Сабақ жоспары :: Тәрбие сағаты

Файл қосу

Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған

Сабақтың тақырыбы:
Сыныбы:
Сабақтың мақсаты:

Сабақтың білімділік міндеті:

Сабақтың дамытушылық міндеті:

Сабақтың тәрбиелік міндеті:

Көрнекіліктер:

Пәнаралық байланыс:
Сабақтың түрі:
Сабақтың типі:
Сабақ жоспары:

Сабақтың барысы.
Ұйымдастыру кезеңі:

Қызығушылықты ояту:

Үй тапсырмасын тексеру:

Пікірлесу сұрақтары:



Проблемалық сұрақ қою:

Сабақтың дәйексөзі:

Оқу ақпаратын беру:

Мәтінмен жұмыс:

Сайыс:

Үй тапсырмасы:

Рефлексия:

Қорытындылау:

Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдырған.
7 <<б>>
Оқушылардың ұлы адамдар, олардың өмірі мен қызметінің мәні туралы түсініктерін кеңейту.
Оқушыларды ұлы адамдардан үлгі - өнеге алуға, ұлағатын үйренуге баулу;
Оқушыларды ұлы адамдардың жақсы істерін сезініп - көре білуге, оларды қадірлеп - бағалай алуға үйрету;
Оқушыларды ақылдылыққа, сыйластыққа, өнегелілікке тәрбиелеу.
Ұлылардың суреттері,

Ана тілі, қазақстан тарихы.
Дәстүрлі емес.
Сайыс сабақ.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Қызығушылықты ояту.
3. Үй тапсырмасын тексеру.
4. Пікірлесу сұрақтары.
5. Проблемалық сұрақ қою.
6. Сабақтың дәйексөзі.
7. Оқу ақпаратын беру.
8. Мәтінмен жұмыс.
9. Сайыс.
10. Үй тапсырмасы.
11. Рефлексия.
12. Қорытындылау.

Сәлеметсіңдерме, оқушылар? Бүгін сендермен сабақты мен жүргіземін. Менің аты - жөнім: Әлия Ерланқызы.

Бүгінгі күніміз сәтті өтсін деген ниетпен өздеріңе жұлдызшалар таратқым келеді. Әрдайым жұлдыздай жарқырып жүрулеріңе тілектеспін!

Ал енді балалар үйге не берілді соны анықтап алайық. Үй тапсырмасын барлықтарың орындап келді деп ойлаймын. Сабақ соңынан дәптерлеріңді жинап беріңдер, мен үй тапсырмасын тексеремін.

Ал,енді оқушылар біздің бүгінгі тақырыбымыз ұлы адамдар өміріне, сол адамдардың еткен ұмытылмас еңбектеріне арналады. Осы мақсатта мен өздеріңмен пікірлессем деймін. Қойылған сұрақтарға мұқият жауап беріп отырыңдар.
1) Өмір тәжірибесін қалай үйренуге болады?
2) Ұлы адамдардың ұлағаты неліктен ұмытылмайды?
3) Ұлы адамдардың өмірінен қандай өнеге алуға болады?
4) Жақсы адам елі үшін қалай қызмет етеді?
5) Сендердің өмірдегі мақсаттарың қандай?
Жақсы қойылған сұрақтарға жауап беріп болдық. Жалпы адам өмір өткелдерін өте келе өзіне тәжірибе жинап, дамып отырады. Сол даму жолында жақсы адамдардың жолымен жүріп, сол ұлы адамдардың игі ісін жалғастыруға барлығымыз тырысуымыз керек.
Бүгінгі сабағымыздың басты сұрағы:
Ұрпаққа өшпейтіндей із қалдыратындай адам болу бәрінің қолынан келеме?
Міне, осы сұрақ төңірегінде сабақ барысында ойланып отырыңдар, сабақ соңынан жауаптарың тыңдалатын болады.
Бүгінгі сабағымыздың дәйексөзі: <<Ұлтының қамын ойламаған адамның қамын ұлты да ойламас болар>> деген Расул Гамзатовтың нақыл сөзі. Осы нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?
Бұл нақыл сөзде үлкен мән жатыр. Біз барлығымыз да бір мемлекетте өмір с.ріп жатырмыз. Сондықтан да біз болашақта өз ұлтымызға, мемлекетіміздің дамып, алдыға жылжуына үлес қоса білуіміз керек. Біздің әрбіреуіміздің жүрегіміз <<елім>>деп соғуы керек. Сонда ғана өміріміздің жарқын да мәнді болатыны анық.
Адам баласы өзіне берілген баға жетпес қымбат сый - өмірді өкінбестей өткізе білуі керек. Ол үшін көп еңбектеніп, елі, жеріне еңбек сіңіріп, мәнді ғұмыр кешу қажет. Міне, осылай артына өшпестей із қалдырған ұлы адамдар жетерлік. Біздің осындай бейбіт елде өмір сүріп, кең байтақ жерге ие болып отырғанымыз - сол ұлы тұлғалардың еңбегінің жемісі. Ата - баба қалдырған өнеге - үлгіні құрмет тұтып, оны қастерлеп жалғастыру жас ұрпаққа аманат. Біздің халқымыздың салт - дәстүрлері, өлең - жырлары,әдет - ғұрыптарымыз, міне, осылардың барлығы - біздің асыл қазынамыз. Осыларды сақтау - біздің міндетіміз. Әрбір адам елі үшін талмай қызмет етіп, халқының көркейіп өсуіне еңбек сіңіргенде ғана артына өшпестей із қалдырып, ұрпаққа ұлағатты өмір үлгісін тарту ете алады. Біздің еліміз үшін еңбек сіңірген ұлы адамдар жетерлік. Біздің ақын - жазушыларымыз, ел қорғаған батырларымыз, хандарымыздың барлығы осы жолда аянбай еңбек ете білді. Міне, біз сол адамдардың ізін жалғастыра білуіміз қажет.
Ал, енді оқушылар оқулықтағы мәтін бойынша жұмыс жасайық. Оқулықта берілген мәтінді оқиық.
Бекболат бидің Абылай ханға айтқаны
-Біздің болдық дегеніміз бекер екен, кейінгіге
бізден ешбір белгі қалмайды. Өлмейтін нәрсе күн мен ай, өзен - дария, көл екен, қара жер мен асқар тау екен, - депті Абылай хан. Сонда Абылайдың бір биі Бекболат отырып:
Ай мен күннің өлгені -
Еңкейіп барып батқаны.
Қара жердің өлгені -
Қар астында жатқаны.
Өзен - дария өлгені -
Қаңтарда тас боп қатқаны.
Асқар таудың өлгені -
Басынан бұлт асқаны.
Бұл дүниеде не өлмейді?
Жақсының аты өлмейді,
Ғалымның хаты өлмейді,
Ұстаның заты өлмейді - деген екен.
Енді мен сендерге қойған сұрақтарға дұрыстап жауап беріп отырыңдар.
* Адам баласының қандай істері мәңгілік есте қалады?
* Өздерің ел үшін қандай қызмет атқарам деп ойлайсыңдар?
Міне,оқушылар өздерің мәтіннен оқып отырғандарыңдай бұл дүниеде мәңгілік есте сақталатын жақсы адамдар мен олардың істеген істері, осы елге еңбек сіңірген ғалымдардың шығармалары,және де ұстаның заты дейді. Бұл істердің есте сақталу себебі - бұлардың халыққа пайдасын тигізіп, қызмет етіп, ел есінде қалатындығында. Сондықтанда сендерде әрдайым осндай есте қаларлықтай іс тындыруға тырысыңдар.
Бүгінгі сабағымыз басқа сабақтардан ерекшелеу болады. Қазір біз сендермен жарысқа түсіп сайысамыз. 3 қатар 3 топ болады. Сайысымыздың аты - <<Білгірлер мен тапқырлар сайысы>>.
1 қатар - <<Жас қанат>> тобы
2 қатар - <<Жас қыран>> тобы
3 қатар - <<Жас тұлпар>> тобы
Сайысымыз бірнеше кезеңдерден тұрады.
I. Мақалдар сайысы. Мақалдардың жалғасын табу арқылы ұпайға ие болып отырасыңдар. 1 мақал - 10 ұпай береді.
II. Сұрақтар мекені. Бұл кезеңде бүгінгі тақырыбымызға, яғни ұлы адамдар, олардың өмірі мен қызметтеріне байланысты сұрақтар болады. Сұрақтар ұпайларға байланысты болады.10 - 50 ұпайларға арналған сұрақтар болады. Топтар қандай ұпайлы сұрақты таңдайтындарын өздері шешеді.
III. Ой - толғаныс. Бұл шешуші соңғы кезең. Мұнда әр топ бір эссе,яғни шағын шығарма жазулары керек. <<Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын>> деген тақырыпқа жазулары тиіс.
Міне осы кезеңдерден өтіп болғаннан кейін, топтардың ұпайлары есептеліп, жеңімпаз топ анықталады.
Оқушылар енді үй тапсырмасын алып алайық. Үйден оқушы дәптеріндегі тапсырмаларды орындап келесіңдер. Келесі жолы міндетті түрде тексеремін.

:: Бүгінгі сабақтан ойларыңа не түйдіңдер?
:: Бүгінгі сабақта естеріңде қалған қандай сөз?
:: Бүгінгі сабақта кімнен үлгі алар едіңдер?
:: Бүгінгі сабаққа белсене қатысқан кім деп ойлайсыңдар?

Сонымен оқушылар ұлылардың өмірі мен қызметі жайлы айта беруге болады. Олардың өмірінің жемісі - арттарында,болашақ ұрпақтарына өшпестей із қалдыра білулерінде. Елдері үшін аянбай еңбек еткен ұлы адамдарды құрметтеп, олардың ісін жалғастыру - ұрпақтарына аманат. Міне, сондықтан сендер де сол жолда еңбектенулерің керек. Өнегелі өмір сүруге тырысайық.Мына бір ұран сөзді менімен бірге қайталаңдар.
Елге,жерге үлес қосар болашақ
Өнегелі өмір сүрші адамзат!
Сау болыңдар балалар, сабақ аяқталды.

Ұқсас жұмыстар
Қабден ата ұмытылмас дарасы
ТАРИХИ - МӘДЕНИ МҰРАЛАРДЫ ОҚЫП ҮЙРЕНУДІҢ МАҢЫЗЫ
М.мақатаев " мен өмірді жырлау үшін келгенмін" ашық тәрбие сағаты. 5-сынып
Қазақ поэзиясының хан-тәңірі - мұқағали
А.байтұрсынұлы «қара бұлт» өлеңі
Құрмалас сөйлем
Мұқағали - мәңгілік ғұмыр. 3-сынып
Аңызға айналған қаһарман
Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс
Бабаев туралы оқушылардан сұрау
Пәндер