Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде

№249 мектеп – лицей

Тақырыбы:

«Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде»

(ашық тәрбие сағаты)

Жауапты: 8 «В» сынып жетекшісі

Қырмызы Жансұлтан

2014-2015 оқу жылы

Барысы

Би

1 – жүргізуші: Жеңіс!Осы бір сөз әрбір адам үшін қасиетті де құдіретті!

2 – жүргізуші: Жеңіс күні- адамзат аңсап өткен күн, жеңістің туын тіккен-
1945 жылғы 9 мамыр азаттық күрестің айбынды күні.

1 – жүргізуші: 1941 жылы 22 маусымда фашистік Германия Кеңес одағына
опасыздықпен шабуыл жасады. Халық үшін бұл ауыр кезең болды.

2-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі Ұлы Жеңістің 70
жылдығына орай және де Отанына шын берілген, қайсар жүрек Төлеген
Тоқтаровқа арналған «Тұлғалы батырлардың ерлігі ел есінде»-
атты тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер! (бірге )

1 – жүргізуші:

Жиырма миллион тірлік демін доғарды,

Қанша қала күлге айналып тоналды.

Тап қазіргі Қазақстан халқындай,

Бір мемлекет жер бетінен жоғалды.

Адамзатым , ақиқатқа сеніңіз,

Соғыс деген болған емес  тегін іс.

Соғыс деген – қиылған жан, аққан қан

Соғыс деген – екі жаққа жеңіліс.

2 – жүргізуші: Қазақстанның 1- миллион екі жүз мыңға жуық ұлы мен қызы
Совет Армиясы  қатарында шайқасты. Республикада ондаған атқыштар мен атты
әскер дивизиялары , бригадалары,авияция полктары мен  арнаулы батальондар
жасақталды.Қазақстандықтар тарихта тендесі жоқ  қаһармандық пен
табандылықтың үлгісін көрсетті.

1- жүргізуші: Әсіресе генерал Панфилов басқарған 316-ші атқыштар дивизиясы
Мәксеу түбіндегі шайқаста асқан ерлік көрсетті.

316 Алматы атқыштар дивизиясы туралы

2 – жүргізуші: 1941ж Алматы қаласында жергілікті ұлт өкілдерінен 316-шы
атқыштар дивизиясы жасақталып, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941ж қазан-
қараша айларында  Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған
дивизия  Волоколамск бағытын қорғауда қаһармандық танытты.

Ән: «Синенкий платочек» (Сәрсенбай Гүлболғанның орындауында)

1– жүргізуші:

Жиырма сегіз, жиырма сегіз бір  ғалам,

 Анау жаудың танкілері лаулаған,

Жеріміз кең артымызда Мәскеу тұр,

Шегінуге хақымыз жоқ бір қадам....

2 – жүргізуші: Дубосеково.....Біздің елімізде осы бір жер атын естігенде
селт етпейтін бір пенде жоқ шығар. 28 гвардияшылардың ерлігі, олардың саяси
жетекшісі  Василий Клочковтың: Ресея кең байтақ , бірақ  шегінерге жер жоқ-
артымызда Москва- деген әйгілі сөзін жақсы біледі, мәңгі ұмытпайды. 28
гвардияшылар  жаудың 50 танкісін талқандап жауды ілгері өткізбеді , өлімнен
тайсалмай күші басым жауды жеңіп, ерлік жасады.

1 – жүргізуші: Міне, сол 28 панфиловшылардың бәріне Совет Одағының  Батыры
атағы берілді.Есімдері кітаптарда жазылып мәңгілік есте қалды.

2 – жүргізуші: Дивизияның барлық бөлімдері аға лейтенант Маслов В.С ,
капитан Лысенко М.А, дивизияның саяси жетекшісі Мәлік Ғабдуллин, қатардағы
жауынгер Төлеген Тоқтаров ерлік көрсетті, әсіресе аға лейтенант Бауыржан
Момышұлының батальоны ерекше көзге түсті.

1 – жүргізуші: Мәскеу түбіндегі бірнеше айларға созылған үздіксіз ұрыстарда
өз бекіністерін берік сақтай отырып ,қарсы шабуылдар арқылы жаудың 4 танк
,29 моторлы және 110 жаяу  әскер дивизиясын талқандап ,90мың  солдатын
жойды. Осы бір дивизиядан 35 Кеңес Одағының Батыры шықты.

2 – жүргізуші: Соның ішінде Панфиловшылардың  бірі, қатардағы жауынгер  -
Төлеген Тоқтаров болды.

1-жүргізуші: Туған жеріне орала алмай , жат жердің топырағы бұйырған ,
жеңіс күнін көре алмай кеткен ерлеріміздің рухына

Бір минут үнсіздік жариялансын.

2 – жүргізуші: Төлеген Тоқтаров - 1920 жылы Шығыс Қазақстан облысы Таврия
ауданы Қарақұдық ауылында дүниеге келген. Төлегеннің ата-анасы ашаршылық
жылдарының құрбаны болған. Әкесінің інісі Ғадылқұмар Төлегенді сол кездегі
Риддер қаласына алып келеді. Мұнда Төлеген қазақ мектебінде жеті кластық
білім алады.Кішкентай кезінен қиындық қыспағын көріп, ол өте пысық әрі өжет
болып өседі. 1938 жылы он жеті жасында сол кездегі ірі кәсіпорын - қорғасын
заводына жұмысқа түседі. Ол алғашқы күндерден -ақ өзін қабілетті іскер жас
ретінде көрсетеді.

1-жүргізуші:

Ұлы Отан соғысы басталғанда әскер қатарына алуын өтінген Төлегеннің өтініші
қабылданады. Ерікті түрде ол бастаған лениногорлық бір топ жас жауынгерлер
Москва маңындағы Панфилов дивизиясына келіп қосылады. Бұл 1942 жылдың 12
қаңтар болатын. Осылайша Төлеген 275- полктың автоматшылар ротасының
жауынгері болады. Міне осы қаңтар айынан бастап, оның майдандағы өмірі
басталады. Содан тоғызыншы ақпанға дейін… Көп емес… 

2-жүргізуші:
Өте тапқыр, ержүрек те ақжарқын жас жігіт келген күннен -ақ рота
жауынгерлері арасында зор сүйіспеншілікке бөленді. Ол өз өнегесімен қарулас
жолдастарын жеңіске жігерлендіріп, бәрін батыл қимылдауға, қауіпті кезде
селт етпеуге шақырды. "Ажалдың көзіне тура қара, кірпік қақпа, сонда сенен
ажал қорқады, сен жеңесің" - дейтін еді ол.

1 – жүргізуші: Дивизияның «Отан үшін» газеті, ержүрек автоматшының бір
тәулік ішінде жаудың 150-ден астам әскері мен офицерін жойғаны туралы
жазды. Батыл да бекем қимылдайтын Төлеген жауынгерлерді сан рет жауға
бастап шыққан. 1942 жылы 5 ақпанда Т.Нагаткино ауылына алдыңғылардың
қатарында кіре отырып, жаудың 7 әскерін жойып, екеуін тұтқындады. 1942 жылы
9 ақпанда Бородино ауылы үшін болған кескілескен ұрыста рота жауынгерлері
жаудың қарсы шабуылынан бас көтермей әрі дұшпан мен ротаның ара қашықтығы
100 м қалғанда ол қасындағы 4 жауынгермен алға ұмтылып, ротаны шабуылға
бастады. Жау кейін шегінді.

2 – жүргізуші: Төлегеннің майдандағы ерлігін көзімен көрген , сол бөлімнің
саяси жетекшісі болып істеген Совет Одағының батыры, белгілі жазушы
М.Ғабдуллин Төлеген жайында жазған естелігінде былай дейді: "…1942 жылдың
9-ақпаны … Түс кезінде немістер батыл күшпен қайта шабуыл жасады. Бұл жолы
немістердің шабуылына бүкіл батальон автоматшылары аттанды. Нағыз күшті
соғыс басталды. Шайқас кезінде оқ дәрісі таусылған Төлеген ішінен ауыр
жараланды. Төлеген "әуп" деп орнынан атып тұрды да, салбырап шыққан жаралы
ішегін қарнына қысып, автоматын қолына ала жүгірген бетімен неміс
офицерінің қақ басынан періп жіберді. Офицерді жайратып салып, қайта орала
бергенде жаудың қайта атылған пулемет оғы оның кеудесіне тиді. Ер Төлеген
осындай ерлік өліммен қаза болды. Төлегеннің сүйегі Бородиноның күн шығыс
шетіндегі төбеге жерленді…".

М.Ғабдуллиннің Төлеген жайында жазған естелігінен көрініс

Марфуға Айтқожина «Жас қазақ»

(Қару Айханым поэмадан үзінді оқиды )

«Ер Төлеген» (Әскербек Әйгерім батырға арнау оқиды)

1 – жүргізуші:

Қаһармандығы мен батылдығы үшін Тоқтаровқа қаза тапқаннан
кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының Батыры
атағы берілді (30.1.1943).

2-жүргізуші:
Ол туралы композитор Р.Елебаев «Жас қазақ» ән-реквиемін (1942),
ақын Н.Баймұратов «Ер Төлеген» (1945) дастанын жазды. Риддер полиметалл
комбинатының аумағында батырға ескерткіш орнатылып, Төлеген оқыған №10
мектепке оның есімі берілген.

1 – жүргізуші: Өскемен, Риддер, Алматы қалаларының бір көшесі Төлеген
есімімен аталады. Ленин орденімен, бірнеше медальдармен марапатталған.

2 – жүргізуші: Сонымен қатар, жазушы К.Сақабаевтың Төлегеннің өмірбаянына
арналған "Намыс" атты повесі 2000 жылы жарық көрді.

1-жүргізуші: Бүгінгі ұрпақ кешегі қан майдан ерлерінің жалғасы, қазіргі сіз
бен біз мәңгілік ерліктің, өшпес ерліктің рухын өлтірмей, ерлер есімін
санамыздан өшірмей ұрпақтан ұрпаққа аманат етіп келеміз.

Ән: «Катюша» (Жасағанберген Нұрайдың орындауында)

1 – жүргізуші: Қазақстанда жасақталған әскери құрамалар мен бөлімдер Совет
Герман майданының  аса жауапты учаскелерінде болып жауынгерлік ерлік пен
әскери табандылықтың  қатал сындарынан сүрінбей өтті.

2 – жүргізуші: 470-ке  жуық  қазақстандық Совет Одағының батыры атанды.

1-жүргізуші. Қаптап көкке абырой мен бақ құсым, Тыныштықпен ата бер менің
ақ таңым. Ғасырдан ғасырға өтіп, тарих шежіресіне талай ерлік пен
қаһармандардың үлгілері жазылар. Бірақ, солардың ішінде Ұлы Отан соғысы
гитлершіл Германия әскерлерін талқандап, жер жүзін фашизм апатынан аман
алып қалған Ұлы Жеңісі халық қаһармандарының өшпес өнегесі болып мәңгі
жарқырай береді.

2-жүргізуші: Бүгінгі жастардың болашағы, бақыты үшін, қан төккен аға мен
апалардың даңқы еш уақытта өшпейді! Олардың рухына қандай көйлек жолдарына,
біздер тізе бүгіп, бас иеміз. Міне, біз сол тамаша Жеңістің 70 жылдық ұлы
мерекесін тойлап отырмыз. Ер жігіт етігімен су кешіп, от басқан, ат
ауыздығымен су ішкен, сұр шинельді төсек етіп, ақ қар, көк мұз жастанып,
жаумен шайқасқан. Ұлы Отан үшін жанын қиған ер жүрек батырлардың
қаһармандық ісі еш уақытта ұмыт болмайды, мәңгі есте сақталды.

Ән: «День Победы»

(Әбжалиұлы Тұрар мен Ануарбеков Мадиярдың орындауында)

 

 

Ұқсас жұмыстар
Қазақстандық батыр қыздардың ерліктері
Дүние дүр сілкінді
Ер есімі ел есінде .Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары, Ұлы Жеңіс туралы мағұлмат беру
Ер есімі – ел есінде туралы ақпарат
Қазақтың қаһарман қыздары
Отан ордені
Маңғыстау батырлары
Алмас қылышты ардагер (ел аузынан) 3-cынып. ана тілі
Қазақ батырларының жоңғарларға қарсы.отан соғысы
Момышұлының өмірі
Пәндер