Сөйлем мүшелерін қайталау: синтаксистік талдау мен оқыту әдістері

Сабақтың тақырыбы: Сөйлем мүшелерін қайталау

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: сөйлем мүшелері туралы түсінік беру, олардың грамматикалық белгілерін

меңгеру.

2. Дамытушылық: өз бетінше ізденуге, өз ойын еркін жеткізуге баулу, жылдам жауап беруге

Жаттықтыру.

3. Тәрбиелік: мақал-мәтел арқылы оқушылардың рухани байлығын қалыптастыру, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, ізденушілік, талдау.

Көрнекілігі: тірек-сызбалар, көмекші құралдар, кеспелер т. б

Пәнаралық байланыс: әдебиет, математика, әдеп

Сбаақтың барысы:

I. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасы, оларды түгендеп, сабақтың мақсатын

хабарлау, оқушыларды топқа бөлу, бір-бірінің жауабын тыңдауды, бағалауды

ескерту.

Сабақтың барысы төрт кезеңнен тұрады.

Бірінші кезең: «Талдау-табыс кілті»

Оқушыларды екі топқа бөлу, сөйлемдер беріп, талдату.

Бірінші топ-«Білгіштер». Оларға талдауға берілетін бастауышқа байланысты сөйлемдер.

1. Құрмаш (кім?) бұл сөзге көнбеді. (зат есімнен жасалып тұр)

2. Екеуі (кім?) қайтадан Қарадырға бет қойды. (сан есім)

3. Бүгін бұлар (кімдер?) Қарашоқыдағы Күнкенің аулына да жетпек. (сілтеу есімдігі)

Бастауыш пен баяндауыш арасына қойылатын сызықшаға байланысты сөйлемдер.

1. Ол-күзетші жас жігіт Кәріпжан айтқан ән. (бастауыш III жақтағы жіктеу есімдігінен, баяндауыш зат есімнен жасалып тұр)

Екінші топ-«Тапқыштар». Оларға талдауға берілетін баяндауышқа байланысты сөйлемдер.

1. Енді кішкене жүрсек, өтіп те кетеміз (етістіктен жаслаған)

2. Сиыр-төрт жүз, жылқы-мың үш жүз (сан есімнен жасалған)

Екінші кезең: «Кім көп біледі?» Мақал-мәтел айтудан жарыс.

Бірінші топқа:

1. Алып (анадан) туады. 2. Ұстазыңды ұлы әкеңдей (сыйла) . 3. (Жақсы) ат-жанға серік. 4. (Отан үшін) отқа түс.

Екінші топқа:

1. Шешен кісі (сөз) бастар, адал кісі (ел) бастар. 2. Жақсының (ашуы) жібек орамал кепкенше. 3. (Оқу) -білім бұлағы, (білім) -өмір шырағы. 4. (Әдепті) бала-арлы бала.

Үшінші кезең: «Сұрақ-жауап». Сынақ өткізу

-Сынақ өткізу барысында сұрақтың ескі жауабын, яғни, »мә» немесе «жоқ» деп жауап бересіңдер.

Бұл кезеңге тек ғана екі топтың басшылары қатысады.

Сұрақтар.

1. Шылау сөйлем мүшесі бола ала ма? (жоқ)

2. Бастауыш кім, не деген сұраққа жауап береді. (иә)

3. Анықтауыш-сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі. (иә)

4. Баяндауыш-сөйлемнің тұрлаулы мүшесі. (иә)

5. Биылғы күз салқын. Бұл-құрмалас сөйлем. (жоқ)

Төртінші кезең: «Аукцион». Сөйлемдерді сипаттап, талдау. Сөйлемдерді мағынасына қарай ажыратыңыздар.

1. Ей, сен бала, директордың шопыры емессің бе?

Сипаты: сұраулы, негізгі. 2. Құлайды!-деп айқайлады. Сипаты: лепті, интонация арқылы жасалған. 3. Сен енгізші, осы ұсынысты. Осыны да айта баршы. Сипаты: бұйрықты, -шы, -ші жұрнағы арқылы өтініш формасында жасалған.

Қорытындылау

-Сөйлем мүшелерін тіл білімінің қай саласы зерртейді екен? (синтаксис)

-Сөйлем мағынасына қарай нешеге бөлінеді? (төртке)

-Сөйлем мүшелері құрылысына қарай нешеге бөлінеді? (үшке)

Бағалау. Жетондардың басымдылығы бойынша жеңімпаз топты анықтау. Сабаққа қатысулары бойынша әр оқушыны бағалау.

Үйге тапсырма. Адамгершілік, имандылық тақырыбына байланысты даналық сөздер тауып жазу. Оларға синтаксистік талдау жасауды тапсыру.


Ұқсас жұмыстар
Ұлттық ойындар мен сөйлем мүшелерін пысықтау
Сабақ жоспары: 8 «б» сынып - Ұлылар елі (Шыңғыстау) және сөйлем мүшелерін қайталау
8-сынып қазақ тілі сабағы: сөйлем мүшелерін қайталау - Астанаға саяхат
Қазақ тілі 4-сынып: Сөйлем мүшелерін қайталау (тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелер)
Жай сөйлемдер: түрлері мен синтаксистік талдауды қайталау
Жер - Ана жыламасын: Семей полигоны, Семей-Невада қозғалысы және сөйлем мүшелерін қайталау
5-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Қазақстандық батырлар және сөйлем мүшелерін қайталау
Синтаксис: сөз тіркестері мен синтаксистік қатынастарды қайталау және бағалау
Қазақ тілі пәнінің 4-А сыныпқа арналған қысқа мерзімді жоспары: синтаксистік талдау
8-сынып қазақ тілі: мақсат бағыныңқы сабақтас және синтаксистік талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz