Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті

Файл қосу

Т. Дәуренбеков «Кітаптар мұңы»

Пәні: Әдебиеттік оқу

Күні: 20.09.2011 жыл

Сыныбы: 3 сынып

Тақырыбы: Т. Дәуренбеков «Кітаптар мұңы»

Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға берілген мәтінді түсініп оқуы,
мазмұнды айта білуі, рөлге бқліп оқу дағдыларын қалыптастыру. Түсініксіз
сөздердің мағынасын түсіндіру.
Дамытушылық: Оқушылардың ой - өрісінтерінкеңейту, сөйлеу
мәдениетін қалыптастыру, қосымша мәліметтер арқылы рухани
жандүниесінкеңейту.
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа үйрету, мақсатқа жете білуге
баулу.

Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың көрнекілігі: кітап, тақта

Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі

Пайдаланған әдебиеттер: Әдебиеттік оқу, 3 – сынып
Бастауыш сыныпты оқыту
әдістемесі
3 – сыныптың
әдістемелік құралы
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа қызығушылығын, ынтасын арттыру.

Орнымыздан тұрамыз,
Мойнымызды бұрамыз.
Қолымызды көтеріп
Саусақты ашып жұмамыз
Онан соң төмен түсіріп,
Алақанды соғамыз,
Иықты артқа жырып,
Басты төмен саламыз
Жаттығу жасап осылай,
Үлкен боп ертең шығамыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру.
Оқушылардан үйге берілген тапсырманың мазмұнын сұрау.
Ғ. Жұмабаевтың «Алғашқы ұстаз» мәтінін.

III. Жаңа сабақ
- Ал, балалар, сабағымызды бастамас бұрын мен сендерге жұмбақ жасырам.
Шешімі не болса сабағымызда соған байланысты болмақ.

Қабат – қабат қаптама,
Ақылың болса аттама.
(Кітап)

- Ал, енді бүгінгі сабағымыз – «Кітап мұңы».

Әңгіменің мазмұнын оқушылардың өздеріне абзацқа бөліп оқыту және
әңгімелеу.
Қиын сөздерді түсіндіру және оны дәптеріне түсірттіріп алу.
Сұрақ қоя отырып – оқушылардың ой – пікірін сұрау.
- Әңгіме неге «Кітаптар мұңы» деп аталған?
- Кітаптардың оқушыларға ренжігені дұрыс па?
- Кітапты не үшін жинаймыз?
- Оқулықтарды кімдер жазады және қалай жазады?

Жаңа тақырып бойынша жүргізілетін жұмыстармен тапсырмалар.

1. Кітаптардың арманы туралы әңгімеле. Мәтінді рөлге бөліп оқы, мазмұнын
баянда.
2. Кітап мұңымен таныса отырып, кітаптарды қалай ұқыпты ұстау, кітаптың
қандай пайдасы бар екендігін жаз.
3. Кітап пайдасы мен маңызы туралы мақал – мәтелдер жинап, дәптеріңе жаз.
4. Әңгіме бойынша жақсы және жаман қасиеттерді бөліп жаз.

IV. Сабақты бекіту.
Ой шақыру: Сабақты қазақ тілімен байланыстыра отырып топтастыру.
«Кітап мұңы» сөзінен, әріптерінен жаңа сөздер шығару.

Талап
Тұман
Кілт

Киім Мұрын

V. Қорытынды.
- Балалар енді ребус шешейік.

,,, ,, ,,,,,, ,,,, , ,
,,, , ,, ,, , ,,,
[pic] [pic] [pic] [pic] [pic] [pic]
[pic] [pic]

VI. Үй тапсырмасы.
1. Жұмбақтар мен мақал – мәтелдерді және жаңылтпашты жаттау, қосымша
ізденіп жаттап келу.
2. Әңгімені оқып, мазмұнын айт.
3. Өзіңнің сүйікті кітабың жайында эссе жаз.

VII. Бағалау.

-----------------------
Адам бойындағы жақсы Адам бойындағы

қасиеттер жағымсыз қасиеттер

Кітап
мұңы

Ұқсас жұмыстар
Ө.тұрманжанов "жыртық кітап жылады"
Кітаптар мұңы
Кітап - білім қазынасы
Ақмола тарихын оқыту
Қайратым – қайсарым
Кітапта алма ағашы
Оқушы мен кітаптың тілдесуі
Кітап-біздің досымыз
Орта мерзімді сабақ жоспары
Кітап-сарқылмас рухани қазына (әдеби кеш)
Пәндер