Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі
Өткізілетін күні: 03.12.2013ж.
Сыныбы: 6 <<Ә>>
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктің тыныс алуы және ауамен қоректенуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды өсімдіктің жасыл жапырағында жүретін үдерістерімен таныстыру; Өсімдіктер бөлімі жөніндегі теориялық білімдерін меңгертіп, оны іc - жүзінде қолдануға үйрету. Фотосинтез бен тыныс алу туралы түсінік беру;
Дамытушылық: оқушыларды жеке, жұппен, топпен жұмыс істеу, басқаларды тыңдау, өз көз - қарастарын дәлелдеп қорғай білу, біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: Өсімдіктер бөліміндегі білімдерін жүйелеп біртұтастыққа қарастыру, оқушылардың ақыл - ойын, ғылыми дүние танымдылығын қалыптастырып, тірі табиғатпен ізгілікті қарым - қатынаста болуға, экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабағы.
Көрнекіліктер: тірек-сызба, үлестірмелі қима қағаздар, суреттер, слайдтар, плакат, қосымша әдебиет.
Сабақтың барысы: І - Ұйымдастыру
ІІ - Үй тапсырмасын тексеру. <<Бәйге>> сұрақтар.
"Уақытынды тиімді пайдалана білсең, оның бағасы да арта түседі" (Ж. Ж. Руссо)
Оқушылар 3 топқа бөлініп, сұрақтарға жауап береді. Әр берілген дұрыс жауап үшін сол топқа житон беріледі. <<5>>-ке жауап берсе - гүл житон, <<4>>-ке жауап берсе - жапырақ житон беріледі.
1. Қосарланып ұрықтануды тапқан ғалым. (С. Г. Навашин, 1898ж.)
2. Жемістер мен тұқымдар не арқылы таралады? (Жел, жануар, адам, су, өздігінен.)
3. Тыңайтқыштардың қандай түрлерін білесіңдер?(органикалық және бейорганикалық)
4. Тозаң дәндері. (тозаңдықтар)
5. Тозаңдану дегеніміз не? ( аталық тозаңның аналықтың аузына келіп түсуі)
6. Көбею мүшелері. (гүл, тұқым, жеміс)
7. Гүлдің негізгі бөліктері.(аталық, аналық)
8. Тамыржеміске қандай өсімдіктер жатады?(қызылша, сәбіз, шалқан)
9. Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы.(гүлшоғыр)
10. Шие, алхоры, алма ағаштары қалай тозаңданады?(жәндіктер арқылы тозаңданады).
ІІІ - Жаңа тақырып.
400 жыл бұрын Ян Ван Гельмонт - бельгиялық зерттеуші тәжірибе жасады Ыдысқа 80 кг топырақ салып, оған күрең ағашын алдын ала өлшеп алып отырғызды. 5 жыл бойы өсімдікке ешқандай тыңайтқыш қоспай, тек жаңбыр суымен қоректендіріп отырды. 5жылдан кейін өлшеп қараса, күрең ағашының салмағы 65кг артқан екен, ал топырақ 50гр кемігенін байқаған. Өсімдіктің 64кг 950г органикалық заттарды қайдан алғаны Ван Гельмонтқа құпия болып қалды.
1. Тамырдың тыныс алуын оқулықта сипатталған тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Тамыр атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Жапырақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Жапырақ атмосфералық оттекпен саңылаулар арқылы тыныс алады.
3. Сабақтың тыныс алуын сурет арқылы түсіндіру. Сабақ қабығындағы жасушалар арасындағы арнайы саңылаулар (жасымықша) арқылы тыныс алады.
4. Өсімдіктерге тыныс алуына сыртқы орта факторлары әсер етеді. (Температураның әсері, улы заттардың әсері, су әсері, топырақтың құрылымы, тығыздылығы, тұздылығы, шамадан тыс ылғалдығы)
5. Ауамен қоректену фотосинтез арқылы жүзеге асады. Қоректену - организмнің заттар мен энергия алмасу процесі. Жасыл жапырақтар - ауамен қоректену мүшелері. Оларда лептестік арқылы фотосинтез үшін көмірқышқыл газы түседі. Фотосинтез барысында күн энергиясы химиялық түрленеді - органикалық заттар өсімдіктің басқа бөліктеріне барады да, олардың тіршілік әрекеттерінің процестеріне қажет органикалық заттармен қамтамасыз етеді немесе қорға жинайды.
6. Түйін:
- Тамыр оттекпен тыныс алады.
- Жапырақтар лептестік арқылы оттекпен тыныс алады.
- Жасымықша сабақтарды лептестік рөлін атқарады.
- Өсімдіктердің тыныс алуына сыртқы орта факторлар әсер етеді
- Өсімдіктердің қоректенуі ауа арқылы жүзеге асады.
- Жасыл жапырақтар - ауа арқылы қоректенудің негізгі мүшесі.
- Жасыл өсімдіктер күн энергиясын "қор" ретінде жинайды.
- Тыныс алу күндіз де, түнде де, ал фотосинтез тек күндіз жарықта жүзеге асырылады.
- Барлық тірі организмдер атмосфералық оттекпен тыныс алады, ал фотосинтез процесінде фотосинтездің қосымша өнімі ретінде оттек бөледі.
ІV - Бекіту. Қандай пікір дұрыс?
1. Өсімдік атмосфералық оттекпен тыныс алады.
2. Өсімдік көмірқышқыл газымен тыныс алады, нәтижесінде оттек бөлінеді.
3. Өсімдік тыныс алғанда көмірқышқыл газын бөледі.
4. Лептестік өсімдікте қолайлы жағдай болса ашылады, ал қолайсыз жағдай болса жабылады.
5. Фотосинтез процесі үшін оттек керек.
6. Белгілі бір жағдайда өсімдіксіз өмір сүруге болады.
Сәйкестендіру тесті.
1.Тынысалу кезінде бөлінген энергия өсімдік мүшелерінің өсуі мен дамуына жұмсалады.
2.Өсімдіктер тынысалу кезінде оттегін сіңіріп, көмірқышқыл газын бөліп шығарады.
3.Тыныс алғанда органикалық заттардың біраз бөлігі жоғалады, өсімдіктің салмағы кемиді.
V - Қорытындылау. <<Білім сатысы>>
3 - деңгей.
1. Фотосинтез дегеніміз не? (Күн сәулесі қатысында су, бейорганикалық заттар мен көмірқышқыл газынан органикалық заттардың түзілу процесі).
2. Лептестік тің өсімдік тіршілігіндегі рөлі қандай? (Лептестік саңылаулары арқылы газ алмасу және жапырақтың буландыруы - транспирация жүзеге асады).
2 - деңгей.
1. Қандай жағдайда тамырдың тыныс алуы бұзылады? (топырақта ауа аз болса)
2. Өсімдіктердің тыныс алуына орта факторлар әсер ете ме? (жылу, су, топырақтың құрылымы)
3 - деңгей
1. Егінің иесі үй қояндарына қырыққабаттың жасыл жапырақтарын жұлып береді.
Ол дұрыс жасады ма? (Себебі жасыл жапырақта түзілген органикалық заттар, фотосинтездің нәтижесінде ортаңғы бөлігі қауданға <<қор>> зат болып жиналады.)
2. Қандай байланыс бар: көкөністік жапырақтарды жинау мен тәулік мезгілінде? Қандай уақытта аскөк, укроп, шпинат, салат және т. б. жинауға болады? (Кешке, себебі органикалық заттар күндіз фотосинтез нәтижесінде түзіледі, түнде басқа мүшелерге тарайды).
<<Кім жылдам?>>
1. Жасушаның қай органоидінде фотосинтез үрдісі жүреді? а) цитоплазмада; ә) ядрода; б) хлоропласта; в) вакуольде
2. Күн сәулесі керек а) тыныс алу; ә) фотосинтезге; б) су мен қоректенуге; в) минералдар мен қоректенуге;
3. Адамдар немен тыныс алады? а) өкпемен; ә) желбезекпен; б) терімен;
4. Тыныс алу - ол: а) оттекті сіңіріп, көмірқышқыл газын шығару; ә) көмірқышқыл газы мен суды ыдырату; б) органикалық заттардың түзілуі;
5. Тыныс алу жүреді: а) қараңғыда; ә) жарықта; б) қыста, жазда в) үнемі
<<Ойлан, тап>>
Ер елдің көркі, Орман - тоғай жердің көркі.
Дана көптен шығады, Дәрі шөптен шығады.
Білімі жоқ ұл - Жапырағы жоқ гүл.
Бағым өссін десең бақ өсір, Бағың өссе тағы өсір
Тау - тау үйілген ақ алтын, табады оның атын кім? (Мақта)
Үстіне тігіп көк шатыр, астында қызыл дәу жатыр. (Қызылша)
Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Сөзжұмбақ шешу
<<Фотосинтез>> сөзжұмбағы
1. Өсімдіктердің көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлу процесі (фотосинтез).
2. Фотосинтез процесі кезінде түзілетін газ (оттегі).
3. Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі (тозаңдану).
4. Фотосинтез процесі өсімдіктің жапырағының қай органоидында жүреді (хлоропласт).
5. Өсімдік фотосинтез процесі кезінде нені пайдаланады (су).
6. Ұрықтану процесін ашқан ғалым (Навашин).
7. Органикалық қосылыстардың тотығуы (тынысалу).
8. Өсімдіктер органикалық заттарды өздері түзетінін дәлелдеген ғалым (Гельмонт).
9. Фотосинтездегі хлорофильдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым (Тимирязев).
10. Фотосинтез процесі кезінде түзілетін органикалық зат, қант (глюкоза).
VІ - Үйге тапсырма. §29. оқып білу. Сұрақтарға жауап беру.
VІІ - Бағалау

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz