Сабақ жоспары :: Әртүрлі

Файл қосу

Түрлі мамандық иелеріне сипаттама жасау

БҚО.Жаңақала ауданы
№3ЖОББҚМ
Сатов Аманжол Анесович
Технология, сурет және сызу пәнінің мұғалімі

Түрлі мамандық иелеріне сипаттама жасау

Мақсаты: Мамандықтарға сипаттама бере отырып қыр-сырын ашу;

Білімділігі: Әр оқушы мамандықтар жайлы алғашқы ұғымдар алу, жақын танысу,
өзіне лайық мамандыққа икемділік тану;

Тәрбиелілігі: өзін өзі тәрбиелеу, жетілдіру, іздену, салыстыру;

Дамытушылығы: оқушылар өздері таңдаған мамандық туралы ойларын бір жүйеге
келтіріп, дұрыс таңдау жасауға;

Сабақ әдісі: тест, карточка, «мамандыққа саяхат» ойын сайысы арқылы білім
шыңына шығып ту тігу;

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру
ІІІ. Үйге тапсырма
ІV. Қорытынды

І. Ұйымдастыру бөлімі:
а/ Оқушылармен амандасу;
ә/ Оқушыларды түгендеу;
б/ Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;

ІІ. Жаңа сабақ:
Біз бүгінгі күні сіздермен бірлесе отырып, өмірге деген үлкен бастаманың
бірі болатын, әр оқушы болашақта қатты толғандыратын, немесе қазірден
бастап ойландырып жүрген проболема – «Кім болам ?» мәселесін алға қойғалы
отырмыз. Дей тұрғанмен әр адамның бүкіл алғы ғұмырындағы өмірлік –
«мамандығын» бірден мүдірмей, ойланбай, оңай таңдай салуы қиынның - қиыны
дер едік.
Ол үшін алғы шарттардың бірін орындау үшін төмендегідей сауалдар
қоямын.
-
-Өзің кімсің, сізге ең басты қажеттілік не ?
Өмірден не қалайсың ? /-Мен кіммін, маған не қажет, өмірден не қалаймын ?/
- Жан – жағына, айналаңа қара, жақын –жарандарың, достарың қалай өмір
сүруде, сен олардың проблемасына қалай көмек жасар едің.
- Өз ата аналарың мен мұғалімдер мен жиі келіспеушілікке бардың ба, оларға
сеің қандай көмегің болды, олармен ақылдастың ба ?
Қалаған мамандықтың жетік , білікті маманы болуың үшін бүкіл өмір
бойғы ғұмырыңды сарқуға да болады.
«Мамандыққа саяхат» - ойын сайысы
а/ «Білімді мыңды, білікті бірді жығады» /білім сайысы/
ә/ «Тапқыр болсаң тауып көр» /мамандыққа сәйкес қасиеттерді табу/
б/ Маман иесі «Психолог» - оқушының жан дүниесін түсіну.
в/ «Егер осы маман иесі болсам !» / ситуацияны шешу/

ІІІ. Үйге тапсырма
«Кім болам ?» тақырыбына шығармашылық жұмыс жасау

ІV. Қорытынды
Оқушылар, бүгінгі күні мамандық иелеріне сипаттама жасай отырып, қорыта
келе жақсы маман болу үшін көр оқып, оқығанды тоқып оны келешекте мамандық
таңдауға дұрыс шешім жасауға пайдалануға ой түйдік.
Бәріңізге сәттілік тілеймін.

Ұқсас жұмыстар
Мамандық таңдау – маңызды іс
Тіл дамыту. <<кім болғым келеді?>>
Мұғалім сұрақтар
Заттың атын білдіретін сөздер. а.құнанбаев адам болам десеңіз
Гимнастикалық орындық
Мамандықтың бәрі жақсы жайлы ақпарат
Мамандықтар шеруі. шаштараз
«ең үздік компания»
Кім боламын
Бар мамандық маңызды
Пәндер