Мұғалімнің шығармашылығын әлеуеттік дамытудың оқушылардың ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыруға ықпал ету

А. А. Джалитова

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін

мектебінің тарих пәні мұғалімі

«Мұғалімнің шығармашылығын әлеуеттік дамытудың оқушылардың ҰБТ-ге дайындық сапасын арттыруға ықпал ету»

Қазіргідей барлығы дамып жатқан жаңа дәуірде мұғалімнің де, шәкірттің де, ішкі жан дүниесі жаңаша деңгейде болуы тиіс. Мектептегі ең басты тұлға мұғалім десек, мемлекетіміздің білім беру саясаты, ең бірінші, осы мұғалімдер арқылы іске асырылады.

Мектептердің жетістігі оқушының білімді меңгеруімен, оны ойлауымен, дәлелдей алуымен, қорытынды жасауымен жүзеге асырылады. Оқушының білімін ескере отырып, ҰБТ арқылы білімін бағалау - бүгінгі заман талабы.

ҰБТ - мемлекеттің қадағалау саласын айқын көрсетіп, оқушылар мен мұғалімдердің бірлесе жасаған еңбегін бағалайтын, білімнің сапалылығына қол жеткізетін көрсеткіш. Тест әр пән бойынша 25 сұрақтан тұрады. Тест мектеп бағдарламасының негізгі бөлімдерінің мазмұны мен әр түрлі дейгейлері қамтыла отырып, мемлекеттік білім стандартына сәйкес жасалады. ҰБТ-ның негізгі міндеті - мемлекеттік қадағалау арқылы білім сапасын бағалау.

Тесттің тарихына тоқталып кететін болсам:

Оқушының әлеуметтік қөзқарасының өзгеруі, танымдық әрекетінің дамуы мектептерде тест тәсілінің тиімділігін көрсетеді. Педагогикалық тест тарихы осыдан 130 жыл бұрын пайда болған. Алғашқы болып педагогикалық тестті 1864 жылы ағылшын ғалымы Д. Фишер құрастырған. Ол тест әдісімен бірінші болып тәжербиеге қосып, Гринвич мектебінде пайдаланған. Кей ғалымдар тест жүйесін американдық С. Пресси атымен байланыстырады. С. Пресси оқушыларға берілген тапсырманы тексеру мен бағалауға жылына 1000 сағат уақыт кететінін дәлелдеген. Осыған байланысты американдық ғалым С. Пресси окушының білімін тексеру, бағалауға кететін уақытты үнемдеу үшін тесттік жүйені ойлап тапқан.

1947 жылдан бері АҚШ-та «Білім саласындағы тесттік ұйым» жұмыс істейді. Қазіргі таңда тесттік технология Америка, Франция, Англия, Чехия, Германия, Полша, Венгрия, Болгария мектептеринде кеңінен пайдаланылады.

Оқушы білімін нақты бағалаудың әдісі ретінде тестілеу жүйесі 2004 жылдан бері ҚР-ң білім беру саласына да енгізілді.

Тесттің негізгі мақсаты- оқушы білім тез және нақты бағалау.

Елбасымыз Н. Ә Назарбаев «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер - бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деген болатын. Сондықтан қазіргі заман мұғалімінен тек өз пәнінің терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси-экономикалық білімділік және ақпараттық сауаттылық талап етіліп отыр.

ҰБТ-ге даярлауда мұғалім - оқушы - ата-ана байланысын дамыта отырып, оқу мен тәрбиеленудің бірлігін сақтап, түпкілікті нәтижеге қол жеткізетініміз ақиқат.

Облысымыздың барлық мектептерінде оқушыларды ҰБТ-ге даярлау жұмыстары жүргізіліп келеді. Мектептегі ҰБТ-ге дайындық мәселесі сынып жиналысының, ата-аналар жиналысының, педагогикалық кеңестің өзекті мәселелері қатарында тұруы тиіс. Жиналыстарда оқушылардың барлық нәтижелері нақты айтылып, ашық әңгіме жүргізіліп отыруы керек.

Тарих пәнінен оқушыларды дайындағанда барлық тараулар мен тақырыптарды өткен кезде барынша қарапайым тілмен түсіндіруге тырысуымыз керек.

Оқушыларды ҰБТ-ге даярлауда бір сұрақтың бес нұсқадағы жауабы болса, оқушылармен бірге соның дұрыс жауабын алдымен тауып аламыз. Содан кейін қалған төрт жауаппен де жұмыс жасаймыз.

Кейде бір сұрақтың бес жауабы болса да, бір дұрыс, бір бұрыс жауабын айтамын, оқушылар өздері дұрысын табады. Бұл да оқушымен жұмыстың жетілуіне әсер етеді.

Оқушыларды ҰБТ-ге даярлауда мына жағдайларды басты назарда ұстаймын:

  1. Әрбір тарауды, тақырыпты мұқият оқып, практика жүзінде қолдануды басшылыққа алу;
  2. Қиындық туғызған мәселелерді менің, яғни мұғалімнің, көмегімен орындау;
  3. Теориялық білімді нығайту;
  4. Түрлі терминдермен жұмыс жасауға үйрету.

Оқушыларым осы күнге дейін төмен дәреже көрсеткен емес. Мүмкін, бұл оқушыларға қарапайым тілмен түсіндірудің арқасы да шығар.

Қазақстан тарихы - күрделі әрі қиын пәндердің бірі. Себебі хронология, адам аттары, қоныстар және тарихи оқиғалар көптеп кездеседі. Оқушылар ҰБТ тапсырған кезде осылардан қателер жіберіп жатады.

Ал кейбір оқушылар тест кітаптарын жаттап алады. Оқиғаның негізгі түп-тамырына назар аудармайды. Сондықтан да бір қарағанда жауаптардың бәрі дұрыс сияқты болып көрінеді, шатасады, қателіктерге жол береді.

Сол себептен оқушыларды ҰБТ-ға және кешенді тестке дайындау барысында 6 кластан бастап оқулықпен дайындаған дұрыс. Пән мұғалімі әр тараудан соң тест алып, оқушылардың білімін бағалап, кеткен кемшіліктерді айтып дәптерге жаздыру керек. Сонда оқушының есінде қалады. Тестпен оқушылардың білімін бағалаудың жетістігі: Жұмыс істеу кезінде оқушылардың өз бетінше ізденуіне жол ашады және ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттырады. Қазіргі таңда оқушы білімін бағалаудың тиімді жолы тест әдісі екендігі белгілі. Енді оқушыларды ҰБТ-ға дайындаудағы әдіс-тәсілдеріме тоқталар болсам.

1. Тест тапсырмаларын дәуір-дәуірге бөліп, салыстырып, мағынасын түсіндіріп оқыту керек.

2. Оқушылардың білімін бағалауда тесттің бірнеше түрін пайдалануға болады.

Мысалы:

1. Ашық тест

2. Кім, не жазған

3. Сәйкестендіру тесті

4. Баламалы тест

5. Хронологиялық тест

Оқушыларды ҰБТ-ге даярлауда мына жағдайларды басты назарда ұстаймын:

1. Әрбір тарауды, тақырыпты мұқият оқып, практика жүзінде қолдануды басшылыққа

алу;

2. Қиындық туғызған мәселелерді менің, яғни мұғалімнің, көмегімен орындау;

3. Теориялық білімді нығайту;

4. Түрлі терминдермен жұмыс жасауға үйрету.

Оқушыларды ұлттық біріңғай тестке дайындау үшін:

- Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру.

- 5-11 сынып Қазақстан тарихы пәнінен теориялық білім негіздерін жетілдіру.

- Тест жұмысын үй тапсырмасын тексергенде және сабақты бекіткенде үнемі қолдану.

- Оқушы білімін тексеруде бөлім, тарау, тақырып бойынша тесттік тапсырмалар орындату.

- ҰБТ-ға дайындықты жоспарлы түрде жүргізу.

- Сынып оқушыларына арнап, ҰБТ-ға дайындық дәптерін ашып, қатемен жұмыс жүргізу.

- Оқушының үйде өз бетімен жұмыс істеуін қадағалау (дәптерін тексеру) .

- Оқушыларды тестпен жұмыс істей білуге үйрету, бұл мұғалімнің ең басты міндеті.

ҰБТ нәтижесінің сапалы болуына әсер ететін факторлар деп төмендегілерді айтуға болады.

1. Бастауышта алған білім деңгейі

2. Оқушылардың табиғи қабілеті

3. Пән мұғалімінің үйрету шеберлігі

4. Оқушылардың ортасы, ұжымы, достары

5. ҰБТ дайындығын ұйымдастыру түрлері

6. Ата-ананың ықпалы

7. Психологиялық ахуал

ҰБТ-ға дайындауда нашар үлгіретін оқушылармен жүргізілетін жұмыстар

Оқушымен бірге атқарылатын жұмыстар:

1. Жеке оқушымен жұмыс;

2. Әр тест сұрақтарымен жұмыс;

3. Меңгермеген тақырыпты қайталау жұмысы;

4. Ауызша сұрақ, жауап (5 тест, 10 тест сұрақтарын беру) ;

5. Тірек-сызба арқылы түсіндіру;

6. Хронологиялық даталарды жаттау;

7. Қосымша сабақ өткізу;

8. Ата-анамен қарым-қатынас жасау;

9. Үй тапсырмасын беру, тексеру, бақылау;

10. Арнайы бақылау дәптерін жүргізу;

11. Мониторинг жасау;

12. Кемшілігін жоюға талпындыру, жетістіктерін мадақтау;

13. Бәсекелестік туындату;

14. Оқушымен достық қарым-қатынас орнату;

15. Өзіне-өзін сендіру (ақыл-кеңес беру) .

Оқушыларға психологиялық көмек:

ҰБТ-мен қорқытуға болмайды
• Оқушы өз күшін және өз мүмкіндігін нақты білуі керек
• Алдына мақсат қою
• Қате жіберуден қорықпау
• Тест тапсыру техникасына үйрету
• Өз уақытын бақылауға үйрету
• Тапсырма қиындықтарын жеңе білу


Ұқсас жұмыстар
Технологиялық дайындауда - оқушылардың тестпен жұмыс жасау жүйесін дайындау
Оқушыларды математика пәнінен ұбт-ға дайындаудың тиімді жолдары
Ұбт –ге дайындаудың тиімді жолдары
Оқушының оқу мен жазу арқылы сыни тұрғысынан ойлауын дамыту, қиялын шарықтату және сезімін ояту
Ұбт-ға оқушыларды дайындаудың әдістемелік ұйымдастыру мәселелері
Блум жүйесі
«география пәнінен ұбт-ге дайындау тәжірибемнен» баяндама
Оқушыларды математика пәнінен ҰБТ-ге дайындаудың тиімді жолдары
Ұбт-ға дайындау
Құзыретті оқушы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz