Қазақ халқының музыкалық аспаптары тарихынан. Ұлттық аспаптар

KATEV Халықаралық қоғамдық қоры
Орал ҚТЛ
Мақсаты:
а) білімділік:
ә) дамытушылық:
б) тәрбиелік:
Әр аспаптың шығу тарихы жайлы түсінік бере отырып, жасалу ерекшелігін, дыбыс бояуын түсіндіріп, ұлтық аспап туралы білімдерін жетілдіру;
Оқушылардың есте сақтау қабілеттерін қалыптастырып, музыкалық аспаптарда ойнай білу қабілеттерін дамыту;
Қазақтың ұлттық аспаптарын мақтаныш тұтуға тәрбиелеу, ұлттық өнерге деген қызығушылығын арттыру.
Ұйымдастыру бөлімі:
- Оқушыларды түгендеймін;
- Сабаққа дайындығын тексеремін.
Үй тапсырмасын тексеру:
Оқушылардан 116-беттегі 3-тапсырманы тексеремін, тақырып негізінде қосымша сұрақтар қоямын.
Өткен тақырыпты бекіту:
Өткен тақырыпты сөзжұмбақ арқылы бекітіп, жаңа сабақтың тақырыбын анықтаймын.
Жаңа сабақты түсіндіру:
Сұрақ-жауап.
- Қазақ халқының ұлттық аспаптарына қандай аспаптар жатады?
- Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшыларынан кімдерді білесіздер?
- Күй дегеніміз не?
- Қандай күйлерді білесіздер?
Қазақтың музыкалық аспаптары үрмелі, ішекті және ұрмалы болып 3 топқа бөлінеді. Үрмелі аспаптарға: сырнай, сыбызғы, қамыс сырнай, үскірік жатады. Ал ішекті аспаптарға: домбыра, жетіген, шертер, қобыз, шаңқобыз жатады. Ұрмалы аспаптарға: даңғара, дауылпаз, асатаяқ аспаптары жатады.
Музыкалық аспаптардың үлгілерін Қ. Қасымов, А. Ермеков, О. Бейсенбаев секілді шеберлер жасап шығарды. Бұл аспаптар қазіргі күнде Мәскеу, Алматы, Семей қалаларының мұражайларында сақтаулы тұр.
Қазақ халқының белгілі күйшілері мен қобызшылары:
Қорқыт ата, Құрманғазы Сағырбайұлы, Дина Нұрпейісова, Махамбет Өтемісұлы, Кенен Әзірбаев, «Ұлытау» тобы, Асылбек Енсепов, Ақерке Тәжібаева т. б.
Оқушыларға тақырыпқа байланысты тапсырмалар орындатамын.
Тапсырма №1 (125-бет, ауызша)
Мәтінді оқып, мазмұнын айту, мәтінеге байланысты сұрақтарға жауап беру.
Халықтың музыкалық аспаптары белгілі бір халыққа тән әрі өзіндік ерекшелігі болады.
Қазақтың музыкалық аспаптары - ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Ертеде аспаптарды ағаштан ойып, түрлі өсімдіктерден, малдың терісі мен сүйегінен, мүйізі мен қылынан жасаған. Музыка аспаптарын халыққа хабар бергенде, аңды үркіткенде, ән-күйлер орындағанда пайдаланып отырды. Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А. Жұбанов болды.
Сұрақтар:
- Қалықтың музыкалық аспаптары қандай болады.
- Ертеде аспаптарды неден жасаған?
- Ертеде музыкалық аспаптарды не үшін пайдаланған?
- Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін кім ұсынды?
Тапсырма №2
Мәтін ішіндегі берілген сөйлемдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Қобызшылар тобы
Қазақтың музыкалық аспаптары - ғасырлар бойы ұрпаақтан ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра.
Қазақтың - дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім
музыкалық - дара, туынды, қатыстық сын есім
аспаптары - дара, негізгі, жалпы, -тар - көптік жалғау, -ы - т. ж. ІІІ жағы
ғасырлар - дара, негізгі, жалпы, -лар - көптік жалғаулы зат есім
бойы - дара, негізгі, жалпы, -ы - т. ж. ІІІ жағы, зат есім
ұрпақтан - дара, негізгі, жалпы, шығыс септік тұлғалы зат есім
ұрпаққа - дара, негізгі, жалпы, барыс септік тұлғалы зат есім
ауысып - болымды, салт, -ып - көсемше тұлғалы етістік
келе - болымды, салт, -е - көсемше тұлғалы етістік
жатқан - болымды, салт, -қан - есімше тұлғалы етістік
мәдени - дара, негізгі, сапалық сын есім
мұра - дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
Күйшілер тобы
Қазақтың халық аспаптар оркестріне домбыра мен қобыздың алғашқы үлгілерін ұсынған профессор А. Жұбанов болды.
Қазақтың - дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім
халық - дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
аспаптар - дара, негізгі, жалпы, -тар - көптік жалғаулы зат есім
оркестріне - дара, негізгі, жалпы, -і - т. ж. ІІІ жағы, -не - барыс септігі
домбыра - дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
мен - жалғаулық шылау
қобыздың - дара, негізгі, жалпы, ілік септік тұлғалы зат есім
алғашқы - мезгіл үстеу
үлгілерін - дара, негізгі, жалпы, -лар - көптік жалғау, -ін - табыс септігі
ұсынған - болымды, салт, -ған - есімше тұлғалы етістік
профессор - дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
А. Жұбанов - дара, негізгі, жалпы, атау септік тұлғалы зат есім
болды - болымды, -ды - жедел өткен шақ
Сергіту сәті. Оқушыларға Құрманғазының «Адай» күйін тыңдатамын.
Тапсырма №3
Берілген сызбаны дұрыс орналастырыңыз.
Жетіген - . . . өте нәзік, құлаққа жағымды.
Аспап ағаштан қазақ халқының ерте заманнан келе жатқан, жеті
ішекті шертпелі музыкалы аспабы.
Аспаптың үні көптеген ансамбльде ойналып, кеңінен
насихатталып келеді.
Жетіген аспабы құрастырылып жасалады.
Тапсырма №4
Берілген анықтама бойынша әңгіме құраңыз.
♫ Дина Нұрпейісова (1861 жылы Батыс Қазақстан облысында дүниеге келді) -
домбырашы, күйші, композитор, Қазақстанның халық әртісі.
♫ 8-9 жасында домбыраны тартуды үйренген.
♫ 1870 жылы Құрманғазымен кездескен.
♫ Динаның күйлері - «Байжұма», «Бұлбұл» т. б.
♫ 1937 жылы Халық өнерпаздарының байқауында 1-жүлдеге ие болған.
♫ Екі рет Еңбек Қызыл Ту орденімен, медальдармен марапатталған.
♫ 31. 01. 1955 жылы Алматы қаласында дүниеден өтті.
Жаңа сабақты бекіту:
Жаңа сабақты кубизм әдісі арқылы бекітемін.
- Қазақ халқының ұлттық аспаптарын атаңыз.
(домбыра, қобыз, сырнай, сыбызғы, асатақ, даңғара т. б. )
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz