Ибалы адам, иманды қоғам

Тақырыбы: Ибалы адам, иманды қоғам

Мақсаты:

а) білімділігі: Оқушыларға қазіргі кездегі діни ахуалдың қалыптасуы және дін мен салт-дәстүрдің ара қатынасы, жат діни ағымдардың қоғамға ықпалы туралы түсіндіру;

ә) дамытушылығы: діни наным-сенімдерді ажырата білуге, жат діни ағымдардан аулақ жүруге үйрету, әлемдік діндер туралы түсініктерін кеңейту, өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;

б) тәрбиелілігі: оқушыларды ұлтжандылыққа, адамгершілкке, тілі мен

дінін, салт-дәстүрін құрметтеуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу

Жарық дүние деп аталатын әлемде Исламның ізгілігі мен ұлы мұрат- тарын түсіну үшін, адамзат ұрпағы адал жолдан адаспау үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.

Бүгінгі сабағымыз ислам діні және бүгінгі қазақ қоғамындағы діннің маңызына арналады.

Қасиетті дініміз сонау Пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с. ) заманынан бергі он төрт ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны белгілі.

Президентіміз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз-түрік, дініміз-ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.

Ислам он төрт ғасырдан бері барша адамзаттың наным-сеніміне, нәсілі мен тегіне қарамастан, ынтымақ пен бейбітшілікке, тазалық пен сабыр- лылыққа шақырып келе жатқан Аллаһ тағаланың соңғы, әрі бірегей діні.

Алайда, қазіргі кезде Ислам мен қазақы салт-дәстүрлеріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарам-қайшылықтарды толық танып білу қиындай түсуде, Олай дейтініміз, соңғы кездері әр түрлі уағыздар айтып, елді алдап жүрген топтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

Қазіргі кезде Исламға «изм», «террор» деген жағымсыз айдар тағылуда.

Жалпы, экстремизм дегенді қалай түсінеміз?

Осы жөнінде оқушылардың пікірлерін тыңдайық.

1- оқушы:

Экстремизм дегеніміз - латын сөзі. Ол «шеттеу», «өз пікірімен әрекет жасау» дегенді білдіреді. Олар өздерін таза, дұрыс санап, өзгелерді адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды.

- Олар Ислам дінінің талаптарына үстірт қарайды

- Көпшіліктің жүйкесіне тиіп, алаңдату, күмән келтіру арқылы пікір

қайшылықтарына барады

- Көп ілім үйрену зиян деп есептейді

- Ата Заңымыз бен өзге де заңдарды мойындамайды

2- оқушы:

Экстермизмнің мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін еш нәрседен қаймықпайды. Күш, қару қолдану арқылы, дін атын бүркемелеп, заңдар- ды аяққа таптап, негізгі ойларын жүзеге асыруға тырысады.

Мұсылмандық адал тірлікті лайлауға тырысып, жастарды діни ағым- дарға тартады.

Иә, бұл ащы да болса, шындық. Жат ағымға алданған қаракөз

бауырларымызды көргенде өзегіңе өрт түскендей өкінішті сезесің.

Бұған кімді кінәлаймыз, адамды ма, әлде қоғамды ма ?

Келесі бөлімде осы сауалға жауап іздеу мақсатында

бейне көрініске назар аударайық .

4- оқушы: Ағымға ерген азаматтардың тиісті медициналық тіркеуден, тіпті екпе егуден бас тартуы, басқа ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыздардың музыка тыңдау - харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын, тіпті кейде мүмкін де емес.

Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды.

5- оқушы: Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айналғанын өздері де түсінбейді. Бұған дәлел соңғы кездері радикалды ағым мүшелерінің бірнеше рет қылмысты оқиғалардың ұйымдастырушылары

ретінде аталуы. Ал бұл қоғам үшін қорқыныш ты емес пе?! Сондай-ақ түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас ішпек түгіл, бірін-бірі жау көруі, әке-шешесін тыңдамай, балалары басқа діннің ағымында кеткен ата-аналардың шарасыз күйге түсуі бүгінгі қазақ қоғамын ойландыруы тиіс.


Ұқсас жұмыстар
Тәрбиелік шараның мақсаты
Кейіпкер Абсаттар Жайнаның ойы, және көрсетілген бейне сюжетті қонақтармен талқылау
Ибалы адам - иманды қоғам халқымыз ұстанған дін туралы ой қозғау
Имандылық қасиеттер
Қызға нәзіктік, ұлға батылдық
Имандылық жүрекке ұяласа
Оқушылар өздерінің шарадан
Діни экстремизм және терроризм жөнінде түсінік
Қыз балаларды ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеу
Баланың тәртібін
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz