Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ

ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ

Алжаппарова Айнур Егеубаевна.
«Арқалық медицина колледжі» МКҚК

Басқа халықтардың кем болмау үшін біз білімді, бай hам күшті болуымызкерек.
Білімді болуға оқу керек, күшті болуға бірлік керек
А. Байтұрсынұлы

Жаңа формация мұғалімі дегеніміз – қолына уақыт пен кеңістіктің
байланысын ұстаған АЛЫП, кіршіксіз балалық әлеміндегі күш-қуат пен ақылды,
талантты ашқан КОЛУМБ, барлық күрделі нәрсені қарапайым тілмен жеткізе
білетін ДАНАГӨЙ, жалынды сөздері мен жастарды ерлікке жетелейтін ШЕШЕН,
дүниенің жанды сұлулығын көрсететін СУРЕТШІ, жан-дүниесінің бүкіл болмысын
көре білетін АДАМ.
Ертеңгі күннің бүгінгі күннен асып түсуіне ықпал етіп, адамзат
қоғамын алға қарай жетелеуші құдіретті күш – ол білім. Білім беру –
оқытудың, тәрбие мен дамытудың үздіксіз процесі. Білімді түрлендіруде,
білім беру процесін реформалауда зерттеуші мұғалім мен көшбасшы мұғалім
ЖАҢА ФОРМАЦИЯ МҰҒАЛІМІ ретінде орталық тұлға болып табылады.
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында: «Жаңа формация мұғалімі
– рухани дамыған әрі әлеуметтік тұрғыдан есейген, педагогикалық құралдардың
барлық түрлерін шебер меңгерген, білікті маман, өзін-өзі әрдайым
жетілдіруге ұмтылған шығармашыл тұлға. Ол жоғарғы білімді, шығармашыл
тұлғаны қалыптастырып, дамыту үшін жауапты,» - деген болатын.
Қазіргі заманның жаңа формациядағы мұғалімі-баланың жеке басының
дамуына педагогикалық жағдай жасай алатын рухани жағынан таза, дүниеге тік
қарайтын, қоршаған ортамен жүйелі байланыс орната алатын, білімнің заманауи
жаңа мазмұнымен қаруланған, әлемдік бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ өсіріп,
дамытып жетілдіретін мұғалім болуға тиіс. 
Ғаламдану заманында, әсіресе білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен
түбегейлі жаңарулар дәуірінде мұғалім алдында тұрған мақсаттар міндеттердің
салмағы орасан зор болып отыр. Егер мұғалімнің өзі жан - жақты дамыған,
адамзат әлеміндегі рухани байлықты бойна жинамаған, соны бағалай алмайтын
адам болса, онда ол жан - жақты рухани жағынан бай жеке тұлғаны қалай
тәрбиелемек?
Мұғалім информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін тастап,
керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш, шығармашылықпен жұмыс
істейтін жаңашыл болуы керек. Жаңа формацияның жаңа педагогын қалыптастыру
үшін жаңа кәсіби мазмұн, жаңа кәсіби даярлық технологиясы қажет, әрі
даярлық сапасын арттыруға бірден - бір қызмет етуі керек.
Атақты педагог – ғалым В. А. Сухомлинский «Мұғалімдік мамандық - бұл
адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол жан дүниесіне
үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты
жүрекпен ұға білу болып табылады» - деп ұстаздық өнерге ерекше баға берсе,
Ы. Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен қымбат, өйткені мұғалім –
мектептің жүрегі» деген. Демек қазіргі мектеп алдындағы басты міндеттер
шешуде мұғалімнің кәсіптік білімі, мәдениеті жоғары болуы шарт. Қоғамдағы
жаңаша үрдіс әлеуметтік мәдениеттің басым бағыттарының өзгерістерінің
білімдегі жаңаруды қажет етуі оның мақсаты, мазмұны, әдістері мен
технологияларының іске асырылуы жаңаша білімдегі жетекші тұлға ретінде
мұғалім қызметінің маңыздылығын айқындау болып табылады.
Жаңа формация мұғалімі дегеніміз - «рухани - шығармашылық тұрғыдан
дамыған, кәсіптік біліктілігімен, педагогикалық дарындылығымен және
жаңалыққа ұмтылысымен танылатын, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары тұлға».
Бүгінгі білім жүйесінде Д. Дьюи атап өткендей «үлкен өзгерістер» басталуда.
Ол маңызы жағынан, Н. Коперниктің жаңалығына тең (Күн – астрономиялық
орталық, басқа планеталар оның айналасына шоғырланады, оны айнала
қозғалады), тең болып отыр, яғни, оқушы тұлғасы орталыққа айналып, барлық
педагогикалық әрекеттер оның айналасына, шоғырландыра жүргізіледі.
Білім беру – шын мәнінде, баланың өзінің дербес мүмкіндіктерін
ескере отырып белсенді іс - әрекет жасауына, жақсы көруі мен қорғанушылығын
еркін көрсете білуіне, оқушының тұлға ретінде үнемі дамуына, жас және жеке
ерекшеліктерін ескеруге жағдай туғызу деген сөз. Оқушының өзін тану үшін
ғылыми және өмірлік проблемаларын шешудің бірден – бір тәсілі - өзін - өзі
рефлекциялық басқаруды жүргізе алуы. Білім беру жүйесінің басты
міндеттерінің бірі ретінде бастауыш және орта білім кезеңінен – ақ
демократиялық қарым – қатынастарды орнықтыру көзделеді. Ол үшін оқытудың
мынадай басты ерекшеліктерін дағдыға айналдырудың маңызы зор:
- өз тәжірибесін пайдалана отырып жаңа білім арқылы дүниеге өзіндік түсінік
пен танымды қалыптастыру;
- өзге адамдардың ұсынатын идеяларына конструктивтік көзқараспен қарай алу;
- өзіне қарама – қарсы идеяларды жоққа шығаруға емес, түсінуге ұмтылу, одан
өзі үшін нәтиже түйіндеу;
- өз біліміндегі олқылықтарын көре білу және оны жоюдың жолдарын табу;
Оқытуды өзектілендірудің әдістемелік тәсілдері:
● мұғалім оқушыны өз тақырыбы бойынша қайшылыққа әкеліп, оны шешудің
жолдарын табуды өздеріне ұсына алуы;
● қайшылықты практикалық іс - әркетте көрсете білуі;
● бір сұрақты жан – жақты қамтитын бірнеше жауаптар ұсына алуы;
● құбылысты әр түрлі позициядан қарастыруды тапсыруы;
● мұғалім оқушыға ұқсастықтар мен қайшылықтарды өз беттерімен салыстыруға,
қорытуға, түйіндеуге жағдай туғызады;
● нақты сұрақтар қояды;
● тапсырмаларды бірігіп орындайды.
«Оқушы дайын білімді игеруші» түсінігі орнына « адам – шындықты танушы
тұлға» түсінігі қалыптасады.
Жаңа педагогикалық технологияның ерекшеліктері – өсіп келе жатқан жеке
тұлғаны жан –жақты дамыту. Инновациялық білімді дамыту, өзгеріс енгізу,
жаңа педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды өмірге әкелу. Бұрынғы оқушы тек
тыңдаушы, орындаушы болса, ал қазіргі оқушы – өздігінен білім іздейтін жеке
тұрға екендігіне ерекше мән беруіміз керек.
Қазіргі оқушы:
• Дүниетаным қабілеті жоғары;
• Дарынды, өнерпаз;
• Іздемпаз, талапты:
• Өз алдына мақсат қоя білу керек;
Отбасының жетекшілік маңызы онда тәрбиеленіп жатқан адамның тән-дене және
рухани дамуына әсер етуші ықпалдар мәні мен мағынасының тереңдігіне тәуелді
келеді.
Ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін, ата-анамен бала арасындағы
өзара қатынастың сипатын, бала тәрбиесіне әсер ететін жанұяның мақсатты
адамгершілік бағыттарын, баланың жанұядағы араласатын іс-әрекетінің алуан
түрлілігін, ата-ананың тәрбие құралдарын, тәсілдерін, әдістерін пайдалана
алу қабілеттерін, баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.
Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы
өзара қатынас педагогикалық процестің тәрбиелік механизмдері болып
табылады. Мұғалімге тән ең бірінші қасиет – баланы құрметтеу. Оның
адамшылық ар-ожданың, намысын, тұлғасын жасына қарамай сыйлау, құрмет тұту.
Бұл мұғалімнің дүниетанымы мен үлкен жүрегінен шығады. ХХІ ғасыр ұлттық
бәсеке, ақпараттық сайыс, инновациялық технологиялар, күрделі экономикалық
реформаларымен ерекшеленеді. Сол кезеңге сай интеллектуалды, дені сау, ой-
өрісі жоғары дамыған, халықаралық деңгейге сәйкес білімі бар азаматты
тәрбиелеу – әр мұғалімнің міндеті. Мұғалім барлық білім беру жүйесінің
негізі, жаны және жүрегі. Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай,
ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыру болып табылады. Қазіргі
заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызметін
тастап, керісінше ізденуші, зерттеуші, технолог, өнертапқыш,
шығармашылықпен жұмыс істейтін, жанашыл болуы керек. Оқушыны субъект
ретінде қарастырып, оның өзін- өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы
қасиетті дамыту. Мұғалімнің өзі жеке тұлғаға көтерілмей, ондай зор мақсатқа
жету мүмкін емес.
Мұғалімнің кәсіби білігін шыңдаудың үздіксіздігі оның шығармашылық
қабілетінің дамуының кепілі және өзіндік жеке педагогтік тәжірибиесінің
дамуының алғы шарты болып табылады. Ұстаздың кәсіби шеберлігінің негізі,
біріншіден мұғалімнің өмірге көзқарасы, оның идеялық нанымы. Екіншіден,
пәнді жетік білуі, ойын оқушыларға жеткізу үшін жан-жақты, терең
дайындықпен баруы, оқушылар бойына әдеп, әдет, дағды сияқты жақсы
қасиеттерді сіңіруі, моральдық нормаларды білуі. Үшіншіден оқыту мен
тәрбиелеудің әдіс-тәсілдерді міндетті түрде меңгеруі. Күнделікті іс-
тәжірибиеде мұғалімнің кәсіптік білімін көтеруіне мектеп ішінде де жағдай
жасау керек, ол үшін мектепте ғылыми әдістемелік кеңес пен бірлестіктермен
және зертханалардың жұмыс істеуі тиіс. Бүгінгі өмір талабына сай
ұстаздардың білімділігі мен біліктілігін шыңдап отыратын жоғарыда
атапкеткен мәселелермен қатар, әр оқу орындарында интернет жүйесі қосылып
жұмыс істеу тиіс.
Егеменді еліміздің ең басты мақсаты өркениетті елдер қатарына
көтерілу болса, ал өркениетке жетуде жан-жақты дамыған, рухани бай тұлғаның
алатын орны ерекше. Қазіргі білім берудің басты мақсаты да сол жан-жақты
дамыған, рухани бай жеке тұлға қалыптастыру болып табылады. Рухани бай, жан-
жақты дамыған жеке тұлғадағы ең басты қасиеттердің бірі - тіл байлығы, өз
ойын нақты, терең мағыналы әрі көркем жеткізе білетін, шешен де ойлы сөйлей
білетін, Абайша сөйлегенде сөзі жүрекке жылы тиетін, сөз құдіретін игерген
адамдарда да тұлғалық қасиет болады. Рухани адамгершілікке тәрбиелеудің
басты мақсаты оқушылардың белсенді өмірлік жолын, қоғамдық борышқа саналы
көзқарасын, сөз бен істің бірлігін қамтамасыз етіп, адамгершілік
нормаларынан ауытқушыларға жол бермеуді қалыптастыру болып табылады.

Қорыта келгенде, О.Бальзактың “ұдай еңбек ету- өнердің де, өмірдің де
заңы” дегеніндей, оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін
артыруда мұғалімге үнемі ізденуге, тұрақты еңбек етуді міндеттейді. Әрине,
артқарылған істер аз емес. Дегенмен, әлі де болса бізді ойландыратын,
толғандыратын істер жетерлік. Атап айтқанда, олар – білім сапасын арттыру,
оқушылардың біліміне, ойлау қабілетіне сай деңгейлеп оқыту, ғылыми-ізденіс
қабілеттерін қалыптастыру, т.с.с. Өйткені, ХХІ ғасыр- білімділер ғасыры.
Ендеше бізге ой өрісі жоғары дамыған, зерделі, жан-жақты парасатты ұрпақ
керек екенін бір сәтте естен шығармағанымыз жөн..

Пайдаланған әдебиеттер:
1.Мұғалімге арналған нұсқаулық
2.Выготский Л.СУЧЕНИЕ ОБ ЭМОЦИЯХ;
3. Білімдегі жаңалықтар. Ақпаратты-әдістемелік журнал;
4. Шағыр Қ. Әрбір ұстазға берері мол //Тәрбие құралы. – 2005. - №5
5. Тараз Ә. Ұстаздар – асыл тұлғалар: //Алматы ақшамы. – 1997.
6. Общая и профессиональная педагогика: Учебное пособие для студентов
педагогических вузов. Под ред. В.Д. Симоненко. Москва. 2005

Ұқсас жұмыстар
Білім сапасы – мұғалім ізденісінде
Отбасы педагогикасы
Шығармашылық қабілетін дамыту
Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Жаңа форматты мұғалім
Ақпаратық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы сабақтың тиімділігін арттыру
Химия сабағында оқушылардың танымдық қызығушылығын арттыру жолдары
12 жылдық білім беру жағдайында бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліг
Топ атаулары
Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – оқыту сапасын арттыру кепілі
Пәндер