Электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері

Искакова Дана Манаповна,

Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, (қазақ тілінде оқытылатын) дарынды балаларға арналған №3 облыстық мектеп-интернатының химия пәнінің мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Электрохимиялық кернеу қатары. Металдардың химиялық қасиеттері.

Мақсаты: Металдардың химиялық қасиеттері электрохимиялық кернеу қатары жайлы түсініктерін дамыту, функционалды сауаттылықтарын жетілдіру, сындарлы ойлау дағдысын арттыру.

Жұмыс нәтижесі:

Металдардың химиялық қасиеттері жайлы білім қорлары кеңейеді, электрохимиялық кернеу қатарын пайдалана біледі, химиялық тіл және химиялық сауаттылық жетіледі.

Сілтеме: Химия. Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық /Ә. Н. Нұрахметов, К. Жексембина, Н. Заграничная, Ә. Е. Темірболатова, К. А. Сарманова Алматы: «Мектеп» баспасы 2013.

Химия. Әдістемелік нұсқау/ К. Жексембина, Ә. Н. Нұрахметов. - Алматы: «Мектеп» баспасы. 2013.

Негізгі идеясы: Химиялық реакцияларда металдар өздерінің валенттік электрондарын беріп, тотықсыздандырғыш болатынын түсінуі, алған білімдерін тапсырма орындауда қолдану мүмкіншіліктерінің кеңеюі.

Қолданылған әдістері мен тәсілдері: Диалогты оқыту: сұрақ қою, әңгімелесу;

Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету: тест жұмысы, танымдық тапсырмалар .

Оқуды және оқыту үшін бағалау: смайлик, қол шапалақтау.

АКТ-ны қолдану: таныстырылым жасау, танымдық тапсырмалар, зертханалық жұмыс.

Ынтымақтастық және топтағы бірлескен жұмыс.

Ресурстар: компьютер, проектор, интерактивті тақта, флипчарт қағаздары, түсті қағаз, маркерлер, дидактикалық таратпа материалдар, желім, қайшы, зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар.

Сабақтың өтілетін уақыты: 45 минут

Сабақ жоспары:

Ұйымдастыру: жағымды психологиялық көңіл-күй орнату, топқа бөлу, мақсат қою.

Сабақ барысы : Блум таксономиясы бойынша

Рефлексия.

Үйге тапсырма: ОК §30 № 8, 9

1. Қазақстан металлургиясының дамуына баға жетпес үлес қосқан ғалым Сатпаев Қаныш Имантайұлының еңбектері жайлы мәлімет жинақтау.

2. Эссе жазу:

«Ағза толған химиялық элемент,

Біліп алғың қызметін, неткен олар керемет!».

Блум таксономиясы бойынша сабақ барысы:

Білу кезеңі:

Үй тапсырмасы: Өткен сабақ бойынша білім-біліктерін қайталау.

«Миға шабуыл».

Металдар және олардың физикалық қасиеттері бойынша жабық сұрақтардан құралған тест сұрақтары:

1. ПЖ-дағы металдар саны -

2. Электрөткізгіштігі жоғары металл -

3. Ең жеңіл металл -

4. Адам алақанының қызуында балқитын металл-

5. Ең қиын балқитын металл-

6. Ең ауыр металл -

7. Ең қатты металл -

8. Иілгіштігі жоғары металл -

9. №13 металдың электрон қабатының саны -

10. Организмдердің тіршілігіндегі маңызды элементтер -

. . .

Шығармашылық тапсырма.

Мәлімет жинақтау «Ғасырға атау болған металдар сыры». Металдардың физикалық қасиеттері тақырыбы бойынша білімдерін жаңғыртады.

Адамзат қоғамының дамуындағы металдардың маңызын дәріптейді.

Түсіну кезеңі: Оқулықтағы мәтінмен жұмыс. Оқулық бойынша топтық жұмыс\мәтінмен жұмыс, түртіп алу.

Жекелей, жұптық, топтық талқылау.

Мәтінмен топтық жұмыс жүргізе отырып, талдау жасап, оқулықтағы мәтінді игереді.

Қолдану кезеңі: Білімдерін тапсырма орындау барысында тиімді пайдалану

(оқулықта берілген сұрақтар, жаттығулар және есептер бойынша жұмыс жасау) . Топтық тапсырмалар:

1. Мыс хлоридінің ерітіндісіне массасы 5, 6 г темір пластинкасын салды. Темір толық еріді. Бөлінген мыстың массасы қандай?

Талдау кезеңі: Білімді зерделеу. Реакциялардың жүру мімкіндіктерін анықтау. Танымдық тапсырма ОБ №4.

Практикада мүмкін болатын реакция теңдеулерін аяқтаңдар. Металдардың электрохимиялық кернеу қатарын пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

Жинақтау кезеңі: Мақал-мәтелдердің шығу себебін химиялық қасиетімен салыстыры ңыздар. Мақал-мәтелдерді химиялық тілде қалай түсінесіздер?

1. ײТемірді қызған кезінде соқ״.

( Металдарды қыздырған кезде ішкі электрондарының қозғалысы артып оңай созылғыш, иілгіш қасиетке ие болады) .

2. “Алтынмен аптап, күміспен күптеп . . . ”.

(Химиялық белсенділігі төмен асыл металдармен арзан және оңай жемірілгіш металдарды қаптап жасалған зат адамның игілігіне ұзақ қызмет етеді және қымбат бағаланады) .

3. ” Ақыл арымас, алтын шірімес„.

(Алтынның химиялық белсенділігінің төмендігі мақалдың теңеуіне негіз болған) .

4. “Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады”.

(Сапалы болат алу үшін темірді басқа да қоспалармен араластырып жоғары температурада балқытады. Себебі, жоғары температурада темір атомдары қоспа элементтерінің атомдарымен кірігіп мықты байланыс түзеді) .

Мақал-мәтелдердің мағынасын химиялық қасиеттерімен салыстырып, маңыздылығын айқындайды, пәнаралық байланыс орнатады.

Бағалау кезеңі: Ойын жинақтауға баулу. Стикер қағаздарына сабақтың тиімділігі, ұсыныстары т. б. ойларын білдіреді.

[size=6]


Ұқсас жұмыстар
Металдардың құрылысы, химиялық және физикалық қасиеттері
Металдардың физикалық қасиеттері. 10-сынып
Оқушыларды металдардың физикалық және химиялық қасиеттерін түсіндіру
Жалпы химиялық қасиеттері
§ 15. Азот оксиді § 16. Азот қышқылы
Ерітіндінің концентрациясы
Сабақтың көрнекіліктері
Металдардың тұздармен әрекеттесуі
«металдар коррозиясы»
Металдардың қолданылуы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz