Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі және суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары

Өткізілетін күні: 13. 12. 2013ж.

Сыныбы: 6 «Ә»

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары»

Мақсаты:

Білімділік: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі және суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары туралы мәлімет беру.

Дамытушылық: Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі жөніндегі білімдерін дамыту, суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтарын ажырата білу, дүниетанымдарын кеңейту.

Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Сабақты типі: Аралас сабақ.

Сабақтың көрнекілігі: «Өсімдіктің тыныс алуы және фотосинтез» суреті, т. б.

Сабақтың құрылымы: I. Ұйымдастыру бөлімі

II. Үй тапсырмасын сұрау

III. Жаңа сабақты түсіндіру

IV. Бекіту

V. Үйге тапсырма

VI. Бағалау

VII. Қорытындылау

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру бөлімі.

А) амандасу

Б) кезекші кім?

В) оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру

II. Үйге берілген тапсырманы сұрау.

Үйге берілген тапсырма: Өсімдіктердің жынысты және жыныссыз көбеюі, оның биологиялық маңызы.

Ауызша сұрау.

Сұрақтары:

  1. Тірі организмдердің артына ұрпақ қалдыру қабілеттілігі қалай аталады?
  2. Жынысты көбею дегеніміз не?
  3. Жыныссыз көбеюдің түрлері?
  4. Вегетативтік көбею дегеніміз не?
  5. Нағыз жыныссыз көбею дегеніміз не?
  6. Ұрықтану дегеніміз не?
  7. Зигота дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ

Тірі организмнің негізгі компоненттерінің бірі - су. Демек сусыз тіршілік болмайды. Өсімдіктің барлық мүшелерінде су болады. Жапырақта 90%, сабағында 70-80%, тамырда 50-60%, тұқымда 10%, вакуолада 90%, цитоплазмада 80%, қабықта 50% су бар.

Судың атқаратын қызметі.

1. Биохимиялық құбылыстарда қатынасады.

2. Өсімдіктерді қызып кетуден сақтайды

3. Топырақтан қоректік заттарды қабылдайды, денеде заттардың әрекетінде және қайта бөлінуі су қатысында барады. Өсімдіктер онтогенезді дәуірінде көп мөлшері су жұмсалады. Мәселен жүгері 200 литр. Суды жұмсау жасап тұрған орта жағдайына байланысты. Құрғақ жағдайда жасуша өсімдіктер ылғалды жағдайдағы өсімдіктерге қарағанда 2-3 есе көбірек су жұмсалады.

Су тірі ағзалардың өміріндегі маңызды экологиялық факторы және олардың тұрақты құрам бөлігі болып табылады.

Өсімдіктердің әр түрлі түрлерінің, әр түрлі даму кезеңдерінде суға деген қажеттілігі әр түрлі болады. Ол ауа райына, топырақ типіне байланысты. Қоршаған ортаның ылғалдылығы ағзалардың жер шарында таралуы мен санын шектейтін маңызды фактордың бірі.

Су режиміне байланысты өсімдіктердің мынадай экологиялық топтарын: ылғалды сүйетін, құрғақшылықты сүйгіш және орташа ылғалдылықты сүйгіш деп бөліп көрсетуге болады.

Ылғалды қажетсінулеріне қарай өсімдіктер төмендегідей топтарға бөлінеді:

  1. Гидатофиттер(грек тілінен аударғандаhydor, hydatos - су) - су өсімдіктері, денесінің бір бөлігі немесе толығынан суға батып тұрады (элодея, тұңғиықгүл және т. б. ) .
  2. Гидрофиттер(грек тілінен аударғандаhydor - су) - құрлық-су өсімдіктері, суға тек төменгі бөліктері ғана батып тұрады (жебежапырақ) .
  3. Гигрофиттер(грек тілінен аударғандаhydros - су) - ылғалдылығы жоғары жағдайларда өсуге бейімделген құрлық өсімдіктері. Көбінесе ылғалды ормандарда (папоротниктер), батпақтарда - батпақ өсімдіктері, су қоймаларының жағалауларында өседі.
  4. Мезофиттер(грек тілінен аударғандаmesos - орташа, аралық) - қоңыржай, орташа ылғалды жерлерде өсетін өсімдіктер. Мезофиттерге шалғындықтың шөптері, көптеген орманның шөптесін өсімдіктері, жалпақ жапырақты ағаштар, көптеген ауыл шаруашылық дақылдары, арамшөптер жатады.
  5. Ксерофиттер(грек тілінен аударғандаxeros - құрғақ) - құрғақ жерлерде өсетін өсімдіктер. Олар екіге бөлінеді: суккуленттер және склерофиттер.

а) суккуленттер (грек тілінен аударғанда succulentus - шырынды) - ұлпаларында суды көп мөлшерде қорға жинауға қабілетті өсімдіктер (кактустар, алоэ, агава) ;

ә) склерофиттер (грек тілінен аударғанда skleros - құрғақ, қатты) - құрғақшылыққа төзімді, судың буландыруын төмендететін қатты, тері тәрізді қабықшасы бар өсімдіктер (сексеуіл, жантақ, жусан, боз селеу) . Бұл өсімдіктер биік емес, бірақ тамыр жүйесі күшті дамыған. Көптеген склерофиттердің жапырақтары ұсақ, құрғақ, көбінесе тікенге, қабыршаққа айналған.

IV. Бекіту сұрақтары

1. Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі қандай?

2. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары

3. Гидатофиттер қандай өсімдіктер?

4. Гидрофиттер қандай өсімдіктер?

5. Гигрофиттер қандай өсімдіктер?

6. Мезофиттер қандай өсімдіктер?

7. Ксерофиттер қандай өсімдіктер?

8. Суккуленттер қандай өсімдіктер?

9. Склерофиттер қандай өсімдіктер?

Үлестірме қағаз

Кестені толтыр

Өсімдіктердің экологиялық топтары
Сипаттамасы
№: 1
Өсімдіктердің экологиялық топтары: Гидатофиттер
Сипаттамасы:
№: 2
Өсімдіктердің экологиялық топтары: Гидрофиттер
Сипаттамасы:
№: 3
Өсімдіктердің экологиялық топтары: Гигрофиттер
Сипаттамасы:
№: 4
Өсімдіктердің экологиялық топтары: Мезофиттер
Сипаттамасы:
№: 5
Өсімдіктердің экологиялық топтары: Ксерофиттер
Сипаттамасы:
№:
Өсімдіктердің экологиялық топтары: А) суккуленттер
Сипаттамасы:
№:
Өсімдіктердің экологиялық топтары: Ә) склерофиттер
Сипаттамасы:

V. Үйге тапсырма.

«Өсімдік тіршілігіндегі судың рөлі. Суға қатынасы бойынша өсімдіктердің экологиялық топтары» тақырыбын оқып, біліп келу.

VІ. Бағалау.

VII. Қорытындылау.


Ұқсас жұмыстар
Жапырақтың құрылысы, түрлері және өсімдік тіршілігіндегі маңызы
Судың адам, өсімдік және жануарлар тіршілігіне маңызы
2-сыныпқа арналған 40 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары: Өсімдік топтары (Дүниетану)
Жасыл өсімдіктердің ғаламшарлық рөлі: фотосинтез, энергия жинақтау, көмірқышқыл газының тепе-теңдігі және топырақ түзілуге ықпалы
Отбасындағы балалар: ұл мен қыздың рөлі, тәрбиесі және өзара қарым-қатынасы
Мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру: модульдік технологияның рөлі
Өсімдіктердің көбеюі: тұқымдық және вегетативтік әдістері
1-сынып: Дүниетану сабағының жоспары - Жылу мен жарықтың жануар тіршілігіндегі маңызы
Судың маңызы: жануарлар тіршілігі және суды үнемдеу
Өсімдіктердің көптүрлілігі және өсетін ортаның алуан түрлілігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz