Файл қосу

Тарих сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану

Алғы сөз

Өткенін білмес, бүгіннің қадірін бағалай алмайды. Ендеше тарихта еш
нәрсе жоғалмайды, ескірмейді,өлмейді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері
тарихқа жаңа көзқараспен қарау, ондағы белгілі және бұрын белгісіз болып
келген фактілердің ашылуы мектеп оқушыларынан бүгінгі таңда тарих саласы
бойынша үлкен дайындықты қажет ететінін өмірдің өзі дәлелдеп берді.
Қазақстан тарихы пәні бойынша ұсынылып отырған мұғалімдерге арналған
көмекші оқу-әдістемелік құрал, оқушылардың тарих пәніне деген танымдық
қабілетін дамыту, сабақта жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы
оқушылардың білім сапасын арттыруға көңіл бөледі.
Мектепте оқушыларға білім мен тәрбие берудің негізгі буыны-сабақ. Оқу
бағдарламасының өзгеруіне байланысты сабақтардың міндеттері де, оған
қойылатын талаптар да күрделене түсті. Сондықтан мұғалімдерге де орасан зор
міндеттер жүктелуде.
Жаңа технологияның басты мақсаты : өздігінен дамуға ұмтылатын жеке
тұлғаны қалыптастыру. Оқушы мұғалім дайындап әкелген жаңа материалдырды жәй
қабылдаушыдан оны өзі іздеп табушыға айналуы тиіс.
Қазақстан тарихы сабағында тарихи материалдарды, көркем әдебиетті,
деректі құжаттарды мақсатты пайдалану арқылы оқушылардың ақыл-ойын
адамгершілігін эстетикалық интеллектуалдық таным-сезімін дамытып,өздігінен
ізденушіге қолайлы жағдай тудырады.
Кітапшадағы сабақ үлгілерімді негізінен жас мұғалімдер оқып
танысып, сабақтарында қолданып жүрсе алғысымды білдірер едім.

Тарих сабағында жаңа инновациялық
технологияларды пайдалану.
Елбасымыздың «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты жолдаудың негізгі
тірегі – әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру болып табылады. Бәсекеге
қабілетті елу елдің қатарына қосылу, тәуелсіз еліміздің болашағы жастардың
білім алуына ерекше көңіл бөлді.
ҚР «Білім туралы» заңында « Білім беру жүйесінің басты міндеті –
ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтары, ғылым мен практика
жетістіктерінің негізінде жеке адамды қалыптастыруға дамытуға және оның
кәсіби шеберлігін шыңдауға бағытталған білім алуға қажетті жағдайлар жасау»
деп көрсетілген. Ғылым мен техниканың жедел дамыған, ақпараттық мәліметтер
ағымы күшейген заманда ақыл-ой мүмкіндігін қалыптастырып, адамның
қабілетін, талантын дамыту мектептің басты міндеті болып табылады. Ол
бүгінгі білім кеңістігіндегі ауадай қажет жаңару мұғалімнің қажымас
ізденімпаздығы мен шығармашылығының жемісімен келмек. Сондықтан да әрбір
оқушының қабілетіне қарай білім беруді, оны дербестікке, ізденімпаздыққа,
шығармашылыққа тәрбиелеуді жүзеге асыратын жаңартылған педагогикалық
технологияны меңгеруге үлкен бетбұрыс жасалуы қажет.
Тарих ғылым және пән ретінде білімнің аса маңызды саласына
жатады. Өйткені ол бүкіл адамзаттың тарихын, жүріп өткен жолын, жинаған
тәжірибесін баяндайды. Тарихты білу әрбір адамға қажет әрі пайдалы. Сонда
ғана адам өзі өмір сүріп отырған қоғамдағы орнын, істейтін қызметін дұрыс
анықтайды, келешегін де болжай алады. Белгілі ойшылдардың, ғұлама
ғалымдардың тарихтың маңызы туралы айтпағандары кемде-кем. Әбу-Насыр әл
–Фараби: «тарихты білмей –өткенді, қазіргі жағдайды білу, келешекті болжау
қиын» - десе, Н.М.Карамзин: «Тарих – әрбір ұлттың ең басты кітабы» дейді.

Тарих сабағының неғұрлым тиімді жаңа түрлерін пайдалану
оқушы белсенділігін арттыруда зор маңыздылығын айта келе, өз педагогикалық
қызметімде пайдаланып жүрген білім беру технологияларына тоқталғым келеді.

Бірінші В.Ф.Шаталовтың технологиясының басты мақсаттары:
Оқушының білім беру дағдысын қалыптастыру;
Оқушылардың барлығын оқыту;
Жеделдете оқыту;
Принциптері:
Үздіксіз қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, ірі блоктар бойынша оқыту,
трек сигналдарын пайдалану;
Жекелей әрекет жасау;
Ізгіліктік (барлық балалар дарынды);
Мәжбүрсіз оқыту;
Түзетуге, өсуге, жетістікке жетелеу, жетістігін жариялау, шиеленіссіз
оқыту;
Мазмұндық ерекшеліктері:
Оқу материалы ірілендіріп беріледі;
Блоктық түрде беріледі;
Оқу материалы тірек үлгі – конспекті түрінде беріледі;
Тәрбиелік мәні:
Еңбекке қатыстырылады;
Еңбек сүйгіштікке тәрбиеленеді;
Оқушының еркі дамытылады;
Өзіндік танымдылығы, жауапкершілік, адалдық, жолдастық, қасиеттері
қалыптасады.

Әдістеме ерекшелігі:
Теориялық блогі – Бағыттылық негізі (БН) – ақпаратқа кіріспе (Түсіндіру)
– айту – үйде өзіндік жұмыс орындау, І-қайталау. (тірек сигналы
конспектісін жаппай қабылдау), ІІ-қайталау (түсінгенін сұрау),ІІІ-қайталау
(өзара бақылау)
Тәжірибе блогі – тәжірибелік жұмыс (жаттығу)- есеп шығару (жаттығу)-
қорытынды:оқушылар білім беру дағдыларын және ойлау қызметінің әдісін
жүйелі қолдану.
Мысалыға 8-сыныпта «1867-1868 жылдардағы реформа» тақырыбына байланысты
өткен сабағымда В.Ф.Шаталовтың тірек-сызба арқылы қарқынды оқыту
технологиясын пайдаландым.
Екінші Ж.А.Қараевтың «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру
технологиясы-нәтижеге бағытталған білім беру құралы.
Деңгейге бөліп оқытудың тиімділігі:біріншіден,оқушының психологиялық
танымы, екіншіден,теориялық дайындығы есепке алынуы тиіс. Деңгейлік
тапсырмалар арқылы мұғалім оқушының нені меңгергенін,нені меңгермегенін
біледі. Соның нәтижесінде оқушыда намыс оты оянады, басқалардан қалып
қалмауға тырысады. Бұл технология біріншіден, дамыта оқыту идеясын жүзеге
асыруға көмектеседі,өйткені ол оқушының ойлау қабілетін, ынтасын,
белсенділігін көтереді. Әр оқушының оқушылық деңгейде білім алуына
мүмкіндік береді. «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» педагогикалық технологиясы
оқушының да , мұғалімнің де белсенді шығармашылық қызметін дамытуға
бағытталған.

«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясының мақсаты :
Мектеп бітірушінің барынша көп білуі емес,оның өзіне қажетті білімді өзі
білу;
Тиімді шешімді табуға үйренуі;
Оқу,кәсіптік,тұрмыс мәселесін кез-келген жағдайда шешуі;
Ішкі өзіндік қажеттілігін қанағаттандыратын;
Әлемдік білім кеңістігінде көріне алатын;
Шығармашыл іс-әрекет жасай алатын жеке тұлға қалыптастыру.
«Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясының ерекшелігі:
Оқушы білімі анық бағаланады. Белсенділігі артады. Ой еңбегі жетіледі.
Белгілі бір нәтижеге жеткенін іштей сезеді. Өзіне-өзі деген сенімділігі
артады. Өзін жеке тұлға ретінде қалыптастыруға тәрбиелейді. Шығармашылық
деңгейге дейін жетуге ұмтылады, қызығушылығы артады. Зер сала қарасақ,
оқушының білімді қабылдау деңгейі сыни баға беруге дейін көтеріледі.
Технологияның тиімділігі мен ерекшелігі де осында.
Мен осы «Үш өлшемді әдістемелік жүйе» білім беру техноголиясын 7-
сыныпта өткен ашық «§20.Ғылым мен білімнің дамуы» тақырыбындағы сабағымда
деігейлік тапсырма-сұрақтар беру арқылы сабақты қорытындыладым.
І-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:
1.Әбу-Насыр әл –Фараби дүниеге келген қала:Отырар
2.Жүсіп Баласағұни дүниеге келген қала-Баласағұн
3.Махмуд Қашқариді шын аты- Махмуд Хусейн ибн Мұхаммед
4.Ахмет Иүгнекидің шын есімі : Әбүд Ахмет Махмұдұлы
5.Қожа Ахмет Иассауйдің дүниеге келген қаласы : Сайрам
ІІ-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:
1. Жүсіп Баласағұнидің атақты еңбегі: «Құт негізі - білік»
2. Ахмет Иүгнекидің бізге жеткен еңбегі: «Ақиқат сыйы»
3. Қожа Ахмет Иассауйдің әкесі , атақты ғұлама ғалым: Ибрахһим
4. Қожа Ахмет Иассауйден қалған ұлы мұра – «Даналық кітабы» немесе «Диуани-
и-хикмет»
5. Мұсылман дінінің енуіне байланысты пайда болған ғимарат-мешіт.
ІІІ-деңгейлік тапсырма-сұрақтар:
1.Шығыстың аса көрнекті ғылымы Әбу-Насыр әл –Фараби шығармаларын қай тілде
жазды? Араб тілінде
2. өз еңбектерінде адам дүниені және оның мәнін өзінің сезім мүшелері мен
ақыл –ойы арқылы таниды деп түсіндірген ғалым : әл –Фараби
3. Махмуд Қашқаридің еңбегі қалай аталады? «Диауна лұғат ат-түрік»
4. Жүсіп Баласағұни «Құтадғу негізі-білік» еңбегін Басағұнда бастап қай
қалада аяқтаған? Қашқарда аяқтаған.
5. Қожа Ахмет Иассауйдің жолын қуған шәкірттерінің бірі – ғұлама ақын,ел
ішінде Хакім ата аталған : Сүлеймен Бақырғани
Үшінші Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру техноголиясының
мақсаты:
Білімді,ұлттық заңдылықтарды бағай білетін ұстамды, алғыр,жан – жақты
дарынды, шығармашылық ізденіс, зерттеу жұмысын жүргізе алатын тұлғаны
қалыптастыру...
Және де Н.А.Оразақынованың сатылай кешенді талдау білім беру
технологиясын 5-ші және 7-ші сыныптарда қолдандым. Әсіресе,Қазақстан тарихы
пәнінен қоғам қайраткерлерінің өмірі туралы , дүние жүзі тарихы пәнінен әр
мемлекет бойынша тақырыптарды өткенде берілген талдау бойынша жаңа сабақты
түсіндіру кезеңінде пайдаландым. Мысалы,5-сынып бойынша «әл-Фараби –
шығыстың ғұлама ғалымы» тақырыпты өткенде жаңа сабақты қабілетіне ,өз ойын
қорыта айтуға , тарихи деректермен жұмыс істеуге қозғау салады. Пәнге деген
қызығушылығын туғызады. Пән бойынша жақсы нәтиже көрсеткішіне жеткізеді.

"Сақтар" тақырыбы бойынша қайталау сабағы.
Сабақтың мақсаты:Оқушылардың Сақтар тақырыбы жөніндегі түсініктерін
толықтыру, еске түсіру, тиянақтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушыларға өткен тақырыптар бойынша шолу
жасап, оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Жерін, елін қорғаған ержүрек сақ тайпаларының
ерлігіне оқушылардың көңілін аудара отырып, олардың бойындағы патриоттық
сезім қалыптастыру.
Сабақтың әдіс – тәсілі: Әңгіме сұрақ-жауап баяндау.
Сабақтың көрнекілігі: ҚР саяси картасы, суреттер, сызбалар, буклеттер
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру.
а)Оқушылардың сабаққа қатысуын түгендеу.
ә) Оқу бөлмесінің сабаққа әзірлігін тексеру.
2.Өткен сабақтарды еске түсіру және қайталауға арналған бөлім.
а) "Тарих сыр шертеді" шарты: ауызша сұрақтарға қол көтеру арқылы балалар
кезек-кезек жауап береді.
1.Қазақ халқының ата-тегі болған тайпалар мен
ұлыстардың ежелгі заман деректерінде аты елге әйгілі болған қандай
тайпаларды білесің?
2.Сақ тайпалары қай жерлерді мекендеген?
3.Сақтардың негізгі шаруашылығы қандай?
4. Сақтарға кімдер шабуыл жасады?
5.Сақтардың ержүрек батыры?
6.Сақтардың ержүрек әйел патшасы?
7. Сақ дәуірінің ескерткіштері?
8. Оба деп нені атаймыз?
9. Есік обасы қай жерде орналасқан?
10. "Алтын киімді адам " қай обадан табылды?
11. Ерте темір дәуірі кезінде Жетісуда мекендеген тайпа?
12. Сақ тайпаларының ерекшеліктері?
13. Басқарудың жоғарғы органы не болған?
14. Тайпаны басқарудың жоғарғы органы не болған?
15. Тайпаны кім басқарды?
Ә) «Мен сақтар туралы не білемін?» - балалардың аталған тақырыпқа арнап
жасаған баяндамалары, рефераттары, тұрмыстың бұйымдары,сызбалары, суреттер
көрмесіне арналған бөлім. Оның жоспары төмендегідей.
1. Сақтардың мекендеген территориясын картадан түрлі-түсті қағаздар
арқылы белгілеу.
2. Сақтар туралы деректер не дейді?(Рефераттар мен баяндамалар)
3. Сақтардың атақты билеушілерімен қоғамдық құрылысы (сызба жасау).
4. Көркем шығармалардағы – Томирис бейнесі. (буклет)
5. Сақтардың тұтынған бұйымдары (құмыра, соғыс қару-жарағы, киіз үй
макеті) әңгімелеу.
Аталған жоспар ізденіс – шығармашылық жұмыс ретінде алдын – ала
берілгендіктен әр оқушы өзінің мүмкіндігіне қарай тапсырманы орындайды.
3. Сабақтың қорытынды бөлімі:
«Не? Қайда? Қашан?» - сынып үш топқа бөлініп деңгейлік тапсырмаларды
орындайды.
1-топ тапсырмасы: тест жұмысы
1. Сақтардың "Алтын киімді адам" тарихи ескерткіші қай жылы табылды?
А. 1969 – 1970
В. 1941 – 1945
С. 1960 – 1965
D. 1980 – 1985
2.Жетісуды мекендеген тайпалар?

А. Арал Каспий даласының тайпалары.
В. Дай – дах тайпалары
С. Дай – массагет тайпалары
Д. Сақтар, үйсіндер
3. Жетісудан табылған археологиялық ескерткіш қорым?
A. Бесшатыр қорымы.
B. Тасмола
C. Үйғарақ
D. Дықылтас
4. Антропология ғылымы нені зерттейді?
A. Адамдардың шығу тегін
B. Адам сүйегінің қалдығыарқылы оның жасын, нәсілін анықтайтын
ғылым
C. Дәстүрін зерттейді
D. Мәдениетін зерттейді
5. Сақтар ыдысты неден жасаған?
A. Қыштан
B. Темірден
C. Мыстан
D. Теріден
6. "Сақтар" және "Томерис" атты тарихи романын жазған автор?

A. Б.Жандарбеков
B. Ш.Мұртаза
C. Ә.Кекілбаев
D. М.Шаханов
7. Сақтардың негізгі баспанасы?
A. Киіз үй
B. Жер төле
C. Сабан үй
D. Балшық үй
8. Сақтардың өмір сүрген кезеңі қай дәуірге жатады?
A. Тас ғасыры
B. Мысты тас
C. Ерте темір дәуірі
D. Рулық қауым
9. Сақтар жылқыдан қандай сусын дайындады?
A. Қымыз
B. Айран
C. Шұбат
D. сүт
10. Парсы мемлекетінің ұлы патшалары?
A. Кир, Ксерекс, I Дарий
B. Абылай, Әбілхайыр, Жәнібек
C. I Петр, I Александр
D. Ашок, Чандрагупта
11. А.Македонский әскеріне қарсы соғысқан Орта Азияның ержүрек
тайпалары?
A. Сақтар, соғырлар, бактриялықтар
B. Вавилондықтар, египеттіктер
C. Хеттер, кушандар
D. Қытайлар, гректер
12. Б.з.б. 4 ғасырда сақтарға қауіп төндірген ұлы қолбасшы патша?
A. А.Македонский
B. Наполеон
C. Керей мен Жәнібек
D. Көшпелі өзбектер.
13. Сақтардың кезінде пайда болған қалалар?
A. Алтынтөбе, Ақтөбе
B. Күлтөбе, Шаян
C. Шірік – Рабат, Бәбіш Молда
D. Бадам, Келес
14. "Сақ" – сөзі Парсы жазбаларында қандай мағына берген?
A. Құдіретті еркектер
B. Азиялық скифтер
C. Жүйрік ат, тұлпар
D. Ежелгі сақ тайпалары
15. Шығыстанушы және Қазақстандық ғалымдардың пікірінше шошақ
бөрік киіп жүретін сақтар қай жерлерді мекендеген?
A. Қара теңіздің солтүстігінде
B. Арал теңіздің маңында
C. Мургаб аңғарында
D. Жетісуда

2-топ тапсырмасы: Сөз жұмбақ құру.
"Сақтар"

1. Томиристің ұлы?
2. Сақтардың б.з.б. VIII-VII ғасырдағы қарым-қатынас жасаған
мемлекет?
3. Шірік Рабат қаласының орны қай жерде?
4. Іле аңғарындағы оба?
5. Грек-Мокедон патшасы?
6. Сақтардың ержүрек батыры?
3-топ тапсырмасы: " Кім тапқыр? " ойыны.
Тірек сигналдарына, карточкаларына
шапшаң жауап беру.
1. "Жүйрік атты турлар"
2. "Апасиактар"
3. "Азиялық скифтер"
4. "Есік жазуы"
5. "Хаумварга"
6. "Тиграхауда"
7. "Парадарайа"

Карточкамен жұмыс.

Бағалау. «Ең үздік» ауызша сұрақтарға жауап беріп белсенділік көрсеткен
оқушы:
« Болашақ сақтар тарихын зерттеуші» - деректермен көбірек жұмыс істеген
оқушы:
«Үздік қол өнер шебері» бұйымдар мен жұмыс істеген оқушылар мадақталып,
бағаланады.
Үйге тапсырма беру.
Тарихи шығарма жазу.
Ұсынылатын тақырып.
1. «Кирдің сақ жеріне жорығы».

Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлы билері.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Үш жүздің билері Төле би, Әйтеке
би, Қазыбек би туралы білімдерін ортаға сала отырып, олардың шығармаларын
сын тұрғысынан бағалай білуге үйрету.
2. Дамытушылық: Аталмыш билер туралы білімдерін ұштастыру, жинақтау арқылы
оқушылардың ізденгіш, сөйлеу қабілеттерін арттыру.
3. Тәрбиелік: Шешен билер бойындағы асыл қасиеттерге тәрбиелей отырып, ақыл
парасаттыққа, әділдікке, шешендікке баулу.
Сабақтың көрнекілігі: Төле, Әйтеке, Қазыбек билердің портреттері, нақыл
сөздер, үлестірмелі карточкалар, буклеттер, слайд.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Әдіс - тәсілі: СТО стратегиялары: ой шақыру, топтастыру, еркін жауап,
дискуссиялық карта,5 жолды өлең, еркін жазу.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі (1минут)
А) Сәлемдесу
Ә) Оқушылардың сабаққа қатысымын, дайындығын тексеру.
Б) Оқушыларды топқа бөлу.

Мотивация кезеңі: (2 минут).
Қызығушылықты ояту
- Балалар, бүгін аптаның қай күні?
- Бүгін – сәрсенбі.
- Сәрсенбі қазақ халқы үшін қандай күн?
- Сәрсенбі қазақ халқы үшін сәтті күн деп есептеледі.
- Ендеше, мен сендерге жалпы бүгінгі күндерің сәттілікпен өтсін, сабағымыз
да сәттілікпен басталып, тек қана сәттілікпен аяқталсын демекпін.
Тақтада «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» деген сөз жазылады.
Осы сөйлемнен негізгі ойды таба отырып, жаңа тақырыпқа шығамыз.. Ендеше
бүгінгі тақырыбымыз: «Қазақтың ұлы билері».
Оқушыларға сабақтың мақсатын айтқызамын.

1. Ойшақыру (1 минут)
Үш жүзді басқарған қандай билерді білесіңдер? Оқушылар билерді өздері
атайды. Әр топқа әр бидің атауы беріледі.
Iтоп: Төле би ауылы
IIтоп: Қазыбек би ауылы
IIIтоп: Әйтеке би ауылы.

2.Топтастыру ( 5минут)
Үш топқа да бірдей «Билер» деген сөзді топтастыру тапсырылады. Осы сөзді
естігенде, ойларына қандай сөз келеді, соны топтап жазады.

Мысалы:
Әділ данышпан шешен беделді
Билер тапқыр ел құрметі адал ойланып сөйлеген
Еркін жауап (мағынаны тану, 12 минут)

А) Әр топ өздеріне берілген билер туралы ойларын ортаға салады, билердің
өмірбаянына қысқаша тоқталады.
Ә) Әр топ билерінің айтқан шешендік сөздерін
жатқа айтады. Өз билерінің шешендігін дәлелдейді.
Дискуссиялық карта ( 10 минут)
Ұлы билер қалдырып кеткен үлгі өнегенің қазіргі қоғамда әсері бар ма?
3. Бес жолды өлең ( 3 минут)
1. Төле би 1. Қазыбек би 1. Әйтеке би
Үйге тапсырма: ( 1минут)
1. «Шешен билер мәңгі біздің есімізде...» тақырыбына шығарма жазу.
2. Суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.
Астана қаласында орнатылған ескерткіш

Қорытынды кезең (3минут)
Бүгінгі сабақтан сен қандай әсер алдың?
Сабақ саған ұнады ма? Несімен ұнады?
Өзіңе қандай тәлім - тәрбие алдың?
Сабақта мақсатымызға жеттік пе?

Бағалау (2минут) Оқушылардың тиісті бағаларын қою.
Әр оқушының бағасын сипаттау, жақсы жақтарын атап өту.

Сабақтың тақырыбы: Ноғай Ордасы.
Сабақтың мақсаты: Тақырып тұжырымын түсіндіру.
Сабақ әдістері: АКТ, жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту, сыни тұрғыдан
ойлау, оқытудағы жаңа тәсілдер.
Күтілетін нәтиже: Оқушылардың өз бетінше жұмыс жасауға бейімделуі, ойлау,
сөйлеу, іздену қабілеттерінің дамуы, топта ашық ой - пікір қатынастарын
қамтамасыз ету, шығармашылыққа баулу.
Негізгі идея: Ноғай ордасы жайлы тарихи құжаттар, материалдармен жұмыс
жасай білуге баулу.

Ұйымдастыру. «Шабыттану» тренингі, топқа бөлу, ережелермен таныстыру.

Тапсырма көздері:
1 - ТАПСЫРМА. Тест (үй тапсырмасы «Темір мемлекеті» тақырыбына жасақталған
өз білімін
тексеруге арналған тест)
2 - ТАПСЫРМА. «Сөздер банкі – біздің тақырып» ойыны арқылы мәтін құрату.
Мұнда оқушылар банкідегі нөмірленген сөздерді ретімен қойып оқулықтан
мағынасын іздеп тауып, мәтін құрайды.
3 - ТАПСЫРМА. «Жылдармен сырласайық» Жылдар жазылған парақшаларды топтарға
таратып, сол жылдарда не болғанын таптыру.
4 - ТАПСЫРМА. «Тарихи диктант» Әр топқа парақшалармен мәтін беріп, түсіп
қалған сөздерді таптыру.
5 – ТАПСЫРМА.Білімді жүйелеу.Ауызша сұрақтар арқылы топтарды жарыстыру
6 - ТАПСЫРМА. Оқушыларға тақырыптан сұрақтар құратып, «Сұрақтар қоймасына»
салдыру.

Бағалау. Оқуды бағалау, топты бағалау.
Кейінгі тапсырма: Ноғай Ордасы, оқу, тест жасақтау.
1 - тапсырма. Өзін - өзі тексеру тестісі.

Темір мемлекеті
Әмір Темірдің әкесі кім?
А) Тоқтамыс В) Тарағай С) Ұрыс хан.
2. Әмір Темірдің шыққан тайпасы.
А) Барлас В) Қыпшақ С) Түрік
3. Әмір Темірдің өмір сүрген уақыты:
А) 1226 - 1305 В) 1336 - 1405 С) 1348 - 1405
4. Әмір Темірдің билік құрған уақыты:
А) 1370 - 1405 В) 1380 - 1405 С) 1390 - 1415
5. 1377ж. Сауранда Тоқтамыс кімнен жеңілді?
А) Ұрыс хан В) Темір - Мәлік С) Әмір Темір
6. 1391ж. шайқас қай жерде болды?
А) Құндызша В) Сауран С) Бұғым шатқалы.
7. 1372 - 1390жж. Әмір Темір Моғолстанға неше рет шабуыл жасады?
А) Бес рет В) Он шақты рет С) Он бес рет.
8. Ақ Орда мен Моғолстан Әмір Темірге қарсы одаққа қашан бірікті?
А) 1380ж. В) 1390ж. С) 1400ж.
9. Әмір Темір қай қалада қаза тапты?
А) Отырар В) Сайрам С) Сауран
10. Әмір Темір шапқыншылығының салдары қандай болды?
А) Халық қырғынға ұшырады, шаруашылық күйреді В) Гүлденді С) Мәдениет
дамыды.
2 – тапсырма. «Сөздер банкі – біздің тақырып»
1 - топ.
1. Ноғай ордасының құрылуы, 2. алғашқы алып жатқан жері, 3. солтүстік –
шығысында, 4. солтүстік - батысында, 5. солтүстік - батысында, 6.
оңтүстік - батысында, 7. Сарайшық қаласы,
8. Гүлденген дәуірі, 9. Қалада, 10. Алтын Орда дәуірінде 11. Қасым хан
тұсында, 12. Ноғай Ордасының аты 13. «маңғыт елі», 14. Едіге, 15. Нурад -
дин.
2 – топ. Қоғамдық құрылысы.
1. Едіге, 2. «беклер - бек», 3. Қоғамның жоғарғы сатысында, 4. Қол
астындағы рулар мен, 5. мұрагерлік, 6. Орданы басқарудың, 7. Этникалық
құрамы, 8. Ұлысты билеуші мырзалар,
9. Қарапайым халық, 10. ХІУ ғасырдың 90 жылдарында, 11. Шыңғыс әулетінен
хан, 12. Маңғыт елі, 13. 1396 - 1411жж, 14. Батыс Сібір ойпатына, 15. Жазба
деректердің мәліметі.
3 – топ.
1. Ноғай Ордасының ыдырауы, 2. 1550жылдар ортасында, 3. Оның ыдырау
кезінде, 4. Ал ХУІІ ғасырдың басында, 5. Алайда олар,6. Түркия мен Ресей
арасы, 7. ХУІІ – ХУІІІ ғасырларда, 8. ХУІІІ ғасырдың соңында, 9. Батыс
Сібір халқы, 10. Шыңғысханның жорықтарына байланысты, 11. Ұйытқысы
қыпшақтар болды, 12. Тобылдан Ұлытау, 13. 1428жылы, 14. Әбілқайыр қаза
болған соң, 15. Ибақ хан.
3 – тапсырма .«Жылдармен сырласайық» стратегиясы.
1. 1260 - 1306жж.
2. 1426 - 1440жж. 3. 14ғ. 90жж.
4. 1396 - 1411жж.
5. 1550ж.
6. 1428ж.
7. 1481 - 1484жж. 8. 1495ж.
4 - тапсырма. Тақырыптық диктант.
1 – топ.
Ибақ хан 1481 - 1484жылдары_____________________достық одақ құруға шарт
жасасып, келісімге келеді.

2 - топ.
Шоқан Уәлиханов алғашқыда қазақ
ханы________________________________________
Ноғай Ордасының бірқатар рулары Кіші жүз қазақтарының құрамында қалды.

3 - топ.
Батыс Сібір аймағында да түрік тілдес ру -
тайпалар_______________________________
бірлестіктеріне бөлінген.

