6-сынып үшін сабақ жоспары: Өсімдіктердің жынысты көбеюі - тозаңдану мен ұрықтану

Өткізілетін күні: 19. 11. 2013ж.

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану»

Мақсаты:

1. Тозаңдану мен ұрықтанудың өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну. Гүл - тұқыммен көбею мүшесі екендігі туралы қорытынды пікірге негіз қалау.

2. Гүл, гүлдің құрылысы, көбею жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.

3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.

Сабақтың көрнекілігі: Гүлдің моделі, «Гүлдің құрылысы», «Тозаңдану», «Ұрықтану», Гүлшоғырлар сызбалары. Сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.

Сабақты өткізу әдісі: Аралас, ойын сабақ.

Сабақтың құрылымы: I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Бекіту

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау

VII. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

А) амандасу

Б) кезекші кім?

В) оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

II. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Үйге берілген тапсырма §20 Гүл, оның құрылысы мен маңызы

Ойын шарты:

Пойызда 4 вагон бар, әр вагон тапсырмамен келген, сол тапсырманы орындап болған соң «белгісіз әлемге» саяхатқа аттану. (вагон суреттері жапсырылған)

№1 вагон тапсырмасы - сұрақтар.

1. Мүше деген не? Өсімдік мүшелері нешеге бөлінеді?

2. Көбею мүшелеріне нелер жатады?

3. Гүл деген не? Гүлдің бөлімдері қандай? Аталықтың, аналықтың бөлімдері қандай?

№2 вагон тапсырмасы тест.

1. Гүл шығаратын өркенде белгілі бір ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.

А) гүлшоғыр

Ә) гүлсағақ

Б) гүлтабан

2. Бидай мен қарабидайдағы гүлшоғыр түрі.

А) собық

Ә) шашақ

Б) күрделі масақ

3. Аналығы да, аталығы да бар гүл

А. Дара жынысты

Ә) қос жынысты

Б) екеуі де

4. Аталық гүлі бір өсімдікте, аналық гүлі бір өсімдікте болса

А) бір үйлі

Ә) дара жынысты

Б) қос үйлі.

№3 вагон тапсырмасы гүлге қатысты сөз.

1. Жайгүл сағақ есуге келгенде бір тостаған шай мен май ала келген, майын аузыма, мойныма жақтым. (гүлсағақ, тостағанша, аузы, мойны)

2. Майгүл Серікке: «Тозаң толып тұрған қаптың аузындағы жіп шешіліп кетпесін»- деді. (гүлсерік, тозаңқап, аузы, жіпше)

№4 вагон тапсырмасы - формула, жұмбақ.

1. Картоп гүлі.  ♂ Т (5) К(5) А 5 Ж(2)

2. Қызғалдақ.  ♂ К 3+3 А 3+3 Ж(3)

3. Асбұршақ  ♂ Т (5) К1+2+(2) А(9) +1 Ж1

4. Іші жұмсақ, сырты қатты.

Еті қызыл, сүті тәтті.

Соғым сайлап қойдым

Кіндігінен байлап қойдым. (қарбыз)

5. Аласа ғана бойы бар, қабат - қабат тоны бар. (орамжапырақ)

6. Бір анадан жүз бала

Жүзі де боз бала. (жүзім)

ІІІ. Жаңа сабақ - белгісіз әлемге саяхат.

Мақсаты: Гүлдің тұқыммен көбею мүшесі екендігін ұрықтану мен тозаңданудың көбеюдегі маңызын ұғыну.

Сабақ жоспарлы тірек - сызбалары арқылы түсіндіріледі.

1. Тозаңдану

Бунақдене (шие, шай)

Өздігінен Айқас Жел (жүгері, емен)

(бетеге, тары)

2. Ұрықтану.

Тозаңдану

ұрықтану.

Гүлді өсімдік - қосарынан ұрықтану.

(Навашин)

3. Қосымша мәлімет.

4. Гамета. Зигота. Спермий.

5. Жұмыртқа жасуша. Орнитофилия.

6. 5 дәптермен жұмыс.

1) Жаңа ұғым.

2) а) жынысты көбею

ә) тозаңдану оның түрлері.

б) ұрықтану.

ІҮ. Қорытынды.

«Оқығаныңды айтпа - тоқығаныңды айт»

А) Тозаңдану - ұрықтану - жеміс - тұқым.

Ү. Бекіту. Жеміс пен тұқым өнімнің алтын қоры.

(Сөзжұмбақтар шешу арқылы),

«Зигота» сөзжұмбағы

1. Тозаңдануға қажетті тозаңқапта жиналатын түйіршік. (тозаң) .

2. Аталық гамета. (спермия) .

3. Жыныс клеткасы. (гамета) .

4. Тұқымбастама ұшындағы жіңішке өзек. (тозаңтүтік) .

5. Екі жыныс клеткасының қосылуы. (ұрықтану) .

6. Аналық гамета. (жұмыртқажасуша) .

«Тұқымбастама» сөзжұмбағы

1. Гүлдің жыныс мүшесінің бірі. (Аталық) .

2. Тұқымбастамадан дамитын, жеміс ішінде болатын өсімдік негізі. (Тұқым) .

3. Гүлдің жыныс мүшесі. (Аналық)

4. Аталығы да, аналығы да бар гүл. (Қосжынысты) .

5. Аналықтың екінші бөлімі. (Мойны) .

6. Аталық және аналық гүлдері бар өсімдік. (Бірүйлі) .

7. Гүлдің мүшелері орналасатын бөлімі. (Гүлтабан) .

8. Жіңішке гүл дамып жетілетін гүл бөлігі. (Гүлсағақ) .

9. Аналықтың жеміс дамитын бөлігі. (Түйін) .

10. Тозаң жиналатын орын. (Тозаңқап) .

11. Түйіннен пайда болатын өсімдік негізі. (Жеміс) .

12. Аналықтың бірінші бөлімі. (Аузы) .

ҮІ. Үйге тапсырма.

«Өсімдіктердің жынысты көбеюі. Тозаңдану және ұрықтану» тақырыбын оқып, біліп келу.

ҮІІ. Бағалау.

1.
А
Т
А
Л
Ы
1.: 2.
А: Т
Т: Ұ
А: Қ
Л: Ы
Ы: М
1.: 3.
А: А
Т: Н
А: А
Л: Л
1.: 4.
А: Қ
Т: О
А: С
1.: 5.
А: М
Т: О
А: Й
Л: Н
Ы: Ы
1.: 6.
А: Б
Т: І
А: Р
Л: Ү
Ы: Й
Л
1.: 7.
А: Г
Т: Ү
А: Л
1.: 8.
А: Г
Т: Ү
А: Л
Л: С
1.: 9.
А: Т
Т: Ү
А: Й
Л: І
Ы: Н
1.: 10.
А: Т
Т: О
А: З
1.: 11.
А: Ж
Т: Е
А: М
Л: І
Ы: С
1.: 12.
А: А
Т: У
А: З
Л: Ы
Ы:

«Тұқымбастама» сөзжұмбағы

Қолданылған әдебиет:

  1. Биология 6 сынып

Ұқсас жұмыстар
6-сынып биология пәні: Өсімдіктердің жынысты көбеюі - тозаңдану мен ұрықтану (сабақ жоспары)
Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі: ұрықтану, зигота және вегетативтік көбеюдің маңызы
Балықтардың көбеюі мен дамуы: ұрықтану, өрістеу және жыныстық жетілу
Өсімдіктердің көбеюі: тұқымдық және вегетативтік әдістері
Өсімдіктердің көбеюі: тұқымдық және вегетативтік жолдар
Плаунтектес өсімдіктердің құрылысы, көбеюі және практикалық маңызы
6-сынып сабақ жоспары: Өсімдіктердің тыныс алуы мен ауамен қоректенуі
Бастауыш сынып сабағы: Ұрпақ - тіршіліктің жалғасы (жануарлар мен өсімдіктердің көбеюі)
10-сынып биологиясы: Қосарланып ұрықтану сабақ жоспары
1-сыныпқа арналған сабақ: Өсімдіктердің көбеюі - тұқымдық және вегетативтік жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz