Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Оқушы. Ұстаз.Ата-ана. (ата-ана, оқушы, ұстаздарға арналған танымдық кеш сценарийі)

Батыс Қазақстан
облысы, Бөкей ордасы ауданы, Мұратсай ауылы, А.Құсайынов атындағы орта
жалпы білім беретін мектеп-балабақшасының
мектеп психологі Саламатова Гүлдана
Кайырболатовна
әлеуметтік педагог Кадралиева Галия Жексенбаевна

Тренинг: Оқушы. Ұстаз.Ата-ана. (ата-ана, оқушы, ұстаздарға арналған
танымдық кеш
сценарийі)
Мақсаты:Ұстаз,ата–ана және оқушылар арасындағы психо- педагогикалық
ынтымақтастықты дамыту, ата-аналардың мектеппен әлеуметтік байланысын
нығайту,ұстаздың оқушымен тығыз байланыста болуын ұйымдастыру.
Оқушыларға қазақ халқының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпының тәрбиелік мәнін
ұғындыру және ұстаз бен ата-ананың тығыз байланыс жасау арқылы ортақ
тәрбиеге жұмылдыру.
Оқушы бойында ата-анаға, ұстазына деген құрметін арттыру. Сайыс
барысында өз бойларындағы икемділіктерін, қабілеттерін орынды пайдаланулары
арқылы өз күштеріне, білімдеріне сенімділіктерін қалыптастыру.
Сахнаға екі жүргізуші шығады.
І жүргізуші: Әрқашан да білім көптік етпеген,
Талапсыз жан мұратына жетпеген.
Сәлем бердік келіп тұрған баршаңа,
Дос көңілден, адал, аппақ ниетпен.
ІІ жүргізуші: Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін,халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
(Қатысушы топтарды ортаға шақырамыз).
І жүргізуші: Ұлың өсіп келеді,
Ата-ананың үміті,
Тәрбиелеп келесіз,
Ел қорғайтын жігітті.
ІІ жүргізуші: Қыз бой жетіп келеді,
Шуақ шашып әр үйге.
Гүлдей жайнап өссінші,
Сыйлы болып бәріне.
Ата—ананың жүрегі
Бала деп қана соғады,
Баласы жақсы адамның
Басына бақыт қонады.
І жүргізуші: Ұстаз мейірі, ана мейірі пара –пар,
Тұла бойы қуат болып таралар.
Көп жасаңдар өмірге шуақ болып,
Айналайын білім берген ұстаздар.
Армысыздар, сөз өнерін құрметтеуші, өнер сүйер қауым!
Ақыл-ой және білім мен тәрбие үрдісін бойларына қалыптастыру бағытында
ұйымдастырылған «Оқушы.Ұстаз.Ата-ана.» атты танымдық кешімізге қош
келдіңіздер!
ІІ жүргізуші: Қазылар орнықтырар әділдікті,
Кімдердің жауаптары кәміл шықты
Білім мен тапқырлықтың сайысында,
Жеңіске жетер дейміз нағыз мықты (әділқазылар мүшелерін
таныстыру).
Әділқазылар мүшелері:
1.
2.
3.
4.
5.
Ал, бүгінгі қазылар алқасы сайыскер оқушы,ұстаз, ата-аналардың ішінен
білімі мен білігі, бағы мен бабы қатар жанған жандарды дәл анықтап береді
деп сенеміз.
І-жүргізуші: Ендеше, бүгінгі танымдық кешіміздің шарттарымен таныстырып
өтейік. Сайысымыз 8 бөлімнен тұрады.
1. «Өзге емес өзім айтам өз жайымды...» (әр топтың аты, таныстыруы,топ
мүшеліріне слайд арқылы толық мәлімет берілуі керек).
2. «Қасиеттер жәрменкесі» (берілген парақ бетіне қасиеттеріңізді жазып, әр
топ бір-біріне алмастыру арқылы қасиеттеріңізді табу керек).
3. Тапқыр дос (берілген тірек сөздерге әзіл аралас өлең құрастыру )
4. Сөз тапқанға қолқа жоқ....(жағдаяттарды шешу)
5. Әртіс шеберханасы (берілген тақырып бойынша шағын көрініс көрсету).
6. «Жіпті шешу» тренинг
7. «Артық болмас білгенің....» (салт-дәстүрге байланысты сұрақтар)
8. Жылы сөз-жанға шипа (мінез ерекшеліктерін айту: ата-ана-ұстаз,
ұстаз-оқушы, оқушы-ата-ана)
ІІ-жүргізуші: Өнер менен білімге де өмірде,
Өз үлесін қоспағандар қалмапты.
Сіз де таныс болыңыздар ендеше,
Оқушы, ұстаз, ата-анамен жан-жақты,-дей келе,«Өзге емес өзім айтам өз
жайымды...»атты таныстыру бөліміне кезек береміз.

І-жүргізуші: Ақ сүтпенен бiрге сiңген жақсылық,
Қолданбайды уақытымен сәт қылып.
Ет сүйекпен бiрге бiткен қылығың,
Көрсетеді адам болсаң, жақсы қып.
«Қасиеттер жәрменкесі» (берілген парақ бетіне қасиеттеріңізді жазып, әр
топ бір-біріне алмастыру арқылы қасиеттеріңізді табу керек).
ІІ жүргізуші: Тапқыр дос бөліміне кезек береміз.(берілген тірек сөздерге
әзіл аралас өлең құрастыру) Мектеп,оқушы,білім,тамақ, ұстаз,папка,кітап,ата-
ана, киім.
І жүргізуші: Жағдаятты берейік әр командаға,
Кімнің ойы дұрысын зерделесін бала да,
Оқушы.Ұстаз.Ата-ана пікірлерін бөліссін,
Ұшқыр ой мен тәрбиенің көрейікші жемісін
Сөз тапқанға қолқа жоқ....(жеребе суырып,жағдаяттарды шешу)
ІІ жүргізуші: Өнердің нәр береді шапағаты,
Әркімнің өнерге бар махаббаты.
Талпынып әрбір топтан шықты міне,
Әртістер рөлін ойнап сыналады.
Әртіс шеберханасы (берілген тақырып бойынша шағын көрініс көрсету).
І жүргізуші: «Жіпті шешу» тренингі ойналады. Әр топқа шиеленіп байланған
жіп таратылады.Жұптасқан топ оң қолдарын артына ұстап,сол қолдарымен
бірлесе жіпті шешулері керек. 1минут уақыт беріледі.Топ тез шешу тиіс.
ІІ жүргізуші: Ата салтым асыл мұрам ардағым,
Бабалардың жалғастырам арманын
Сан ғасырда қалпын бұзбас қадірім,
Өткенімді бүгінменен жалғадым.
«Артық болмас білгенің....» (салт-дәстүрге байланысты әр топқа сұрақтар
қойылады).
1.Үш арсызды атаңыз. (ұйқы, тамақ, күлкі)
2.Жеті жоқ (аспанда тіреуіш жоқ, жерде өлшеуіш жоқ, таста тамыр жоқ, аллада
бауыр жоқ, тасбақада талақ жоқ, аққуда сүт жоқ, жылқыда өт жоқ)
3. Үш арысты атаңыз (Сәкен, Бейімбет, Ілияс)
4. Төрт түліктің пірін атаңыз (Түйе-Ойсылқара, Жылқы-Қамбар,Сиыр-Зеңгі,Қой-
Шопан, Ешкі-Шекшек)
5. Бес жақын кімдер. Тату болса ағайын жақын,
Ақылшы болса
апайың жақын.
Бауырмал болса
інің жақын
Инабатты болса
келін жақын,
Алдыңа тартқан
адал асың,
Қимас жақын
қарындасың.
6. Үш мақсатты ата. (жол мұраты- жету, дау мұраты-біту, сауда мұраты-ұту).
7.Бақытты сәт
8. Жеті қазынаны атаңыз. (Ер жігіт, сұлу әйел, ілім-білім, жүйрік ат,құмай
тазы, қыран бүркіт, берен мылтық).
9. Бес дұшпан (өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ)
І жүргізуші:
Жылы сөз-жанға шипа (мінез ерекшеліктерін айту: ата-ана-ұстаз,
ұстаз-оқушы, оқушы-ата-ана)

[pic]
-----------------------

Оқушы.Ұстаз. Ата-ана
тренинг кезі

Ұқсас жұмыстар
Ұстаз болу - жүректің батырлығы
Қош, бастауыш!
Ұстаз ұлы тұлға жайлы ақпарат
Қош бол,құтты Әліппе!
Мақта қыз
Ана тілі мен, балам
Аяулы ұстаздарды бүгінгі күні
Қабден ата ұмытылмас дарасы
Қызым – қызғалдағым, ұлым – ізгі арманым ( 7 сынып )
Өнерпаз болсаң..
Пәндер