Майдангерлер қуанышы - ел қуанышы: ерлік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу

Алдабергенова Гулнара

Бокембаевна.

Сейсекенов атындағы орта мектебінің

тарих пәнінің мұғалімі.

Ақтөбе қаласы. №50 орта мектеп

Майдангерлер қуанышы-ел қуанышы.

Мақсаты: Жеңіс салтанатын көре алмай кеткен боздақтардың, бүгінде саны азайып қалған

майдангерлердің рухына бас ие отырып, оқушыларды Отанды қорғауға, ерлік

істеріне тағзым етуге, батыл да, батыр ержүрек болуға үйрету. Елін, жерін, жаудан

қорғай білуге, батырлардың өмірі үлгісінде тәрбиелеу.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

1-жүргізуші: Тыныштық! Жаса тыныштық!

Осы сөз бізге тым ыстық.

Көркейіп, гүлдеп еліміз,

Көбейсе екен ырыс - құт.

2-жүргізуші: Естідім-ау жеңіс үнін,

Дүрілдейді көк пен жер.

Қуанышпен қағып күлім,

Ойнақтайды қуанған ел.

Шықты ойнақтап жас ұландар,

Мәз-мейрам боп күліп сақ-сақ.

Қуанышты барлық жандар

Жеңіс атты жетті алтын шақ.

1-жүргізуші: Сен неткен Отан - анам, ғажап едің,

Әспеттеп көркем тілмен жазар едім.

Болашақ ұрпағыңның бақыты үшін,

Жайнай бер, ұлы Отаным - қазақ елім.

Хор: «Жойылсын жалғыз сөз соғыс деген» әні.

2-жүргізуші: Ұлы Отан соғысы басталғанда Әлия небары 17 жаста ғана еді. 1942 жылдың аяқ

Кезінде ол өзі сұранып, атқыштар мектебінде оқуға түсіп, оны үздік бітіріп

Шыққан соң майданға аттанады. Әлия 1924 жылы Қобда ауданы, Көкбұлақ

Деген жерде туған. Екі жасында жетім қалып, Әубәкір деген ағасы өз тәрбиесіне алады. Кейіннен ағасы Ленинград қаласына көшіп келеді де, сол қалада оқиды.

Отбасының жағдайына байланысты Әлия кейін балалар үйінде тәрбиеленеді.

«Әлия» әні орындалады.

«Әлияның хаты» оқылады.

Оқушы: Шығыстың қос шынары.

Әлия, Мәншүк қайсар гүлі қазақтың,

Ерлігіне таңданамын ғажап тым,

Солар төккен қызыл қанның арқасы,

Қазақстан аспанында азат күн,

Желбірейді бейбітшілік жалауы,

Орындалып жас ұрпақтың қалауы.

Әлия, Мәншүк жүрегі боп жанып тұр,

«Мәнгілік от» ескерткіші алауы.

Ән: «19 жас»

1-жүргізуші: Даламыздың данқысың,

Балауса гүл, балғын қыз.

Жанын қиып, халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз

Мәңгі жасап жерде енді,

Биік бол деп таулардан.

Сенің балғын бейнеңді,

Жасап қойдық мәрмәрден.

Көрініс: «Зоя туралы жыр»

Автор: Біздің сүйген Астананың

Салтанатты Москваның

Тимирязов атындағы

Бау-бақшаның артындағы

7-ші үйде жас бойжеткен

Көркем Зоя тұрды көптен.

Зоя Астана көшесінде

Өзге ой жоқ еш есінде

Келе жатқан қайтып үйге

Кенет қақты Радио

Тыңдаңыздар! Тыңдаңыздар!

Деп үнінен сезілді ызғар

Тыңдап еді ызаланар

Соғыс!- деген суық хабар.

Жүрегіне су сепкендей

Тұла бойы түршіккендей

Зоя қанын ішке тартып,

Жауға кегі отша шалқып,

Қуат құйып санасына

Құстай ұшты анасына.

Зоя: Қолыңды бер туған анам

Мен қашанда бірге болам

Әлпештеп ең қандайымнан

Сүйуші едің маңдайымнан

Мен майданға сапар шегем

Жауды жеңем қайтып келем

Анасы: Көз жанарым қарашығым,

Қуанышы ең анашыңның

Сүйдім жаным елің үшін

Сүйдім ер бол елің үшін

Автор: Деп құшағын ашты анасы

Құшты анасын жас Зоясы

Аяласып аз тілдесіп

Амандасып, хош бол десіп

Шеру тартқан қыз марышқа

Кетті түсіп қозғалысқа

Төсін төсеп қара жерге

Төрт тағандапжылжып өрге

Балықтайын суда жүзген

Түнде еңбектеп жалғыз ізбен

Зығыры қайнап Зоя кекті

Неміс жатқан жерге жетті

Неміс жатқан үйді ептеп,

Қарап еді ол үй мектеп

Мектепті аяп көзі қимай

Жауға кегі тұрды сыймай

Зоя: Мектеп совет елінікі

Тасы совет жерінікі

Ішінде оның жау тұрғанда

Жау бізге оқ жаудырғанда

Атпай болмас; -деп тіл қатты.

Автор: Гранатты жіберді атып,

Гранаттың оғыменен

Немістердің тобыменен

Партизан қыз шын тықсырды

Талайына жер құштырды

Әйтсе дағы жау көп тұсты

Ақырында ол қолға түсті

Бір жалмауыз жалғыз көзді

Тергеуге алды Зоя қызды.

Неміс: сенбісің қыз үйге от салған?

Айт шыныңды айтпа жалған!

Зоя: Мен өрт салдым, мен өртедім.

Фашист бітсін деп өртедім!

Неміс: Бұл маңайда қанша болдың?

Зоя: Қанша болсам, сонша болдым!

Неміс: Партизандар қайда жатыр?

Айт шыныңды өлдің ақыр!

Зоя: Қайда екенін айта алмаймын,

Айтқанымнан қайта алмаймын!

Автор: Деп еді қызды шешіндіріп,

Оттан шоқ ап жатқан жанып,

Денесіне басты қарып

Соған шыдап Зоя көніп


Ұқсас жұмыстар
Ұлы Отан соғысындағы қазақ батырлары: ерлік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу сабағы
Тарихқа тағзым: ерлік пен отансүйгіштікті тәрбиелеу
Өзін-өзі тану пәні: Қызмет ету қуанышы тақырыбы бойынша 45 минуттық қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қасым Аманжолов Бауыржан мен Жақсылық Сәттібеков Ел үшін шығармалары бойынша сабақ жоспары: ерлік пен отансүйгіштікті тәрбиелеу
2-сынып Өзін-өзі тану сабағы: Біз өсіп жатқан өлке - сүйіспеншілік пен отансүйгіштікке тәрбиелеу
Махамбет Өтемісұлы - ерлік пен елдіктің ұраны
Сәкен Сейфуллиннің Туған ел өлеңі: туған жерге сүйіспеншілік пен табиғатты қорғауға тәрбиелеу
Ауған соғысының отты жылдары: ерлік пен құрбандықты еске алу
Ерлік пен батырлық: Бауыржан Момышұлы мен Бұқар жыраудың шығармалары арқылы
Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлова: Ұлы Отан соғысындағы ерлік пен патриотизм
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz