3-б сынып Әдебиеттік оқу сабағы: Б. Баймахановтың Құмдағы құпия мәтініне арналған сабақ жоспары

Пән: Әдебиеттік оқу

Kүні: 18. 02. 14

Сынып: 3 «б»

Тақырып: «Құмдағы құпия» Б. Баймаханов.

Мақсаты: Тақырыпты терең меңгерту. Логикалық ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Табиғатты сүюге тәрбиелеу.

Білімділік: Тақырыпты терең меңгерту. таныстырып, мәнін ашу. Б. Баймахановтың «Құмдағы құпия» туралы оқып, мағынасын ашу.

Дамытушылық: Сөздік қорын молайту, логикалық ойлау қабілетін дамыту, есте сақтау қабілеттерін, оқу, жазу, дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны, аялауға, ластамауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі : сұрақ - жауап, түсіңдіру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, дәптер, тақта, карточкалар, жанылтпаш.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Сәлеметсіңдер ме, оқушылар!
  • Сәлеметсіз бе!
  • Көңіл күйлерің қалай?
  • Жақсы!
  • Олай болса, сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй жұмысын тексеру:

  • Біріншіден, үй жұмысын сұраймыз. Үйге қандай тапсырма берілді
  • Үйге «Аққала - ақ бала» берілген болатын.

III. Сергіту сәті: Бейнетаспа.

ІV. Жаңа сабақ: Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Құмдағы құпия».

1. «Құмдағы құпия».

Биылғы көктем салқын, жаңбырлы болды. Темірдің шешесі экспедицияға жылдағысынан кешігіңкіреп аттанды. Бұл жер Темірге бұрыннан таныс. Былтыр шешесімен келген. Жалпақ сары төбенің басында сәкілі үш ағаш тұр.

Сәкілерді осы өңірді зерттеген геологтар жасаған. Көз ұшында малшылар қыстауы. Көктем шыға көшіп кетеді. Қыстаудың қасында құдық бар. Экспедиция суды содан алады. Ол құдықты да қазған - геологтар. Оны айтқанда Темір:

  • Шеше, геологтар жақсы ма ботаниктер жақсы ма? - деп сұраған.
  • Екеуіде жақсы, - деген шешесі, геологтар жер астындағы кең - байлықты іздеп табады. Ал ботаниктер жер бетіндегі өсімдіктерді зерттейді. Өсімдік болмаса, мал да, аң да, жан - жануарлар да тіршілік ете алмайды. Ботаниктер сол өсімдіктердің қалай жақсы өсіруге болатынын зерттейді.

Өсімдіктердің малға қажет екенін Темір біледі. Тіпті тасбақалардың да шөпте жайылатынын осы жерде көрді.

2. Карточкамен жұмыс:

1. Көктемде ауа райы қандай болды?

2. Темірдің шешесі қайда аттанды?

3. Жалпақ сары төбенің басында не орналасқан?

4. Сәкілерді кім жасаған?

5. Қыстаудың қасында не бар?

6. Құдықты кімдер қазған?

7. Геологтар нені іздеп табады?

8. Ботаниктер нені зерттейді?

9. Темір қайда бара жатқанда қызық оқиғаға тап болады?

10. Жолда Темір шешесімен нені көреді?

11. Ұяның ішінде не жатады?

12. Қауіпті сезген бозторғай не істейді?

13. Құмда таңертен ауа райы қандай болады?

14. Темір шешесіне не айтады?

15. Мақта алып келгеннен кейін қандай жағдай бой алды?

16. Темір бозторғайдың сырын ұқты ма?

17. Бозторғай нені сезді?

18. Бозторғай қауіп төнгеннен кейін не істеді?

19. Темір бұл сапардан кейін қандай сезімде болды?

20. Табиғатты, жер қойнауын зерттейтін мамандарды ата?

3. Мақал:

Жақсыдан үйрен,

Жаманнан жирен.

Жаңылтпаш:

Шымшық шып - шып,

Шоқып шық - шық,

Ұшты шымшық,

Шошып быт - шыт.

V. Бекіту:

- Темір бұл сапардан кейін қандай сезімде болды?

- Табиғатты, жер қойнауын зерттейтін мамандарды ата?

VI. Үй тапсырмасы: «Құмдағы құпия» оқу.

VI. Бағалау.

  1. Көктемде ауа райы қандай болды?
  1. Темірдің шешесі қайда аттанды?
  1. Жалпақ сары төбенің басында не орналасқан?
  1. Сәкілерді кім жасаған?
  1. Қыстаудың қасында не бар?
  1. Құдықты кімдер қазған?
  1. Геологтар нені іздеп табады?
  1. Ботаниктер нені зерттейді?
  1. Темір қайда бара жатқанда қызық оқиғаға тап болады?
  1. Жолда Темір шешесімен нені көреді?
  1. Ұяның ішінде не жатады?
  1. Қауіпті сезген бозторғай не істейді?
  1. Құмда таңертен ауа райы қандай болады?
  1. Темір шешесіне не айтады?
  1. Мақта алып келгеннен кейін қандай жағдай бой алды?
  1. Темір бозторғайдың сырын ұқты ма?
  1. Бозторғай нені сезді?
  1. Бозторғай қауіп төнгеннен кейін не істеді?
  1. Темір бұл сапардан кейін қандай сезімде болды?
  1. Табиғатты, жер қойнауын зерттейтін мамандарды ата?

Жаңылтпаш:

Шымшық шып - шып,

Шоқып шық - шық,

Ұшты шымшық,

Шошып быт - шыт.


Ұқсас жұмыстар
3-Б сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қыс қызықтары - қысқа мерзімді сабақ жоспары
М. Дулатовтың Күз әңгімесі бойынша 3-Б сынып әдебиеттік оқу сабағы
3-сынып Әдебиеттік оқу: М. Бекбосынның Бозторғай - дала сәні мәтініне арналған сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Б. Соқпақбаевтың Менің атым Қожа шығармасын талдау
3-сыныпқа арналған Б. Майлиннің Күлпаш әңгімесі бойынша әдебиеттік оқу сабақ жоспары
3-сынып әдебиеттік оқу сабағы: егіншілік дәстүрі және комбайншы еңбегі (Б. Момышұлы, Ғ. Қайырбеков)
3-4 сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабағы: Бүршік және Жетісу суреттері (І. Жансүгіров, Б. Әдет)
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Базарбай Исаевтың Күріш туралы сыр мәтініне арналған әдістемелік сабақ жоспары
3-сынып: Б. Майлиннің Күлпаш әңгімесіне арналған сабақ жоспары
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағы: Б. Соқпақбаевтың Шынықсын денеміз өлеңі арқылы денсаулық пен қысқы спортқа тәрбиелеу
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz