Қазіргі дүние жүзі тарихы. 9-сынып

9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Кіріспе
Сабақтың мақсаты:
- Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған « Қазіргі дүние жүзі тарихы» оқулығымен, оның авторларымен таныстыра отырып, жаңа заман тарихында не оқытылатына тоқталу, кезең кезеңдерге қысқаша мәлімет беру.
- Белсенділігін арттыру, білімін тереңдету.
Сабақтың түрі:кіріспе
Әдісі:сұрақ жауап, әңгімелесу
Көрнекілігі:карта, оқулық кітап
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар».
- Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- 8-сыныпта өткен «Дүние жүзі тарихы» оқулығымен айырмашылығын айта отырып, өткен жылғы материалдарды еске түсіру
ІІІ. Жаңа сабақтың жоспары:
Оқулық төрт бөлімнен тұрады.
- Еуропа және Америка елдері (1914 - 1939 ж. ж. )
- 1918 - 1945 ж. ж. Азия және Африка елдері
- ХХ ғасырдың екінші жартысындағы Еуропа мен Америка елдері
- ХХ ғасырдың екінші жартысындағы -ХХІ ғасырдың басындағы Азия және Африка елдері
ХХ ғасыр бұрын -соңды болмаған тарихи оқиғаларға толы болады. Яғни, екі бірдей дүниежүзілік соғыс пен әртүрлі саяси бағыттағы революциялар осы ғасырдың үлесінде.
ІҮ. Сабақтың бекіту:
- Кенттену, яғни урбанизация-қалалардың бұрын-соңды болмаған өсуі, қала тарихта тұңғыш рет ауылды екінші кезекке ығыстыра отырып, эконмикалық басымдылыққа ие болды;
- Индустрияландыру-өндірісте машиналарды ұдайы үдемелі түрде пайдалану, оның басы ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысындағы Англиядағы өнеркәсіп төңкерісі болып табылады;
- Секуляризация-сана-сезімнің тоқырап, атеизмнің дамуы, рухани және әлеуметтік өмірдің діни ықпалдан азат етілуі.
Ү. Бағалау:
ҮІ. Үйге тапсырма:Кіріспе бөлімді оқып, терминдерді түсініп, жаттап келу.
Тексерілді:
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §1. Бірінші дүниежүзілік соғыс
Сабақтың мақсаты:
- Дүниежүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі, Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы, Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы туралы баяндау.
- Ұлттық рухы биік, бәскеге барынша қабілетті тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Еуропа мен Американың жетекші державаларына Азия мен Африка елдерінің отар және жартылай отарларға айналуының қандай себептері болды?
- «Империя», «император», «империализм» терминдерінің арасында мағыналық байланыс бар ма?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Дүние жүзін бөлісудегі ірі елдердің бәсекелестігі
- Германияның өркендеуі және әскери-саяси одақтардың құрылуы
- Орыс-француз одағы
- Ағылшын-орыс қатынастары
- Балқан соғыстары
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуы, барысы және аяқталуы
- Марна шайқасы
- «Верден қырғыны»
- Германияда революцияның басталуы, соғыстың аяқталуы.
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу себептері қандай болды?
- Соғыстың қандай ірі шайқастарын білдіңдер?
- Германия неліктен «Шлиффен» жоспарын жүзеге асыра алмады?
- АҚШ неге 1917 жылы ғана соғысқа кірді?
- Бірінші дүниежүзілік соғыс майдандарында соғыс қимылдарын тоқтату жөнінде келісімге қол қою қашан және қай жерде болды?
- Бірінші дүниежүзілік соғыстағы жалпы адам шығыны қанша болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §1.
Тексерілді:
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §2Версаль -Вашингтон жүйесі
Сабақтың мақсаты:
- Бұқаралық қозғалыстардың өрши түсуі, реформалар, демократиялық толқындардың жетістіктері мен бәсеңдеуі, бітім конференциясының мақсатын тақырыптары бойынша баяндау.
- Білімді жеке тұлға қалыптастыру
Сабақтың түрі: лекция
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Вильсон «14 тармағының» мәнісі неде?
- Версаль-Вашингтон жүйесі деген не?
- Бейбіт келісімшартқа сәйкес Германия қандай жерлерінен айырылды?
- Австрия, Югославия, Чехословакия республикалары қалай пайда болды?
- Түрік Республикасы қашан құрылды?
- Версаль-Вашингтон жүйесі неліктен тиянақты болмады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бұқаралық қозғалыстардың өрши түсуі Дамудың екі жолы
- Ұлттар лигасын құру. Мандаттық жүйе
- 1921 -1922 жылдардағы Вашингтон конференциясы
- Төрт держава келісімі
- Бес держава келісімі
- Тоғыз держава келісімі
Сабақты бекіту:
- Париж бітім конференциясында жеңген мемлекеттер қандай мақсат көздеді?
- Версаль -Вашингтон жүйесі құрастырған келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін дүниежүзілік саяси картада қандай өзгерістер болды?
- Мандат жүйесін құрудың мәні неде?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §2. Тексерілді:
9-сынып. Қазіргі дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §3. Ұлыбритания.
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші жүние жүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсерін айта отырып, ағылшын үкіметінің ішкі және сыртқы саясаты, соғыстан кейінгі Англияның экономикасы тақырытпарынан оқушыларға мәлімет беру.
- Ізденімпаздыққа, тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Париж бітім конференциясында жеңген мемлекеттер қандай мақсат көздеді?
- Версаль -Вашингтон жүйесі құрастырған келісімшарттарға қол қойылғаннан кейін дүниежүзілік саяси картада қандай өзгерістер болды?
- Мандат жүйесін құрудың мәні неде?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыс қорытындысының Ұлыбританияға әсері
- Ағылшын үкіметінің ішкі және всыртқы саясаты.
- Дэвид Ллойд Джордж
- Соғыстан кейінгі Англияның экономикасы
Сабақты бекіту:
- Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
- Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
- Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
- Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
- Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §3 Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §4. Франция
Сабақтың мақсаты:
- Францияның соғыстан кейіңнгі әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайына сипаттама беріп, әлеуметтік шиеленістің себебін, Францияның көппартиялық жүйесінің ерекшелігін және экономикалық дағдарыстың ел өміріне әсерін нақты факторлармен ашып көрсету.
- Француз фашизмі туралы түсінік бере отырып,, оның герман және итальян фашизмінен айырмашылығына талдау және тиісті тиісті қорытынды жасай білуге баулу.
- Халықтың майданның қалыптасуы туралы әңгімелеп, жүргізген шараларының маңызына тоқталып, ең бастысы, Францияда фашизмнің билеп-төстеуіне тосқауыл болғанын атап, оқушыларды фашизмге, ымырасыздыққа қарсы тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Әдісі: баяндау
Көрнекілік:карталар (ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Франция, ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа)
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Ұлыбритания үшін Бірінші дүние жүзілік соғыстың қорытындысы қандай болды?
- Ллойд Джордж үкіметінің сыртқы саястына талдау жасаңдар.
- Лейбористер партиясының күшеюі неден көрінді? Олардың үкімет басындағы тәжірибесін сипаттаңдар.
- Дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың салдарын ашып көрсетіңдер.
- Англиядағы қандай партияның өкіметі немістердің сыртқы саясатын қолдады?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Соғыстан кейінгі Франция
- Франциядағы экономикалық дағдарыстардың ерекшеліктері
- Француз фашизмінің ерекшеліктері
- Халық майданының қалыптасуы
Негізгі оқиғалар:
- 1919 жылы Францияда 2, 2 мың ереуіл болып, оған 2 млн жұмысшы қатысты.
- 1924-1926 жылдарда солшыл блок үкіметі билік басында болды.
- 1930 жылы экономикалық тоқырау басталды.
- 1924 жылы «Патриоттық жастар» лигасы құрылды.
- 1927 жылы «Әскери крест» лигасы құрылды.
- 1934 жылы Халықтық майдан құрылды
- 1936 жылы Халықтық майдан партиясы парламент сайлауында жеңіске жетті.
Сабақты бекіту:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
- 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
- Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
- Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
- Б. Ү. Ү. кестесі.
Қорытындылау, бағалау:
Үйге тапсырма: §4
Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §5. Германия
Сабақтың мақсаты:
- Германияның 1918-1939 жалдардағы жалпы дамуына сипаттама беріп, 1920 жылдардағы экономикалық және саяси орнығудың қиын да ұзақ болғанын ашып көрсету. 1930 жылдардағы экономикалық тоқыраудың ерекшеліктері мен салдарын нақты факторлармен түсіндіріп, Веймар Республикасының саяси әлсіздігіне оқушылардың назарын аудару. Германияда фашизмнің тууы, үкімет басына келуі және жүргізген ішкі-сыртқы саясатына талдау жасау.
- Оқушыларды тарихи факторларды талдап, қорытынды жасау, тарихи ұғымдарға анықтама беруге баулу.
- Германиядағы фашистік диктатура-дүние жүзіндегі азамзатқа сансыз қасірет әкелген Екінші дүниежүзілік соғыстың бірден -бір айыпкері екеніне оқушылардың көзін жеткізу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: дәріс, топтық жұмыс
Көрнекілік: Карта- «ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа»
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін мемлекеттің ішкі өмірінің қандай саяси ерекшеліктері болды?
- 1919-1920 жылдардағы мемлекеттегі әлеуметтік шиеленістің себебі неде?
- Француз көппартиялық жүйесінің ерекшеліктерін атаңдар
- Экономикалық тоқырау Францияның әлеуметтік-экономикалық және саяси өміріне қалай әсер етті?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Веймар Республикасы
- Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
- Гитлердің өкімет басына келуі
- Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі
- Ұлтшыл Германияның сыртқы саясаты
Негізгі оқиғалар:
- 1925 жылы Ұлттық социолистік неміс жұмышы партиясы құрылды
- 1930 жылы көктем-Веймар үкіметінің күйреуі
- 1933 жылдық ортасында мемлекеттегі барлық саяси партиялар таратылды.
- 1939 жылғы тамызда-Герман-Кеңес келісіміне қол қойылды
- 1939 жылғы қыркүйекте-Германияның Польшаға шабуылы
Сабақты бекіту:
- Жалпы тақырыпты бекіту үшін сыныпты үш топқа бөліп, мынадай тапсырмалар беремін.
Бағалау:
Үйге тапсырма: §5.
Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §6. Италия.
Сабақтың мақсаты:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Италияның ішкі және сыртқы жағдайларына сипаттама беріп, фашистердің билікке келуінің себептерін нақты факторлармен ашып көрсету, оқушылардың назарын Италия фашизмнің негізгі белгілеріне аудару
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: сұрақ -жауап
Көрнекілік:
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Веймар Республикасының өмір сүрген кезеңі.
- Германиядағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
- Гитлердің өкімет басына келуі туралы айт.
- Германия тоталитаризмінің экономикалық жүйесі
- Ұлтшыл Германияның сыртқы саясаты
Жаңа сабақтың жоспары:
- Соғыстың Италияға тигізген зардабы
- Италиядағы саяси партиялар мен қозғалыстар
- Италияның фашисттік ұйымдары
- Фашистер үкімет басында
- Маттеоттидің күйреуі
- Фашистік лаңкестіктің ашық диктатураға өтуі
Сабақты бекіту:
- І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?
- Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?
- 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.
- Италия фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар
Бағалау:
Үйге тапсырма: §6 Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §7. Кеңес одағы
Сабақтың мақсаты:
- Кеңестік Ресейдің 1918 жылдан Екінші дүниежүзілік соғыс қарсаңына дейінгі жалпы дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуындағы басты ерекшеліктерді атап көрсету. Оқушыларды кеңес өкіметінің жүргізген ішкі және сыртқы саясатының негізгі мазмұнымен таныстырып, жаңа экономикалық сакясаттың мәнін ашып көрсету.
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру мен елді индустрияландырудағы әкімшіл-әміршіл әдістерін және оның зардаптарын нақты факторлармен түсіндіру. Қоғамдық саяси өмірдегі орныққан тоталитарлық тәртіп қоғамның өмір сүруін тоқтатып, тек жай механизмге айналдырғанын ұғындыру.
Сабақтың түрі: аралса
Көрнекілік: Карталар- «Кеңес мемлекеті азамат соғысы, шетел соғыс интервенциясы жылдарында», «Кеңес өкіметінің экономикалық дамуы». Т. б.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- І-джс Италияға тигізген зардаптары қандай?
- Соғыстан кейінгі саяси күштерге сипаттама беріңдер. Италиядағы буржуазиялық партиялардың кеш қалыптасқанын немен түсіндіруге болады?
- 1920 жылдардың басында фашистік топтар мен партиялардың белсенділігі не себептен арта түсті? Фашизмнің өкімет басына келу себебін түсіндіріңдер.
- Италия фашизмінің негізгі белгілерін атаңдар
Жаңа сабақтың жоспары:
- Азамат соғысы және интервенция жылдарында
- Азамат соғысы жылдарындағы халық шаруашылығы
- Жаңа экономикалық саясат
- КСРО-ның құрылуы
- КСРО-дағы индустрияландыру саясаты
- Ауыл шаруашылығын ұжымдастыру.
Негізгі оқиғалар:
- 1918-1920 жылдар-Азамат соғысы
- 1918-1921 жылдар- «Әскери коммунизм »саясаты енгізілді.
- 1920 жылы желтоқсанда ГОЭЛРО жоспары бекітілді.
- 1922 жылы 30 қаңтарда КСРО құрылды.
- 1924 жылы қаңтарда КСРО Конституциясы бекітілді.
- 1927 жылы Түркістан-Сібір теміржолы салына бастады. (Түрксіб)
ЖЭС КСРО-ның өнеркәсібінде (1921-1929 жж)
- Жеке және аралас капиталды ұлғайту.
- Мемлекеттік кәсіпорындардың дербестігін ұлғайту. Шаруашылық есеп.
- Еңбекақы төлеудегі теңгермешілікті жою, заттай жалақыны ақшалай жалақымен ауыстыру.
- Шетел капиталын тарту.
- Жұмысшылардың күшімен рынокты құру, еріксіз еңбекке тыйым салу.
ЖЭС КСРО-ның ауыл шаруашылығында (1921-1929жж)
- Салғыртты табиғи салықпен ауыстыру
- Азықты орталықтан бөлуді жою. Нан және басқа тамақ өнімдерін еркін саудалауға оралу.
- Жерді жалға алуға және жалдамалы еңбекті пайдалануға шектеулі түрде рұқсат ету.
- Ауыл шаруашылығы кооперациясын және келісімшарттық жүйені (контракт) дамыту.
ГУЛАК
(ХХ ғасырдың 30-жылдары)
Сабақты бекіту:
- «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?
- Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?
- КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?
- Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §7 Тексерілді.
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §8. Америка Құрама Штаттары
Сабақтың мақсаты:
- Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы АҚШ-тың дамуына сипаттама беріп, әлеуметтік-экономикалық және саяси даму ерекшеліктерін ашып көрсету.
- Техникалық прогрестің жоғары өркендеуіне қарамастан, АҚШ-тағы экономикалық тоқыраудың себептерін түсіндіру. Осы тоқыраудан шығудағы Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасының маңызын нақты факторлармен әңгімелеп, саяси бағыттағы жаңалығын атап көрсету.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті /логикалық сұрақ-жауап, әңгіме, мәтінмен жұмыс/
Көрнекілік:карталар
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- «Әскери коммунизм» саясаты қай жылдары болды?
- Жаңа экономикалық саясат қай жылы қабылданды?
- КСРО қай кезде құрылды және оның құрамына қандай республикалар кірді?
- Ұжымдастырудың қандай зардаптары болды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші дүниежүзілік соғыстың АҚШ-қа тигізген әсері.
- 1922-1929 жылдардағы АҚШ-тың ішкі саясаты
- АҚШ-тағы экономикалық дағдарыстың ерекшеліктері
- Президент Ф. Рузвельттің «Жаңа бағыт» реформасы
- «Жаңа бағыт» реформасының әлеуметтік маңызы
Негізгі оқиғалар:
- 1918 жылғы 8 қаңтар- «14 баптан» тұратын дүниежүзі елдерінің болашағына байланысты бағдарлама қабылданды.
- 1928 жылы республикашыл Герберт Гувер президент болды.
- 1929-1933 жылдарда АҚШ-тағы экономикалық дағдарыс
- 1932-1945 жылдарда демократ Ф. Рузвельт президент болды
- 1933 жылы «Жаңа бағыт» реформасы басталды.
- 1935 жылы бейтараптық туралы заң қабылданды.
Сабақты бекіту:
- АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?
- Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
- Г. Гувер мен Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?
Бағалау:
Үйге тапсырма: §8. «Жаңа бағыт» саясаты Америка қоғамдық өміріне қандай жаңа келбет әкелді?
Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: Қайталау
Сабақтың мақсаты:
- ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы Америка мен Еуропа елдері туралы өтілген І тоқсанның материалдарын қайталай отырып, оқушылардың алған білімдерін пысықтау, белсенділігін, тарихқа қызығушылығы арттыру.
Сабақтың түрі: қайталау
Әдісі: сұрақ -жауап
Көрнекілік: карта, сызба.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқу шылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?
- Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
- Г. Гувер мен Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?
Қайталанатын материал:
- Бірінші дүниежүзілік соғыс
- Версаль -Вашингтон жүйесі
- Ұлыбритания
- Франция
- Германия
- Италия
- Кеңес Одағы
- Америка Құрама Штаттары
Сабақты бекіту:
- «Ия жоқ»
- БҮҮ
- Бетпе-бет
- Венн диаграммасы
- Эрудит
- Пресс конференция
Бағалау:
Үйге тапсырма: І тоқсан материалдарын қайталау
Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы
Сабақтың тақырыбы: §9. Жапония
Сабақтың мақсаты:
- Екі дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапонияның саяси-экономикалық дамуына сипаттама беріп, елдің билеуші топтарының жүргізген ішкі және сыртқы саясатының озбырлық бағытын нақты факторлармен ашып көрсету;
- Әлемді қырғын соғысқа киліктіргендердің бірі Жапония милитаристері екеніне оқушылардың назарын аудару.
- Бейбітшілік рухта тәрбиелеу
Сабақтың түрі: аралас
Көрнекілік: карта.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- АҚШ экономикасының тұрақтанына қандай жаңдайлар себеп болды?
- Техникалық прогрестің мекені бола тұра, не себепті АҚШ дүниежүзілік экономикалық дағдарыстың орталығына айналды?
- Г. Гувер мен Ф. Рузвельт экономикалық дағдарыстан шығу үшін қандай шараларды жүзеге асыруды ұсынды?
Жаңа сабақтың жоспары:
- Бірінші джс кезіндегі Жапония жәнге соғыстан кейінгі елдің жағдайы.
- Танака үкіметінің саясаты
- ДЭД жылдарындағы Жапония
- Жапонияның Азиядағы озбырлығы, Қытайдағы әрекеттері
- Екінші джс кезіндегі Жапония.
Негізгі оқиғалар:
- 1924-1932 жылдарда елді саяси партиялар басқарды.
- 1923 жылы Маньчжоу-го мемлекеті құрылды.
- 1933 жылы Жапония Ұлттар Лигасынан шықты.
- 1937 жылы 7 шілдеде Қытайға соғыс ашты.
- 1939 жылы Монғолияға шабуыл жасады.
- 1940 жылы 27 қыркүйекте Жапония, Германия, Италия «Үштік пакт» аталатын соғыс одағын құрды.
- 1945 жылғы 2 қыркүйекте Жапония тізе бүгу туралы актіге қол қойды.
Сабақты бекіту:
- Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.
- Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.
Бағалау: Үйге тапсырма: §9. Тексерілді:
9-сынып. Дүние жүзі тарихы.
Сабақтың тақырыбы: §10. Түркия
Сабақтың мақсаты:
- 1918-1923 жылдардағы Түркия халқының ұлт-азаттық күресінің себебі мен алғышарттары сұлтандық үкіметтің Германияны жақтап дүниежүзілік соғысқа қатысуынан туған шаруашылық күйзеліспен тығыз байланысты екенін, негізгі қозғаушы күш Түркия шаруалары болғанын, ал саяси басшылығында ұлттық буржуазия топтары тұрғанын ашып көрсету;
- Белсенділігін арттырып, білімдерін жетілдіру;
- Тарихи санасы қалыптасқан, дүниежүзілік мәдениетпен сусындаған, ұлттық рухы жоғары, шығармашыл жеке тұлға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас
Әдісі: интерактивті
Көрнекілік:карта, сызбалар, бейнематериал.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқу құралын тексеріп түгелдеу
- Әнұран орындау, «Хабар»
- Оқушылар зейінін сабаққа аудару
- ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:
- Жапонияның бірінші және екінші дүниежүзілік соғыстар қарсаңындағы сыртқы саясатының ұқсас жақтарын атаңдар.
- Жапония үкіметінің экспанциялық және милитаристік саясатын түсіндіріңдер.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz