Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Тақырып Етістікті қайталау

Сабақтың тақырыбы: Етістікті қайталау

Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: етікстік бойынша алған білімдерін
жинақтау,етістік түрлерін
ажырата білуге дағдыландыру
2.Дамытушылық: тіл,сөйлеу тілдерін жетілдіру,сөйлеу
машықтарын,шығармашылық
қабілеттерін дамытуға жол ашу,ойлау қабілеттерін,сөздік
қорларын,байқағыштық
қасиеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік: ойын түрлері арқылы оқушылардың
тапқырлық,ізденімпаздық қасиеттерін
қалыптастыру,мысалдар арқылы адамгершілік
қасииеттерге,ұлттық құнылықтарды сүйе
білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жарыс сабақ

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап,сөйлеу,шығармашылық
жұмыстар,сөздерге сатылай кешенді
талдау жасау.

Пәнаралық байланыс: әдебиет дене тәрбиесі; әдеп т.б

Сабақтың көрнекілігі: тақырыпты ашу үшін пайдаланатын
плакаттар,перфокарталар,
үнтаспа т.б

Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру кезеңі.Оқушыларды сабаққа психологиялық
дайындау,ойларын бір
ортаға топтастыру.

Сыныпты екі топқа бөлу: 1-топ «Есімше»,2-топ «Көсемше».Етістік бойынша
топ басшыларына сұрақтар қойылады.Жеңіске жеткен топ өздерін бірінші
таныстырады.

1.Таныстыру.»Біз кімбіз?»
Екі топ өздерінің топтарының атына байланысты есімше мен көсемше,жасалуы
мен
түрлері,түрленуіне байланысты қасиеттерін айтып,өздерін таныстырады.

«Есмше» тобының таныстырылуы

Етістіктің ерекше бір түрімін,
Ерекше боп жаратылған гүлімін.
Екі түрлі қасиетте жұмсалып,
Толықтырам оқушының білімін.
Анықтауыш,баяндауыш,бастауыш
Қызметінде бірінен соң бірімін.

«Көсемше тобының таныстыруы»

Көсемшемін көріңіздер дара тұлғам,
Етістіктен ерекше жаратылған.
Екі түрлі қызметті мен де атқарам:
Үстеу және етістіктің санатынан.

2.Салт-дәстүрім-тірегім.
1-топ.Мақал-мәтелдер мен жаңылтпаштар айтып,етістіктерін тауып,жан-жақты
талдайды.Қосымша сабақты,салт етістіктерді сипаттайды.
2-топ.Қазақтың тыйым сөздері мен жұмбақтар айтып,етістікті түрлеріне қарай
ажыратады,ережелерін айтады.

3.Талдап үйренейік.
Етістіктерге лексика-грамматикалық талдаулар жасалады.
4.»Атадан қалған асыл сөз» (өлең жолдарын сөйлемге айналдыр)
«Есімше» тобы Төле бидің 9 жасар Жетес биге берген батасын үнтаспадан
тыңдайды да,өлең жолдарын сөйлемге айналдырады.
«Көсемше» тобы дәл осындай тәсілмен 14 жасар Қазыбек бидің қалмақ ханы
Қоңтажыға айтқан сөздерін тыңдап,өлең жолдарын сөйлемге айналдырады.

Сергіту сәті: Отыр,тұр,жатыр,жүр етістіктерінің қалып етістіктері екені
айтылып,әр түрлі жаттығулар жасалады.

5.»Кім жылдам?» ойыны.
«Есімше» тобына «бол»,»Көсемше» тобына «жет» етістігі беріледі.Ойынның
шарты-жазылған етістіктің әрбірәрпінен басталатын етістікті табу және
оларға етіс жұрнағын жалғау.
6.Оқулықпен жұмыс.
267-жаттығуды орындату (шарты бойынша)
7.Тест тапсырмалары бойынша жұмыс.
Алдын ала дайындалған тест тапсырмалары таратылады,тексеріледі.
8.Перфокартамен жұмыс.
Екі топқа «Киіз үй»,»Түлік төлден өседі» тақырыбындағы перфокарта
таратылып,шағын мәтін құрастыру тапсырылады.
9.Сәретпен жұмыс.
Тақтаға «Киіз басу» суреті ілінеді.
Екі топ ауызша киіз басудағы ерекшеліктерді кезек-кезек ретімен баяндайды.

Оқушылардың өз-өздерін бағалауы бойынша жеңімпаз топ анықталады.

Ұқсас жұмыстар
Етістіктің шақтарын қайталау. Өткен шақ
Етістіктің райлары нешеу
Дыбыстарды қайталау журналы Етістікті қайталау журналы
Етістікті қайталау, бекіту сабағы
Етістіктің шақтары туралы түсінік
Етістік жайлы
Қазақ тілі. етістік. 3-сынып
Қалау рай, қалау райдың мағынасы
Етістікті қайталау
Қазақ тілінен 3-тоқсанға орта мерзімдік жоспар
Пәндер