Сабақ жоспары :: Информатика

Файл қосу

Түстердің сипаттамасы және қолданылуы.Photoshop курсындағы растр суреттер

МКҚК <<Тайпақ колледжі>>

Бекітемін:
Директордың оқу ісі
жөніндегі орынбасары:
____________
Б.С. Капуова

Сабақтың тақырыбы:
<<Түстердің сипаттамасы және қолданылуы.Photoshop курсындағы растр суреттер>>

Дайындаған:ТМ-1 топ машықкері
Саясатова А.И

2014 жыл

Өтілген күні:___________________
Топ: ТМ-1
Сабақтың тақырыбы: Түстердің сипаттамасы және қолданылуы.Photoshop курсындағы растр суреттер.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларға AdobePhotoshop программасындағы түстердің сипаттамасы мен қолданылуын түсіндіріп,практика жүзінде іске асыру.
Дамытушылық: Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін,графикалық бейне жұмыстарын орындау арқылы бейнелік ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды іскерлікке, шапшаңдылыққа, ұйымшылдыққа, эстетикалық білімін дамытуға тәрбиелеу
Сабақтың формасы: зертханалық-практикалық сабақ.
Сабақтың түрі: практикалық элементтері бар көрсете түсіндіру.
Сабақ әдісі: Көрсете түсіндіру,жұппен жұмыс,бағалау,ой қорыту.
Сабақ типі: аралас сабақ
Сабақтың көрнекіліктері:AdobePhotoshop программасы,интерактивті тақта,слайд,проектор,дербес компьютер.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
IV Бекіту сұрақтары
V Бағалау
VІ.Үйге тапсырма
І. Ұйымдастыру кезеңі.(2мин )
А) оқушылар тізімі
В) кабинет жағдайы
С) сабақ барысымен таныстыру

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру(3-5 мин)
1.Adobe PhotoShop бағдарламасын қалай баптаймыз?
2. Суреттердің қалай сипаттаймыз?
3.Суретті қалай өзгертуге болады?

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
Түс өрнектеріне байланысты слайд көрсетіледі.
--------------------------------------------------------------------------------
Түс қабыстыруы.
Түс қабыстыру мағынасының астарынан мынаны көру керек:жаңғырта алатын,әбден айқындап қоятын және кез-келген бейнені сипаттай алатын түс диапазоны.
Жарықтың электромагниттік табиғатына сүйене отырып,түс реңкі шексіз болуға тиіс деген шешім қабылдаймыз.Бірақ, адамның көзі заттың бетіндегі шағылыс жиіліктерінің барлығын қабылдай алмайды.
Тек адамның жанары емес,техника да барлық түсті көрсете алмайды.Мысалы,фотоаппарат өте қараңғы реңктерді көрсете алмайды.Бірақ адамның көзі бұл түстерді қабылдай алады.Компьютердің мониторы таза сары мен көгілдір түстерді жеткізе алмайды.
Әр жабдықтың өзінің түс қабыстыруы бар екеніне көзіміз жетті.Әр қабыстыру түс өрнектерімен белгіленеді.
--------------------------------------------------------------------------------
Түс өрнектерін қолдану.
Барлық түс өрнектердің мағынасын түсінгеннен кейін,оларды қолдануға кірісейік.
1)File-->Open немесе (Ctrl+O) операциясы алдыңызға Open терезесін алып келеді.Бұл терезеден фотошопқа лайықты файл форматтарын ашуға болады.Кез-келген суретті ашыңыз.
Мысалы,Koala.jpg файлын аштыңыз.Суреттің түс өрнегін қандай екенін көру үшін екі жол бар:
1) Image-->Mode менюі арқылы біле аласыз.
2) Сахнаның терезесінен.Бұл суретті басқа түс өрнектеріне өзгерту үшін

--------------------------------------------------------------------------------
Duotone түс өрнегі
1) Duotone түс өрнегіндегі суретті жасау үшін,біріншіден,суретті Grayscale түс өрнегіне өзгерту керек.
2) Алдыңызға <<Түс мәліметінен бас тарту>> терезесі ашылады.Discard түймесін басыңыз.
Нәтижесінде қара ала суретті аласыз.
3)Келесі қадамына суреттің түс өрнегін, Duotone өрнегін менюден таңдау.
4)Ашылған терезеде Duotone параметрін өзгерте аласыз.Type бөлімінен Duotone - ді таңдаңыз.Ink 1 және Ink 2-нің түсін өзгерту үшін оң жақтағы екінші шаршыға басыңыз.Әрбір Ink-ке ат қойыңыз.Нәтижесінде екі түс араласқан суретті көресіз.
--------------------------------------------------------------------------------
Түс тереңдігі
Суреттегі түс мөлшерін бейнелейтін және битта өзгеретін функция түс тереңдігі деп аталады.Суреттердің көбісі 8 бит түс тереңдігіне ие,бұл әр каналда 256 реңк сақтауға мүмкіндік береді.Бір түс нүктесін сақтау үшін қанша бит бөлінеді,сонша түс саныбейнеленеді.Бит саны 8, 16, 32 бола алады.Фотошопта түс тереңдігі канал үстіндегі бит(bit/channel)саны деп аталады.
Image-->Mode менюіне кіріп,түс тереңдігін 16 bit/channel немесе 32 bit/channel-ге өзгертуге болады.
--------------------------------------------------------------------------------
Суреттің параметрлері.
Суреттің параметрлерінің ені,биіктігі,resolution-ы,түс тереңдігі кіреді.
Менюден Image--> Image Size немесе (Alt+Ctrl+I) операциясын орындаңыз.Алдыңыздан Image Size терезесі ашылады.Бұл терезеде сіз суреттің енін,биіктігін,resolution-ын ауыстыра аласыз.Мына параметрлерді енгізіңіз:ені (Width)-14пиксель,биіктігі (Height)-500 пиксель.Constrain Proportions-тан қанат белгісін алып тастаңыз.
Суреттерді бұрғыңыз келсе немесе теріс көргіңіз келсе,Фотошоп сізге Image Rotation функциясы арқылы мүмкіндік береді.Бұл функцияға мына параметрлер кіреді:
1800 - суретті 180 градусқа бұрайды.
900 CW - суретті сағат тілі бойынша 90 градусқа бұрайды.
900 CCW- суретті сағат тіліне қарсы 90 градусқа бұрайды.
Arbitrary - суретті қалаған градусқа,қалаған бағытқа бұрады.
Flip Canvas Horizontal - сахнаны көлденең,теріс бұрайды.
Flip Canvas Vertical- сахнаны тікелей,теріс бұрайды.
Менюден Image--> Image Rotation-->900 CW параметрін таңдаңыз.Нәтижесінде суретіңіз сағат тілі бойынша 90 градусқа бұралады.
--------------------------------------------------------------------------------
Сахна параметрлері.
Суретіңіз қосымша алаң қосқыңыз келсе,фотошоптағы Canvas Size функциясын пайдаланыңыз.
1.Қазіргі мөлшер:ені,биіктігі.
2.Жаңа мөлшер: ені,биіктігі,қатысты(relative)
3.Фиксатор(Anchor)
4.Қосылған алаңның түсі.
Koala.jpg суретін ашамыз.Менюден Image-->Canvas Size немесе (Alt+Ctrl+C) функциясын таңдаймыз. Canvas Size терезесіне мына параметрлерді енгізіңіз:ені-1300 пиксель,биіктігі-800,Фиксаторды орналастырамыз.
--------------------------------------------------------------------------------
Түс қабыстыру.
Жаңғырта алатын,әбден айқындап қоятын және кез-келген бейнені сипаттай алатын түс диапазоны.
--------------------------------------------------------------------------------
Түс өрнектері.
Bitmap - қара және ақ нүктелерден құралған растр немесе қара-ала сурет Bitmap деп аталады.
Greyscale- сұр градациядағы суреттер түс туралы мәліметті сақтамайды.Күңгірт суреттерде 256 ашықтық қабат бар.
Duotone- дуплекс (екі түс немесе дуотон) өңдік диапазонды кеңейтеді,күңгірт суреттерді өңдеуге мүмкіндік береді.
Index - Индекстік түс палитрасы тек қана 256 түске ие.
Lab -кез-келген түсті Lab түс өрнегінде ашықтықпен (Lightness) және екі хроматикалық компонентпен анықталады: а параметрі- жасыл мен қызыл диапазон арасында өзгереді,және b параметрі - көктен сарыға дейінгі диапазонда өзгереді.
Multichannel - Мультиканал түс өрнегінде суреттің әрбір каналында 256 сұр түсті қабат бар.Көптеген түсті канал сақтай алады.
HSB-Интуитивтік түс өрнегі HSB -Hue(Реңк),Saturation(Қоюлық),Brightness(Ашықтық) сөздерінің қысқарған түрі.
--------------------------------------------------------------------------------
Түс тереңдігі.
Суреттегі түс мөлшерін бейнелейтін және битта өзгеретін функция- түс тереңдігі деп аталады.Бит саны 8 , 16, 24, 32 бола алады.
--------------------------------------------------------------------------------
Constrain Proportions.
Суреттің көлемін өзгерткен кезде ені мен биіктігі бір-біріне пропорциялық теңдікте болу үшін қолданылатын функция.

IV Бекіту сұрақтары
1.Фотошопта қанша түс өрнектерімен жұмыс істеуге болады?
А) 5
В)6
С)2
Д)8
Е)9
2.Төмендегілерден қайсысымен Фотошоп жұмыс істей алмайды?
А)RGB
В)CMYK
С)HHB
Д)HSB
Е)Lab
3.Төмендегі графикалық форматтардың қайсысы Duotone түс өрнегіндегі суретті сақтамайды?
А)JPEG
В)PSD
С)PDF
Д)EPS
Е)DCS 2.0
4. HSB түс өрнегі қалай оқылады?
А)Hue,Saturation,Brightness
В)Hue,Satin,Bold
С)Highness,Selection,Begin
Д)Height,Sight,Bright
Е)Half Saturation Brick
5.Төмендегілердің қайсысы түс тереңдігі бит санына жатпайды?
А) 8 bit/channel
В)16 bit/channel
С)20 bit/channel
Д)32 bit/channel
--------------------------------------------------------------------------------
Тапсырма.
Ұнаған суретті ашып,оның түс өрнегін Duotone-ға өзгертіп,Ink1- жасыл, Ink 2 - көк түстерін орындытыңыз. Canvas size арқылы еніне 350 пиксель,биіктігіне 432 пиксель қосыңыз.

V Бағалау
Үй тапсырмасы бойынша және сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау

VІ.Үйге тапсырма
Бүгінгі конспектті оқып келу

Ұқсас жұмыстар
Векторлық графика
Компьютерлік графика туралы
Компьютерлік графика
Бейне бөліктерін көшіру құралдары
Adobe Photoshop бағдарламасымен танысу
Adobe photoshop бағдарламасының интерфейсі
Графикалық ақпараттарды ұсыну
Трапецияның орта сызығын табуға есептер шығарту. графикалық ақпараттарды кодтау
Photoshop бағдарламасын оқыту курсының бағдарламасы
Обьектілерді салу құрал - саймандары
Пәндер