Магний және кальций қосылыстары

«Балаға білім бергенде жақыннан алысқа,
таныстан жатқа көшіп, жаңа білімді ескі
білімге байлап беру керек».
М. Жұмабаев.
Сабақтың тақырыбы : Магний және кальций қосылыстары
Сабақтың мақсаттары :
1. Білімділік: ІІ А топ металдарының жалпы қасиеттері туралы білімге сүйене отырып, кальций мен магнийдің жеке қасиеттерін талдау;
2. Дамытушылық: Сілтілік жер металдардың қасиеттерін салыстыру арқылы оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті қалыптасып, логикалық ойлау қабілеті артады;
3. Тәрбиелік: Магний мен кальцийдің адам өміріндегі, табиғаттағы рөлі мен қолданылуының маңызын білу арқылы, салауатты өмір салтын ұстануға ұмтылады;
Сабақтың типі: есептер мен жаттығулар шығарту арқылы таныстан жатқа көшіп - жаңа білім алу мен білім беру сабағы;
Сабақтың түрі : Сайыс сабақ
Әдіс-тәсілдер: Химиялық диктант, СТО стратегиялары (РАФТ, топтастыру, Венн диаграммасы) кешенді талдау, сұрақ-жауап, есептер мен жаттығулар шығарту, деңгейлік тапсырмалар,
Пәнаралық байланыс: биология, математика, физика.
Құрал-жабдықтар : Периодтық жүйе, химиялық формулалар, үлестірме тапсырмалар, реактивтер, слайдтық көрсетілімдер, электрондық оқулық, т. б. қолданылады.
Бағалаймын: 1) Химиялық диктант арқылы үй жұмысын; 2) есептер мен жаттығулар шығарту арқылы; 3) Химиялық реакция теңдеулерін дұрыс жаза білсе; 4) Қосылыстарын атай білсе; 5) Лабораториялық тәжірибелерді қорыта білсе; 6) СТО стратегиялары
( РАФТ, топтастыру, Венн диаграммасы), деңгейлік тапсырмалар.
Енгізілетін түсініктер : Химиялық түсініктерді бір - бірімен байланыстыра отырып қалыптастыру
1. Ұйымдастыру бөлімі: Mg, Ca қосылыстарының формулаларын таңдау арқылы «Магний», «Кальций» топтарына бөлінеді.
2. Үй тапсырмасы. Химиялық диктант арқылы тексеріледі. Бағалау нормасы:
1-8ұпай- үштік, 9-12ұпай- төрттік, 13-15ұпай бестік, + плюстерін санайды, екі топ бірін-бірі бағалайды.
II топтың негізгі топша металдарының сипаттамасы:
1) II топтың негізгі топша металдары: Be . . . , Ra (Mg, Ca, Sr, Ba)
2) Химия тарихына ғылыми пікірталастың элементі ретінде енгізілген элемент . . . (Be )
3) Атомдардың сыртқы денгейінде . . . электрон бар. (екі)
4) Бұл топшаның барлық өкілдері . . . -элементтері. (s-)
5) Жай заттары - . . . металдар. (типтік)
6) Қосылыстарында тұрақты . . . тотығу дәрежесін көрсетеді. (+2)
7) Топшаның барлық металдары күшті . . . , бірақ сілтілік металдарға қарағанда едәуір . . . (Тотықсыздандырғыштар, әлсіздеу. )
8) Топшада элементтің реттік нөмері өскен сайын электрондардың берілуі . . . , сондықтан элементтердің . . . қасиеттері заңды өседі. (жеңілдейді, металдық)
9) Бұл топша элементтері атомдарының радиустары кішілеу және кристалдарында өзара берік байланысқан, сондықтан олар едәуір . . . , балқу температурасы . . . және тығыздығы . . . (қатты, жоғары, үлкен) .
10) Сирек кездесетін радиоактивті элемент . . . (Радий)
11) Металдары сутекпен жалпы формула - . . . түзеді. (RH 2 гидридтер)
12) Кальций p= . . . г/см 3 , t б = . . . 0 С, t қ = . . . 0 С иілгіш, жеңіл металл. ( 1, 55г/см 3 , t б =840 0 С, t қ =1440 0 С)
13) Магний p= . . . г/см 3 , t б = . . . 0 С, t қ = . . . 0 С, тығыз . . . кристалдық торы бар, иілгіштігі төмен қатты металл. ( 1, 74г/см 3 , t б = 651 0 С, t қ =1107 0 С)
14) . Жалындарын сәйкестендір: Са қызыл
Ва сарғыш
Sr жасыл (Са - сарғыш, барий- жасыл, стронций -қызыл)
15) . Жер бетіндегі «тіршілік элементтері», олар . . . және . . . Тірі табиғатта бұл металдардың ролі зор. (Mg, Ca)
3. Қызығушылығын ояту:
I топқа. Жұмбақ есеп. №1 Массасы 5 г сілтілік жер металы ауадағы оттекпен тотықтырғанда 8, 33 г метал оксиді түзілді. Қандай сілтілік жер металл қатысқан? (II валентті екенін ескеріп теңестіру) . «Магний» . Математикалық теңдеу арқылы:
10х+ 160═ 16, 66х
5 г 8, 33г. -16, 66х═-160
2Ме + О 2 → 2МеО х═160 х═24г. (Мg)
2х 2х+32 16, 66
IІ топқа. Жұмбақ есеп №2. Массасы 10г сілтілік жер металл сумен шабытты әрекеттескенде 5, 6л. (қ. ж) сутек газы бөлінеді. Қандай металл реакцияға қатысқан? «Кальций». Математикалық теңдеу арқылы:
10г 5, 6л
Ме +2Н 2 О Ме(ОН) 2 + Н 2
х 22, 4
Х = 40 Аr(Ca) =40
4. Мағынаны ашу:
1. Табиғатта таралуы. Әр топ таңдалған Mg, Ca қосылыстарының табиғатта таралуын оқи отырып, атау беріп жазады.
№3. «Магний» тобына есеп. Доломит (MgCO 3 *CaCO 3 ) құрамындағы магнийдің массалық үлесін тап. (13, 04%)
№4. «Кальций» тобына есеп. Құрамында 40% кальций, 12 % көміртек, 48% оттек бар қосылыстың формуласы қандай? (CaCO 3 )
Физикалық қасиеттері: Екі топтан бір-бір оқушы шығып, Венн диаграммасын құрады.
Химиялық қасиеттері: Сілтілік металдарға қарағанда кальцийдің химиялық белсенділігі аздау, ал магнийдікі одан да төмен. Химиялық реакцияларда олар белсенді тотықсыздандырғыштар. Жай заттардан бейметалдар, ал күрделі заттардан су, қышқылдар, тұздар, оксидтер олар үшін тотықтырғыштар бола алады.
Жай заттармен әрекеттесуі.
+Cl 2 +S +N 2 + O 2 +H 2
CaCl 2
MgCl 2 CaS Ca 3 N 2
MgS Mg 3 N 2
CaO CaH 2
MgO MgH 2
Mg. Күрделі заттармен әрекеттесуі.
Қ. анықтау
+ H 2 O +Ti Cl 4 + NaOH
MgO +H 2 +Ti Mg (OH) 2
ақ
Электрондық оқулықпен жұмыс.
Лабораториялық тәжірибелер көрсетіліп, оқушылар реакция теңдеулерімен тақтада өрнектеді.
1. Ca + 2H 2 O Ca(OH) 2 + H 2
t
2. 2NaHCO 3 Na 2 CO 3 + H 2 O + CO 2
Ca(OH) 2 + CO 2 CaCO 3 + H 2 O
лай
Қолданылуын топтастырады.
Магний, кальций қосылыстары:
CaCO 3 CaO Ca(HCO 3 ) 2 Mg 3 N 2, Mg 3 (PO 4 ) 2, MgS, CaF 2 , CaH 2, MgCO 3,
CaSO 4 *2H 2 O, CaCl 2, CaSO 4, KCl* MgCl 2 * 6H 2 O , MgCO 3 *CaCO 3 , CaS, Mg 2 SiO 4
MgH 2 Ca 3 (PO 4 ) 2, Ca(OH) 2, Mg (OH) 2 Mg(HCO 3 ) 2, MgCl 2, 3MgO*2H 2 O*2SiO 2
№3. «Магний» тобына есеп. Доломит (MgCO 3 *CaCO 3 ) құрамындағы магнийдің массалық үлесін тап. (13, 04%)
№4. «Кальций» тобына есеп. Құрамында 40% кальций, 12 % көміртек, 48% оттек бар қосылыстың формуласы қандай? (CaCO 3 )
Сайыстың жоспар:
1) Химиялық диктант орындалады;
2) Тапсырмалар жазылған шашу шашылып, өздері оқып (мұғалім бағыт беруші) білімді жинап алады. 3) Әр топтан 1, 1 оқушыдан физикалық қасиеттеріне Венн диаграммасын құрып, тек ортақ қасиеттерін оқиды. 4) Әр топтан 1, 1 оқушыдан жұмбақ есеп шығарады. 5) Табиғатта таралуы оқып, алдарындағы формулаларға атау жазады; 6) әр топтан 1, 1 оқушыдан №2, 3 есеп шығарады, 7) Жұппен жұмыс : Қолданылуын топтастырады, 8) Рольге еніп РАФТ стратегиясы : «Мен - аққұба мырза жігітпін . . . », «Мен -магний, тіршіліктің тірегімін. . ., менсіз фотосинтез үрдісі жүруі мүмкін емес, » 9) Топпен жұмыс: Химиялық қасиеттерін топта талдап, реакция теңдеулерін тақтада өрнектеп жазады. Жай және күрделі заттармен әрекеттесуі, 10) Оқулықпен жұмыс №3, 4, 5, 6 есептерді дәптерде, содан соң тақтада орындайды (іске асыру теңдеулері) . 11) Деңгейлік тапсырмалар. Сайыс сабақта жеңімпаз топты жинаған бағаларына (қай топта төрттік,
бестік көптігіне) қарай анықталады.
Деңгейлік тапсырмалар:
А нұсқасы .
1) Сілтілік жер металдары табиғатта бос күйінде кездеспейді, себебі:
а) олар табиғатта өте аз;
б) бұл металдар өте белсенді;
в) бұл металдарды тек электролиз әдісімен алуға болады.
г) бұл заттар ерекше ылғалданғыш.
2) Кальций, магний валенттілігі және тотығу дәрежесі:
а) ІІІ тұрақты; +3; б) ІІ ауыспалы; +2; в) ІІтұрақты; +2;
3) Сөндірілген ізбестің формуласын көрсетіңдер.
а) СаСО 3 б) СаО в) Са(ОН) 2
4) Мына қатарда : Mg(OH) 2 - Ca(OH) 2 - Sr(OH) 2 - Ba(OH) 2 гидроксидтердің негіздік қасиеттері қалай өзгереді?
а) күшейеді; б) әлсірейді, в) өзгермеген күйде қалады.
В нұсқасы.
1) Мына қосылыстардың қайсысында кальций көп?
а) СаСl 2 ; б) Са 3 (РО 4 ) 2 ; в) СаО.
2) Магний қосылыстарын анықтау үшін:
а) қышқыл; б) сілті; в) тұз.
3) Нәтижесінде кальций карбонатын алуға болатын реакция сызбанұсқасын көрсет: а) CaCl 2 + K 2 CO 3
б) 1 моль Са(ОН) 2 +СО 2 (арт)
в) 1моль Са(ОН) 2 +1мольСО 2
г) Са(НСО 3 ) 2 + КОН
4) Қай сілтілік жер металл ұнтағын жаққанда, көз қаратпайтын ұшқынмен жанады? а) Са; б) Mg; в) Ва; г) Sr.
С нұсқасы
1) 3, 6г. магнийді қыздырғанда күкіртпен әрекеттесіп қанша магний сульфиді түзіледі? а) 8, 4г; б) 84г; в) 0, 84г
2) Адам қанының 100 миллиметрінде180мг калий және 6, 5мг кальций бар. Егер адамда орта есеппен 5л қан бар болса, адамның қанында қанша калий мен кальций атомдары бар? а) N(K) =1, 38•10 23 атом; N(Са) =4, 89•10 21 атом
б) N(K) =13, 8•10 22 атом; N(Са) =48, 9•10 20 атом
в) N(K) =138•10 21 атом ; N(Са) =489•10 19 атом
3) Өнімнің шығымы 98%, 20г NH 3 Cl кальций гидроксидінің артық мөлшерімен әрекеттескенде неше литр аммиак (қ. ж) бөлінеді? а) 82л(NH 3 ) , б) 8, 2 NH 3 в) 0, 82 (NH 3 )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz