП

Халықтық тәрбиенiң осы басты қағидаларының ғылыми педагогикамен байланысы қандай дегенге келейiк.

1. Халық педагогикасында тәрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргiзудi талап еткен. Мәселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қосшыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мәтел баланы еркiн тәрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр.
2. Халық педагогикасында тәрбие iсiн әр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психологиясын) ескере отырып жүргiзудi де ескертедi. “Баланы туады екенсiң, мiнездi тумайды екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, “Балаңа үмiт арту - әкенiң парызы, ақтау - баланың қарызы” деп ой түйiндеген.
3. Халық педагогикасы баланың тәрбиесi туған, өскен ортасына, ата-ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен ортаның тәрбиедегi әсерi жөнiнде А. С. Макаренко, Н. К. Крупская, А. В. Сухомлинский, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, М. Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагогикасының қағидаларымен үндесiп жатыр.

4. Халық педагогикасының тағы бiр принципi балаға үлкен талап қоя бiлуге, оның жеке басын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жiберген қателiктерiн үлкендер дер кезiнде бақылап, дұрыс жолға салуды мақұлдаған. “Ата балаға сыншы”, “Баланың балалығына әкенiң даналығы бар”, “Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан ) артық” деген мәтелдер осы ойды құптаудан туған.
Яғни, тәрбиешiнiң жылы жүректi болуын, тапқырлық тәсiлмен тәрбиелеуiн орынды санаған.
5. Шәкiрттi тәрбиелеу, оқыту барысында ақыл-ойын дамыту бүгiнгi педагогиканың ең көкейкестi мәселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тәрбиелеу iсi асқақ арманмен байланысты. Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан - қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пәрменi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға, ой дербестiгiне тәрбиелеудi мақсат еткен.
6. Халық педагогикасының негiзгi принциптерiнiң бiрi - тәрбиенiң бiртұтастығы.
Тәрбие iсiнiң бiртұтастығы ұрпақ тәрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен туындайды. Кез келген тәрбие құралына талдау жасасақ, тәрбиенiң түрлерi (еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, әсемдiк т. б. ) iштей сабақтасып жатады. Оны бесiк жырынан, бата-тiлектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тәрбие iсiн кешендi жүргiзудi ғылыми педагогикалық еңбектер де қуаттайды.
7. Тәрбие iсiнiң туғаннан өмiр бойы үздiксiз жүргiзiлуiн халық педагогикасы да, ғылыми педагогика да құптайды.

- №2 тапсырма. Студенттерге «Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндестiгi?» деген сұрақ қойылады.

- Жеке жұмыс. Әр студент берілген сұрақ төңірегінде берілген уақыт ішінде (1 минут) жекелей ой қозғайды.

- Топтық жұмыс . Шағын топ ішінде студенттер өз жауаптарын ортаға салады, оларды талқылайды (2 минут) .

- Аудиторлық жұмыс. Әр топтан бір студент берілген сұраққа ауызша жауап береді. Оқытушы олардың жауаптарын тақтаға жазады

Жауап:

1 2 3 4 5 6 7 8
Баланың жас ерекшелiктерiн ескере отырып тәрбиелеу
Баланың жеке бас мiнез-құлық ерекшелiктерiн ескере отырып тәрбиелеу Тәрбиенi өскен ортаның (отбасы ауыл-аймақ) үлгiсiне негiзделуi. Балаға жылы жүректi сезiммен қарау, ынтымақтастық идеяны сақтау. Баланы дамыта үйретiп тәрбиелеу, қиялдай, армандай бiлуге баулу. Тәрбиенiң бiртұтастығын сақтау, тәрбие iсiн кешендi түрде жүргiзу. Тәрбие iсiнiң үздiксiз жүргiзiлуiн сақтау. Тәрбие iсiн ұжымдық түрде жүргiзуге негiздеу

. Халық педагогикасы отбасы үлкендерiнен бастап, ауыл ақсақалдары, өнер иелерi түгел қатынасатын ұжымдық тәрбие iсiне негiзделген. Халықтық педагогикада “Көп талқысы - тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке қарсылық - құдайға қарсылық” деп ұжымдық тәрбиенi құптаған.
Ұжымдық тәрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мән берген. Қорыта айтсақ, халық педагогикасы ғылыми педагогиканың ережелерi мен заңдылықтарының қалыптасуына бастау бұлақ болған.
Халық педагогикасы бүгiнде ғылыми зерттеулердiң тек объектiсi ғана емес, сонымен қатар ол педагогикалық теориялардың, әсiресе отбасындағы тәрбиенiң дамуына үлкен әсер ететiн ынтымақтастық педагогиканың iрге тасы болып табылады. Сондықтан да халық педагогикасының бүгiнгi күнде практикалық та, ғылыми теориялық та мәндiлiгi зор екенi даусыз.
Қай ғылымның болмасын, тұрақты ғылыми терминдерi болатыны сияқты, қазақ этнопедагогикасының да белгiлi терминдерi бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жатады: шәкiрт, мұғалiм, ұстаз, оқыту, тәрбие беру, өзiн-өзi тәрбиелеу, қайта тәрбиелеу, үлгi-өнеге көрсету, ақыл-өсиет айту, оқыту, әдеттендiру, жаттықтыру, жадында сақтату; тәрбиенiң түрлерi: дене тәрбиесi, еңбек тәрбиесi, ақыл-ой тәрбиесi, адамгершiлiк тәрбиесi, әсемдiк тәрбиесi, табиғатты аялауға тәрбиелеу, ерлiкке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу, ұл, қыз тәрбиесi т. б.

ІІ. «Проблема шешу» кезеңі

- Тапсырма. Студенттерге лекция мәтіні таратылып, оны оқу және талқылау тапсырылады. Жоғарыда аталған халық педагогикасының негiзгi қағидалары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-әдiстемелiк жүйесiн жазу

- Жеке жұмыс. Студенттер лекцияның өздеріне тиесілі бөліктерін оқиды.

- Топтық жұмыс. Бірдей сандағы студенттер бірігіп оқылған лекцияның бөлігін талқылайды .

- Топтық жұмыс. Әр студент өз тобына барып, топ ішінде бөліктерден бүтін құрастырады, яғни лекцияның өзі оқыған бөлігі бойынша түсінгендерін айтады .

ЖАУАП : Жоғарыда аталған халық педагогикасының негiзгi қағидалары мен ерекшелiктерiн ескере отырып, қазақ этнопедагогикасының ғылыми-әдiстемелiк жүйесiн қарастырсақ, ол мынадай жүйе болып шығады:


Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогика
МЕКТЕП ПЕДАГОГИКАСЫ
М.жұмабаев педагогикасы және ұлттық тәлім-тәрбие
Күршім орта мектеп - гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі
Оқытудың функциялары
Аманошвилидің негізгі идеясы ынтымақтастық педагогикасы
Ізгілік педагогикасының идеясы
Математиканы оқытудың жалпы әдістемесі
БАЛАҒА БІЛІМ МЕН ТӘРБИЕ БЕРУДЕГІ КЕЙБІР КӨКЕЙКЕСТІ МӘСЕЛЕЛЕР
Қазақ халқының ұлттық ойындарының зерттелуі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz