Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Алтын жүрек Анамыз

Алтын жүрек Анамыз
Мақсаты:
Қазақстанның Бірінші Ханымы, <<Бөбек>> балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның өмір жолы, жалпы адамзаттық рухани құндылықтарға бастайтын қайырымдылық іс-шаралары, еліміздегі рухани - адамгершілік білімінің дамуына қосқан өлшеусіз үлесі, жер бетінде өмір сүрген барлық халықтардың арманы -өзара түсіністік пен сыйластықты сақтауы деген қағидасын түсіндіре отырып, <<Өзін-өзі тану>> әлемінің басты мақсаты - ұл-қыздарымызды жеке өзі және өзін қоршаған ортамен үйлесімділікпен өмір сүруге баулу. Сара Алпысқызының ұлағатты ұстанымдары арқылы жас ұрпақтың жүрегіндегі өмірге, Ата-Анасына, ең жақын адамдарына, жалпы адам атаулыға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік, махаббат, достық секілді ізгілік
қасиеттерге тәрбиелеу.

Барысы:
Шаттық шеңбері 1-слайд
Қайырлы күн, құрметті оқушылар! Мен сіздерді қайта көргеніме қуаныштымын. Шаттық шеңберін құруға ортаға шақырамын. Бүгін біздің күнімізде ерекше жарқырап тұр. Осы күн біздің сабағымызды нұрландырып тұрсын деп, іліп қояйық. Бүгінгі күнге ризашылығымызды білдіріп барлығымыз хормен мына өлең жолдарын айтайық. <<Ризамын, ризамын, ризамын бүгінге! Ризамын, ризамын, ризамын қазірге!>>
Мұғалім:
-Балалар, алтын жүректі, үлкен жүректі деген сөздер қандай мағынада айтылады?
-Алтын жүректі, үлкен жүректі адамдар деп кімдерді айтамыз?
-Адамдар сізге <<Рахмет>> айта ма? Ал, өзіңіз ше?
Проблемалық сұрақ: -Неге Сара Алпысқызын алтын жүректі ана деп атаймыз?
Мұғалім: (2-слайд)
Құрметті біздің аяулы да, ардақты оқушылар, құрметті қонақтар! Біз бүгін
<<Алтын жүрек Анамыз>> атты мейірімділік сабағын бастаймыз Сонымен бірге бұл сабақтың өзіндік тағы бір ерекшелігі бар. Ол - <<Бөбек>> балалар қайырымдылық қорының Президенті Сара Алпысқызы Назарбаеваның сан-салалы қайырымдылық қызметімен қатар 73 жасқа толу мерейтойына арналады.
-Оқушылар, жақсы, жүрегі кең адамның бойында қандай қасиеттер болады деп ойлайсыңдар? (3-салайд)

- Дұрыс айтасыңдар балалар. Жақсы адамның бойында, адалдық,қамқорлық, ізгілік, жылулық, мейірімділік, жақсылық сынды адами қасиеттер бойларында дарыған адам дар алтын жүректі, адам деп саналады.
-Ендеше, осы сипатқа лайық Сара Алпысқызының өмірі, қызметімен танысып өтсек.
- С.А.Назарбаева 1941 жылғы 12 ақпанда Қарағанды облысының Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын құрылыста істеп, сылақшылықпен бастаған. Білімі жоғары, мамандығы инженер-экономист.
Жұбайы - Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті. 3 қыз балалары бар: Дариға - саясат ғылымының докторы, Динара - Н.Ә.Назарбаев атындағы білімді қолдау қорын басқарады; Әлия - бизнеспен айналысады, <<Элитстрой>> құрылыс компаниясын басқарады. (4-слайд)

Сара Алпысқызы <<Бөбек>> қайырымдылық қорының негізін қалаушы.Елімізде
жетім балаларды тәрбиелеудің жаңа жүйесін және қайырымдылық, шаралардың ұйымдастырудағы еңбегі ескеріліп, 1999 жылы <> халқаралық қорының Алтын медалімен,2002 жылы ЮНИСЕФ-тің арнайы сыйлығымен марапатталды. (5-слайд)
С.Назарбаева Бүкілдүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының И.Дограмачи атындағы және <<Юнита>> халықаралақ сыйлығының лауреаты болып табылады.
Қазақстанның бірінші ханымының бастамасымен елімізде жетім балаларды қорғау туралы Заң қабылданды.
Бірінші ханым сондай-ақ, Порфирий Ивановтың салқын сумен сауықтыру жүйесін
халық арасында кеңінен насихаттаушылардың бірі ретінде де белгілі.
2006 жылы мамыр айында Мәскеуде адамзаттың ізгі мұраттарына қызмет атқарғаны үшін <<Алтын жүрек>> халықаралық сыйлығы тапсырылды. (6-слайды)
С.Алпысқызы жалпы имани - рухани адамзаттық құндылықтарды
қалыптастырудың, қайта өрлеу жобасының авторы болып табылады. Ол <<Өзін-өзі тану>>
деп аталады. <<Өзін-өзі танудың>> философиясына ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы Алтын медальге ие болған. (7-слайд)
-Міне, жетімдерге қамқор болып,адамдарды дұрыс өмір сүру жолына бағыттаған Сара Алпысқызының өнегелі өмірі осындай.
-Енді балалар, өздеріңнің Сара апайларыңа деген, немесе аналар туралы жаттап жүрген өлең жолдарыңды арнаңдар. (видео корсетилип тұрады)
1-оқушы:
Мейірім тұнған жүрегі

Қазақтың дара Сарасы,
Бар баланың анасы.
Елбасының жан-жары,
Кең пейіл туған баласы.

Мейірім тұнған жүрегі,
<<Бөбек>> деп өмір сүреді.
Көңілі қаяу баланы,
Өбектеуді біледі.

Бәріміз жақсы көреміз,
Тілегімізді төгеміз.
Сара апаны көргенде,
Көкке жетіп төбеміз.

2-оқушы:

Күлімдеген күн мейірімді!
Кіршіксіз ақ қар мейірімді!
Таза су мейірімді!
Бәрімізді көтеріп тұрған жер мейірімді!
Қадірлі әкем мейірімді!
Әлпештеген әжем мейірімді!
Еркелеткен атам мейірімді!
Жылы жүзді апайлар мейірімді!
Тату-тәтті достарым мейірімді!
Айнала қоршаған адамдар мейірімді!
Бәрінен де, алақаны жібектей, күлімдеген күндей ең аяулы жан Анам мейірімді!

3-оқушы:
Елдің анасы
Бір өзіңсіз бүкіл елдің анасы,
Барлық пана, барлық жанның панасы.
Құшағыңа қалай ғана сыйды екен,
Бүкіл елдің <<Қазақ>> атты баласы.

Алақаның аялы құшағың кең,
Сендей адам табылмас жер жүзінен,
Бөбектердің жол тауып жүрегіне,
Құшағыңа сыйдырдың, көңілің кең.

Сендей жанды өмірге алып келген,
Батыр ана өмірде бақытты екен.
Елбасымыз халықтың басы болса,
Бөбектегі бақытты сыйлаған сен.

Жүз жасаңыз өмірден түңілмеңіз,
Қалып қалмасын ешқашан көңілде мұң.
Алғыс айтып өзіңе басымды ием,
Күлдіріңіз бөбектерді қуантыңыз.

Мұң шалмасын кең көңіл, ақ жүзіңді,
Ардақ тұтады бүкіл ел осы ісіңді.
Балалардың анасы, ел анамыз -
Алпысқызы Сара ана жүз жасаңыз!

4-оқушы:
Ананың бақыттысы, сымбаттысы,
Халқының ардақтысы, қымбаттысы.
Өз-өзін танытып, үлгі еткен,
Мың алғыс сізге, Сара Алпысқызы.

Мұғалім: Сара Алпысқызы жеке қызығушылығында ән айтқанды ұнатады екен. Сара апамыздың сүйікті өлеңін тыңдап, бірге орындасақ. (видео көрсетіліп тұрады)
Жаттығу: Оқушылардың қолына жүрек беріледі, олар жүректі бір-біріне беріп мына сөзді аяқтау керек: <<Егер, сен қасымда болсаң ....>>
-Сара Алпызқызы айтқандай: <<Мейірімділік пен махаббат жылуы жүректен-жүрекке жетіп, Әлемді Махаббат пен Қайырымдылық шуағына бөлей берсін.>>
Мәтінмен жұмыс
-Балалар, Сара Алпысқызы өздеріңдей бала болған кезде актёр болуды армандаған екен. Кейінгі айтқан сөзінде актёр болмаса да өмірден мынаны түйгенін былай деп айтады: <<Адамдарды бір-бірінен ажыратуға болатын басты айырмашылық жан дүниесі мен рухтың үйлесімі арқылы өмір сүру қабілетін айқындайтын олардың санасының даму деңгейі екен>>, яғни балалар адамның сыртқы сұлулығымен қоса, ішкі жан дүниесі де сұлу болуы керек.
(С. Алпысқызы)
Өзіммен-өзім(әуенді қолдану)
-Балалар, ыңғайланып отырып алындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.
Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір өзен жағасына келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай ағады. Тап
-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты. Біз өзенге жақындап, екі қолымызбен бір уыс су іліп алдық. Су бізге қарап, жылт-жылт етеді. Біз алақанымыздағы су тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызға аялай ұстап тұрмыз. Ал енді осы сезімімізмен бұрынға қалпымызға келейік. Көзімізді ашайық. Сендер алақандарыңа аялай алған осысуды қалай пайдаланар едіңдер? Балалар жауабы:
-Мен таза болсын деп бетімді жуар едім.
-Мен ас ішерде қолымды жуар едім.
-Мен торғайларға су берер едім.
-Мен оны бөлмедегі гүлге құяр едім.
-Мен бұл суды тап-таза судай болайын деп ішер едім.

Шығармашылық жұмыс
Жақсы сөзді күн сайын,
Айта берем қайталап,
Жақсы сөзді тыңдаймын,
Қайталайды шартарап.
Туысқа да, досқа да
Жақсы сөздер арнаймын.
Таныстарға басқа да
Жақсы сөздер таңдаймын. - Балалар сендерді шығармашылық тапсырма орындауға шаұырамын, қазір біз Сара Алпысқызына ашық хат жасаймыз

Мұғалімдермен жұмыс.
-Қымбатты ұстаздар, балалар шығармашылық жұмыс орындағанша, сіздермен тренингтік жаттығу жасайық.Ортада қобдиша тұр. Онда түрлі-түсті жүрекшелер бар. Кімге қай түстегі жүрекше ұнайды, соны алаңыздар.
-Қызыл - адамгершілік, сары - адалдық, қызғылт - мейірімділік, көгілдір - сүйіспеншілік, жасыл - әдептілік, көк - ізеттік, ақ - қайырымдылық. Осы қасиеттер бойларыңызда дари берсін.
- Шығармашылық жұмысты қорғау.
Мұғалім:
Құрметті оқушылар, қонақтар! Сабағымызды Сара Алпысқызының ұрпақтарына
айтқан ғибратты тілегімен қорытындылаймыз. <<Қымбатты балалар, мен - Анамын, Әжемін, шөбере сүйдім. Мен еліміздегі барлық баланы өз баламдай жақсы көремін. Сендерді үлкендердің өнегесін ғасырларға жалғайды деп сенемін. Ата
-Анаңа, айналаңдағы адамдарға мейірімді бол. Оларды сыйлай біл. Өтірік айтпа. Сонда сенің бойында сенімділік, өмір сүруге деген құштарлық, жалын пайда болады. Жүрегіңде өмірге, Ата-Анаңа, ең жақын адамдарға деген бауырмалдық, сүйіспеншілік бүр жарып, махаббатқа, достыққа ұласады. Мен сендерге осындай ізгі тілек тілеймін.>>

-Рефлексия.
- Сонымен балалар, неге Сара Алпысқызын алтын жүректі ана деп атаймыз?
-Бүгінгі сабақтан алған әсеріңіз?

Жүректен - жүрекке
Балаларды шеңберге тұрғызып, қол ұстастырып, Ж.Тұрбековтың сөзіне жазылған
Ә.Еспаевтың <<Бақытты балалық шақ>> әнімен сабағымызды аяқтаймыз.
Ал, біздің қонақтарымыз сабақтарын алған әсерлерін, мына күн шуақтарына жазып, тақтада тұрған күнді жуақтарымен нұрландырайық.

№42 жанында интернаты бар жалы орта мектеп

<<Бекітемін>> ______________
Пән мұғалімі: У.К.Сарсенбаева.

Тақырыбы: Алтын жүрек Анамыз.

Мерзімі: ____________
Баға: _______________

Cемей 2014ж.

Ұқсас жұмыстар
Алтын жүрек анамыз мәнерлеп оқу сайысы
Ана жайлы
Қабілетіңді аша біл
Мектеп АКТ залында оқырмандар байқауы
Ардақты ұстазым
Бар білімнің қайнар көзі,бастауы-бастауыш сынып екеніне көз жеткізу
Бастауышым - балбұлағым сценарий
Бастауышым-балбұлағым. Білім берер ордасы - мектебі, ұстаздарын құрметтеп, білімге деген құштарлығын арттыру
Бастауышпен қоштасу 4-сынып
Өз тіліңді құрметте
Пәндер