Сабақ жоспары :: Қазақ әдебиеті
Файл қосу
Ж.Аймауытовтың Қартқожа романы
Сабақтың тақырыбы: Ж.Аймауытовтың "Қартқожа'' романы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ж.Аймауытовтың <<Қартқожа>> романының революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан - жақты бейнелеген реалистік шығарма екендігін таныту, роман мазмұнын меңгерту. Қартқожа бейнесіне талдау жасау. Білімді оқушылық деңгейден анализ, синтез, шығармашылық деңгейге көтеру.
Дамытушылық: Оқушыларды өз бетімен ізденуге, ғылыми ізденіске дағдыландыру. Проблеманы шеше білу, ғылыми негізде дәлелдеуге қалыптастыру, білімділік дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды адами қасиеттерге баулу, автор көтерген әлеуметтік проблемалар аркылы азаматтық түсініктерін тереңдету. Ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.
Сабақтың технологиясы: дамыта оқыту, проблемалық оқыту, ұжымдық оқыту әдістері. миға шабуыл, жоба қорғау, болжам пікір.
Сабақтың жабдығы:Ж.Аймауытов шығармалары , слайдтар, портреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: іздендіру, зерттеу, сұрақ-жауап, талдау, мәтінмен жұмыс, саралау, миға шабуыл сұрақтары, презентация қорғау, болжам жасау.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі.
II.Үй тапсырмасын сұрау.
"Сегіз қырлы, бір сырлы дарын" тақырыбында Ж. Аймауытовтың өмірі мен шығармашылығына арналған презентациялық жоба қорғау.
III.Жаңа сабаққа кіріспе .
Оқушыларға алдын - ала Ж.Аймауытовтың "Қартқожа " романын оқып, мазмұнын ұғыну тапсырылған.
IV. Жаңа сабақ.
Мұғалім: Оқушылар! Сіздерге романды алдын - ала оқу тапсырылғандықтан роман жөнінде қысқаша түсінік беріп, талдау жұмыстарын жүргіземіз.
Ж. Аймауытовтың "Қартқожа "романы тұңғыш рет 1926 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып басылып шықты. Бұл - қазақ кедейінің өмірін, оның әлеуметтік арпалыстар кезеңіндегі күрделі тағдырын эпикалық үлгіде көркем бейнелеуге арналған қазақ әдебиетінің алғашқы елеулі шығармасы. Онда қазақ ауылының революция алдындағы және әлеуметтік қақтығыстар кезіндегі тіршілігі, азаттық жолындағы күрестен кейінгі жаңаша ұмтылысы шыншылдықпен бейнеленеді.Әсіресе жазушы осы тартыстар талқысында қазақ кедейінің қоғамдық теңсіздік сырларын түсінуге жетіп, әлеуметтік әділетсіздіктің себептеріне ой жіберуін нанымды суреттейді. Шығарманың негізгі кейіпкерін де Жүсіпбек осы тұрғыдан көрсетеді. Бұл автордың таптық позициясының өткірлігін және ұстамдылығын танытады. Шығарма тарихтың осындай бір кезеңді, шытырман оқиғаларға толы тұстарындағы қазақ ауылының өмірінің жалпы шындығын жұмсартпай, шынайы, кең тұрғыда суреттей алуымен де бағалы. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының басталуы мен оның 1917 жылы ақпан көтерілісіне ұласуы, қазақтардың ел ішіндегі әлеуметтік күрестерге араласуы "Алашорданың ''құрылуы мен ақ әскер лерінің большевиктерге қарсы күресі, Қазан төңкерісі мен азамат соғысының жеңісті оқиғалары роман сюжетіне желі боп кіреді. Шығарма қаһарманы Қартқожа да ,оның елі,жұрты да осы оқиғалар фонындағы тартыста есейіп ,есін жинап ,ілгері басады, болашаққа қарайды.
V. Сабақты бекіту жұмыстары
Мұғалім басшылығымен оқушылырдын шығарманы талдау жұмысы.
I. Қ.Бітібаеваның әдістемесі бойынша шығарманы моделдеу жургізу.
1-бөлім. Шығарма тақырыбы: Әлеуметтік теңсіздік, білімге ұмтылу.
2-бөлім. Шығарма идеясы: Революция тұсындағы қазақ қоғамының шындығын бас кейіпкердің өмір жолы арқылы жан - жакты бейнелеген.
3-бөлім. Шығармадағы негізгі кейіпкерлер: Қартқожа, Жұман, Қартқожаның әжесі, Дәрмен,Андрей, Қасен, Полидуб.
4-бөлім. Шығармадағы қосалкы кейіпкерлер: Тұңғышбай, жеңгесі, Кенжеқара,Шідербай,шәкірт,болыс,Имақан,Бәтіш,Гүлсім, карындас, өшетіл,Бабатай .
5-бөлім.Шығарма жазылған әдеби бағыт: сыншыл реализм; жанры - проза.
6 - бөлім. Бас кейіпкер бейнесін мәтіннен табу.
"Сол кезде қожадан талай бала оқиды. Сол балалардың ішінде босаға жақта - астында бір жапырақ тай тері, мұрнын қос- қостан тартып, қожасының ақ сабауына қарай түсіп, шиге шанышқан бір жапырақ қағазына үңіліп, құнысып. Бір бала отыратын еді. Жасы 10- 11 шамасы болар ма екен, қалай... Екі жеңі сауыс,бетінің бір жағы сатпақ ,көзінің былшығы да жөнді тазармайды.Сол баланың қақ соқпен ісі жоқ, момақан,аңқау, козі бажырайып аузын ашып ,мұрны қоңқиып отырганы Жасында болпиған, сүйкімді бір бала болады ғой,тап сол бала осы еді.Құдай оңдап ,аты да түріне сай бола кетер ме? Қартқожа..."
7- бөлім. Шығармадағы монологті тапкызу.
" Қартқожа қазағын, елін сүйеді. Байын, жауызын емес, бұқарасын, кедейін, жалшысын, жерін, суын сүйеді. Қазақ пен орыс төбелесіп жатса ,орыстікі зорлық деп ұққысы келеді. Бірақ орыстан көрген жақсылығын ұмытпайды,орысты да бауыр тұтқысы келеді. Андрей, Полидубтерге қазақтың неше Жайдарқандарын құрбан қылғысы келеді. Қазақ та орыс та Андрейдің ,менің көргенімді көрсе,көзі ашылса,менің жүрегімдей бауырмал жүректері болса, зорлық, қиянат, теңсіздік жоғалар еді - ау деп, бір мезет ойлайды. "
-Монолог қандай жағдайда айтылған?
8- бөлім. Шығармада суреттелетін салт - дәстүр.
Підиеге отыру (өлген адамның күнәсін мойнына көтеру), әмеңгерлік салты,тұрмыс- салт суреттері, күрес,ән салу.
9- бөлім. Шығармадағы нақыл сөздер.
"Іздесең , табасың"
10 - бөлім. Шығармадағы көркемдегіш тәсілдер.
"Үй іші" бөлімі бойынша :
Эпитет-аз, нашар атаның тұқымы, момын адам, қоңыр адам,біртоға жан.
Метафора (ауыстыру) - төрт- бес қарасын, алданышы, азбеніші- ораза ашары;қуаты, қуанышы- үш - төрт қарғасы;
Тұрақты сөз тіркесі- құтты жеріне кондырды; тұңғышының аяғын шырмады;
Синекдоха (арақатынасын ашу)- әр ауылдың,әр үйдің бір қазан бұзары, бір биі.
Ирония (кекесін) - осы байғұстың.
Егіздеу( параллелизм)- здеу барға қанағат, жоққа сабыр ететін бір бейуаз.
Синоним сөздер- жабықса,тарықса; жыртық-тесігін; аман-есенінде; момын, біртоға; қарағым,шырағым; ұрыс-жанжал;
Антоним сөздер- жазы-қысы:
Көнерген сөздер: болыс, ауылнай, молда.
11-бөлім.
Кейіпкерлердің мінез-құлқы: момын, аңқау ,зұлымдық,әлімжеттік көрсету,үрей, надандық, қөзін ашуға жарыққа ұмтылу елге еңбек етуге талпыну.
12-бөлім.
Басқа тілден енген сөздер: қожа,тақуа молда, таямим,крестьянский нашалнік, періуатшік,стражнік, тілмәш, үшкөл, отарба, медресе, шәкірт,пароход, автомобиль,аэроплан, окоп, пулемет, самолет, мотор, революция,мұжық т.б.
13- бөлім.
Шығарманың құрылысы:
1) Басталуы: Қартқожаны , оның отбасын суреттеуі, жоқшылық, зорлық, оқу оқуға талпыныс.
2) Дамуы: Жоқшылықтың зардабы, әкесінің өлуі, суыт хабар,елдің урейі, дүрбелең.
3) Шиеленісуі : Жасаққа косылу,1916 жылғы солдатқа алыну, әскер өмірі.
4) Оқиғаның байланысы: Қараңғылықтан жарыққа ұмтылу,елге оралу, әділдік жолындағы күреске дайын азамат бейнесі,әмеңгерлік, оқу оқу.
5) Шарықтау шегі: Ақпан көтерілісі, елдегі күрес ,ұстаз болу.
6) Шешімі: Орысша білім алуға ұмтылу, мақсатқа жету, елдегі тыныштық, оқыган азаматтың елге еңбек етуі.
II. Негізгі кейіпкердің есею, өсу жолдарына талдау.
1 2 3 4 5 6
1 - Ойын баласы(10-11 шамасында), молдадан хат танушы.
2- Жас жігіт. Бала оқытушы.
3- Жасақ мүшесі.
4- Майданда жүзбасы.
5- Оқушы,білім нәрімен сусындаушы.
6-Ұстаз, арманына жеткен ел азаматы.
Кейіпкер табиғатының ашылуына әсер етуші:
Қартқожа образының ашылуына әсер етуші бейнелер

Дәрмен Полидуб
Қасен Андрей
Семантикалык кесте. Романнан тауып оқы.
Негізгі кейіпкер
Шыгармадағы әсер етуші әншіге катысты оқиға қандай ?
Махаббат хикаясы бар ма?
Шығармада кейіпкермен жүздесетін тарихи тұлға кім?
Қартқожа
"Ән" деген бөлімінде батыр әрі әнші Дәрменнің тағдыры.
"Бәтіш " бөлімінде Дәрмен мен Бәтіштің махаббат хикаясы баяндалған.
"Бет түзелді " бөлімінде С.Торайғыровпен пікірлесуі берілген.
VI. Сабақты қорытындылау.
Барлық ойды түйіндеу,оқушыларға ой тастау.
Мұғалім қызметі:
Бас кейіпкер - Қартқожа өмірде болған адам, мұғалім болып, ұстаздық еткен екен. 1937 жылғы қанды қырғында мерт болған. Қартқожадан қалған ұрпақ- Төлеш Қартқожаұлы Тоғанбаев техника ғылымдарының кандидаты,Қазақ ауыл шаруашылығы институтында қызмет жасаған.
Жағдаятты қорытындылау сауалдары:
1) "Қартқожа " романының өзіндік ерекшелігі қандай?
2) Шығарма кейіпкері сіздерге қалай әсер етті?
3) Кейіпкердің орнында сен болсаң қайтер едің?
VII. Бағалау.
VIII. Үйге тапсырма.
1.Шығармадан "Туған жер "бөлімі бойынша үзінді жаттау.
2.Қартқожа бейнесін негізге ала отырып "Іздесең, табасың " тақырыбында эссе жазу.

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz