Жеңілдетілген ережемен футбол ойыны

Сынып: 5 Өтетін күні: 6. 05. 2015ж

Тақырыбы: Жеңілдетілген ережемен футбол ойыны

Мақсаты: Футбол ойынындағы ең негізгі әдістерді үйрету.

Дамытушылық - Оқушыларды жылдамдыққа, ептілікке, икемділікке, шапшаңдылыққа үйрету, дамыту.

Тәрбиелік - Оқушыларды патриоттық сезім мен адамгершілікке қасиеттерге баулу.

Керекті құрал-жабдықтар: Футбол добы, ысқырық, жалауша.

№:
Сабақтың мазмұны: Сабақтың мазмұны
Уақыт мөлшер: Уақыт мөлшер
Әдістемелік нұсқаулары: Әдістемелік нұсқаулары
№:

1

2

3

4

Сабақтың мазмұны:

Кіріспе бөлімі:

Сапқа тұрғызу. Сәлемдесу. Рапорт қабылдау.

Командалық бұрылыстары: Оңға! Солға! Артқа бұрыл!

Сабақтың тақырыбымен таныстыру.

Дайындық бөлімі:

Жүру жаттығулары және түрлері :

- бір қалыпты жай жүру;

-қол белде, өкшемен жүру;

-қол желкеде, аяқтың ұшымен жүру;

-қол иықта, жартылай отырып жүру;

-қол тізеге, желкеге, белге қойып, жүріп өту;

-қол желкеге қойып, оңға, солға отырып секіру;

-терең тыныс алып жүру;

Жүгіру жаттығулары және түрлері:

-жеңіл жүгіріс; оңға, солға бұрылып жүгіру;

-артқа бұрылып жүгіру;

-қол алға созып алақанға тізені бүгіп тигізіп жүгіру;

-қолды алға, артқа айналдыра жүгіру;

-қол белде, аяқты алға, артқа сермей жүгіру;

-терең тыныс алып жүріп, жүгіру;

Жалпы дамыту жаттығулары:

-Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, қол кеуде алдында 4 рет алға, 4 рет артқа айналдыра сермеу;

-Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, оң қол жоғары, сол қол төмен 4-5 артқа қол алмастыра итере сермеу;

-Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, белді оңға, солға айналдыру

-Б. қ аяқ арасы иық деңгейінде, қол белде 1 оңға, 2 ортаға, 3 солға, 4 бастапқы қалыпта тұру;

-Б. қ негізгі тұрыс, оң, сол, қос аяқпен секіру;

-Б. қ негізгі тұрыс, секіртпемен оң, сол, қос аяқпен алға, артқа секіру;

-Б. қ негізгі тұрыс, қолды алға созып, отырып, тұру;

Негізгі бөлім:

Ойыншының тұрысы және орын ауыстыруы

Доппен айла-тәсілдер жасау -футболдың негізгі мәні. Футболшылар ойнай жүріп допты алып жүруден, тоқтатудан, оны тебуден жарысқан секілді болады.

Футболшының алаңда алға қарай жүгіре білуі, тіркемелі және кібіртіктеген адымдармен жанға қарай ауыса білуі, жақсы секіруі өз денесін тамаша меңгеруі, жүгіріс кезінде кенет тоқтап және бұрыла алы қажет. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тебу.

Допты тебу - футболдағы негізгі ойын тәсілі. Аяқпен тебу бір орындағы және қозғалыстағы допты (домалап, ұшып келе жатқан) аяқ басының ішкі, сыртқы жандарымен, санмен соғу арқылы жүзеге асырылады. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тоқтату әдісі

Допты тоқтату ойыншының допты өзі меңгеруіне және допты беру, алып жүру, қақпаға соғу секілді алдағы ойын іс-әрекеттерін жалғастыруына мүмкіндік береді. Допты тоқтату кезінде ең бастысы - ол ойыншының кері серпіліп кетпеуі.

(оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты алып жүру әдісі

Допты алма-кезек тебу арқылы алып жүреді. Допты тіке бағытта алып жүргенде табанның ішкі алқымымен теуіп алып жүрген қолайлы, ал қисық бағытта алып жүргенде алқымның ішкі бөлігімен теуіп алып жүрген тиімді. (оқушыларға кезекпен кезек қайталату)

Допты тартып алу әдісі

Өте күрделі тәсіл. Қарсыластан допты тартып алу үшін доп иесінің ойын жоспарын болжай білу керек. Допты тартып алуда аттап басуды, тез жетуді және басқа да тәсілдерді қолдануға болады.

Қақпашының ойыны.

Қақпашы - командадағы ең басты, аса қажетті ойыншы. Ол алаңдағы ойыншылардың негізгі тәсілдері мен допты қағып алу, қағып жіберу, ойынға қосу, тәсілдерін жақсы білуі керек.

Қысқартылған ережемен футбол ойнау

Қорытынды бөлім:

Бастапқы қалыпқа келтіру жаттығулары, сапта тұру, өткен сабақты қорытындылау, белсенді оқушыларды атап өту. Үйге тапсырма беру, қоштастасу.

Уақыт мөлшер:

3 минут

12 минут

1 айналым

Жарты айналым

Жарты айналым

Жарты айналым

Жарты айналым

Жарты айналым

Жарты айналым

4 рет

1-2рет

4рет

4-5рет

1-4рет

25 минут

5 минут

Әдістемелік нұсқаулары:

Оқушыларды түгендеу. Арнайы киімдеріне көңіл бөлу. Берілген бұйрықтың орындалуына назар аудару.

Қауіпсіздік ережелерін ескерту, қадағалау.

Жаттығулардың дұрыс жасалуына назар


Ұқсас жұмыстар
Денешынықтыру календар план
Допты қақпаға соғу
Допты аяқпен тебу жаттығулары
Қысқартылған ережемен футбол ойнау.4-сынып
Қысқа қашықтыққа жүгіру
Допты соғып жүру
Қимыл - қозғалыс қабілеттерін дамыту
Волейбол
Дене дайындығының деңгейі
Ойыншының тұрысы және қозғалыстары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz