Төзім мен табандылық: 4-сыныпқа арналған сабақ жоспары

Қостанай облысы

Арқалық қаласы

Фурманов ауылы

Фурманов орта мектебінің

Өзін - өзі тану пәнінің мұғалімі

Усенова Гульжан Турсынтаевна

Сынып:4 Күні: 20. 02. 2015ж

Сабақтың тақырыбы :Төзім мен табандылық.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға «төзімділік», «табандылық» адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Сабақтың міндетті:

- төзімділік пен табандылықтың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

- өзара жағымды қарым -қатынастарын дамыту;

- төзімділікке, табандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Топтық сайыс сабақ

Ұйымдастыру кезеңі:

Шаттық шеңбер: Балалар шеңбер құрып тұрады. «Мектеп полькасы» өлеңін орындайды.

Оқушылар сары түс пен қызыл түс таңдайды, түстер арқылы екі топқа бөлінеді.

Балаларды 2 топқа бөлу.

Топтарын атын құрып, қорғап шығады.

«Күн» тобы сары түс таңдағандар.

«Гүл» тобы қызыл түс таңдағандар.

Үй тапсырмасын сұрау. Оқушылар өткен сабақты пысықтау мақсатында мен екі топқа мынадай тапсырма беремін, «Күн» тобы еңбекқорлық не екенін оны қалай түсінгендерінді жазасындар, ал «Гүл» тобы еріншектік туралы жазасыздар.

Әңгімелесу.

Төзім, табандылық дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа сабақты түсіндіру.

Класстер жасау «Табандылық» сөзіне, ал екінші топ «Төзімділік» туралы.

Ия балалар дұрыс айтасыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: Төзім мен табандылық. Мақсаты: Осы адами қасиеттер туралы түсінік беру.

Сахналау.

«Әдемі әже» І топ

«Құмырсқаға сабақ болды»ІІ топ

Осы екі сахналық көріністен қандай түйіндеме жасауға болады.

Түйіндеме

Сергіту сәті:

Мозайка құрастыру. Суретті қорғау.

Дәйексөз

Мұғалім балаларды сабақтың дәйексөзімен таныстырады.

«Табандылық кез келген кедергіні жеңеді» Леонардо да Винчи

Жағдаяттарды талдау.

  1. Жағдаят:

Төртінші сынып оқушысы Дархан күнделік жазуды бастады. Ол өзінің табандылығы мен ерік күшін қалыптастыру үшін өзіне төмендегідей талаптар қойды:

«Сабаққа дайындалатын уақыт болғанда, мен барлық шаруаны, тіпті өте қызық нәрселерді жинап қоямын.

Барлық сабақты оқып болмайынша, ешнәрсеге алаңдамаймын.

Мен бастаған ісімді аяғына дейін жеткіземін».

Дархан осы талаптарды үнемі басшылыққа алып отырды.

  • Дархан неліктен өзіне осындай талаптар деп қойды деп ойлайсыңдар?
  • Өздеріңе қандай талап қоясыңдар?
  1. Жағдаят:

Айман ән салып, би билегенді ұнатады. Уақытының көбін осыған арнағысы келеді. Осыны ойлағанда үй тапсырмасын да тыңғылықты орындағысы келмей қалады. Үй шаруасына көмектесуге де ынталанбайды. Ән салып, би билеуге де бар күшін сала қойған жоқ.

  • Айманға қандай ақыл - кеңес берер едіңдер?
  • Айманның бойында қандай қасиеттер жетіспейді деп ойлайсыңдар?

Дәптермен жұмыс

Сабақтан түйген ойларын пысықтауға арналған тапсырма беріледі:

Эссе жазу.

Қорытындылау.

Мұғалім сабақты қорытындылай мақсатында ойын - жаттығу. Қарағай құрау тапсырмасы беріледі. Оқушылар қарағайдың бұталарына өз тілектерің жазып, жария етіп іледі.

Балалар осы сабақтан не түйгенімізді білу мақсатында Әлімжановтың «Төзім» өленің оқимыз.

Фурманов орта мектебі

Тақырыбы:

Өткізген:

Өзін - өзі тану

пәнінің мұғалімі:

Усенова Гульжан

Турсынтайқызы

2014-2015 оқу жылы


Ұқсас жұмыстар
Өзін-өзі тану пәні №19: Батылдық пен табандылық - 4 б сыныпқа арналған сабақ жоспары
7 «А» сынып қазақ тілі сабағының жоспары: Табандылық (Әбу Насыр әл-Фараби туралы)
4-сыныптан 5-сыныпқа өтуге арналған бейімделу тренингі: сабақ жоспары мен жаттығулар
4-сыныпқа арналған Дала өсімдіктері мен жануарлары сабақ жоспары
Сәукеле тігу бойынша 4-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары
Дала өсімдіктері мен жануарлары: 4-сыныпқа арналған сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған сабақ жоспары: Сөйлем
4-сыныпқа арналған Менің арманым тақырыбындағы тренинг сабақ жоспары
4-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу сабақ жоспары: Балықшы мен бақалшы
4-сыныпқа арналған Сызықтық алгоритм: сабақ жоспары мен практикалық тапсырмалар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz