Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Тақырып - Жемістер

Өткізілетін күні: 22.11.2013ж.
Сыныбы: 6 <<Ә>>
Сабақтың тақырыбы: <<Жемістер>>
Мақсаты:
1. Жемістердің түзілуі туралы ақпарат беру. Жемістердің түрлерін анықтау.
2. Жемістердің топтарын ажырата білу.
3. Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: экологиямен, әдебиетпен, тілмен, халық педагогикасымен.
Сабақтың көрнекілігі: жемістердің суреттері, <<Тозаңдану>>, <<Ұрықтану>>, Гүлшоғырлар сызбалары, сөзжұмбақтар, Венн диаграммасы, вагон суреттері, т. б.
Сабақты өткізу әдісі: Аралас, ойын сабақ.
Сабақтың құрылымы: I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
VII. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
А) амандасу
Б) кезекші кім?
В) оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
II. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
1. <<Кім жылдам?>> ойыны. (Интерактивті тақтадан орындалады)
1. Гүлшоғыр:
А. белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы
В. сфагнум мүгінде жақсы дамыған
С. топтанған гүлдер
D. бес гүлдің жиынтығы
Е. астық тұқымдастарында болмайды
2. Гүлшоғыр дамиды:
А. жапырақ қолтығында
В. ұзарған өркенде
С. бұтақ ұшында
D. тамырсабақта
Е. батпақ түзуге бейім өсімдіктерде
3. Гүлшоғырда бар:
А. спорангий
В. сорусы
С. ризоиды
D. талломы
Е. негізгі сабағы, жанама сабақшалары
4. Жай және күрделі:
А. гүлшоғыр
В. дәнек
С. тұқымша
D. қауашақ
С. бұршаққап
5. Шашақ гүлшоғырлы:
А. бидай
В. қарақат, мойыл, орамжапырақ, мия
С. күнбағыс
D. асбұршақ
Е. шеңгел
6. Шашақ гүлшоғырында 2 -- 4 гүлі бар:
А. күнбағыстың
В. кекіренің
С. шеңгел, асбұршақта
D. бақ -- бақтың
Е. бидайда
7. Жай масақ:
А. түзеді бақ - бақ
В. гүлдері сағақсыз бекінеді
С. дамыған шомырда
D. күлтелері жақсы етілген
Е. тостағаншасы түсіп қалады
8. Сүйсін, жолжелкен гүлшоғыры:
А. шатыр
В. шашақ
С. шоғырбас
D. күрделі масақ
Е. жай масақ
9. Гүлшоғыры жай шатыр:
А. бидай, жүгері
В. лалагүл, сұлы, тары
С. өгейшөп, бақ -- бақ, арпа
D. қазтабан, сексеуіл
Е. пияз, адамтамыр, шешек, ақшұнақ
10. Шоғырбас гүлшоғыры:
А. сексеуіл
В. шеңгел
С. асбұршақ
D. беде
Е. пияз

II. 2. Биологиялық диктант
1) Гүл шығаратын өркенде белгілі ретпен орналасқан ұсақ гүлдер тобы (жиынтығы) ................................деп атайды.
2) Бір гүл шоғырда гүлдердің саны .............
3) Жанама сабақшалары бұтақтанбай, ұшы гүлмен бітсе, ондай гүлшоғырды .................
4) Жай гүлшоғырлардың ары қарай бірнеше кайтара бұтақтанудан пайда болатын гүлшоғыр .........................................................
III. Жаңа сабақты түсіндіру
Өсімдік гүлдеп болғаннан кейін ұрықтанған аналықтың жатыны жеміске айналады. Жемістің түзілуіне жатынымен бірге гүлдің басқа да бөліктері қатысады, жеміс қабырғасы сыртқы, ортаңғы, ішкі қабаттардан тұрады. Бұл қабаттарды қосып жеміс серігі дейді. Барлық гүлді өсімдіктердің жемістері шырынды және құрғақ деп 2 топқа бөлінеді:
Шырынды жемістер шырыны мол, жұмсақ болады. Олар жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды деп бөлінеді. Жидек жемістің сыртқы қабығы жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды.
Жидек тәрізді жемістер - көп ұялы, көп тұқымды.
Сүйекті шырынды жемістердің сыртқы қабаты жұқа, ортаңғы қабаты қалың етті - шырынды, ішкі қабаты - қатты сүйектенген.
Құрғақ жемістердің қабығы қатты, сүйектенген, құрғақ (кебу) болады.
1. Бұршаққап - бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс.
2. Бұршаққын - қос ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар.
3. Қауашақ - бір үш, бес және көп ұялы, көп тұқымды.
4. Қанатты жеміс - жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған.
5. Дәнек - бір тұқымды жеміс.
6. Тұқымша - дәнектен айырмашылығы жеміс серігі тұқыммен бірікпеген.
7. Жаңғақ жемістің жеміс серігі қатайып кетеді.
8. Жинақталған жемістер бір-бірімен бірікпеген күрделі көп аналықтардан түзілген.
IV. Бекіту сұрақтары:
1. Шырынды жемістер қандай болады? (шырыны мол, жұмсақ жемістер)
2. Шырынды жемістер түрлері? (жидек, жидек тәрізді, сүйекті шырынды)
3. Жидек жемістің сыртқы қабығы қандай? (жұқа, жұмсақ, ішінде тұқымдары көп шырынды)
4. Көп ұялы, көп тұқымды жемістер (Жидек тәрізді жемістер)
5. Құрғақ жемістердің қандай болады? (қабығы қатты, сүйектенген, құрғақ болады)
6. Бір ұялы, тұқым саны біреу немесе бірнешеу болатын құрғақ жеміс. (Бұршаққап)
7. Ұялы, ішінде ұзынша тартылған жұқа жарғақты пердесі бар. (Бұршаққын)
8. Жеміс серігінің біраз бөлігі жұқарып, қанатқа айналған. (Қанатты жеміс)
9. Бір тұқымды жеміс. (Дәнек)

V. Үйге тапсырма <<Жемістер>> тақырыбын оқып келу, келесі кестені толтыру.
Өсімдіктің аты
Жемістер
Жеміс түрлері
Тұқым саны

құрғақ
шырынды

біреу
екеу
көп
Меңдуана
Картоп
Өрік
Бұршақ
Шомыр
Емен
Бидай

VI. Бағалау
VII. Қорытындылау

Қолданылған әдебиет:
1. Биология 6 сынып

Ұқсас жұмыстар
Жемістерді аудар
Көкөністер мен жемістер
Жемістер мен тұқымдардың таралу жолдары
Көкөніс, жеміс шаруашылығындағы жұмыстар. жеміс-жидек өсімдіктері 6 сынып
Жемістер 3-сынып
Қияр Жасыл қияр
Көпмүшелерді теңбе-тең түрлендіруге есептер шығару.
Тіл дамыту тақырыбы: үй жануарлары (мектеп алды даярлық сыныбы)
Сутектің физикалық қасиеттері
Дәрумендер суретін акварельмен салу
Пәндер