Сабақ жоспары :: Сценарилер

Файл қосу

Бақытты сәт білім сайысы

"Бақытты сәт" білім сайысы

Ойын сайысының мақсаты:
1. Оқушыларға сыныптан тыс жұмыс барысында математика пәндерінен алған
білімдерін жинақтау, толықтыру.
2. Оқушылардың логикалық ойлау, интеллектуалдық қабілетін, сана - сезімін
жан - жақты дамыту, зеректілігін қалыптастыру, қызығушылығын, белсенділігін
арттыру, танымдық, шығармашылық ізденістерін ұштау.
3. Оқушыларды жауапкершілікке, шапшаңдыққа, Отан сүйгіштікке, татулыққа
тәрбиелей отырып, тапқырлыққа баулу.
Түрі: топтық жарыс
Типі: Ойын түрінде
Қолданылатын технология: ақпараттық технология
Көрнекілігі: интерактивті тақта, эмблемалар, карточкалық тапсырмалар,
логикалық есептер.
Командалар
І топ – “Ньютон»
ІІ топ – “Паскаль”
1 - топ – «Ньютон»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
2 - топ – «Паскаль»
Ұраны: «Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».
Сайыстың өту кезеңдері:
1 - кезең “Жалғастыра жарысу”
2 - кезең “Жұмбақтар әлемі”
3 - кезең “Адасқан әріптер”
4 - кезең “Кім озып келер”
5 - кезең «Ұлы ғалымдар»
6 - кезең «Кім тапқыр?»

Ұйымдастыру:
Ойын шарты: Бұл сайысқа 10 оқушы қатысады және олар екі топқа бөлінеді:
Жүргізуші:
Қайырлы күн құрметті қонақтар, ұстаздар, оқушылар!
Назарларыңызға “Бақытты сәт” атты сайысымызды ұсынбақпыз.
Орыс ғалымы М. Ломоносов «Ақыл - ойды тәртіпке келтіретін – математика,
сондықтан оны оқу керек», – деген болатын. Олай болса, бүгін сіздер физика
мен информатиканы жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыздар. Сіздер бұл
әлемнің қаншалықты қызықты, әрі сан түрлі екендігіне көз жеткізесіздер.
Сайыста сіздерге әр түрлі сұрақтар мен тапсырмалар ұсынылады. Сайыста жеңу
үшін сіздер белсенділік танытып, берілген сұрақтарға өзгелерден тезірек
ойланып, жауап берулеріңіз керек және тапсырмаларды дұрыс орындауларыңыз
қажет.
Ойынымыздың алдында білім сайысының әділ бағасын берер әділ - қазылар
алқасымен таныс болыңыздар.Математика пәнінің мұғалімдері Нұрғаева
Н,Елеусізова Р және информатика пәнінің мұғалімі Абиырова А. Алдарыңызда өз
білімімен, ақыл - ойымен ерекшеленген әр топтың білімді оқушылары
Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен,
Амандасып алайық,
Бір жадырап қалайық – деп сайысқа қатысушы топтармен таныс болайық.

1 - топ – «Ньютон»
Ұраны: «Қандай сынақ болса дағы беріспе,
Әрқашанда үміткерміз жеңіске».
2 - топ – «Паскаль»
Ұраны: « Жарыс десе жанамыз,
Бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз».
Бақ пен бап сыналар бұл жарысқа қатысып отырған оқушыларға сәт сапар тілей
отырып, сайысымызды бастаймыз. Ең алдымен бүгінгі ойынымыздың өтілу
барысымен таныс болайық. Бүгінгі ойынымыз 6 кезеңнен тұрады:
1 - кезең “Жалғастыра жарысу”
2 - кезең “Жұмбақтар әлемі”
3 - кезең “Адасқан әріптер”
4 - кезең “Кім озып келер”
5 - кезең «Ұлы ғалымдар»
6 - кезең «Кім тапқыр?»
Ал енді І кезеңді бастайық.

І Жалғастыра жарысу
(Әр команда шапшаң жауап беруі керек).Жауап берген топқа 5 ұпайдан
беріледі.
1. Жеті жұрттың тілін біл, (жеті түрлі білім біл)
2. Білекті бірді жығар, (білімді мыңды жығар)
3. Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас)
4. Досыңды үш күн сынама, (үш жыл сына)
5. Бір елі ауызға, (екі елі қақпақ)
6. Жүз сомың болғанша, (жүз досың болсын)
7. Отыз тістен шыққан сөз, (отыз рулы елге тарайды)
8. Білгенің бір тоғыз, (білмегенің тоқсан тоғыз)
9. Бір кісі қазған құдықтан, (мың кісі су ішеді)
10. Төртеу түгел болса төбедегі келеді, (алтау ала болса ауыздағы кетеді)
ІІ-кезең «Жұмбақтар әлемі».
Сайыстың бұл кезеңінде оқушылар жұмбақтар шешеді. Әрбір дұрыс шешілген
жұмбақ жауабына 5 ұпайдан беріледі.
1. Төртбұрышты әйнек,
Тұнып тұрған әлек. (монитор)

2. Кемірушіге ұқсайды сырт бейнесі,
Түсі оның сұр, құйрығы ұзын.
Ойланып білгіш болсаң жауап берші,
Қалай деп аталады оның аты. (тышқан)
3. Ұзынтұра Жалқаубек,
Тұрмай ылғи жатады.
Қозғала қалса артынан,
Ешбір белгі қалмайды. (бос орын пернесі)

4. Бұтақ орнында мың бір инесі,
Компьютер жаны мекені (кактус)

5. Биологияда бұл паразит,
Көзге зорға көрінер.
Информатикада өлшем бірлік
Ақпаратты өлшер (бит)

6. Егер білсең айта қойшы,
Бұл қандай құрылғы
Ақпаратты қағаздағы,
Компьютерге енгізеді (сканер)

7. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қалам, қағазсыз (пернетақта)

8. Жоқ өзінде бас та, қас та, мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында. (сызғыш)

9. Батырмасын басасың
Қажетті файлды ашасың (тышқан)

10. Пернетақта ауылында тұратын
Пернелік деген атаның
Бар екен 12 ағайынды баласы
Немерелері алғашқы
Есімдері де өздерінің бір қызық
Тек қана Ғ(эф) әрпімен басталады (функционал пернелер)
ІІІ-кезең. «Адасқан әріптер» сайысы. Бұл сайыста оқушыларға әріп орындары
ауысып кеткен сөздер беріледі. Әріптерді орындарына қою арқылы компьютер
құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару
керек. Әр сөзге 3 ұпайдан беріледі.
сөздер ----------жауаптары
Ретьюмопк ---- Компьютер
Демом ---------- Модем
Лайф ----------- Файл
Ротином -------- Монитор
Нирперт -------- Принтер
Красен --------- Сканер
Шытқан -------- Тышқан
Тиврсутиан ---- Антивирус
IV-кезең. «Кім озып келер?»
Денелердің өзара әрекеттесуін сипаттайтын шама. (күш)
Деформация қаншаға бөлінеді? (2-ге. Серпімділік және пластикалық)
F=µN формуласы қалай аталады? (үйкеліс күші)
Күшті өлшейтін құрал? (динамометр)
Қатынас ыдыстарға қандай ыдыстар жатады? (Шайник)
Барометр дегеніміз не? (Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал)
Бір дене екінші бір дененің бетімен қозғалған кезде пайда болатын күш.
(Үйкеліс күші)
(g) еркін түсу үдеуінің мәні қанша? (9,8 Н/кг)
ῤ=[pic] формуласын анықта?(тығыздық)
Массаның өлшем бірліктерін ата? (кг,г,мг)

V-кезең. «Ұлы ғалымдар»
Бүкіләлемдік тартылыс заңын анықтаған ғалым? (Ньютон)
Физика ұғымы қай грек ғалымының шығармаларында баяндалды? (Аристотель)
Физика ғылымына үлкен үлес қосқан «екінші ұстаз» кім? (Әбу-Насыр-әл Фараби)
Физика ғылымына үлес қосқан орыс ғалымын ата? (Ломоносов)
Температура шкалалары қай ғалымдардың есімімен аталады? (Цельсий,Кельвин)
Плутон планетасын тапқан ғалымды ата? (Клайд Томбо)
Гелиоцентрлік жүйені ұсынған ғалым. (Н.Коперник)
Қысымның қатты денелер,сұйықтар эәне газдар арқылы берілуін зерттеген
ғалым. (Паскаль)
Серпімділік күші мен серпімді деформацияның арасындағы байланысты анықтаған
ғалым. (Гук заңы)
«Эврика!» сөзін айтқан ғалым? (Архимед)

VІ-кезең. «Кім тапқыр?»
Ақпаратты енгізу құрылғысы? (пернетақта)
Ақпаратты таратушы құралдар? (радио,теледидар)
Ең алғашқы пайда болған есептеу құралын ата және ол қай жылдары пайда
болды? (есепшот 2000-5000 жылдар)
Компьютер жады қаншаға бөлінеді? (2 сыртқы,ішкі)
Ең алғашқы электронды есептеуіш машина қалай аталды? (Энниак)
Принтердің қанша түрі бар?(3 лазерлік,сия бүріккіш, матрицалық)
Графикалық редакторды ата? (Paint)
Мәтіндік редактор? (wordPad)
Пернетақтаның бөліктерін ата?(Функционалдық,символдық,нұсқаушы,цифрлық
пернелер)
Құрылымы,типі бойынша тышқандар қаншаға бөлінеді? (оптикалық және
механикалық)
«Бақытты сәт» атты білім сайысымыз осы мен аяқталды. Жарыстың нәтижесін
тыңдау үшін сөзді әділқазылар алқасына сөз берейік.
Келіп қатысқандарыңызға рахмет!

Жалаулы орта мектебі

[pic]
(білім сайысы)

Дайындаған Бахторазова Ж

2014-2015 оқу жылы

Ұқсас жұмыстар
Бақытты сәт - математикалық ойын сабағы
Бесінші кезең
Ток күшіне тура пропорционал шама
Кім жүйрік? математикалық сайыс сабақ 5-сынып
Көкпар ойынының тапсырмасы
Оқушыларды марапаттау
Қолданылған нақыл сөздер
Әділ - қазылардың берген бағалары
Көңілді тапқырлар сайысы жайлы ақпарат
Бір ел, бір тағдыр.(достық фестивалі)
Пәндер