Сабақ жоспары :: Музыка

Файл қосу

Қазақстандағы балет өнері



Қызылорда обылысы
Қазалы ауданы
Абай ауылы
Музыка пәні мұғалімі:Нұрсұлу Рахманберген

Сабақтың тақырыбы:Қазақстандағы балет өнері.
Сабақтың мақсаты:Білімділік.Оқушыларға балет өнері туралы мағұлматтар бере

отырып музыкалық танымдарын кеңейту.

Дамытушылық:Оқушылардың өз ойларын
жеткізе білу қабілеттерін
дамыту.
Тәрбиелік:Оқушыларды бірін-бірі тыңдай
білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:Аралас сабақ.
Әдісі:СТО бағдарламасы.Венн диаграммасы,бес жолды өлең,ассоциация,топтық
тапсырмалар.
Көрнекілігі:Интерактивті тақта,үнтаспа,баян аспабы.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет,өнер.
Барысы:Ұйымдастырушылық кезең.
Оқушылармен диалог түрінде амандасу.
Оқушылар:Сәлем сізге,сәлем сізге,мұғалім.
Мұғалім:Амансың ба,оқушыларым,
Қал-жағыдайың жақсы ма?
Ән сабағы басталады
Бар ма оқу,құралың?
Оқушылар:Ән сабағы басталады
Ән айтуға біз дайын!
Мұғалім:Жарайсыңдар оқушыларым
Ал бастайық сабақты
Оқушылар.До,ре,ми,фа,соль,ля,си,до
До,си,ля,соль,фа,ми,ре,до.
Жаңа сабақ
А)Қызығушылығын ояту.
(Төмендегі ребусты шешсе жаңа сабаққа арқау болатын сөз шығады)

|Б |
|А |
|Л |
|Е |
|Т |

1.Ерлердің жуан даусы.
2.Операдағы жеке ән.
3.Операның мәтіні.
4.«ҚызЖібек»операсын
жазған композитордың аты.
5.Ерлердің жіңішке даусы.
Балет сөзіне ассоциация құру
Ә)Мағынаны тану
Балет-театр өнерінің бір түрі.Мазмұны музыкалық-хореографиялық образдар
арқылы беріледі.(Интерактивті тақта арқылы суреттер көрсетіледі) Балет
өнері пайда болғаннан бастап бүгінгі кезге дейін ғасырлар бойы
дамып,өзгеріп келеді.
Әр топ сұрақтарға жауап береді.
1-топ.Неге біз ән сабағында балет өнері туралы айтып жатырмыз?
2-топ.Музыка мен хореография байланысы?
3-топ.Композитор мен балетмейстр байланысы?

Қазақ халқының алғашқы ұлттық балеті- «Қалқаман-Мамыр»деп аталады.Бұл
балетті В.Великанов 1938 жылы жазған.

[pic]

Ән үйрету
«Бейбітшілік сақталады»
Өлеңі:Н.Шәкенов Әні:Ә.Еспаев
Сергіту.”Қыз қуу” ойыны.(Ойын арқылы нота сауаттылығын тексеру)
Ой-толғаныс.
І топ
Балет сөзіне бес жолды өлең.
ІІ топ
Венн диаграммасын құру.
ІІІ топ
«Білемін,білдім,білгім келеді.»кестесін толтыру.
Сабақты қорытындылау.(Ұяшықтардағы сұрақтарға жауап беру)
Үйге тапсырма.
1.Балет өнері туралы мағұлматтар жинап келу.
«Бейбітшілік сақталады» әнін жаттау.

-----------------------
Қазақ
балеттері

«Қозы Көрпеш-баян сұлу»
Брусиловский

«Әлия»
М.Сағатов

«Қаракөз»
Ғ.Жұбанова

«Ақ құс туралы
аңыз»
Ғ.Жұбанова

«Чинтөмір»
Қ.Қожамияров

«Ақсақ құлан»
А.Серкебаев


Ұқсас жұмыстар
Өнер және бейнелеу өнері
Қазақстанның сәулет өнері. Әсем Астана
Қазақстандық калмыков. етістіктің шақтарын қайталау
Оған қазақ халқының сазсырнайы мысал
Әйгілі вена опералық театр
Қазақтың мемл
Қазақстанның фортепионо өнері
ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ халқының материалдық мәдениеті
Ақыл, қайрат, жүректі тең ұстаған мұхтар арын
Тақырып - Моңғол шапқыншылығы
Пәндер