Сабақ жоспары :: Биология
Файл қосу
Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу
Өткізілетін күні: 06.12.2013ж.
Сыныбы: 6 <<Ә>>
Сабақтың тақырыбы: <<Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі: органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу>>
Мақсаты:
Білімділік: Көмірқышқыл газы мен оттегінің өсімдік тіршілігіндегі маңызын ұғыну, өсімдіктің органикалық заттарды түзуі мен энергияны жинақтауы туралы мәлімет беру.
Дамытушылық: Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі жөніндегі білімдерін дамыту, дүниетанымдарын кеңейту.
Тәрбиелік: Әсемдікті сезіне білуге, табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Сабақты типі: Аралас сабақ.
Сабақтың көрнекілігі: <<Өсімдіктің тыныс алуы және фотосинтез>> суреті, т. б.
Сабақтың құрылымы: I. Ұйымдастыру бөлімі
II. Үй тапсырмасын сұрау
III. Жаңа сабақты түсіндіру
IV. Бекіту
V. Үйге тапсырма
VI. Бағалау
VII. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
I. Ұйымдастыру бөлімі.
А) амандасу
Б) кезекші кім?
В) оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру
II. Үйге берілген тапсырманы сұрау.
Үйге берілген тапсырма §29 Өсімдіктің тыныс алуы.
1) Ауызша сұрау.
Сұрақтары:
1. Өсімдіктер қалай тыныс алады? Қандай жағдайлар тыныс алуға әсерін тигізеді?
2. Тыныс алу қандай кезде жылдамдап, қай кезде баяулайды?
3. Фотосинтез бен тыныс алуды неліктен бір-біріне қарама-қарсы процесс дейміз?
4. Өсімдіктің тыныс алуын жақсарту үшін қандай шаралар жүргізу қажет?
5. Тыныс алу кезінде бөлінген энергия қайда жұмсалады?
6. Тыныс алуға қандай жағдайлар әсер етеді?
7. Тыныс алуға судың әсері қандай?
8. Тыныс алуға температураның әсері қандай?
9. Тыныс алуға жарықтың әсері қандай?
2) Сөзжұмбақ шешу.
<<Фотосинтез>> сөзжұмбағы
1. Өсімдіктердің жарық пен көмірқышқыл газын пайдалана отырып, органикалық заттарды түзу процесі (фотосинтез).
2. Фотосинтез процесі кезінде түзілетін газ (оттегі).
3. Аталық тозаңның аналықтың аузына түсуі (тозаңдану).
4. Фотосинтез процесі өсімдіктің жапырағының қай органоидында жүреді (хлоропласт).
5. Өсімдік фотосинтез процесі кезінде нені пайдаланады (су).
6. Ұрықтану процесін ашқан ғалым (Навашин).
7. Органикалық қосылыстардың тотығуы (тынысалу).
8. Өсімдіктер органикалық заттарды өздері түзетінін дәлелдеген ғалым (Гельмонт).
9. Фотосинтездегі хлорофильдің рөлін алғаш сипаттаған ғалым (Тимирязев).
10. Фотосинтез процесі кезінде түзілетін органикалық зат, қант (глюкоза).
ІІІ. Жаңа сабақ
Жапырақта күн сәулесі түскенде хлоропластар ауадан көмірқышқыл газын сіңіреді. Жапырақтың әсерінен хлоропластарда күрделі процесс жүреді. Көмірқышқыл газы мен тамырдан келген су қосылып, алдымен қант (глюкоза) түзіледі. Бөлінген оттегі өңдегі жанаспалы жасушалардың саңылауы арқылы ауаға таралады. Қант хлоропластарда өзгеріп крахмалға айналады. Қараңғыда крахмал қайтадан қантқа айналып, суда еріп, басқа мүшелерге тарайды. Өсімдіктердегі қанттың түзілуі жарық, су, көмірқышқыл газының қатысуымен тек хлоропластарда болады. Ауаны көмірқышқыл газынан тазартып, оттегімен байытады. Күн энергиясының қатысуымен болатын құбылысты фотосинтез дейді.
Фотосинтез: көмірқышқыл газ + су күн сәулесіжасыл өсімдік
Қант (глюкоза) + оттегі
Жарықта қанттың жапырақта түзілуін тәжірибе арқылы дәлелдеуге болады. Кез келген бөлме өсімдігін әбден суарып, екі тәулік қараңғы жерге қояды. Жапырақта бұрыннан түзілген крахмалдар тамырға кетіп, жапырақтар крахмалсызданады. Екі тәуліктен соң өсімдікті қараңғы жерден алады. Екі-үш жапырағының біраз бөлігін жарық өтпестей етіп қара қағазбен екі жағынан жабады. Бір тәулік жарық жерге қояды. Бір тәулік өткен соң жапырақты кесіп алады. Қара қағаздан босатып, алдымен ыстық суға бір минуттай салу керек. Судан алып жапырақ түссізденгенше спиртте қайнатылады. Түссізденген жапырақты алып, суық сумен шайып, жайпақ ыдысқа салады. Бүктелген жерлерін сапты инемен түзетіп үстіне йодтың әлсіз ерітіндісін тамызамыз. Бір-екі минуттан кейін жапырақтың жарық түскен жері көгереді. Қараңғыланып жабылған жері өзгеріссіз қалады. Демек, қант жапырақта тек жарық түскенде ғана түзіледі.
Ағзалар тыныс алғанда қоректік заттар толық ыдырау үшін оттегі қажет екендігі баршамызға белгілі. Тынысалудың ең соңғы өнімі - көміртегі оксиді су жене бос энергия. Бұл соңғы өнімдер -- фотосинтезге кажеттi негiзгi косылыстар болып табылады. Сондықтан, тынысалу фотосинтез кезiндегi энергияны жоққа шығарады. Алайда, тынысалу кезiнде жұмсалған пайдалы энергия фотосинтез кезiндегi алынған күн энергиясынан аз болады.
Энергияның ең көбi -- күн сәулесiнiкi, коректiк заттар одан аз, ең азы кемiртегi оксидi, су жене оттегi. Фотосинтез кепсатылы күрделi әрекет. Мұнда күн сәулесi энергиясын химиялық байланыс энергиясына айналдыруда басты рөлдi хлоропластар атқарады. Пластиттердiң үш түрге бөлінетіндігi белгiлi, олар: лейкопластар, хромопласт жене хлоропласт. Бұл үшеуiнiң де негiзi -- строма деп аталатын ақуыз. Ал, фотосинтез әрекетi хлорофилл пигментi (жасыл түс беретiн) бар хлоропласт жасушасында жүредi.
Фотосинтез - жоғары сатыдағы жасыл өсімдіктердің, балдырлардың, фотосинтездеуші хлорофилл және басқа дафотосинтездік пигменттер арқылы күн сәулесі энергиясын сіңіруі нәтижесінде қарапайым қосылыстардан (көмірқышқыл газы, су) өздерінің және басқа организмдердің тіршілігіне қажетті күрделі органикалық заттар түзуі. Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т-дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд-тай СО2 сіңіреді, оттегін бөледі.
Фотосинтездің биосферадағы маңызы да үлкен. Жер жүзіндеге, мысалы, көміртек, суттек, оттек, т.б. элементтер айналымы процесіне қатысы бар. Жер қалыптасқаннан бері фотосинтез нәтижесінде маңызды элементтер мен заттар бірнеше мың рет толық цикл айналымынан өткен. өсімдік өнімін арттырудың бір жолы - өсімдіктің фотосинтездік әрекетін үдету. Бұл үшін жапырақ көлемін үлкейту, жапырақ тіршілігін ұзарту, егістіктегі өсімдік жиілігін реттеу керек. Көмірқышқыл газы, ауа,су, топырақтағы қоректік элементтер жеткілікті болуы қажет.
Фотосинтез арқылы өсімдіктер тотыққан көмірді сіңіреді де көміртегі тотығынан құралатын органикалық қосылыстар синтезін өткізеді. Жапырақтары мен тамырлары көміртегі тотығын және судан келетін сутегін пайдаланып, атмосфераға еркін молекулалы оттегін бөліп шығарады. Жалпы топырақ арқылы жер бетінде бүкіл биосфералық құбылыстар реттеледі. Топырақ - адамзат үшін өлшемі жоқ, баға жетпейтін байлық және құрлықтағы биоценоздар тіршілігінің негізі.
Өсімдіктер өзінің тіршілік әрекеті барысында органикалық затты синтездеп топыраққа тамыр массасы түрінде, ал беткі бөлігі өлгеннен кейін өсімдік қалдықтары түрінде таратады. Өсімдік қалдықтарының құрамдас бөліктері минералданғаннан соң топыраққа сіңіп, топырақтың үстіңгі көкжиегіне тән қара рең беретін шіріндінің түзілуіне ықпал етеді. Сонымен бірге өсімдіктер топырақтүзуші жыныстарда аздаған мөлшерде болатын, бірақ өсімдіктердің қалыпты тіршілігіне сондай қажетті жекелеген химиялық элементтерді бойына жинайды. Өсімдіктер өліп, қалдықтары ыдырағаннан кейін бұл химиялық элементтер топырақта қалып, біртіндеп оны байытады.
IV. Бекіту сұрақтары
1. Өсімдіктер Жер ғаламшарында қандай роль атқарады?
2. Өсімдік өзінің қандай процесі арқылы атмосферада оттекті молайтуға үлес қосады?
3. Өсімдік қандай органикалық заттар түзеді?
4. Өсімдік органикалық заттарды қайдан алады?
5. Өсімдіктің жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысудағы ролі қандай?
6. Өсімдіктің көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтауда орны бар ма?
7. Жерде көмірқышқыл газы болмаса, не болар еді?
8. Ал оттегі болмаса ше?
9. Ғаламшарымызды жасыл өсімдіктерсіз елестетуге бола ма?
V. Үйге тапсырма.
<<Жасыл өсімдіктердің ғарыштық рөлі: органикалық заттарды түзу, энергияны жинақтау, көмірқышқыл газы мөлшерінің тұрақтылығын сақтау және атмосферада оттекті молайту, жерде топырақ түзілу әрекетіне қатысу>> тақырыбын оқып, біліп келу.
VІ. Бағалау.
VII. Қорытындылау.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz