Ұйқы безі,жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері

Аты-жөні: Четкельбаева Айжан Болатовна

ІІІ-деңгей

Мектебі:Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп МДШО

Пәні: Биология

Сыныбы: 8"б"

1
Сабақтың тақырыбы
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері
1: 2
Сабақтың тақырыбы: Cілтеме
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері: Биология оқулығы 8 сынып, ғаламтор көздері
1: 3
Сабақтың тақырыбы: Мақсаты
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері:

1. Оқушыларға ұйқы безінің инсулин гормондарың қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлі, қант диабеті, бүйрек үсті безі, гипофиз және қалқанша без және жыныс бездері гормондарының жыныстық жетілуді реттеудегі рөлі туралы білім беру.

2. Өз ойларын еркін жеткізе алатындай биологиялық сөздік қорларын дамыту

3. Оқушыларды топтық жұмыс арқылы бірін-бірі тыңдай білуге, еркін сөйлеуге, ұйымшылдыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу

1: 4
Сабақтың тақырыбы: Қолданылатын модульдер
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері:

1. Диалог

2. СТО

3. АКТ

4. Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен бағалау

5. Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

6. Оқытуды басқару және көшбасшылық

1: 5
Сабақтың тақырыбы: Оқыту нәтижесі
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері: Оқушылар ұйқы безінің инсулин гормонының қандағы глюкоза мөлшерін реттеудегі рөлін біледі және бездердің жұмысы бұзылғанда қандай ауруға ұшырайтынын түсінеді. Аурудың алдын алу шараларын өмірде пайдалана алады
1: 6
Сабақтың тақырыбы: Түйінді идея
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері: Аралас бездердің қызметін білу
1: 7
Сабақтың тақырыбы: Көрнекіліктер
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері: Электронды оқулық, слайдтар, смаиликтер, әр түрлі жапырақтар, бағалау парақшалары
1: 8
Сабақтың тақырыбы: Оқыту әдістер
Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері: Топтастыру, бір қадам артқа, ой қозғау, диалогтік оқыту, суретпен жұмыс, кесте толтыру, мақал-мәтелдер
1:
Сабақтың тақырыбы:

Психологиялық ахуал

Топқа бөлу

(жапырақ түстеріне қарай)

Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері:

Мақсаты: Сыныпта ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

-Оқушылармен амандасу

-«Әріптер сөйлейді» тренингі арқылы әр оқушыға өзінің атының бірінші әрпіне сәйкес қасындағы оқушы тілек айтады
Сары жібек көйлегін желбіретіп

Жапырағын ағаштардың селбіретіп-дегендей балалар қазір күз мезгілі. Күзде айналаның бәрі әр түрлі жапырақтарға толады. Бүгін осы жапырақтарды мен сендерге сыйға тартқым келеді. Қане менің жұмыс столыма келіп өздеріңе ұнаған жапырақты таңдап алыңдар.

1:
Сабақтың тақырыбы:

Үй тапсырмасын сұрау

1. «Бір қадам артқа»

2. « Білімдіге дүние жарық, білімсіздің күні кәріп! »

3. « Ақылдассаң шешерсің, ақылдаспасаң

кем көсерсің !»

Тапсырмалар

(Блум токсономиясы

бойынша )

Білу кезеңі:

Түсіну кезеңі:

Сергіту сәті:

Қолдану кезеңі:

Талдау кезеңі:

Жинақтау кезеңі :«Тіліңмен жүгірме, біліміңмен жүгір!»

Ұйқы безі, жыныс бездері мен бүйрекүсті бездері:

Мақсаты: Оқушылардың өткен материалдар бойынша алған білімдерін тексеру

І топ

1. Қалқанша безінің құрылысын сипатта

2. Эндемиялық зоб қандай ауру? Белгілерін ата

ІІ топ

1. Қалқанша без бөлетін гормон және оның қызметін қандай?

2. Кретинизм ауруларының белгілері қандай?

ІІІ топ

1. Миксидема ауруына қай жағдайда душар болады және белгілері қандай?

2. Базедов аурeы және күресу жолдарын ата

ІV топ

1. Қалқанша маңыбезінің құрылысы мен атқаратын қызметі қандай?

2. Қалқаншамаңы безі гормонының қызметі артқанда немесе төмендегенде ағзада қандай өзгерістер болады?

V топ

1. Тимус немесе жасөспірім безіне сипаттама бер

2. Бүйрекүсті бездеріне сипаттама бер

Тест сұрақтарына жауап

1 . Қалқанша безі гормонының құрамындағы элемент

а) Натрий

ә) Йод

б) Фтор

в) Бром

2 . Адреналин бөлетін без

а) Бүйрекүсті безі

ә) Қалқанша без

б) Айырша без

в) Сілекей безі

3 . Бүйрекүсті безінің қыртыс қабатынан түзілетін гормон

а) Тимозин

ә) Глюкагон

б) Кортизон

в) Парат гормоны

4 . Тағамның құрамындағы кальций мен фосфордың ішке тез сіңуіне әсер ететін қандай без?

а) Қалқанша без

ә) Айырша без

б) Гипофиз

в) Қалқаншамаңыбезі

5 . Ішкі секреция бездерінің ауруларын зерттейтін ғылым

а) Экология

ә) Неврология

б) Эндокринология

в) Хирургия

6 . Ішкі секреция бездерінің қызметін реттейтін орталық

а) Гипофиз

ә) Гипоталамус

б) Тимус

в) Нейроглия

7 . Қай без ішкі секреция бездеріне жатпайды?

а) Гипофиз

ә) Айырша без

б) Тері безі

в) Қалқанша без

8 . Қан қысымын жоғарлатып ағзадан судың бөлінуіне тосқауыл болатын гормон

а) Тимозин

ә) Вазопрессин

б) Окситоцин

в) Тироксин

9 . Орталық жүйке жүйесінің қозғыштығы артып, бұлшықеттердің сіресіп қалуы қандай гормонныңжетіспеуінен болады?

а) Тимозин

ә) Паратгормоны

б) Кортизон

в) Адреналин

10 . Айырша без дененің қай бөлігінде орналасқан?

а) Кеңірдекте

ә) Көмейде

б) Мида

в) Бүйректе

(жауаптары : 1-ә, 2-а, 3-б, 4-в, 5-б,

6-ә, 7-б, 8-а, 9-ә, 10-а)

(Әр топ жауаптарын алмастырып тексереді, бағасын бағалау парақшасына қояды)

Оқушы сұрақтарына жауап беру (топпен)

1 . И. С. Тургеневтың “Живые мощи” әңгімесінде мынадай аурудың белгілері суреттелген.
Басы солып қалған, бір түсті денесінің әр жерінде қола түсті дақтар пайда болған, мұрыны жіңішкерген пышақтың қырындай, еріні көрінбейді - тек тісі ағарады, көзінің жүдеулігі байқалады. Тірі аруаққа ұқсайды. Қандай ауру туралы Тургенев суреттеген, бұл аурудың себебі неде?

Жауабы: Адиссон ауруы немесе қола ауру деп аталады.
Бүйрекүсті безі сыртқы және ішкі қабаттан тұрады. Ішкі қабаты адреналин гормонын бөледі, ал сыртқы қабатта гормондар көп болады. Соның бірі кортикоидтер. Кортикоидты гормон жетіспегенде адам Адиссон ауруына шалдығады. Тургеневтің “Тірі аруақтар” әңгімесінде суреттелген адам “қола

аурумен ” ауырады.

2 . Дәрігер күнделігінен : Қара суық күз күнінің 9 қарашасы. Ауруханаға таңғы сағат тоғызда жас әскер ауыр күйде жеткізілді. Оқыс ойламаған жерден 19 жастың ойынан 20-ның қырқасына шығар шағында Ғалымжан опат болар еді. Шұғыл түрде операция бөлмесіне жүгіріп бардым. Әріптестерім жас жігіттің өміріне араша түсуге ешқандай мүмкіндік жоқ дегенде, тұла бойым мұздап кетті. Кенет оның бір саусағы қимылдағанын байқадым. Ғалымжан «клиникалық өлімге» ұшыраған. Әдетте, мұндай өлім бес минутқа дейін болады, осы уақыт аралығында науқасты құтқарып қалмасаң, биологиялық өлімге ұласады. Тез арада жүрегіне екі рет «көңіл-күй» гормонын енгіздім. Ол тірі қалды. Оның өмірін сақтап қалуға бар күш-жігерімді салғаныма өзімді бақытты сезінемін.

Сұрақ: Дәрігер науқасқа қандай гормон екті және неліктен деп ойлайсыздар?

Жауабы: Адреналин гормоны, себебі ол жүректің соғуын жылдамдатады?

«Ой қозғау»

Мақсаты: Оқушылардың қызығушылығын ояту

(Диалогтік оқыту, түрткі сұрақтар, қайта бағыттау)

Мақсаты : Ойды дамытып жинақтау

-Адам ағзасында сонымен қандай бездер болады екен?

-Аралас бездерге қандай бездер жатады?

-Бүйрекүстібезі қандай гормон бөледі?

-Ұйқы безі қандай гормон бөледі?

-Қант диабеті ауруы туралы естігендерің бар ма?

«Мәтінмен жұмыс»

Мақсаты:оқығанын түсінуге, өз ойына басшылық етуге, ойын білдіруге үйрету

(Тақырыпты оқып шығып топ арасында талқыланады және әр топ көшбасшысы басқа топқа түсіндіреді)

Би

(Тақырыпты оқып шығып топ арасында талқыланады және әр топ көшбасшысы басқа топқа түсіндіреді)

1. Кесте толтыру

:
:
:
:
:
:
:
:

2 . Диагноз қоя білесіз бе?

(әр топ тақтадағы суреттерге қарап диагноз қояды)

19 ғасырдың соңында неміс физиологтары Минковский және Фон Меринг асқорыту жүйесінің қызметін талдаумен айналысты.
Эксперимент барысында иттің ұйқы безі алынып тасталды. Бір күні, қызметші, ота жасалынған иттің кіші дәретіне шыбындардың көп үймелейтінін байқады. Физиологтарға бұл факт қызық әсер қалдырды.
Соңында физиологтар қандай шешімге келді, өз ойларыңды түсіндіріңдер?

«Ой-толғаныс »

Мақсаты: Оқушылардың алған білімдерін бекіту

1 . Салмағыңызды білу не үшін керек?

(дене


Ұқсас жұмыстар
Қалқанша безі
Бұлшықет және жүйке ұлпасы. қалқанша безі. 8-сынып
Қалқанша маңы бездері, тимус және бүйрек үсті бездері
Білімді мыңды жығар сайыс сабағы
Жүректің құрылысы
Аралас бездер. Ұйқыбез. Жыныс бездері
Бұлшықет сүйекке
Гуморальдық реттелу
Қалқанша безінің құрылысы мен қызметі
Аралас бездер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz