Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Тақырыбы:
<<Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі>>
Орындаған:
Қабылдаған:
Жезқазған 2014
Тақырыбы: Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі
Білім берушілік мақсаты: Қанайналым мүшелері, олардың қызметі, қантамырлар және олардың түрлері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері туралы жалпы білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін, білімдерін дамыту. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбие берушілік мақсаты: Денсаулықты күтуге, оның гигиеналық талаптарын орындауга, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Өткен тақырыпты қайталау, жаңа сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Көрнекілігі: муляждар, сызба-нұсқалар, суреттер, карточкалар.
1. Ұйымдастыру кезең:
А) оқушылармен танысу
Б) оқушыларды түгендеу
2. Өткен сабаққа шолу.
&33. Қанайналым мүшелері.
&34. Қантамырлар.
Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне - жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын ХVII ғасырда ағылшын ғалымы У.Гарвей ашты.
Жүрек - кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан ішкі қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250-300 г. Жүрек төрт қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады.
Жүрек қуысымен қанның ағу бағыты:
Қан жүрекшеден қарынша артерия қантамырларына қарай ағады.
Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.
1-кесте.
Артериялар
веналар
капиллярлар
Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады
Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
3.Жаңа сабақ түсіндіру
&35. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері
Адам денесінде қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді.
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
2-кесте
Үлкен қанайналым шеңбері -- > жүректің сол жақ қарыншасынан басталып -- > дене жасушаларына қан таратады -- > жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.
Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.
3-кесте
Кіші қанайналым шеңбері -- > жүректің оң жақ қарыншасынан басталып -- > өкпеге қан тартады -- > жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.
Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.
Оттегіне қаныққан қан -- артерия қаны (алқызыл түсті таза қан), көмірқышқыл газына қаныққан қан - вена қаны (қоңырқай қызыл түсті қан).
Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантамырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады. Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне (инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23 -- 27 секунд.
Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.
Қан қысымы
Қан қантамырлардың бойымен ағу кезінде қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры - қолқада болады. Жүректен алшактаған сайын артерия қантамырларында кан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105-120 мм. Ұсақ артериялар мен қылтамырларда 20-25 мм. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Одан:
1. Жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымының түрліше болуы.
2. Тынысалу және тыныс шығару кезінде кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі.
3. Веналық қантамырлардың ішінде болатын қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы.
4. Веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуы пайда болады.
Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың қарынан) өлшейді. Жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70-80 мм. Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония (гр. hyper - үсті, жоғары), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония (гр. hupo - асты, төмен) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша мида орналасқан.
Тамырдың соғуы
Тамырдың соғуы жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы октын-октын серіппелі кеңейеді (лат. pulsus - соғу, итеру). Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан одан әрі артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып және мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70-75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді.
Қан топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша <> - сыйлаушы), қабылдайтын адамды - реципиент (латынша <> -қабылдаушы) дейді. Қаны I топка жататын адамдардың қанын барлық топқа (I, II, III, IV) аз мөлшерде (200-300 мл) құюға болады. II топқа жататындардың қанын II және IV топқа береді. III топтағылардың қанын III, IV топқа, ал IV топтағылардікін тек IV топқа құюға болады (4-кесте). Егер қан топтары сәйкес келмесе, эритроциттер желімденіп қалады да, аяғы сәтсіздікке ұшырайды. Қазіргі кезде қан құюда тек өз тобына сәйкес қан құйылады.
4. Бақылау сұрақтары:
1. Қанайналым жүйесін тұйық екенін зерттеген, қанайналым шеңберін ашқан ғалым, және қай ғасырда? (У.Гарвей, 17ғ.)
2. Қанайналым жүйесіне қандай мүшелер жатады? (жүрек және қантамырлар)
3. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайдын қантамыр? (веналар)
4. Кіші қанайналым шеңберін басқаша қалай атауға болады? (өкпелік шеңбер)
5. Үлкен қанайналу шеңберіне сипаттама? (қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді)
5. Бекіту:
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен өзіндік жұмыс (карточкамен) жасаймыз. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.
№1. Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін (электрокардиография) әдісі қолданылады.
№2. Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды (гипертония) деп атайды.
№3.Қан қысымы төмендегенде болатын ауруларды (гипотония) деп атайды.
№4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі (тамырдың соғуы) деп аталады.
№5. Қан қысымын өлшейтін құралды (тонометр) дейді.
6. Үйге тапсырма: ξ35 оқу, А,В,С топтағы сұрақтарға жауап беру.
Әдебиеттер:
1. А.Р.Рахышев. Адам анатомиясы А.2005.
2. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008.
3. Бруновте. П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены. 1970.
4. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004
5. Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.
Тақырыбы:
<<Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі>>
Орындаған:
Қабылдаған:
Жезқазған 2014
Тақырыбы: Қан айналу тақырыбынан сабақ жүйесі
Білім берушілік мақсаты: Қанайналым мүшелері, олардың қызметі, қантамырлар және олардың түрлері, үлкен және кіші қанайналым шеңберлері туралы жалпы білім беру.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың сөйлеу, есте сақтау қабілеттерін, білімдерін дамыту. Биология пәніне деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбие берушілік мақсаты: Денсаулықты күтуге, оның гигиеналық талаптарын орындауга, сыйластыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі: Өткен тақырыпты қайталау, жаңа сабақты түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы сабақты қорытындылау.
Көрнекілігі: муляждар, сызба-нұсқалар, суреттер, карточкалар.
1. Ұйымдастыру кезең:
А) оқушылармен танысу
Б) оқушыларды түгендеу
2. Өткен сабаққа шолу.
&33. Қанайналым мүшелері.
&34. Қантамырлар.
Ағзада қанның үздіксіз қантамырлардың бойымен ағуын қанайналым дейді. Қанайналым жүйесіне - жүрек және қантамырлар жатады. Қанның қантамырлардың бойымен тұйық түрде, яғни қанайналым шеңберімен ағатынын ХVII ғасырда ағылшын ғалымы У.Гарвей ашты.
Жүрек - кеуде қуысында, екі өкпенің аралығында орналасқан ішкі қуыс бұлшықетті мүше. Ересек адамдарда жүрегінің салмағы 250-300 г. Жүрек төрт қуысты: 2 жүрекшеден (предсердие) және 2 қарыншадан (желудочек) тұрады.
Жүрек қуысымен қанның ағу бағыты:
Қан жүрекшеден қарынша артерия қантамырларына қарай ағады.
Қантамырлар: артериялар (салатамырлар), веналар (көктамырлар) және капиллярлар (қылтамырлар) деп 3 топқа бөлінеді.
1-кесте.
Артериялар
веналар
капиллярлар
Қанды жүректен алып шығып, мүшелерге таратады
Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайды
Артериялар мен веналарды бір-бірімен байланыстырады
3.Жаңа сабақ түсіндіру
&35. Үлкен және кіші қанайналым шеңберлері
Адам денесінде қантамырлар үлкен және кіші қанайналым шеңберін түзеді.
Үлкен қанайналым шеңбері -жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа артериясы қантамырынан басталады. Оттекке қаныққан қан алдымен қолқаға, одан ірі және ұсақ артерия қантамырларына жеткізіледі. Қан ұсақ артерия қантамырларымен ішкі мүшелерге, жүректің өзіне, бұлшықеттерге, сүйектерге барады. Мүшелерде артерия қантамырлары тарамдалып, қылтамырларға бөлінеді. Қылтамырлардың жұқа қабырғалары арқылы қан дене жасушаларына қоректік заттар мен оттекті таратады. Жасушалардан көмірқышқыл газын қажетсіз өнімдерді жинап, вена қанына айналады. Вена қаны вена қантамырлармен жүректің оң жақ жүрекшесіне құяды.
2-кесте
Үлкен қанайналым шеңбері -- > жүректің сол жақ қарыншасынан басталып -- > дене жасушаларына қан таратады -- > жүректің оң жақ жүрекшесімен аяқталады. Үлкен қанайналу шеңбері деп аталу себебі - қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді.
Кіші қанайналым шеңбері - жүректің оң жақ қарыншасынан өкпе артериясы қантамырынан басталады. Ондағы вена қаны өкпе артериясы қантамыры арқылы өкпеге келеді. Өкпеде артерия қантамырларынан түзілген қылтамырлар торында газ алмасады. Қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газынан тазартылады да, вена қаны артерия қанына айналады. Одан төрт өкпе вена қантамырлары арқылы артерия қаны жүректің сол жақ журекшесіне құйылады. Қан сол жақ жүрекшеден сол жақ қарыншаға өтіп, қайтадан үлкен қанайналым шеңберінің қантамырларына бағытталады.
3-кесте
Кіші қанайналым шеңбері -- > жүректің оң жақ қарыншасынан басталып -- > өкпеге қан тартады -- > жүректің сол жақ жүрекшесімен аяқталады.
Кіші қанайналым шеңбері деп аталу себебі - қан тек өкпеге барып, оны оттегімен байытылады да қайтадан жүрекке келеді. Бұл қанайналым шеңберін кейде өкпелік шеңбер деп те атайды.
Оттегіне қаныққан қан -- артерия қаны (алқызыл түсті таза қан), көмірқышқыл газына қаныққан қан - вена қаны (қоңырқай қызыл түсті қан).
Жүрек қанды қолқа артериясы қантамырынан бөлінетін қантамырлардан алады. Жүрекке қан басқа мүшелермен салыстырғанда көбірек келеді, өйткені ол өмір бойы жұмыс атқарып тұрады. Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін электрокардиография әдісі қолданылады. Жүрек бұлшықеттерінің жұмысын қисык сызық аркылы жазып алатын аспапты электрокардиограф деп атайды. Электрокардиограф арқылы жүректің бұлшықеттерінің жұмысы жазылған қисық сызық электрокардиограмма (ЭКГ) деп аталады. Жүректің бұлшыкеттері қанмен қамтамасыз етілмегенде (қан ұйып қалғанда) жүрек бұлшықеті өлі еттенуіне (инфаркт миокарда) шалдығуы мүмкін. Қанның үлкен және кіші шеңберінде айналу уақыты 23 -- 27 секунд.
Үлкен қанайналым шеңберінде қан барлық мүшелерге оттегі мен қоректік заттарды тасиды. Кіші қанайналым шеңберінде - қан оттекке қанығып, көмірқышқыл газдан тазартылады.
Қан қысымы
Қан қантамырлардың бойымен ағу кезінде қантамырларына және жүректің қуыстарына қысым түсіреді. Қан қысымы қантамырлардың әр түрлі бөлімдерінде біркелкі болмайды. Ең жоғары қан қысымы жүректен қанды алып шығатын ең ірі артерия қантамыры - қолқада болады. Жүректен алшактаған сайын артерия қантамырларында кан қысымы төмендей береді. Ең төменгі қан қысымы жүрекке қан әкелетін жоғары және төменгі қуысты вена қантамырларында болады. Қолқада қан қысымы сынап бағанасымен өлшегенде 150 мм. Қол-аяқтың ірі артерияларында қан қысымы 105-120 мм. Ұсақ артериялар мен қылтамырларда 20-25 мм. Қан қысымын өлшейтін құралды тонометр дейді. Қанның жалпы қантамырлар бойымен қозғалуына бірнеше жағдайлар әсер етеді. Одан:
1. Жүректің ырғақты жұмысына сәйкес қантамырлардың әрбір бөліктерінде қан қысымының түрліше болуы.
2. Тынысалу және тыныс шығару кезінде кеуде қуысында қысымның үнемі өзгеруі.
3. Веналық қантамырлардың ішінде болатын қақпақшалар қанның кері бағытта ағуына кедергі болуы.
4. Веналық қантамырлардың айналасындағы бұлшықеттер жиырылған кезде қанның жүрекке қарай қозғалуы пайда болады.
Қан қысымын тоқпан жіліктің артерия қантамырларынан (қолдың қарынан) өлшейді. Жас, дені сау адамдарда қан қысымы үнемі тұрақты, өзгермейді. Жүректің сол жақ қарыншасының жиырылуы (жоғары қысым) сынап бағанасымен 120 мм болса, босаңсуы кезіндегі көрсеткіші (төменгі қысым) 70-80 мм. Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды гипертония (гр. hyper - үсті, жоғары), ал қан қысымы төмен ауруларды гипотония (гр. hupo - асты, төмен) дейді. Қанның қантамырлардың бойымен қозғалуы өсімді жүйке жүйесі арқылы реттеледі. Оның орталығы сопақша мида орналасқан.
Тамырдың соғуы
Тамырдың соғуы жүректің сол жақ қарыншасы жиырылған сайын артериялардың қабырғасы октын-октын серіппелі кеңейеді (лат. pulsus - соғу, итеру). Жүрек қарыншалары жиырылғанда қанды қолқа мен өкпе артерия қантамырларына күшпен айдайды. Күшпен айдалған қан одан әрі артерия қантамырларының қабырғасын керіп жібереді де, тербеліс толқыны пайда болады. Тербеліс толқыны артерия қабырғаларының бойымен тез таралады. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі тамырдың соғуы деп аталады. Тамырдың соғуын білектің ішкі жағының төменгі бөлігінен саусақпен басып және мойынның екі жағы мен самайдан білуге болады. Тамырдың соғуына қарап 1 минутта жүректің қанша рет жиырылғанын біледі. Ересек адамдарда жүрек минутына 70-75 рет соғады. Адам дене еңбегімен шұғылданғанда жүрекке күш түскендіктен, тамырдың соғуы жиілейді.
Қан топтары - бір биологиялық түр дарабастары қанының иммуногенетикалық белгілері. Адамның қан тобы ұрықтың жатырда даму барысында қалыптасып, өмір бойы өзгермейді. Қан белогының құрамында агглютинин деп аталатын ерекше заттар болады. Олар a және b әріптерімен таңбал. Барлық адамдардың қаны 4 топқа бөлінеді: I, II, III, IV. Қан беретін адамды - донор (латынша <
4. Бақылау сұрақтары:
1. Қанайналым жүйесін тұйық екенін зерттеген, қанайналым шеңберін ашқан ғалым, және қай ғасырда? (У.Гарвей, 17ғ.)
2. Қанайналым жүйесіне қандай мүшелер жатады? (жүрек және қантамырлар)
3. Қанды мүшелерден жүрекке тасымалдайдын қантамыр? (веналар)
4. Кіші қанайналым шеңберін басқаша қалай атауға болады? (өкпелік шеңбер)
5. Үлкен қанайналу шеңберіне сипаттама? (қан бүкіл денеге таралып, қайтадан жүрекке келеді)
5. Бекіту:
Бүгінгі сабақты қорытындылау мақсатында оқушылармен өзіндік жұмыс (карточкамен) жасаймыз. Көп нүктенің орнына керекті сөзді қой.
№1. Жүрек жұмысының ерекшелігін анықтау үшін (электрокардиография) әдісі қолданылады.
№2. Қан қысымы жоғарылаған кезде болатын ауруларды (гипертония) деп атайды.
№3.Қан қысымы төмендегенде болатын ауруларды (гипотония) деп атайды.
№4. Артерия қабырғаларының ырғақты тербелісі (тамырдың соғуы) деп аталады.
№5. Қан қысымын өлшейтін құралды (тонометр) дейді.
6. Үйге тапсырма: ξ35 оқу, А,В,С топтағы сұрақтарға жауап беру.
Әдебиеттер:
1. А.Р.Рахышев. Адам анатомиясы А.2005.
2. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. - Алматы: Атамұра, 2008.
3. Бруновте. П. Малахова Г. Я. Основы анатомии, физиологии и гигиены. 1970.
4. Жандар Керімбектің Ермаханы.Тәнтану. А. 2004
5. Кабанов А. Н. Чарбовская А.П. Анатомия , физиология и гигиена детей дошкольного возраста. М. Просвещение. 1969.
Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz