Тақырып Ауыз қуысында астың қорытылуы

Сулеймбекова Дурия Урнекбаевна
Жамбыл облысы, Талас ауданы, Қаратау қаласы,
Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектептің
биология пәнінің мұғалімі
Сабақтың тақырыбы: Ауыз қуысында астың қорытылуы.
Сабақтың мақсаты: Ауыз қуысында астың қорытылу процесі, осы физиологиялық
процестегі ферменттердің ролі, тістің құрылысы мен тіл бөлімдері-
нің құрылысы мен қызметтері, ауыз қуысын күту ережелерін
түсіндіру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Санитарлық-гигиеналық тәрбие беру, салауатты өмір салтын
қалыптастыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау,
ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың типі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, сұхбат, танымдық зерттеу, баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: Электрондық оқулық суретті кестелері, активстудио флипчарт-
тары, тірек-сызбалар, крахмалданған дәке, иод ерітіндісі.
Сабақтың барысы:
1. Сыныпты ұйымдастыру.
2. Үй тапсырмасын сұрау:
А) * Орнын тап *. Мүшелер жүйесін құрайтын мүшелердің орнын табу.
1. Эндокриндік мүшелер жүйесіне - тимус, эпифиз.
2. Жүйке мүшелер жүйесіне - жұлын, ми.
3. Сезім мүшелер жүйесіне - саусақ ұшы, тіл.
4. Тірек-қимыл мүшелер жүйесіне - қаңқа, бұлшық ет.
5. Қан айналым мүшелер жүйесіне -жүрек, қан тамырлары.
6. Тыныс алу мүшелер жүйесіне - кеңсірік, көмей.
Ә) Ас қорыту дегеніміз не?
Б) Адам ағзасына қандай қоректік заттар қажет? Флипчарт -1, 9-бет.
--- Электрондық оқулық арқылы тексеру. «Ас қорыту мүшелері».
В) Термин сөздер төркіні: Азық -түлік аты, ондағы қоректік заттар, термин сөздер.
1. Ферменттер 2. Авитаминоз 3. Гипервитаминоз.
4. Аппендикс 5. Аппендицит 6. Сфинктер.
Г) Ас қорыту мүшелер жүйесін құрайтын мүшелерді ата? Флипчарт 1, 10-бет.
--- Муляжбен жұмыс.
--- Электрондық оқулықтан тексеру.
Д) Сандар сыры: Жартылай перде мен бағыттаушы стрелка арқылы.
Көмірсуларға деген тәуліктік қажетсіну - 400 - 500 г
Асқазанның сиымдылығы - 2-3 литр
Адамда ас қорыту жолының ұзындығы - 8-10 метр
Жұтқыншақтың ұзындығы - 11-13 см.
Аппендикстің ұзындығы - 8-15 см
Өңештің ұзындығы - 25 см
Аш ішектің ұзындығы - 5-7 метр
Бауырдың салмағы - 1500 г
Перде арқылы.
Ғ) Үй тапсырмасын қорыту: «иә», «жоқ» конкурсы арқылы.
1. Ірімшік, сүт, май, ет - қоректік заттар - «жоқ»
2. Қоректік заттар организмде құрылыстық және энергетикалық қызмет атқарады. «иә»
3. Жұтқыншақ ас қорыту жүйесінің бір бөлігі болып табылады. «иә»
4. Ас қорыту жүйесі ас қорыту мүшелері мен ас қорыту бездерінен тұрады. «иә»
5. Ас қорыту жолында өңештен кейін аш ішек орналасқан. «жоқ»
6. Ауыз қуысында тағам механикалық өңдеуге, зиянсыздануға және сілекей арқылы
шылануға ұшырайды. «иә»
7. Асқазанның сілемейлі қабатында ішек сөлін бөлетін көптеген бездер бар. «жоқ»
8. Жұтқыншақта ас қорыту жолы тыныс алу жолымен бірігеді. «иә»
Жаңа сабақ : «Астың ауыз қуысында қорытылуы».
Ауыз қуысында тіс, тіл, 3 жұп сілекей бездері бар. Тіс тамақты ұсақтайды, тіл дәмі, сапасын
сезеді, айырады, сілекей тамақты шылайды.
- Тістің құрылысы . . . А) пішіні мен қызметіне қарай: күрек тіс, ит тіс. Кіші және үлкен азу тіс деп бөлінеді.
Ә) Тістің жалпы саны -32, жоғағы жақта - 16, төменгі жақта - 16, күрек тіс-8, ит тіс-4, кіші азу тіс-8, үлкен азу тіс-12.
Б) Тіс қаптамасы, мойыны, түбірі.
В) Эмаль, дентин, тістің ішкі қуысы-пульпа, қан тамыры.
Г) Сүт тістер-6 айдан бастап, тұрақты тістер-6-7 жастан бастап, ақыл тістер-20
жастан.
2. Тіл -дәм сезу мүшесі: Электрондық оқулық, 8-сынып, Модельдер - тілдің құрылысы.
Тілдің ұшы -тәттіні, арты-ащыны, бүйір жағындағы рецепторлар-қышқыл мен тұздыны
айырады.
3. Үш жұп сілекей бездері: шықшыт, тіл асты, жақ асты бездері. Бездерден таза сілекейді орыс ғалымы И. П. Павлов бөліп алды. Ол үшін итке фистула(жыланкөз) қою әдісі арқылы
операция жасап бөлінген сілекейді пробиркаға жинап алды. Осылай сілекей құрамы анықталды.
Перде арқылы (квадратный прожектор)
Сілекей құрамында:
Зертханалық жұмыс № 11
Тақырыбы: Cілекей ферменттерінің крахмалға әсерін зерттеу.
Мақсаты: Сілекейде крахмалды ыдырататын фермент бар екеніне көз жеткізу.
Құрал-жабдықтар :крахмалданған құрғақ дәке, йодтың әлсіз ерітіндісі бар Петри тостағаншасы, басына мақта оралған сіріңке.
Жұмыстың барысы:
1. Крахмалданған дәкеге белгі салу үшін
сіріңкенің ұшына мақта орап, сілекеймен
шылаймыз да дәке ортасына белгі сала-
мыз.
- Дәкені бүктеп алақанымызда 2-3 минут ұстап тұрамыз.
Себебі белгілі бір температурада ферменттердің белсенділігі артады.
Алақанның жылуы реакцияның жүруін жылдамдатады.
- Алақанда ұстаған дәкені йод ерітіндісіне саламыз, сол кезде дәке көгереді, ал белгі боялмай қалады.
Жалпы қорытынды:
Оқушы ізденісі:
1. Тіс аурулары:
А) Кариес - микроорганизмдердің әсерінен дентиннің бұзылуы.
Ә) Пульпит - микробтардың енуінен тіс ортасының қабынуы.
Б) Периодонтит - тіс түбірінің зақымданып қабынуы.
В) Парадонт - тіс айналасындағы ұлпалардың қабынуы.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz