Мектеп оқушыларының жетістіктерге жетуіне жасалатын жағдаяттар

Солтүстік Қазақстан облысы

Айыртау ауданы

Златогор орта мектебі

Б А Я Н Д А М А

Тақырыбы: « Мектеп оқушыларының жетістіктерге жетуіне жасалатын жағдаяттар »

Баяндамашы : биология пәнінің мұғалімі Көкейхан З.

Ағынтай батыр ауылы

Оқушылардың өзіндік қызығушылығы бар жұмыс жасаған кезде мұғалім оқушыға берілген бағадарламалық материалға жылдам араласып, балалардың түсіну деңгейіне қарай матераиалды тез түзетіп отыруы керек. Осындай жұмыстарды дайындауда оқушылардың білім деңгейінің қалыптасуына көңіл бөлініп, оқушылардың жетістіктерге жетуіне жетелейді.

Оқушы өмірінде қуаныш немесе оны тәрбиелеу түсінігі ерекше орын алады. Макеренко А. С. Сухомилинский В. А. сияқты педагогтардың еңбегінде мектеп қуанышын, лекцикалық түсінігін педагогоикаға енгізген. Оқушылардың жетістіктерге жетуіне әр түрлі жағдайларды қарауға болады. Ұстаз, оқушылармен, жұмыс жасайтын топтарды да қолдануға болады. Ол үшін қуаныштың түрлері кезедеседі:

  • Орындалатын қуаныш
  • Күтпеген қуаныш
  • Отбасылық қуаныш
  • Тану қуанышы

Мектептерді ізгіліктендіру демократияландыру және ұстаздардың шығармашылық талабын қолдау негізінде әр түрлі эксперименттерге жол беру арқалы оқу мазмұны да жаңартылуда, яғни оқушылардың қабілетін табиғи ерекшеліктерін, дарындылығын ескере отырып, әр түрлі пәндерді тереңдетіп оқытып, оқушы өзіне қызықты пәнді таңдау және оған сәйкес әр түрлі тапсармалар арқылы оқу үрдісін ұйымдастыру. Мұғалім оқушыларға әрдайым көмек беруге дайын тұрып, өзін сабырлы ұстап, төзімділік нұсқасы сынды бола болуы тиіс.

Сабақ оқушыларды жалықтырмас үшін әрбір сабақ оқушы сеніміне ынта - ықыласына әсер еткізіп түрлендіріп, жаңаша оқу әдістерді шығармашылық, ізденімпаздығын қалыптастырып оқушыларға сұрақтар қою, эксперименттік мәні бар тапсырмаларды шештіру, сөзжұмбақ құрастыру ой таласын жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру оқушылардың жетістіктерге жетуіне үлкен септігін тигізеді.

Мұғалім мен ата- аналар бала өміріне қойылатын жаңа талаптарды түсінікті де айқын жеткізуі олардың орындалуын әрдайым тексеріп, балалардың жеке - дара ерекшеліктерін есепке ала отырып, шаралар қолдану қажет. Жеке дара ерекшеліктерді бөліп көрсетуіміздің себебі әр бір баланың өзіне тән темпераменті, қайталанбас ерекшеліктерін міндетті түрде ескеріп, соған сәйкес қарым - қатынас орнатса, бала да жаңа рөлге неғұрлым тез икемделеді.

Мұғалім барлық балаларға бірдей қарап бәріне бірдей талап қойғыш болғанда, нашар оқитындарды еңбек сүйгіштігі үшін мадақтап, жақсы оқитындарға өіне тым көп сеніп кеткені үшін басу айтып отырғанда ғана сыныптағы оқушылардың өзара қарым- қатынасы ойдағыдай болады. Бұл сыныптың ұжымдық жұмысына психологиялық жағынана жақсы жағдай жасап оқушылардың жетістіктерге жетуіне көмегін тигізеді.

Оқушыларға терең де тиянакты білім беру мұғалімнің басты максаты. Бұл мақсатгы жүзеге асыру мұғалімнің шеберлігіне

түрлі әдіс тәсіддерді тиімді пайдалануға байланысты. Осы мақсаттарды жүзеге асырғанда оқушының пәнге деген қызығушылығы артады. Сөйтіп оқушылардың танымдық белсенділігін жетілдіруге болады.

Танымдық шығармашылықты дамытуды үш кезеңге бөлуге болады. Бірінші кезең - ойлаудың өз бетінше белсенділігі, шығармашылык кабілетіне қолайлы жағдай жасау. Оқушының сабақты кабылдауы, зейін, еске сақтау қабілеттері.

Екінші кезең - жаңа ұғымдарды калыптастыру мақсатында ой қызметін ұйымдастыру. Бұған жаңа сабақ бойынша нақты түсініктеме, анықтама, тұжырымдама кіреді.

Үшінші кезең - түсіндірілген тақырыптың практикалық мәнін ашып көрсету немесе түсіндіру. Оны ғылыммен байланыстыра тұрып, ғылымның соңғы жаналықтарын, жетістіктерін баяндау.

Окушылардың оқу-таным белсенділігін арттыру оқу жүйесін олардың өз бетінше танымдық ынтасымен шығармашылық кабілетін дамытатындай етіп ұйымдастыру, деген сөз. Оқушы назарын аударатын, ойына түрткі болатын физика туралы қызықты материалдар, сөз жұмбактар, ребус, макал-мәтелдер, сканвордтар кұрастыру. Сонымен қатар сабақ үстінде ойындар ұйымдастырып оны сабақта тиімді колдана білу. Окушыларға тапсырманы сабақтан тыс уақытга, үйірме жұмыстары кезінде де берген тиімді. Себебі оқушы өз бетімен жұмыс жасап ізденеді.


Ұқсас жұмыстар
Біз жастарға сенеміз
Баға - бала өміріндегі маңызды оқиға
Әдептілік тобы
Сипаттау әдістері
Ынтымағы жарасқан отбасы
Адамның адамшылығы - жақсы ұстаздан деп ұлы Абай айтқандай, мұғалім тәрбиесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы
Тақырыпқа қатысты мәтіндер
Дұрыс айтасыңдар, балалар
Интернет сайттарының мүмкіндігі
Диалогтік мәтіндер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz