Ұұ дыбысы мен әрпі

Тексерілді:: Бекітемін:
Сынып: 1 «б» Күні:22. 10. 14 ж Пәні: Әліппе
Мұғалімі: Ж. У. Бахитова
Сабақтың тақырыбы:
«Ұұ» дыбысы мен әрпі.
Сабақтың мақсаты: «Ұұ» дыбысы мен әрпін таныту.
Сабақтың міндеттері:
- Оқушыларға Ұұ дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді оқу мен жазуға үйрету.
- Ұ дыбысына қатысты жаңа сөздерді оқыту арқылы оқушылардың білімі мен тілін, сөздік қорларын дамыту.
- Ұқыптылыққа, тазалыққа, буындап оқуға тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже:
- Ұдыбысы мен әрпін тани білді.
- Ұдыбысы қатысты сөздерді оқи алады.
- Ұдыбысының дауысты дыбыс екенін ажырата білді.
Әдісі:
Сұрақ - жауап, түсіндіру.
Түрі:
Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақтың көрнекілігі: Әліппе оқулығы Ұұ дыбысының баспа, жазба түрлері, ұ дыбысына байланысты суреттер, буындық кестелер, жеміс - көкөністің шаблондары.
Стратегия:
миға шабуыл, сәйкестендіру, топтық тапсырма
Сәлемдесу:
Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз,
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз.
Топқа бөлу: Жемістер бойынша.
Өткен сабақты бекіту
1. Өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
2. Жж дыбысы қандай дыбыс?
3. Ж ж дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
4. Бағандағы сөздерді оқу
5. Жарыс мәтінімен жұмыс.
ІІІ.
Жаңа сабақ
. Миға шабуыл.
1. Жұмбақ жасыру:
а) Білімнің жолбасшысы,
Шәкірттің қолбасшысы (Ұстаз)
ә) Шәкіртке жанашыр, мейірбан кім? (Ұстаз)
2. Ұстаз сөзіне буындық талдау жасату, Ұ дыбысын бөліп айтып, оның дауысты дыбыс екеніне оқушылардың көзін жеткізу. Дұрыс айтуларын қадағалау.
3.
Электронды оқулықпен жұмыс
. Ұ дыбысына қатысты сөздерді тыңдау.
6. Ұлудың суретін көрсетіп, дыбыстық талдау жасау.
7.
Оқулықпен жұмыс.
а) Бағандағы сөздерді оқытып, сөздердің мағынасын түсіндіру.
8. Бағандағы сөздерді оқушыларға оқыту, «Құстар» мәтінін 3-4 оқушыға бөліп оқыту.
Сергіту сәті:
Қорбаңдаған аюдың
Құлпынайы көп екен.
Теріп- теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Әліппе серігімен жұмыс. « Мен ұлумын»
Мен ұлумын,
Мінсіз сұлумын.
Жанға тимеймін,
Жамандықты сүймеймін.
Гүл аралап жүремін,
Көңілді өмір сүремін.
Топтық тапсырма: сөздерге дыбыстық талдау жасау.
- топ. Бұлбұл
- топ. Ұршық
- топ. Ұран.
9. Дәптермен жұмыс. а) Ұұ әрпінің жазба түрімен таныстыру
ә) Ұұ әрпінің баспа, жазба түрлерін салыстыру
б) Ұұ әрпін ауада жазып көріп, дәптерге жазу
в) Дәптердің 18-бетіндегі Ұ әрпінің үлкен, кіші түрлерін жазу
Суреттегі нүктелердің орнына Ұ әрпін қою.
10.
Сергіту сәті
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Тағы қалам аламыз,
Әдемі етіп жазамыз.
Өлең ішінен Ұ дыбысы бар сөзді тауып, буындық талдау жасату
Ой толғаныс: Сәйкестендіру.
Құ қыш
Бұ мыс
Ұш лын
Ұс лақ
Жұ та
- Сонымен қандай жаңа дыбыспен таныстық?
- Ұ дыбысы сөздің қай жерлерінде кездеседі?
- Ұ дыбысы бар сөздерге мысал келтіру.
Бағалау. Саусақ, қол шапалақтау, смайлик арқылы бағалау.
Мұхит атындағы орта жалпы білім беретін мектебі
Ашық сабақ
Сауат ашу
Ұұ дыбысы мен әрпі
Өткізген: Бахитова Ж. У
2014-2015 оқу жылы
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz