Шешендікке машықтану жолдары тарауы бойынша

Жамбыл облысы . Қордай ауданы. Сарыбұлақ ауылы. №31 Сарыбұлақ орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кайпова Жамила

Күні: 18. 03 Пәні: қазақ тілі Сыныбы: 11 «а»

Сабақтың тақырыбы: Қорытынды сабақ. Шешендікке машықтану жолдары тарауы бойынша.

Сабақтың мақсаты: шешендікке машықтану жолдары бойынша өтілген тарауды пысықтап, еске түсіру.

Міндеттері: білімділік -оқушылардың алған теориялық білімдері н практикада қолдана білуі; дамытушылық - оқушылардың топпен жұмыс істеу дағдыларын дамыту, олардың өз көзқарастарын дәйектеп айта білуге дағдыландыру; тәрбиелік - оқушыларды өзара сыйластыққа, мейірімділікке баулу.

Сабақтың типі: білім мен шеберлікті меңгерту сабағы

Сабақтың түрі: пысықтау сабақ

Сабақты өту әдісі: түсіндіру, талдау, диалогтық оқыту, жеке және топтық жұмыс

Қолданылған модульдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, талантты баланы оқыту, АКТ пайдалану, оқуды және оқытуды бағалау.

Көрнекілігі : қима қағаздар, тірек сөздер, флипчарттар, стикерлер, таратпа қағаздар.

Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет

Күтілетін нәтиже: өз ойларын еркін айтады, сабақ кезінде көшбасшы оқушы айқындалады, сыни ойлауы қалыптасады, оқушы шығармашылығы, ізденісі дамиды.

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі. 3 - мин

  • Оқушыларды түгендеу.
  • Топтарға бөлу. Түрлі - түсті кәртешкелер арқылы топқа бөлемін. Кәртешке артына «Мен шешен болсам», «Мен би болсам» жазып қоямын. Осы ой арқылы оқушылардың пікірлерін тыңдай отырып, «Шешендер» тобы, «Билер» тобы деп екі топқа бөлемін. 3- мин
  • Психологиялық ахуал орнату.
  • Мұғалім сөзі:
  • Қол бастау қиын емес,
  • Шабатын жерден ел табылады.
  • Ел бастау қиын емес,
  • Қонатын жерден көл табылады.
  • Шаршы топта сөз бастаудан қиынды көргем жоқ:
  • Тауып айтсаң мереке қылады,
  • Таппай айтсаң келеке қылады, - деген екен сөз құдіретін қалың қазаққа танытқан Досбол би. Ал, балалар көпщілік алдында сөйлейтін сөз орамдары жайлы не білеміз деп, - тақырыптың мағынасын ашамын. Оқушы сөзі: «Құрметті ұстаздар Наурыз құтты болсын!», «Ханымдар мен мырзалар қош келіпсіздер!», « Сіздерді көргеніме өте қуаныштымын. »

ІІ Үй жұмысын сұрау. Шешендік сөз бойынша өткенді қайталау. Өткен тақырыптар бойынша тест жұмысын жасап келу.

Блум жүйесі бойынша сабақ жоспары.

Уақыт
Мұғалім қызметі
Оқушы қызметі
Тапсырмалар жүйесі
Бағалау жүйесі
Күтілетін нәтиже
Уақыт:

Білу 10 - мпн

Мұғалім қызметі:

А. Бүгінігі сабақта білімдері «Баспалдақ» әдісі бойынша өтетінін ескертемін. Баспалдақтың бірінші сатысында «Егер мен оқушы болсам» деп аталады. Оқушыға ой тастаймын. «Егер сен оқушы болсаң, сабақта қандай рөл атқарар едің?». Оқушыларға үзбе қағаздар таратамын.

Б. Жауап берілген үзбе қағаздардан өз ойларынан шыққан әдемі пішіндер жасау керектігін ескертемін

Оқушы қызметі:

Топтық жұмыс

А. Оқушылар топтаса отырып, үзбе қағаздарға тарау бойынша өтілген тақырыптар тапсырма орындау міндетін жүктеймін

Б. Берілген үзбе қағаздардан пішіндер құрастырады.

«Шешен» тобы «Наурыз» гүлін, «Билер» тобы «Білім» пирамидасын құрастырды.

Тапсырмалар жүйесі:

Пысықтау сұрақтары.

Бағытталған оқу. Топтық және жұптық талдау

Бағалау жүйесі: Оқушылардың сұрақтарға берген жауаптарын топта бір -біріне бағалатамын.
Күтілетін нәтиже: Өз бетінше ізденуді үйренеді. Өткен тақырыптарды есіне түсіреді; Топтық жұмыста талдайды, оқиды, білімдерін салыстырады.
Уақыт:

Түсіну 7 - мин

Мұғалім қызметі:

Өзіндік жұмыс.

Баспалдақтың екінші сатысына «Егер мен мұғалім болсам» деген сөзді жазып қоямын. Оқушыларға «Егер сен мұғалім болсаң, қандай тәлім берер едің ?» деп ой тастау арқылы алға жетелеймін.

ҰБТ -ге дайындықты мұғалімнің орнына жүргізуді ескертемін. Өздерін бір сәт мұғалім орнына ұстау керектігін тапсырамын.

Оқушы қызметі:

Білімді жете меңгеру үшін өзінің барлық мүмкіндік пен іскерлігін пайдаланады. Екі топтан бір оқушыдан шығып, өздерінің мұғалімдік міндеттерін атқарады.

«Алфавит» гаухартасы ойынын ойнатады. Әр әріптің астында жасырынған сұрақтарға жауап береді.

Тапсырмалар жүйесі: Бағытталған сұрақтар мен топтастыру. Өзбетінше жұмыс.
Бағалау жүйесі: Оқытушы бағасы.
Күтілетін нәтиже: Оқушының дербестігі өз -өзіне сенімділігі артады. ҰБТ дайындаудың қиыншылығын сезінеді.
Уақыт:

Қолдану 5 - мин

Мұғалім қызметі: Төртінші баспалдаққа «Егер мен дәрігер болсам» деген сөзді жазып қоямын. Ал балалар дәрігерлікті шешендікке қалай байланыстырсақ болады? Деген ой сала отырып, сабақты жалғастырамын
Оқушы қызметі: Дәрігер болған жағдайда не істеу керектігін ақылдасады. Шешендікке байланысты ым - ишараларды көрсетіп, сергіту сәтін жасатады. .
Тапсырмалар жүйесі: Салыстыра отырып, ауызша сөйлеу мәдениеті қалыптасады.
Бағалау жүйесі: Топтың бірін - бірі бағалауы.
Күтілетін нәтиже: Өз ойлары мен еркін пікірлеуі қалыптасады.
Уақыт:

Талдау 8- мин

Мұғалім қызметі: «Егер мен журналист болсам» деген баспалдақта оқушыларға «Сен қандай журналист болуды армандайсың?» деген ой тастау арқылы жетелеймін
Оқушы қызметі:

ҰБТ туралы бейне көрсетілім дайындайды. Осы көрсетілім арқылы сыныпта пікірталас жүргізеді.

«Шешендер» тобы ҰБТ - ның үмітті жағын, «Билер» тобы ҰБТ - ның күдікті жағдайы туралы


Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнер – жалпы білім беретін мектептердегі оқу пәні ретінде
Лампаларды бөлшектеу жұмыстарын орындау
Сөзжасам тарауы
Орта мерзімді жоспар, қазақ тілі. 11 сынып (гуманитарлық бағыт)
Тірек - сызбаларын сабақта пайдалану
Қазақтың сүт және сүт тағамдарына тоқталу
Кәсіби мемлекет тарауы
Ұбт-ға дайындау
Каскадтық стильді кестелерді код жасауда қолданады Кейбір оқушы
Сабақтағы әрекетті өзгерту тапсырмасы ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz