Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тақырып Құстар-біздің досымыз

БҚО, Орал қаласы, №35 «Шұғыла»
бөбекжайы МКҚК-ның тәрбиешісі
Татпанова Жадыра Тұрарбекқызы

Білім беру саласы: Қатынас , Таным Шығармашылық
Бөлімі: Жоба
Түрі: аралас
Тақырыбы: «Құстар-біздің досымыз»
Құзыреттілікке жеткізетін мақсат міндеттері:
Білімділік: Құстар туралы білімдерін жетілдіру,Құстардың пайдасы тіршілігі
туралы түсінік беру.Үй құстарымен дала құстарын ажырату.
Дамытушылық: Балалардың ойлау қабілеттерін дамыту,Өз бетімен жұмыс істеуге
машықтандыру,суреттер бойынша сұрақтарға толық жауап беріп тілдік қорын
дамыту.
Тәрбиелілік: құстарға қамқорлықпен қарап, табиғатты қорғап жанашырлықпен
қарауға тәрбиелеу,
Ұйымдастырылыған оқу іс-әрекеттің түрі: ойын
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қолданылатын технологиялар:оқыту, дамыта
оқыту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қолданылатын әдіс-тәсілдер: сөздік, ойын
түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап,,топпен жұмыс.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыстар; көрнекіліктер дайындау,құстар тақырыбында
топты безендіру.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту Қоршаған ортамен танысу.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қолданылатын көрнекі құралдар; табиғат
суреттер, бейне таспа,құстар ,үлестірмелі материалдар,
Билингвизм: Құстар-птицы- birds ,Торғай-воробей- sparrow сауысқан-
сорока-magpie ,Тоқылдақ- дятел- woodpecker6 қарға-ворона- crow6 Көгершін-
голубь- pigeon Тауық-курица- hen әтеш-петух- cock
Қыс-зима-winter
Балаларды шаттық шеңберге тұрғызып,
Армысың алтын күн!
Армысың көк аспан!
Армысың мейірімді жер!
Армысың менің достарым
Сіздерді көріп қуанам!
-Мен бүгінгі күн ананаң алақанындай жылулық сыйласын деймін. Көтерінкі
көңіл күй тілейміз.
-Балалар қолдарыңнан ұстар тұрғанда нені сезіп тұрсыңдар?
Балалар: -жылулықты сезіп тұрмыз.
-Олай болса жылуымызды сыйға тартамыз,
(балалар назарын слайдқа аудару)
-- (сурет бойынша әңгіме слайд)
-Балалар қазір қандай мезгіл?
-Қыс мезгілі
-Қыс мезгілін үш тілде айтайықшы?
Қыс-зима-winter
-қыс мезгілінде күн аяз, салқын болады........
-Қыста қандай өзгерістер болады?
-қыс мезгілінде қандай ойындар немен ойнайсыңдар?
-мәнерлеп сырғанау,шанамен ойнаймыз,........
-Шана туралы кім тақпақ айтады?
Дария: жарыспақшы көп шана
Жаңа шана көк шана
Сенбір жүйрік оқ шана
Саған жетер жоқ шана,
Сыйласатын кез шана
Саған айтар сөз шана
Мені жығып кетсең де
Барлығынан оз шана.
Жарайсыңдар балалар!
-Қыста құстар қай жаққа ұшып кетеді?
-Құстар жылы жаққа ұшып кетеді.
(слайдтан сурет көрсетіледі)
-Оларды жыл құстары деп атаймыз.
-Ал қандай құстар қыстап қалады?
-Көгершін,Сауысқан, Қарға, суық торғай,тоқылдақ
-Дұрыс айтасыңдар!
Үш тілде қайталайық. ,
Торғай-воробей-
sparrow, сауысқан-сорока-magpie,
Тоқылдақ- дятел- woodpecker, қарға-ворона- crow,
Көгершін-голубь- pigeon, Тауық-курица-
hen, әтеш-петух- cock
Құстардың қандай пайдасы бар? -

-құрт құмырсқа жәндіктерден табиғатымызды қорғайды екен,
Ал мыналар қандай құс?
-үй құстарын сурет бойынша атайды,
-олар үй құстары деп аталады
-Үй құстары олардың пайдасы қандай?
(үнтаспадан құстар даусын тыңдату,дала құсы мен үй құсын ажырату.),

-Балалар құстар шиқылдап жатыр.
- (данышпан қарға сөйлейді)
-Саламатсыңдар ма,балалар!
-сендерге мен құстарымды жібердім менің сендерге қояр тапсырмаларым бар,
сол тапсырмамды орындасаңдар сиқырлы ағашымнан сендерге арналған
сыйлығымды беремін,
1-тапсырма

Маған үй құстары мен дала құстарын ажыратып бересіңдер ме?
(суреттерден үй дала құстарын ажыратады)
-Қарға жарайсыңдар балалар!
-Ал балалар құстарға арналған тақпақ білесіңдер ме?
-Қадыр МырзаӘлидің құстарға арналған тақпағын айтып берейік,
« Шымшық» (Қадыр Мырза Әлі)
Шымшықтың әр тырнағы

Құдды шабаққармақтай,

Бар тұлғасы,болғаны,

Бармақтай-ау, бармақтай!
«Кептер» (Қадыр Мырза Әлі)
Кептер деген осы құс,
Қиын кезде досымыз
Әрліберлі хат тасып,
Ұшқан талай асығыс
Қарға; жарайсыңдар өте ақылды білгір балалар екенсіңдер!
Тәрбиеші; -балалар алақандарыңа құс келіп қонса қалай баптар едіңдер?
Балалар: - қолыма құс келіп қонса***********
-қолыма құс келіп қонса*********
-балалар жауаптары тыңдалады
(алақандарына құс балапан мен тотықұс қою)
-жарайсыңдар балалар!
-Өте жақсы жауап бердіңдер!
-құстарды осылай қамқорлықпен жанашырлықпен қарауымыз керек.
Ал біздің топқа да көптеген балалпандар келіпті, би билегілері келеді кәне
билеп жіберейік,
(билеп шығармашылық орталығына келеді)
-балалар сендер достарыңның көп болғанын қалайсыңдар ма? Олай болса
өзімізге достар тауып алайық.
Қарға; мен сендерге ризамын сендер білімдісіңдер!
Менің сендерге сыйлығым бар!( ағаштағы түрлі-түсті жарықтар жанады)
Балалар:- сиқырлы жарықтарға таңдана қарайды.
Тәрбиеші: - міне балалар қарғаның сиқырлы ағашынан сыйлығымызды алайық,.
(сыйлығын үйлестіреді)
Балалар сендерге ұнады ма?
Балалар: -Не ұнағандарын айтады.
-Біздер қандай тапсырманы орындадық?
-қарғаның берген тапсырмаларын орындадық.
Құстарға үнемі қамқорлықпен қарауымыз керек

Ұқсас жұмыстар
Құстар біздің досымыз
Жабайы құстар. Аралас сабақ
Құстар- біздің досымыз Құстар туралы
Артық болмас білгенің Қызыл кітапқа енген құстар
Балалар қандай құстардың дауыстарын естіп тұрсыңдар
Құстың балапаны
Қанатты достар
Құстар-біздің досымыз туралы
Құстар бізде қонақта
Негізінен құстарға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу
Пәндер