Қансонарда бүркітші шығады аңға

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Ашық сабақ

Тақырыбы: А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Орындаған: Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының 3 курс студенті Жұмабаев С.

2014 жыл

Сыныбы 7

Пәні: Қазақ әдебиеті

Тақырыбы: А. Құнанбаев «Қансонарда бүркітші шығады аңға»

Сабақтың мақсаты:

а) . Білімділік: Абайдың өмірі жөнінде мағлұмат беру, оқушыларға өлеңнің мағынасын терең түсіндіру, халқымыздың саятшылық өнері туралы мәлімет беру;

ә) . Тәрбиелік: Оқушыларға эстетикалық әрі экологиялық тәрбие беру, құсбегілік өнерге баулу;

б) . Дамытушылық: Оқушылардың сөйлеу, тыңдау мәдениетін, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру;

Сабақтың әдісі: баяндау

Сабақтың түрі:

Пәнаралық байланыс: бейнелеу, қазақ тілі

Көрнекті құралдар: Слайд шоу түрінде

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. Сабақ түсіндіру;

Жаңа сабақ:

Абай XIX ғ. Қазақтың данышпан, суртекер ақыны, өз ұрпағын өнер-білімге үндеген ойлы ағартушы екендігін түсіндіремін. Абай Құнанбаев 1845 жылы бұрынғы Семей уезі, Шыңғыс болысында дүниеге келген. Абайдың әкесі Құнанбай Қарқаралы уезіне аға сұлтан болған.

Абай әуелі ауылда Ғабитхан деген татар молдасынан мұсылманша хат таниды. Абайды әкесі он жасында Семей қаласындағы Ахмет Ризаның медресесіне береді. Ол бос уақытында Шыңғыстың ұлы ақындары Низами, Сағди, Хафиз, Навой, Фузули, Фердоуси шығармаларын өз бетімен оқып ертегі, дастан, хисса сияқты әдеби мұралармен танысады.

Абай медреседе небәрі үш-ақ жыл оқиды, соңғы жылдары өз бетімен «Приходская школаға» түсіп, орысша да оқиды. Бірақ мұндағы оқу ұзаққа бармайды. Жасы 13-ке келіп, ерте есейіп, ақыл ойы тола бастаған шақта өткір, зейінді Абайды әкесі Құнанбай ел билеу ісіне араластырып тәрбиелемек болып, оны оқудан елге алып кетеді.

Әкесінің жұмсауымен Абай ел ішіндегі әр түрлі мәселелерге араласады. Ол көптеген ескі әңгімелерді, өлең-жырларды халық ішінен үйренеді.

Өлеңнің тақырыбы, өлеңді 1897 жылы ақынның жазғанын, көшіп-қонып жүрген ата-бабамыздың сүйікті кәсібінің бірі - тазы жүгіртіп, қыран құс салу ендігі, әрі аң-құстарды бей-берекет ауламағандарын атап өтемін.

Саятшылық өнер әрі халық дәстүрі. Саяткерлердің сұңқар мен қаршығаға үйрек пен қаз алдыру, қақпан-тұзақ құру, лашынға қоян алдыру, түлкі мен қасқырды бүркітке алдыру - ең сүйікті кәсіптердің бірі болып саналады. Бұл бір жағынан ата дәстүр, екінші жағынан ұлттық өнерге де жатады.

Бүркіт тауларда мекнедейді. Құсбегілер оларды «ой құсы», «таулы жердің құсы», «қыр құсы» деп атайды. Бүркіт аңға үш түрлі түседі. Бірі - шаншыла, екіншісі - сыпыра, үшіншісі - іліп түседі.

Саятшылық адамды сыншылдыққа үйретеді. Саятшылық - серілік кәсіп, әрі спорт түрі. Негізінен құсыты күз бен қыста аң аулауға салған дұрыс. Қансонар - жер бетіне ең алғаш қар түскен шақ, бұл кезде аңның ізі айқын көрінеді. Қансонар - аң аулауға ең қолайлы мерзім, қар жұқа, сол үшін аңшылар қансонарды күтіп, сол кезді ең қолайлы санайды.

Құсбегілік. Көшпелі өмір салтын бастан кешірген халқымыз табиғатпен мейлінше етене болған. Көшпелілер табиғатты өз өмірінің бөлінбес сыңарына балап, табиғат тылсымын неғұрлым көбірек таныса, өмірдің соғұрлым мәнді де қызықты болатынын жақсы ұғынған. Табиғат аясындағы таным тәжірибесі тек қана күнкөріс тіршілігіне негіз болып қоймаған, сонымен бірге уақытты мәнді, көңілді өткізудің жолы ретінде де кеңінен пайдаланылған. Солардың бір көрінісі - аңшылық. Ең алдымен, аңшылық-саятшылық көшпелілер үшін күнкөріс тіршіліктің өзекті бір саласы болып келген. Сондай-ақ ол әскери жаттығудың, шынығып-шыңдалудың тамаша үлгісі болған. Құсбегілік әсем табиғат аясындағы көңілді, әсерлі қызығы мол демалыс болып табылады.

Сонау ерте заманнан-ақ халқымыз табиғатпен етене қойындас болғандықтан, аң-құстың қасиетін айыруға жүйрік болған. Ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесін, әсіресе, кейінгі ұрпаққа үйретуге айрықша мән берген. Мәселен, өмір салтының әрі күн көрістік, әрі көңіл көтерерлік бір сала дәстүрі аңшылық-саятшылық үшін жүйрік ат, қыран құс, құмай тазы сияқты жан-жануарлардың тілін таба баптап, қалауына көндіре білген. Осылардың ішінде қыран құстарды баптаудың ғасырлар бойы жинақталған мол тәжірибесін шын мәніндегі әрі өнер, әрі терең біліктілік десе де болғандай.

Қазақ арасында аңшылықтың кең тараған түрі - бүркітпен аң аулау, бүркіт ұстап саятшы болу, аңшылыққа ден қою. Бұһүркіт деп қазақ аңшылары жыртқыш құстардың ішіндегі аса тектісін, адам қолына тез үйренгішін атаған. Қайратына сай қырандылығы, жүректілігі, қиырдағыны тез байқағыш, сезгіштігі де өзге құстарға қарағанда бүркіттің ерекше қасиетін көрсетеді.

1882 жылы жазылған «Қансонарда» Абайдың анық шеберленген ірі суретші және реалист ақын болғанын көреміз. Өлеңнің өрнеге мен ізденгіш жаңалықтары соныдан соныға түсіп үдеп өсіп отырады. Өлеңдегі табиғат көріністерін, өз сезімдерін, аңшылықтың қызықты сипаттарын сипаттағанда Абай өзінің жаңаша қалыптанған ақындық мәдениетін танытады. Бұл реалист ақын. Жақсы меңгерген суретші ақын болып көрінеді. Бұндағы көретініміз - қазақ халқы мекен еткен қысы туралы: табиғат бүркіт салуға, салт атқа мініп шыққан анық қазақтың аңшылары туралы, ермек үшін еңбек еткен ішер ақы, сергек қажырлы еңбек үстіндегі адамдар. Бүркіт аңшылығы туралы суреттелмек, осы адам тобының мінездері аңшылықтардығы тәжірибелері, әр алуан ұсақ ашық мерзімі тұтас халықтың өзіне тән тіршілігі болып шығады. Осы мәдениетті ірі суретші тудырған шығарма екенін танытады.

Сол өзгешеліктері, ең алдымен пейзаждан байқауға болады. Көз алдымызға қар басқан елсіз таудың тұрғысы, сағасы, қансонар күнгі анық болмыс күйін елестетеді. Анық қазақ сахарасындағы аңшылар ғана жүретін жым-жырт таудың елең-алаңдағы тыныштық шағын беруден бастайды.


Ұқсас жұмыстар
Абай құнанбаев "қансонарда бүркітші шығады аңға". 7-сынып
А.құнанбаев «қансонарда бүркітші шығады аңға» өлеңі
А. құнанбаев «қансонарда бүркітші шығады аңға»
Өлең үзіндісін өлең құрылысына талдау
Эем-де сөзбен әуендерді жазу және ойнату. фонограф
Тақырып Тұрлаусыз мүшелер. Толықтауыш
Бағандар
Балаларға баулытып, құсқа салдыратын құс
Топ қыран сөзін қатыстырып сөйлем құрап жазу
Мәтінге талдау жасау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz