Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Мектепке. Мектептен. М.Дулатов

Сабақтың тақырыбы: Мектепке. Мектептен. М.Дулатов.
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды сабақтың тақырыбымен таныстыра отырып, жаңа
сабақты меңгерту.Оқушылардың ойлауын, сөздік қорларын дамыту.Өлеңнің
негізгі идеясы-білім, білім көзі-мектеп, кітап екенін ұғындыру, білім алуға
талаптандыру.
Сабақта қолданылатын әдістер:сұрақ-жауап, әңгімелесу,оқулықпен жұмыс,т.б
Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша суреттер, венн диаграммасы,деңгейлік
тапсырмалар.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
-Сәлеметсіңдер ме, балалар. Бүгінгі сабағымызды мынандай өлең жолдарымен
бастайық.
Сауатыңды ашатын,
Кітап – білім бұлағы.
Нұрын бізге шашатын,
Ол - өмірдің шырағы.
«Әдебиеттік оқу» пәнінен білімімізді әрі қарай шыңдай түселік.
ІІ.Үй тапсырмасы.
Алдыңғы сабақта кімнің шығармасымен таныстық?
М.Дулатов кім?
Үйде оқылған М.Дулатовтың «Қыс» әңгімесін мәнерлеп оқыту.
«Қыс» мәтіні бойынша әңгіме өрбітіліп, қыс мезгіліндегі өзгерістер,
ерекшеліктер туралы айтылады.
[pic]

1.Суретте қай жыл мезгілі бейнеленген? Оны неден байқадың?
2. Адамдар суықтан қалай қорғанады?
3. Сен қыста қалай киінесің?
4.Қыс мезгілі тағы нелерге жайсыз тиеді? Мәтінде үй жануарлары туралы не
делінген?
Жаңа сабақ
1. Өткен сабақта оқыған мәтіннің соңғы сөйлемін дауыстап оқы.
2. Осы сөйлем арқылы жазушы не айтпақшы?
3. М.Дулатовтың «Мектепке». «Мектептен» деген өлеңдерін түсініп
оқу.(Мұғалім, оқушылар оқиды.)
І-деңгей (міндетті) сұрақ-тапсырмалары:
1. Ақын бірінші өлеңінде таңғы қысқы тіршілік туралы не деген?
2. Мектептен қайтқан балалардың көңіл-күйі туралы не делінген?
[pic]
ІІ-деңгей (алгоритмдік) тапсырмалары
1.Өзіңнің күнтізбең туралы әңгімеле.
2. «Ой толғау»

Білім береді оқытады тәрбиелейді

асхана мектеп шеберхана

мұғалімдер кітапхан директор

Сергіту сәті: Оқушы ережесін айту

ІІІ- деңгей: «Эвристикалық» тапсырмасы:

[pic]
ІҮ- деңгей «Шығармашылық» тапсырмасы:
1. Мектебіңнің басшысы кім?
2. Мектеп директорының оқу жөнінде орынбасары кім?
3. Кітапханашы кім?

Оқу, білім туралы қандай мақал- мәтел, тақпақтар білесіңдер?(Оқушылар
білетін мақал-мәтелдерін айтады, тақпақтар оқиды.)

Қорытынды:
[pic]
Суретке зер сал. Бұл сурет қай өлеңге салынған деп

ойлайсың?

Үйге тапсырма: Қалаған өлеңіңді жаттап ал.
Бағалау.

[pic]

«Арқалық қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№8 негізгі білім беретін мектебі» ММ.

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:
Мектепке. Мектептен. М.Дулатов.

Дайындаған: Хайруллина Гүлжауһар Тұрлыханқызы

Арқалық қаласы
2014-2015 оқу жылы
-----------------------

Мектепке Екі мәтінге
ортақ
белгілер

Мектептен

Ұқсас жұмыстар
Мағжан Жұмабаев. Балапан қанат қақты
Мектеп оқушыларына ұялы телефон қажет пе?
Үйретуден балаға
Аяулы жақаң. а. дулатов
Оляда бар өшіргіш
Жамал мен Ғайша бейнесі
Аяулы жақан
Өздері дұрыс түсінбей жатқан әңгіме - ертегіні қалай балаға жеткізбек
М.дулатов «қош келдің, наурыз!»
Бастауыш сыныпта информатиканы оқыту
Пәндер