Фитодизайн: технология пәнінен 8 «б» сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары

Мұхит атындағы орта білім беретін мектебі

Технология пәнінен ашық сабақ:

8 «б» сыныбы

Пән мұғалімі: Жанисова Жазира Султанбековна

2013-2014 оқу жылы

Пәні: Технология

Пән мұғалімі: Жанисова Жазира Султанбековна

Сыныбы: 8 «б»

Күні: 17. 04. 2014

Сабақ саны: 28
Сабақтың тақырыбы: Фитодизайн
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Үйлесімділіктің негізгі принциптерін ескеріп, композицияға өсімдіктерді дұрыс таңдап үйлестіре білуге үйрету.
Дамытушылық : Қолөнерге деген қабілеттерін шыңдай отырып, іскерлікке, икемділікке, ой - өрісін, шеберлігін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды көркемдік танымға, жұмысты орындау кезінде ұқыптылық пен дәлдікке, сәндік талап қоя білуге тәрбиелеу.
Сабақ түрі: аралас сабақ
Сабақ әдісі : Суретпен мысал келтіре отырып (әңгімелеу, көрсетіп айту), индуктивтік (жай нәрседен күрделіге ауысу), репродуктивтік (өз бетінше жұмыс істеу), зерттеулік ( неғұрлым үйлесімділікті ішінара іздестіре таңдау) әдістерімен түсіндіру.
Көрнекілігі: Бөлме өсімдіктері, жасанды гүлдер, дайын үлгі.
Пәнаралық байланыс: Биология, тарих, бейнелеу
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: «Шаттық шеңбері»
1) Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу;
2) Оқу құралдарын тексеру;
3) Назарын сабаққа аудару.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: Мына жеті түрлі суреттің астында сұрақтар жасырылған.

1. Құрақтың сәнді болуы несіне байланысты? Үлгісіне

2. Құрақ құрау қандай материалдан жасалады? Мата
3. "Жастық" дегеніміз не?

Адамның басына жастауға арналған үй бұйымы.

4. "Бидай шүберек" дегеніміз не?

Жастық ішіне құстың мамығын салып, сыртын матамен тыстау

5. "Жастық тыс" дегеніміз не?

Бидай шүберектің сыртын әртүрлі матамен қаптау

6. "Құс жастық" дегеніміз не?

Құстың мамығынан жасалған жастық

7. "Көпшік" дегеніміз не?

Жастықтың салт атқа мінгенде ер үстіне салынатын түрі

ІІІ. Өткен сабақты бекіту:
ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру:
Дизайн тарихы ХХ ғасырдың басында басталды. Сондықтан оның тарихы өте қысқа. Дизайн өнері адамдардың әдемілікке, қолайлылыққа ұмтылуларынан шыққан. Ал жақсы өмір сүруге адамзат пайда болғаннан бері ұмтылып келеді. Сол себепті дизайн өнері ХХ ғасырда басталғанымен, оның тарихын өте ертеден іздеу керек. ХХ ғасыр техника мен ғылымның өркендеп даму ғасыры болды. Ғылым мен техниканың дамуы дизайн өнерін де дамытты.
Алғашқы дизайнер мамандарды даярлайтын жоғары мектеп 1919 жылы Германияда ашылды. Ол «Баухауз» деп аталды. Бұл мектепте сәулет өнері, сурет өнері шеберлері сабақ берді.
Ғылыми тұрғыда дизайнның пайда болуы 1928 жыл, ал оның отаны АҚШ болып есептеледі. Онда осы уақытта бірнеше дизайнер фирмалары құрылды.
Ресейде жоғары көркем - техникалық шеберханалар 1920 жылдардан бастап құрылды. Алғашқысы Мәскеудегі мемлекеттік жоғары көркем - техникалық шеберхана болды. Кейіннен осы шеберхана институт болып қайта құрылды.
Дизайн бірнеше түрге бөлінеді. Олар:
- көлік құралдарын жобалау (көлік ұшақтары, су кемелері, автомобильдер, т. б. )
- тұрмыс бұйымдарын; электр аспаптарын, ыдыс, жиһаз, киімді, т. б. жобалау,
- интерьер және экстерьер дизайн;
- жарнама дизайн;
- фотодизайн.
Фитодизайн - өсімдіктерді көркемдеп әшекейлеу. Грек сөзінен аударғанда «фито» - өсімдік деп аталады. Фитодизайн жасау үшін оған нақты жағдай жасап, өзінің орындалу тәртібін қолдану қажет.
Өсімдіктерді тұрғын үйлерді безендіру үшін пайдаланады.

Кез келген бөлме егер онда гүлдерден жасалған композициялар болса, тартымды әрі сәнді болып көрінеді. Гүлдер үйге сұлулық әкеліп қана қоймайды, сонымен қатар үй ішінің осы заманғы дизайнының элементтері болып табылады. Кептірілген гүлдерден жасалған композициялар үйдің ішін әдемілікпен толықтыра түседі немесе тамаша бір ландшафтарды еске түсіреді. Олардың нәзік, табиғи көрінісі, жазды еске түсіріп, әр үйге табиғи әсемдік әкеледі.

Кез - келген композицияны құрастыру үшін өсімдік түрлері, құты, ұстатқыштар, құрал - саймандар, қажет. Композицияға қажетті өсімдік түріне бөлме өсімдіктері, кесіп алынған өсімдіктер, жасанды өсімдік түрлері қолданылады. Тірі өсімдіктерді пайдалану жыл мезгілдеріне байланысты, жасанды гүлдерді дүкеннен сатып алып немесе қолдан құрастыруға синтетикалық табиғи материалдардан жасауға болады. Сонымен фотодизайнда құтылардың атқаратын рөлі зор. Олар - шиша, пластмасса, фарфор, қыш, тас құтылар
V. Кіріспе нұсқау.

Табиғи материалдан жасалған әр түрлі композициялар үлгілерін көрсетеді (суреттер, ашықхаттар, сабандар, гүлдестелер) .

VІ. Оқушылардың сарамандық жұмысы :


Ұқсас жұмыстар
8-сыныпқа арналған технология пәнінен интеллектуалдық сайыс Сиқырлы алаң сабақ жоспары (Касымова А.Е.)
8-сынып технология пәнінен ашық сабақ: Зергерлік өнер және әшекей бұйымдар
Пиротопия және пирография: 8-сыныпқа арналған технология пәнінің ашық сабақ жоспары
8-сыныпқа арналған технология пәні ашық сабақ жоспары: Ағашты күйдіріп өрнектеу
8-сыныпқа арналған география пәнінен ашық қысқа мерзімді сабақ жоспары: Жоңғар (Жетісу) Алатауы
8-сыныпқа арналған технология пәнінің сабақ жоспары: Құрақ тігу
Биология пәнінен 7 «а» сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары: Құс шаруашылығы
2-б сыныпқа арналған Хабарлы сөйлем: ашық сабақ жоспары мен жаттығулар
Текстильдік аппликация: технология пәні бойынша 10-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Дүниетану пәнінен 4-сыныпқа арналған ашық сабақ: Отбасы - шағын қоғам
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz