Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Тақырып - Мамандықтың бәрі жақсы

«Опорный орта мектебі» мемлекеттік мекемесі

Ашық тәрбие сағаты

[pic]

Маңғыстау облысы, Бейнеу ауданы, Боранқұл селосы, Опорный орта мектебінің
бастауыш пәні мұғалімі Юханова Бақтыгүл

Күні:
Тақырыбы: Мамандықтың бәрі жақсы.
Мақсаты: 1)мамандық таңдауға көмектесу, маман иелерінің атқаратын қызметін
білу;
2) оқушы шығармашылығын, тілін, ойын дамыту;
3) кәсіпке тәрбиелеу, адамгершілік тәрбиесін беру.
Көрнекілігі: мамандық иелерінің суреттері, нақыл сөздер, альбом, плакат
(Өнерпаз болсаң арқалаң. Сен де бір кірпіш дүниеде кетігін тапта бар
қалаң). Оқушылар әр мамандық иесіне байланысты киім киеді.
Барысы:
(Мамандық иелері қонаққа шақырылады).
Көрініс: «Қалада».
Таңертең әкесі баласын оятады.
- Балам, тұра ғой, мектепке баратын уақыт болды (баласы тұрмай жатып
алады.) Анасы да оятады. Содан кейін әрең орнынан тұрып келеді.
(Сахнаның артынан шығады).
- Әке, ана бүгіннен бастап мектепке бармаймын. Себебі мен хат танимын,
математикалық төрт амалды меңгердім. Оқудың маған керегі жоқ. Одан да
сіздерді бір септігімді тигізейін. Маған қандай да бір мамандық
таңдауға көмектесіңдерші.
- Әкесі: ой, бәрекелді! Осыны сезіп едім. Жақсы болды ғой жақын жерден
көмекші табылып. Ендеше достарыңның сөздеріне құлақ сал.
- Ақын: мен ақын боламын,
Суылдаған қаламым.
Адамдардың жүрегін,
Жырмен жаулап аламын.
- Бала: ақын болу менің қолымнан келмейді.
1-инженер: Мен инженер боламын,
Жерден алтын табамын.
Жолын қуамын әйгілі
Академик ағаның р бол
2-инженер: Өндіріске көптеген,
Өрісі көп ток беремін.
ГРЭС, ГЭС-тер жұмысын,
Мен арқылы өткерген.
Бала: Әке, инженер болуда менің қолымнан келмейтін сияқты.
Әкесі: Кішкене күніңде ғарышкер боламын деуші едің. Ендеше ғарышкер
достарыңды тыңда.
1-ғарышкер: Тұңғиықты ғарышты,
Тұнып тұрған алысты
Ғарыштық нық серіппен
Ғарышкерлер зерттеген.
Бала: (басын сипап тұрып). Ғарышкер болу арман ғой.
Анасы: балам, ұйге от жағу керек. Көмір әкеле қойшы.
Баласы: қолың кір болады.
Анасы: Ендеше осы көмір қазатын достарыңның сөзіне құлақ сал.
1-шахтер: Ерлік жұмыс атқарамын,
Ел байлығын ақтарам.
Шын байлықтар шахтадан
Шықты деп ел мақтаған.
Екеуі: Шахтер күші қуатты,
Шахтер ісі қымбат-ты.
Бала: Мұнау өзі қиын іс екен. Одан жеңілдеуі жоқ па? Бұған менің
денсаулығым жарамайды ғой. Шахтер болу үшін көп күш керек. Менде ондай
күш қайда?!
Әкесі: Ендеше металлург достарыңды тыңда!
1-металлург: Техника тетігін
Мен өмірге келтірдім.
Мен ерітіп құйғанмын.
Металдардың не түрін.
Екеуі: Металлург – ер маман,
Бас иеді ел маған.
Анасы: Әкесі, мына баламыздың мамандық таңдауы қиын болды. Шамалы ән
тыңдап көңіл көтерсек қайтеді.
Ән, би.
1-дәрігер: Бабын тауып баланың,
Емін тауып ананың,
Қарт пен жастың бәрінде
Қамқорыма аламын.
Екеуі: Денсаулықпен берген күш
Дәрігерлік – ерен іс!
Бала: Дәрігер болу да оңай іс емес екен ғой. Тісті қайтіп емдеймін?
Тілі жоқ баланың қай жері ауырғанын қалай білемін? Бұл да маған қол
емес екен. Қолымнан қой бағу келетін шығар.
1-шопан: Қойдың жүні биязы
Еліме сән, сый әні.
Баққан малым Отанға
Байлық құтын құяды.
Екеуі: Еңбегімнен от алдым
Ерлігі көп шопанмын.
Бала: Ата, әже, мен тіпті ауылдағы мамандықты да меңгере алмадым.
Ендеше оқуымды жалғастыруым керек екен ғой. (қалаға кетеді).
Жүргізуші: Өреннің зор талабы,
Өмірден жол табады.
Мақсатына лайық
Мамандығын алады.

Әр адамды шыңдаған
Мамандық бар мыңдаған.
Биім болып бәріне,
Біреуі қалар ұнаған.
Мамандық иелеріне сұрақ беру.

Дәрігерге:
1) Осы мамандықты таңдадыңыз?
2) Мамандығыңыз өзіңізге ұнай ма?
Мұғалімге:
1) Ұстаздықты басқа мамандыққа ауыстыра аласыз ба?
2) Шәкірттеріңізден алғыс алған сәттеріңіз болды ма?
3) Еңбекақыңыз жанұяңызға жете ме?
Жүргізуші: Достар, мақал айтып, жұмбақ шешсек қайтеді?
Даналар сөйлейді.
1) Әбу Насыр әл –Фараби: «.... адам кез келген жұмысқа жарамды бола
бермейді..... Жұмысты неғұрлым жетік және жақсы атқарса, білгір және
шебер болып шығады. Қандай әрекет, қандай іс істесек те содан рахмет
табу, соның рахатына көру. Біздің мақсатымыз болып табылады».
2) Өрге жүзген өнегелі ісімен,
Таңда адал дос өз теңінің ішінен.
Әбу Насыр әл-Фараби.

3) Байлық-қанағат пен еңбекте.
Ы.Алтынсарин.
Мақал-мәтел:
1. Ерді еңбек жеткізер.
2. Еңбегіннен ел таныр.
3. Еңбегің қатты болса, татқанын тәтті болады.
Қорытындылау.
Жастықта әр тараптың басын шалсаң,
Қармақты тәуекел деп суға салсаң.
Еңбегің еңбектенген кетпес зая,
Міндеттке бір жетерсің ойыңа алсаң.

Түбінде баянды еңбек егін салған,
Жасынан оқу оқып, білім алған.
Би болған, болыс болған өнер емес,
Еңбектің бұдан өзге бәрі жалған.

Ұқсас жұмыстар
Мамандықтың бәрі жақсы
Мамандықтар туралы білетін тақпақтар айту
Мамандық таңдаудың негізгі шарттарын таныту
Кім болам?
Мамандық сөзінің орыс тілі және ағылшын тілінің аудармасын сұрау
Мұғалім мамандығы – барлық мамандықтың анасы
Қайнау.Меншікті булану жылуы туралы
Мамандықты тап
Мамандықтар шеруі. шаштараз
Мынау тігінші
Пәндер