Сабақ жоспары :: Қазақ тілі

Файл қосу

Ең ыстық айлар

Қазақ тілі 3-сынып
Сабақтың тақырыбы: Ең ыстық айлар
Сабақтың мақсаты : мазмұнын түсіндіру, жаңа сөздерді меңгерту .
Сабақтың міндеттері : Білімділік –тақырып бойынша оқушылардың алған
білімдерін тереңдету,сөздік қорын қалыптастыруын жалғастыру; дамытушылық -
өз ойларын еркін жеткізе білуге дағдыландыру, оқушының дүниетанымын
кеңейту, ой белсенділігін арттырып, шығармашылық жұмыс, есте сақтау
дағдысын қалыптастыру, тіл байлығын, ауызекі тілдерін дамыту ; тәрбиелік-
оқушының мемлекеттік тілге құрметпен қарауға баулу, бірін-бірі сыйлауға,
тыңдауға үйрету, табиғатты сүюге тәрбиелеу .

Күтілетін нәтиже : жаңа сөздерді біледі, сұрақтарға жауап береді, қазақ
тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтады.
Сабақтың типі : жаңа сабақ
Сабақтың түрі : саяхат сабағы
Сабақтың әдісі : СТО технологиясының әдіс-тәсілдері , сұрақ-жауап.
Пәнаралық байланыс : Әдебиет , орыс тілі , дүниетану .
Көрнекіліктер : Ертегі кейіпкерлерінің суреттері , интерактивті тақта,
сөздік
Сабақ барысы : І .Ұйымдастыру кезеңі . Сәлемдесу . Психологиялық сәт.
-Қайырлы күн, балалар!
-Кәне, балалар, бәріміз ортаға шығайық, шаттық шеңбер құрайық.
Бүгінгі күн қандай керемет! Бүгінгі күнді жақсы көңілменен, жақсы сөздермен
бастайық. Балалар, бір-бірімізге жақсы тілектер айтайық.
-Ата-анаңның көмекшісі бол! - Озат оқушы бол!
- Сабақты жақсы оқы !
- Еліңді жеріңді сүй ! - Мұғалімді сыйла !
- Деніміз сау болсын ! - Тәртіпті бол !
- Ата-анаңның айтқанын істе ! - Ауырма !
- Бақытты бол! -Аспанымыз ашық
болсын !
- Балалар, бір-бірімізге күлкі сыйлайық! Ендеше бүгінгі сабағымызды жақсы
көңілменен бастайық.
ІІ.Білімді тексеру. 1.Үй тапсырмасын сұрау. Үйге «Қыс» туралы қысқаша
әңгіме жазып келу берілген. Үш оқушыға оқытамын. «Қыс» туралы айтып келу.
Үш оқушыдан сұраймын. Арасында қима- қағаздар таратамын.
№ 1. Мына сөздердің аудармасын тап.
Аяз – мороз тон – шуба
Қыс – зима суық - холодно
Сырғанақ – каток құлақшын - шапка
Шаңғы – лыжи шана - сани
Қолғап – варежки
2. Қызығушылықты ояту.
- Балалар , алдарыңдағы суретте нені көріп отырсыңдар?
-Балалар, сендер қыста қандай ойын ойнайсыңдар?
«Аққала соғу» ойыны.
- Бір аптада неше күн бар?
- Жыл мезгілдерін ата.
- Бір жылда неше күн бар?
- Күз айларын ата.
- Дыбыстар нешеге бөлінеді?
- Сырғанақ деген сөзде неше буын бар?
- Етістік дегеніміз не?

3.Ой шақыру. Сұрақ-жауап (Жауаптары фишкамен бағаланып отырады)
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қыстың қандай ерекшеліктері бар?
- Қыс айларын ата.
- Қыста ауа райы қандай болады?
- Қыс мезгілінен кейін қай жыл мезгілі басталады?
- Көктемде ауа райы қандай болады?
ІІІ. Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.
- Балалар, ал енді мына ребусты шешейік , бүгінгі сабағымыздың тақырыбын
табайық.
- Міне, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Ең ыстық айлар ».
Бүгінгі сабақта алдыма қойған мақсатым, сендерге жаңа тақырып
туралы түсіндіріп, осы тақырып жайында білімдеріңді тереңдету.
Көрнекіліктерді қолдана отырып, сөйлем құратып үйрету, еркін сөйлеп
үйретуге баулу. Табиғаттың әр мезгілінде әр түрлі өзгерістер
болатынын байқауға дағдыландыру және табиғатқа деген
сүйіспеншіліктеріңді арттыру.
IV.Жаңа сабақ.Бүгінгі сабағымызда біз ертегі әлеміне саяхат
жасаймыз.Балалар, сендер қандай қазақ ертегілерін білесіңдер?
Бүгінгі сабағымызды біз «Бауырсақ» халық ертегісі ізімен өтеміз. Ертеде
бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп, оны майға
қуырып бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты

1. 2-тапсырма. Сызба бойынша сөйлем жазу, ыстық айларды жатқа
айту. Фонетикалық талдау жасату. Тізбектеп ауызша 1 қатар - маусым, 2
қатар – шілде, 1 оқушы тақтада маусым сөздерін талдайды.
-
Бауырсағымыз суып тұрып , бір кезде домалап, қашып кетіпті. Ол қайда барады
екен? Оның жолын қысқарту үшін біз жаңа сөздермен танысайық! 2. Сөздік
жұмыс : алғашқы, шабады, соңғы айы, ұзақ, егін орады, құлпынай, алша, шие.

Дәптермен жұмыс
Жаңа сөздерден сөз тіркесін, сөйлемдер құрастыру.
Бауырсаққа Қоян жолығып:   «Бауырсақ, Бауырсақ! Мен сені жеймін!» дейді.
-  Қоян, сен мені жеме.
- Менің тапсырмамды орындамасаң, мен сені жеймін! - дейді қоян.

– Балалар, Бауырсаққа көмектесеміз бе?
4. Мәтінмен жұмыс. Топтық жұмыс . 1 қатар – мәтінді (интерактивті тақтадан)
оқу, аудару
2 қатар – мәтін бойынша сұрақтар құрау
1 қатар – сұрақтарға жауап беру
Жеке тапсырма – 1 оқушы тақтада қашан ? сұрағына жауап беретін сөздерді
теріп жазады / сөйлем құрайды/.
Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз. Маусым – жаздың алғашқы айы. Ең
ұзақ күндер маусымда болады. Маусымда шөп
шабады. Шілде – жаздың екінші айы. Ең ыстық күндер шілдеде болады. Тамыз -
жаздың соңғы айы.Тамызда егін орады.
- Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады. Оған Қасқыр кездесіп,
оның да жегісі келеді. Қасқыр Бауырсаққа не дейді?
- Бауырсаққа Қасқырдың тапсырмасын орындауға көмектесейік!
3.Кітаппен жұмыс 148- бет 1–тапсырма. Өлеңді мәнерлеп оқу.
С. Қалиевтің өлеңі «Шілде»
V. Сергіту сәті.
- Содан домалап, Бауырсақ Аюға кездеседі, оның да Бауырсақты жегісі
келеді.Аю Бауырсаққа не дейді?
- Бауырсаққа Аюдың тапсырмасын орындауға көмектесейік!
VІ. Сабақты бекіту. 1. Кітаппен жұмыс 149- бет 3- тапсырма. Диалогпен
жұмыс. 2 оқушы ұқсас диалог құрастырады.
- Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады.
Оның да Бауырсақты жегісі келеді. Бауырсаққа не дейді?
2.Дәптермен жұмыс.
- Интерактивті тақтаға шығып, қаламмен керекті сөзді дұрыс тауып жылжыту
керек.
Қазір .... айы. Шілде айында күн .. болады. Түн ..., күн ... болады.
... көкөністер , жемістер піседі.
Ой толғау
-Ал, енді ертегі қалай аяқталушы еді ?
VІІ.Сабақты қорытындылау
- Сабақта не істедік, не білдік?
VІІІ. Үйге тапсырма беру. 148 -бет 1-тапсырма жаттау, 4-тапсырма жазу.
ІХ. Бағалау. Өзін- өзі бағалау “5”- 11 -15 б.
“4”- 8
– 10 б.
“3” -
6 -7 б.

Ұқсас жұмыстар
Жаз
Атмосфера тақырыбына кортынды - қайталау сабағы
Климаттың ендікке байланыстылығы
Алматы. 4 орыс сыныбы
Электрондық кесте
Хііі-хү ғасырлардың і жартысындағы Қазақстан. 7 класс
Аруана-бауыр дүние
Жадырасын жазымыз (ертеңгілігі)
Сабақ соңындағы тыныштық сәті
Әйел-ана
Пәндер