Сабақ жоспары :: Математика

Файл қосу

Тригонометриялық функциялардағы келтіру формулаларына есептер шығару

«Көпбейінді №3 мектеп-гимназиясы» КММ-нің
І санатты математика мұғалімі
Қасенова Ғалия Еркінқызы

Сабақтың тақырыбы: Тригонометриялық функциялардағы келтіру формулаларына
есептер шығару

Сабақтың мақсаты: Келтіру формулаларын тиімді пайдалана отырып есептер
шығара білуге үйренеді.

Сабақтың міндеттері: 1.Есеп шығаруда тиімді пайдалану бейімділігін
қалыптастыру
2. Қиындығы әр түрлі есептерді шығару барысында,
түрлендіруді орындауда білім-білік дағдыларын дамыту.
3. Сапалы білім алуға баулу. Сыйластыққа, өзін-өзі
ұйымдастыруға тәрбиелеу.

Оқыту нәтижесі: Келтіру формулаларын тиімді пайдалана отырып есептер шығара
біледі.

Сабақтың типі: практикалық сабақ

Сабақтың түрі: сыни тұрғыдан ойлау

Қолданылатын әдістер: есептер шығару, жеке, жұптық, топтық, шығармашылық

Қолданылатын тәсілдер: көрнекілік, анализ-синтез, индукция-дедукция,
интерактивті құралдар6 актив студия.

Технология: "Оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамыту"

Көрнекіліктер: интерактивті тақта

Сабақтың құрылымы:

1. Ұйымдастыру кезеңі 1-2 мин

2. Өткенді қайталау 5 мин

3. Үй тапсырмасын тексеру 3 мин

4. Есеп шығару 10 мин

5. Сергіту сәті 1 мин

6. Білімдерін қолдану 10 мин

7. Сабақты қорытындылау 10 мин

8. Үйге тапсырма, баға қою 3 мин

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі (1-2 мин) Амандасу, түгендеу, топқа бөлу. Әр түрлі
ұнаған суреттерді таңдап, артында жазылған градустардың ширекте
орналасуына қарай, 4 топқа бөлінеді.

2. Өткенді қайталау (5 мин) Тақтадағы күн, ай, жер, жұлдыз суреттерін
таңдау арқылы, топ аты анықталады.

– Мектебімізде математика пәнінің «Білім жолы – жарқын болашақтың
бастау жолы» атты онкүндігі болып жатқанын білесіңдер. Әрқашан тек білімді
ғана Күндей жарқырап, Жұлдыздай жанып, Айдай нұрланып, Жер бетін
бағындыратынын жақсы білесіңдер. Олай болса, осы ай, күн, жұлдыз, жердің
суреттерден топпен келісіп таңдай қойыңдар.

Әр топ өз атын анықтау үшін тақтадан қалаған суретті көрсетеді,
үлкейткіш құралы арқылы жасырылған функциялар шығады. Сол функцияларға
сипаттама береді, постер жасайды. (анықталу, мәндер аймағы, тақ
жұптылығы, ширектегі таңбалары)

3. Тақтаға тақырып аты шығарылады. Кіру парағын толтыру.(төртбұрышқа)

- Бүгінгі сабақтың тақырыбы «Тригонометриялық функциялардағы келтіру
формулаларына есептер шығару», олай болса, бүгінгі сабақтан не
күтесіңдер? Нені білгілерің келеді? Ойларыңды дәптерге жазып, топпен
талқылап, «құнды» деген пікірлеріңді алдарыңдағы түсті қағазға жазып,
тақтаға ілсеңдер.

4. Үй тапсырмасын тексеру (5 мин) «Сәйкестендіру» арқылы есептің жауабын
тексеру: №334 (ә,б) №337

5. Есеп шығару 10 мин

«Тауға бірлесіп шығу» стратегиясы арқылы. Деңгейлік тапсырмалар. Жеке,
жұппен, топпен жұмыс. (Әр тапсырманы орындаған соң, тақтаға әр топ
жауабын жазып отырады, дұрыс-қателігі тексеріледі. Қате болса қайта
шығарып жазады.)

1топ: №335 а,в №336 а, г, №339 а

2топ: №335 ә,г №336 ә, д, №339 ә

3топ: № 335 б,д №336 б, е, №341 а

4 топ №335 е,ж №336 в, ж, №341 б

6. Білімдерін қолдану 10 мин «Нәтижеге жету» стратегиясы. Топпен жұмыс

- Келтіру формулаларына ОСЖБ-да, әсіресе ҰБТ-де есептер жиі кездеседі.
Сондай есептердің кейбірін шығарып көрейік. Есептерді жеке қарастырып,
сосын топпен талқылап көріңдер. Егер есепті меңгерсеңдер «+», бәріңде
қате болса «-», қиындық туғызса «?» белгісін қойыңдар.

1-есеп: Өрнектің мәнін тап:

[pic]

2-есеп: Өрнектің мәнін тап:

[pic]

3-есеп: Бөлшекті қысқартыңдар:

4-есеп: Есептеңдер:

[pic] [pic]

| |1 топ |2 топ |3 топ |4 топ |
|1 есеп | | | | |
|2 есеп | | | | |
|3 есеп | | | | |
|4 есеп | | | | |

«+» қойған топ талдап, көрсетеді.

7. Сабақты қорытындылау 10 мин. «Блум таксономиясы» бойынша тақырыпқа
талдау жасау, түймедақ гүлін жасап шығарады.Түс таңдау арқылы.

Білу, түсіну: «Формулаларды қалай есте сақтауға болады?»

Қолдану: «Қайда қолданады?»

Талдау: «Мәндердің мағынасы туралы»

Синтез: «Формуланың қолданылуы, маңыздылығы, жинақтау»

Бағалау: «Есеп шығарудан соң түйін»

- Сабақта қойған мақсаттарыңа жеттіңдер ме? Не алдың, не үйрендің?
Шатырға жазып, ілу

8. Үйге тапсырма, Егоркина «Талапкерге» кітабынан №186-220 есептерді шешу

9. Бағалау (критериалды бағалау)

БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ

Аты-жөні ________________________

|тапсырма |кретерий |дескриптор |Берілген |Бағалау балы|Мұғалім |
| | | |балл | |бағасы |
|Қайталау, |Функцияның |Толық айта |5 | | |
|функцияның |қасиетін |алады | | | |
|қасиеттері |жатқа білу | | | | |
| | |айтады, |4 | | |
| | |толық емес | | | |
| | |аз ғана |2 | | |
| | |біледі | | | |
|Үй |Есепті |Толық |4 | | |
|тапсырмасы |шығару | | | | |
| | |Жартылай |2 | | |
| | |Жоқ |0 | | |
|Деңгейлік |Формуланы |1, 2 есеп |1 | | |
|тапсырма |қолдана білу| | | | |
| | |1,2,3 есеп |2 | | |
| | |1,2,3,4 есеп|3 | | |
|ҰБТ, ОЖСБ |Ойын жеткізе|Жеткізе |5 | | |
|есептері |алу |алады | | | |
| | |Ойлайды, |3 | | |
| | |жеткізе | | | |
| | |алмайды | | | |
| | |Ашық айта |2 | | |
| | |алмайды | | | |

|Сабақтың |Блум |Мұғалімнің әрекеті, |Оқушы әрекеті, |Құзыреттілік пен|
|кезеңдері |мақсаты |мақсаты |мақсаты |субъектілік |
| | | | |қабілеттері |
|Қызығушылы|Білу |Топқа бөлу, |Ұнаған суреттерді |Тапсырманы дұрыс|
|қты ояту | |Функцияларға |алу, артындағы |табуына |
| | |сипаттама жасатады. |градустардың ширегін |белсенділік |
| | | |анықтау арқылы |танытады, топ |
| | | |топтасу. |ережесіне |
| | | |Ширектегі берілген |бағынады. |
| | | |функцияларға | |
| | | |сипаттама береді. | |
| |Түсіну |Үй тапсырмасын |Тақтадағы есептің |Формулаларды |
| | |тексеру «Сәйкесін |берілгеніне дұрыс |еске түсіре |
| | |тап» |жауапты бағыттауыш |отыра, үй |
| | | |сызықтармен жүргізіп |тапсырмасын |
| | | |көрсетеді. |тексеріп, |
| | | | |қорытынды |
| | | | |шығарады. |
|Мағынаны |Қолдану |Сабақтың тақырыбын |Сабаққа мақсат қояды,|Алға мақсат қоя |
|ажырату | |көрсетеді, кіру |топпен талқылайды, |алады, топпен |
| | |парағын толтыртады, |«құнды» пікірді |келісімге |
| | |сабақтың мақсатын |айтады. |келеді. |
| | |бекітеді. | | |
| |Талдау |Деңгейлік тапсырма |Жеке орындайды, |Өз деңгейін |
| | |«Тауға бірлесіп шығу»|топпен талдайды, |анықтайды, |
| | |стратегиясы, №335, |тақтаға дұрыс жауабын|топпен жұмыс |
| | |336, 339, 341 |жазады, қателерін |жасап, |
| | |есептерді бөліп |түзейді. |белсенділік |
| | |береді. | |көрсетеді. |
|Ой |Синтез |ОЖСБ, ҰБТ-да |Есептерді бөліп |Білімін |
|толғаныс | |кездесетін әр түрлі |алады, жеке, жұппен, |қолданады, |
|кезеңі | |шартпен берілген |топпен жұмыс жасайды.|қорытындылайды, |
| | |есептерді ұсынады. |Талдайды, ойын |салыстыра |
| | |«Нәтижеге жету» |айтады, түсіндіреді. |дәлелдейді. |
| | |стратегиясы. | |Жүйелілік, |
| | |Қабілетті, меңгере | |біртұтастық |
| | |алмаған оқушылармен | |қалыптасады. |
| | |жеке жұмыс жасайды. | | |
| |Бағалау |«Блум таксономиясы» |Формуланы еске |Сыни тұрғыдан |
| | |бойынша тақырыпты, |сақтау, қолдану, |шешім |
| | |сабақты бағалатады. |мағынасы, орны, |қабылдай-ды, |
| | | |өмірдегі қолдануы |шығармашы-лық |
| | | |туралы ой пікірлерін |артады. |
| | |Шығу парағын |айтады. | |
| | |толтырту. |Сабақты қорытындылау.|Мақсатқа жетуі |
| | |Үйге тапсырма беру, | |туралы түсінік |
| | | | |қалыптасады. |
| | |Критериалды бағалау | | |

Бағалау: «5» - 14-17 балл

«4» - 11 -13 балл

«3» - 8-10 балл

Ұқсас жұмыстар
Келтіру формулаларына есептер
ТРИГОНОМЕТРИЯЛЫҚ ФУНКЦИЯЛАРДЫҢ ҚОСЫНДЫСЫ МЕН АЙЫРЫМЫН КӨБЕЙТІНДІГЕ ТҮРЛЕНДІРУ ФОРМУЛАЛАРЫ
Келтіру формулалары тақырыбына есептер шығару
Келтіру формулалары
Тақырып - Келтіру формулалары
Келтіру формулалары. АШЫҚ САБАҚ
Келтіру формулалары туралы
Кері тригонометриялық теңдеу, теңсіздіктер
Тригонометриялық формулаларға есептер шығару
Теңдеуге есептер шешу
Пәндер