5 - тапсырма. Жүйелеу стратегиясы.
«Көңілді викторина»
1. Ноғай Ордасының құрылуы туралы не білесіңдер?
2. Орданың орналасқан жері қайда?
3. Ноғай Ордасының этникалық құрамы қандай?
4. Орда қай ханның тұсында дәуірледі?
5. Тайбұғалықтар деген кімдер?
6. Ибақ хан қай әулеттен шықты?

6 - тапсырма. «Сұрақ қоймасын толтырайық?» ойыны.
Оқушылар тақырыптан сұрақтар құрап қоймаға салу арқылы сабақты аяқтайды.
Бағалау.
Рефлексия.

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы
Білімділік мақсаты: Абылайдың қазақ хандығының тәуелсіздігін сақтау
жолындағы сыртқы,ішкі саясат саласындағы тарихи еңбегін,мәмілегерлігін ашып
көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушыларға жоғарыда айтылғандарды өздігінен
ізденулеріне бағыт бағдар беру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушылар бойында Абылай хан тұлғасына,оның
кемеңгерлігіне, дипломатиялық шеберлігіне деген қызығушылық пен құрмет
сезімін қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Танымдық сабақ
Әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, топтық жұмыс
Көрнекілігі: Слайд,карта,тірек сызба,суреттер, буклеттер.
Пәнаралық байланыс: қазақ әдебиеті, математика
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
ІІ. Үй жұмысына арналған тапсырмалар
Тапсырмалар :
1.Қазақ-қалмақ қатынастарының қандай ерекшеліктері бар?
2.Патша үкіметі неліктен қалмақтардың Жоңғарияға көшуіне қарсы болды?
3.Ресей қалмақтарға қарсы қандай шаралар қолданды?
4.Қазақтардың Еділ қалмақтарын талдауда негізгі рөл атқарғанын қалай
түсінесіңдер?

[pic]
[pic]
[pic]
ІІІ . Жаңа сабақ
1. Абылай аса көрнекті саяси және мемлекет қайраткері .
2. Абылайдың ішкі саясаты
3. Абылайдың сыртқы саясаты
4. Абылайдың қазақ жерін біріктіру жолындағы күресі
5. Абылай хан саясатының бүгінгі күнмен сабақтастығы
6. Топтастыру
Абылай – қазақ феодалдық мемлекетінің бұрынғы шекарасын қалпына
келтіріп, өз хандығы кезінде елдің саяси - экономикалық дамуына түбірлі
өзгерістер енгізген атақты мемлекет қайраткері.
Орта жүздің сұлтаны Уәлидің баласы Абылай (Әбілмансұр) 1711жылы
дүниеге келген. Атасы Түркістан қаласының билеушісі (оның да есімі Абылай)
кейбір озбырлық әрекеттерінің нәтижесінде “қанішер” деген жағымсыз атқа ие
болған.
Абылайдың он үш жасында ауылын жау шауып, әке-шеше, туыстарынан
айырылған бала, әкесінің қызметшісінің көмегімен жаудан қашып құтылған. Ол
Сабалақ деген жасырын атпен жүруге мәжбүр болды.
Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Ол Шығыстың жеті тілін
білді. Он бес жасқа келгенде жоңғар қалмақтарының атақты батыры Шарышты
жекпе-жек ұрыс үстінде өлтіреді, оған “Абылайлап” ұран тастап “Абылай ”
деген жаңа атқа ие болады. Оған орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай атты
ірі руына басшылық ету сеніп тапсырылады.

[pic]

Абылайдың сыртқы саясаты өзінің икемділігі әрі алыстан болжайтын
көрегенділігімен ерекшеленеді. 1740 жылы тамыз айында Орта жүз ханы
Әбілмәмбет пен Абылай Орскіге келіп,Ресей империясының билігін мойындады.

Абылай өзінің негізгі күшін Жоңғар шапқыншылығын әлсіретуге бағыттады.
Қалдан Церен қайтыс болғаннан кейін мұрагерлер арасындағы тақ таласын
тиімді пайдаланып,олардан қазақ жерін қайтарып алды.
Жоңғар мемлекеті жойыла сала қазақ билеушілері мен Қытай үкіметі билігі
арасында жер қатынастарына байланысты дау туды. Қазақ басшылары Жоңғария
басып алған жердің өздеріне қайтарылуын талап етті.

[pic]

Бірақ Қытай үзілді-кесілді бас тартты. 1761 жылы Қытай боғды ханы
Аягөз өзенінің оңтүстік бөлігіне көшіп-қонуға тиым салды. Абылай
қытайлықтар мен келіссөз жүргізуді күшейте түсті. Соның нәтижесінде 1767ж
Қытай Тарбағатай аймағындағы және Іле өзені бойындағы жайылымдарды қайтарып
беруге мәжбүр болды.
Абылайдың қырғыздар мен де қарым-қатынасы күрделі болды. Қырғыз
жасақтары Жетісу жеріндегі қазақтардың малын барымталап, тыныштықтарын
алды.
Абылай екі рет шабуыл жасап, үшіншісінде келісімге келіп,қырғыз
манаптарының балаларын аманатқа алып,көптеген қырғыздарды айдап алып
келеді. Олардан екі болыс ел құрап,атығай руының арасына қоныстандырады.
Абылай ханның бұл шаралары қазақ –қырғыз шекарасында тыныштық орнауына
үлкен себепкер болды. Абылай хан қазақ халқының тарихында ерекше маңызды
орын алады.
Абылайдың күш-жігері ең алдымен күшті және тәуелсіз Қазақ мемлекетін
құруға жұмсады.
Топтастыру: ол қазақ даласында темір ұстаханаларын салудың бастамасы
болды.
Абылай хан ақын-жырау,әнші – күйшілер мен діни қайраткерлерге қамқорлық
жасап отырды. Қазақ халқының мерейі тасып, рухы көтерілді. 1781 жылы Абылай
хан Түркістанда қайтыс болды,оның денесі қасиетті Қожа Ахмет Яссауи
кесенесінде жерленген.
ІV.Қорытындылау: Қазақстан қалаларының басты-басты көшелері Абылай
ханның атымен аталады. Алматыда Қазақ мемлекеттік халықаралық қатынастар
және әлем тілдері университетіне Абылай ханның есімі берілген. Алматы мен
Көкшетаудың етегінде Абылай ханның құрметіне алып ескерткіш стелла
орнатылған. Бұл – халқының ұлы ханына берген әділ бағасы және көрсеткен
құрметі.
V. Жаңа сабақты бекіту.
Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы бойынша әр түрлі тапсырмалар:
І.Міндетті деңгейі: Проблемалық сұрақтар.
1. Қалдан Церен қай жылы қайтыс болды?
2.Қытай империясының билеушісі?
3.Жоңғария қай жылы талқандалды?
4.Абылай хан қай жылы жоңғарлардың қолында тұтқында болды?
5.Үш жүздің басын қосқан хан?
6.Жоңғар шапқыншылығы неше жылға созылды?
7.Абылай хан тұсындағы қазақ хандығының астанасы?
8.Абылай хан кезіндегі қазақ батырлары?
9.Абылай қайтыс болғаннан кейін хан тағына отырған ұлы?
10.Абылай хан атындағы республикамыздағы оқу орындары?

ІІ. Алгоритмдік деңгейі: Сандар сөйлейді (есептер шығару)
1. 808+903=
2. 535+536+70*10=
3. 500*2+70*10+40=
4. 500*2+391+390=
ІІІ. Эвристикалық деңгейі: Криптограмма шешу.
1. (Абылай хан – Жошы ханның ұрпағы)
1*3*37*16*1*13*30*1*18*10*20*34*37*30*1*18*18*37*19*27*23*22*1* 6*37
2. (Абылайдың бала кездегі лақап аты - Сабалақ)
1*3*37*16*1*13*7*37*19*3*1*16*1*14*8*11*7*8*5*38*16*1*15*1*22*1*25*37*24*1*3
*1*16*1*15
3. (Абылай ханның кеңесшісі- Бұқар жырау)
1*3*37*16*1*3*30*1*18*18*37*19*14*8*19*8*24*34*38*3*8*24*38*3*27**15*1*23*10
*37*23*1*26

ІV.Шығармашылық деңгейі: Көрініс көрсету.

Сөзжұмбақ:Абылай

1. Абылай ханның шын есімі?
2. Абылай бала кезінде кімнің түйесін бақты?
3 Абылайдың баласы, Хан Кененің әкесі?
4 Жоңғарияға елшілікке барған батыр?
5 Абылай тұсындағы қазақ хандығының ордасы?
6 Абылайдың атасының аты кім?
7 Абылайдың кеңесшісі?
8Абылай 15 жасында Жоңғардың қай батырын жеңді?
9 Жоңғар нойоны, Давацидің бақталасы?

| | | | | |

| | | Л| | | |

| | | Х | | |

| | А | | | | | |

| | | | | | | Н |
|1-топ: «Саясаттанушылар» | | | | | | |
|2-топ: «Әлеуметтанушылар» | | | | | | |

ІІІ. Бағалау. Өткен тақырып бойынша оқушылардың білімдерін тексеру
мақсатымен тест алу, қорытындысын шығару.
ІV. Қорытындылау.
Сабақты қорытындылай келе, оқушылардың сабақта көрсеткен білім
деңгейлерінің, қай топтың ұпайы жоғары болғандығының қорытындысы
шығарылады.
V. Үйге тапсырма беру: «Қазақстанның Ресей империясына қосылуы» тақырыбына
арналған эссе жазу. (ой-түйіндеме).

Сабақтың тақырыбы: Қазақ хандығының ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы экономикалық
жағдайы.
Сабақтың мақсаты:: Қазақ хандығы халқының негізгі кәсібі мал өсіру
болғанын, оның күнделікті тұрмыста пайдасын түсіндіру, сонымен қатар
егіншілік пен қолөнер кәсібінің даму ерекшеліктерін көрсету.
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың өз ойларын қорытып айтуға, өздігінен
талдауға, салыстырып айтуға дағдыландыру.
Тәрбиелік мақсаты: Өз халқын сүйіп, салт-дәстүрлерін танып қадірлеуге,
адамгершілікке, ұлттық сезімге тәрбиелеп, эстетикалық талғамдарын
қалыптастыру.
Сабақтың түрі: Ойын элементтерін пайдаланған дәріс сабақ.
Көрнекілігі: Карта, карточкалар, перфокарталар, суреттер, плакаттар, схема,
буклет, техникалық құралдар.
Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, көріністер арқылы көрсету, ұлттық
ойындарға саяхат, оқулықпен жұмыс.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. а) «Бәйге» - Үй тапсырмасын сұрауды қазақтың
«Бәйге» ойынымен бастаймыз. Қазақ хандығының басқару жүйесі туралы
сұрақтар қойылады. Қойылатын сұрақтар:
1. Қазақ хандығының құрылысы бастапқы кезде (ХV-ХVІ) қанша сатыдан тұрды?
2. Ауыл деген не?
3. Ата-аймақ деген не?
4. Ру
5. Арыс
6. Ұлыс
7. Жүз
8. Хандық
а) Жамбы ату. Тақтаға: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз деген сөздер жазылады.
Оқушылардың әрқайсысында сигналды карточкалар – а,ә,б. Берілген сұраққа
сәйкес жауаптың белгісін көтереді.
ә) Жалайыр, албан, суан, дулат, сары үйсін, сіргелі, ысты, ошақты,
шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары қай жүзге енеді?
б) Адай, алшын, жаппас, беріш, табын, тама, керей, жағалбайлы, телеу,
рамадан ше?
«Пиктограмма» ойыны. Карточкалық жұмбақ бейнелер. Карточкаға асықтың,
ханның, жиналған халықтың суреті жапсырылғанда, сұрақ белгісі қойылады.
Бірінші карточкада қандай дәстүр жұмбақ түрінде көрсетілген?
Екінші карточкадағы хан бейнесі арқылы не көрсетілген? – Оқушы жауабы:
Менің ойымша, бұл жұмбақта қазақ ханы болып малы көп шонжар-сұлтандар
сайланатыны, т.б. әңгімеленген.
Үшінші карточкада не жұмбақталған? – Оқушы жауабы: Мұнда меніңше, ХVІ-ХVІІ
ғ. Қазақ хандығындағы халықтың әлеуметтік құрамы көрсетілген.
ІІІ. Жаңа сабақ.
Сабақ жоспары.
1. ХVІ-ХVІІ ғасырлардағы қазақтардағы шаруашылық
2. Көш
3. Қалалардың жағдайы
ХVІ-ХVІІ ғасырларда Қазақ хандығындағы шаруашылықтың негізгі басты саласы
көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы болды. Көшіп-қону
жайылымдарды дұрыс пайдалануға мүмкіндік берді. Рулардың өзінің көші-қон
жолдары болды. Маусымды жайылым төрт кезеңге бөлінді. Олар қыста –қыстауға,
жазда-жайлауға, көктемде-көктеуге, күзде-күздеуге қоныс аударды. Мұның бәрі
халық тәжірибесінен туды.
ІV. Тірек-схемамен- көрсету.

Дүние жүзінде ең көп тараған малдың бірі-қой, себебі тек пайдалы
жүн, ет, тері беретінінен бұрын ол көнбіс, табиғаттың түрлі талқысына
шыдамды. Ғалымдар шөптің 800-ге тарта түрі бар десе, соның қой малы 520-сын
жейді екен.
V. Дәптермен жұмыс.
Жер-судың ыңғайына қарай жайлау мен қыстаудың ара қашықтығы әр түрлі
келеді. Таулы жерлерде жайлау жақын болады. 100 шақырымнан аспайды.
Жартылай көшпелі немесе отырықшы шаруашылықтың көші-қоны 20-30 шақырымдай.
Ал тегіс даланы мекендеген қазақтардың жайлауы мен қыстауының арасы 600-
700 шақырымнан асады.
Көктеу – көктемгі көш, малдың төлдеу мерзіміне сәйкес келеді.
Жайлау – жазғы көш, мамыр айының басында басталады. Күніне 15 шақырымнан
жүріп, жайлауға айдан астам уақыт жүріп жетеді.
Күздеу – күзгі көш, суық басталысымен көшеді. Көзгі көш күніне 25-30
шақырым жол жүреді.
Қыстау – қысқы көш, қарашаның ақырғы күндері қар жауып, мұз қата
бастағанда көшеді.
VІ. Суретпен жұмыс.
«Көктемгі көш». Суретті әңгімелей отырып, қой мен ешкіден – жүн, түбіт,
жылқыдан-қыл, түйеден – шуда алынатынын айту.
Көктемгі көш – наурыз айының аяғында қазақ ауылы қыстаудан көктеуге келеді.
Қойдың қозыларын аман сақтап қалу-малшы ауылдардың тіршілігіндегі ең
жауапты кезең. Мал төлдегенде ауыл адамдары шаруаға түгел жұмылады.
Көген – ешкі мен қой жүнінен жылқы қылын араластырып ескен желі арқан,
ұзындығы 25-30 метрдей болады.
Неге қой-ешкі сөз тіркесінде ешкі екінші орында?
Төрт түлікке байланысты қандай мақал-мәтел, жұмбақ, жаңылтпаш білесіңдер?
Қой қырқу, текемет басу туралы әңгімелеу.

VІІ. Видеотаспа.
«Жазғы көш». Жайлауға келгесін маусым айының аяғында қозы бірінші рет
қырқылады. Қозыны қырқудың алдында барлық қоймен бірге бір-екі рет суға
тоқытып алады. Қой тоғыту малдың денсаулығын күшейтуге, тәбетінің артуына,
денесіндегі жарақаттың тез жазылуына, жүннің жақсы өсуіне дұрыс әсер етеді.
Қозы күзем, тоғыту туралы әңгімелеу.
VІІІ. Оқулықпен жұмыс.
«Күзгі көш».
Мәтіннен не ұғындың?
Қарашаның аяғында суық түсісімен соғым сойылады. Солтүстікте соғымды
көбірек, ал оңтүстікте азырақ сояды, бірақ көбінесе соғым отбасының
дәулетіне, ауқаттылығына байланысты. Соғымға малдың барлық түрінен сояды.
Ірі байлар10-15 жылқы, 2-3 түйе, 30-35 қой-ешкі сойған. Ірі малды сойғасын
етін сүйегінен бөліп алады, етін сақтап, қалған сүйекті сабын қайнатуға
пайдаланған.
ІХ. Театрландырылған қойылым.
«Қысқы көш»
Х. «Көш» ойыны.
Тақтаға жүк артқан 5 түйенің көші ілінеді. Бірінші түйенің жүк салған
қомында мынадай тапсырма бар:
- Сығанақ, Иасы (Түркістан), Сауран, Сайрам, Отырар, (Фараб) қалалары
туралы өткен тақырыптардан не білесіңдер? Мына суреттерден осы
қалаларды табыңдар.

Оқушылар жауабы:
1-оқушы.Сауран – ХVІ ғ. Мұнаралы биік қамал қабырғалы, терең ор қазылған
қорғаныс жүйесі. Оның тербеліп тұратын мұнаралары болған. Сауран қаласы
үшін өзбек пен қазақ хандығының арасында 1 ғасырға созылған қанды
шайқастар болған. ХVІ ғ. Сауран Қазақ хандығына түпкілікті өтті.
2-оқушы. Сайрам-мықты бекініс, ірі сауда-өнеркәсіп орталығы. Мәуреннахрдан
Түркістан мен Жетісуға шығатын сауда және әскери жолдардың торабына
орналасқан қала. Бұл қала ХVІ- ХVІІ ғ. Қазақ хандығының қоғамдық,
әлеуметтік-экономикалық өмірінде басты орын алады.
3-оқушы. Сығанақ – алғашқы қазақ билеушілерінің астанасы. ХVІ- ХVІІғ қазақ
хандығының астанасы, діни орталығы.
4-оқушы.Иасы – ХІVғ бастап Түркістан атанды. Қала ХVІІ ғасырдың ІІ
жартысында Қазақ хандығына өтті.
5-оқушы.Отырар – Оңтүстік Қазақстан жеріндегі ірі сауда-өнеркәсіп орталығы.
Тарихи деректерде 8 ғасырдан бастап Тарбанд атауымен белгілі.
Деректемелерде Тұрар, Фараб, Тұрарбанд деп бірнеше атпен белгілі.
Сабақты қорыту:
Бүгінгі сабақтан қандай қорытынды жасайсыңдар?
Өздеріңе қажетті ақпарат алдыңдар ма?
Оқушылар өз ойларын айтып шығады.
Үйге тапсырма:
«Қазақтың ұлттық салт-дәстүрлері» тақырыбына эссе жазу.

Сабақтың тақырыбы: XVIII-XIX ғасырлардағы Қазақстандағы ұлт-азаттық
көтерілістер.

Сабақтың мақсаты: Осы тақырып бойынша оқушылардың алған білімдерін бекіту,
тиянақтау.
Сабақтың дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білімін пайдалана алу біліктерін
қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Топпен жұмыс істеуге дағдыландыру, ұжымшылдыққа икемдеу.
Сабақтың көрнекілігі: Слайдтар, карта, суреттер, сызбалар, әдеби оқулықтар,
ватман, стикер, маркер, т.б.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: Топпен жұмыс. СТО технологиясының элементтерін
қолдану (сұрақ-жауап, постер қорғау, мәтін мен жұмыс, кластер жасау,
деректер мен жұмыс).
Сабақтың түрі: Қайталау сабағы.

Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардың сабаққа жұмыс істеуге дайындау, олардың назарын сабаққа
аудару. Оқушыларды 3 топқа бөліп, оларға әр-түрлі тапсырмалар беріледі. Әр
топ өздерінің топтарының атын қояды.

Сабақтың жоспары: І. «Өткел».
(Шарты: топтық сұрақтарға жауап беру).
ІІ. «Самғау».
(Шарты: көтерілістің алғы шарты, сипаты қозғаушы күші, мақсаты туралы)
Постер қорғау.
ІІІ. «Тарихи тұлғалар сөйлейді».
(Шарты: тұлғалардың өмірі туралы айтып беру).
ІV. «Шарықтау кезеңі».
(Шарты: Шарты: ұлт-азаттық көтерілістің негізгі оқиғалар туралы) Кластер
қорғау.
V. Ситуациялық сұрақтар.
(Шарты: ауызша сұрақтарға жауап беру).

І. «Өткел».
(Шарты: топтық сұрақтарға жауап беру)

«Тарихшылар» тобы:
1. Бөкей Ордасы Қазақстанның қай жерінде орналасқан?
2. 1836-1838 жж Бөкей Ордасындағы көтерілістің негізгі қозғаушы күші
қандай әлеуметтік топ болды?
3. К.Қасымұлы туралы еңбегі үшін 25 жылғы сотталған тарихшы ғалым кім?
4. «Абылай атам қоныс еткен жерлер үшін күресемін» деп ашық айтқан кім
еді?
5. Кенесары туылған жер?
6. Бөкей Ордасының ханы?
7. Исатай қаза болған шайқас?
8. Ұлы жүзбен орта жүздің бір бөлігі Кенесары тұсында қай хандыққа
қарады?
9. Кенесарының көтерілісі қамтыған аймақ?
10.С.Датұлы көтерілісіне қатысқан рулар?

«Тапқырлар тобы».
1. Нұралыны хан тағынан айырған кезең?

2. Нұралы қай жылы дүние салды?

3. 1802 ж дүние салған қолбасшы, батыр?

4. Сырым әрі батыр, ....

5. 1836-1838 жж көтеріліске қатысқан рулар?

6. Жәңгір ханның ордасы орналасқан жер?

7. Сырымды қуғындаған сұлтан?

8. Сырым қай хандыққа өтіп кетті?

9. Кенесары көтерілісіне қанша би қатысты?

10. Кенесары көтерілісінің қозғаушы күші?

«Зерттеушілер тобы».
1. Қазақтың соңғы ханы?
2. Кенесары қолдаған батырлар?
3. Бөкей хандығы қай жылға дейін сақталды?

4. Кіші жүздің иеленген жері қанша шақырымға созылды?

5. Жәңгір хан қандай тілдерді меңгерген?

6. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысқан рулар?

7. Жәңгір ханның қайын атасы?

8. Әрі батыр, әрі ақын?

9. Махамбетті ұстап беруге, басына тіккен сйыақы мөлшері?

10. Кенесары хандығының ішкі құрылысы қандай болған?

ІІ. «Самғау».
(Шарты: көтерілістің алғы шарты, сипаты қозғаушы күші, мақсаты туралы)
Постер қорғау.

ІІІ. «Тарихи тұлғалар сөйлейді».
(Шарты: тұлғалардың өмірі туралы айтып беру).

1.Сұлтан Кенесары 1802 ж Көкшетау дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел
баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы
Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген
болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған
әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан
батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен танылды. Оның бойында
ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. Л.Майер
«Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Кенесары сұлтан дәулетті: оның
жеке иелігінде 6 мыңға дейін жылқысы мен 2 мыңдай ұсақ малы болған.

Замандастырының сипаттауына қарағанда, ол ашаң жүзді, орта
бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп
тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының
пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді.
Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық
тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын.

2. Халық көтерілісін елге белгілі беделді батырлар Исатай Тайманұлы (1791-
1838) мен Махамбет Өтемісұлы (1804-1846) басқарды. Оның екеуі де беріш
руының Жайық атасынан болатын. Исатай Тайманұлы 1791 жылы дүниеге
келген. 1808 жылы Жайықтың сол жағалауында қатты ашаршылық болған кезде
оның руы қолайлы жағдай іздеп, Ішкі Ордаға өтіп кетуге мәжбүр болған еді.
Исатай 21 жасында өз руының Жайық атасына старшын болып тағайындалады. Ол
өз қандастарының арасында орасан зор бедел мен сый-құрметке бөленді.

3.Исатай Тайманұлының ең жақын серігі ақын Махамбет Өтемісұлы болды. Ол
татар және орыс тілдерін жақсы білетін. Біраз уақыт Орынбор қаласында
тұрған.
Махамбеттің патша әкімшілігінің қолшоқпары хан, сұлтандар мен оның
төңірегіндегілердің озбырлығын айыптайтын жалынды жырлары барлық қазаққа
таныс.
«Өздеріңдей хандардың,
Қарны жуан
билердің
Атандай даусын ақыртып,

Лауазымын көкке шақыртып,
Басын кессем деп едім,

Еділдің бойы ен тоғай,

Ел қондырсам деп едім,
Жағалай жатқан сол елге

Мал толтырсам деп едім!», -

деп Махамбет халық-азаттық күрестің мақсаты туралы шабыттана жырлады.

4. Көтерілістің басшысы Сырым Датұлы 1742-1802 жылдар аралығында өмір
сүрген. Зерттеулерге қарағанда Батыс Қазақстан облысы Тайпақ ауданында
дүниеге келген. Қазақ халқының өте тапқыр, көрнекті шешендерінің бірі.
Сырым Датұлы Ресей патшасының, оның осы өңірдегі хандары мен
сұлтандарының қарапайым халыққа көрсетіп отырған озбырлығына наразы
болды. Орынбор генерал-губернаторына жазған бір хатында: «Сіздер түрлі
әдіспен қолға түсірген ноғай, башқұрт халықтары секілді бізді де езбекші
екендеріңіз белгілі». Сондықтан да мен патша үкіметімен, хан-сұлтандарға
наразы шаруаларды төңірегіме топтастырдым. Салық бермесін, ханға
сенбесін, сұлтандарға ермесін халық өзін-өзі қорғасын деген ұранмен патша
үкіметіне қарсы шықтым.
ІV. «Шарықтау кезеңі».
(Шарты: ұлт-азаттық көтерілістің негізгі оқиғалар
туралы) Кластер қорғау.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

V. Ситуациялық сұрақтар.
(Шарты: ауызша
сұрақтарға жауап беру).

1.Ұлт-азаттық көтеріс дегеніміз не?

2.Соғыс деп нені айтамыз?

1.Кенесары туралы ақын-жазушылардың еңбектері туралы не білесің?

2.Ұлт азаттық көтерілістердің жеңілу себебі?

1.Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістерді ата?

2.Кенесарының атақты батырлары.

Бағалау. «Шыңға шығу». Жеңімпаз топтар марапатталады.

Үйге тапсырма: «Сырым, Махамбет пен Исатай, Кенесары батырлары» туралы
реферат жазу.

-----------------------
А

С

қ

Т

А

Р

№ 1 карточка

• Құрбандық дегенді қалай түсінесің?
• Қазіргі тұрмыста "құрбандық" деген сөз қолданыла ма?

№ 2 карточка
• Сақ әйелдері туралы не білесің?
• Әйелдер "халық жиналысына " қатысуға құқылы болды ма?

№ 3 карточка
• Қолға түскен тұтқын не болды?
• Сақтар өлген адамды қалай жерлеген?

№ 4 карточка
• Сақтарды үстем тап өкілдеріне кімдер жатты?
• Жерде қандай меншік орнады?

№ 5 карточка
• Сақтардың түрі-түсі қандай "нәсілге " ұқсас болған?
• Қандай нәсілдерді білесің, олар неше топқа бөлінген?

№ 6 карточка
• Сақтар қай өзендердің бойында мекендеген?
• "Қазақ" сөзінің шығу (төркіні) тегі?

Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясатына ықпал етуші факторлар

Патша үкіметінің Қазақстандағы қоныстандыру саясаты қандай саяси-әлеуметтік
проблемаларға алып келді?

ХVІ-ХVІІғ.
қазақтардағы шаруашылық

Исатай мен Махамбет бастаған көтеріліс

С.Датұлы бастаған көтеріліс

Кенесары бастаған көтеріліс

Көшпелі Қазақстанның оңтүстігі,оңтүстік-батыс,оңтүстік-шығыс,орталық
Қазақстан аймағында

Жартылай көшпелі(аздап егін шаруашылығымен айналысатын)

Отырықшы (егіншілікпен айналысатын).Оңтүстік Сырдария,Ертіс,Талас, Шу, Іле
өзендерінің бойы

Ұқсас жұмыстар
Тарих сабағында оқытудың инновациялық әдістерін тиімді қолдану жолдары
Информатика сабағында жаңа инновациялық технологияларды пайдалану үрдісі
Сыни тұрғысынан ойлау қалыптасқан ортада оқушы
Білім технологиялары
Электрондық оқулықтардың дарынды оқушылармен жұмыс жасауда қолданылуының тиімділігі
Физикада инновациялық технологияны пайдалау
Әдістемелік құрал
Физика сабағында оқытудың ақпараттық-коммуникациялық технологияларын пайдалану
Математиканы оқытудың әдістері
Дене мәдениетін қалыптастыру
Пәндер