Бастауыш сыныптағы әдебиеттік оқу сабағы: Ф. Оңғарсынованың Жылу өлеңін талдау

. Жанадилова Ж. М.

Бастауыш сынып мұғалімі

Әдебиеттік оқу

Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова Жылу.

Сабақтың мақсаты; Өлеңді дұрыс түсініп оқуға, өлеңнің тақырыбымен идеясын

Білімділік: ашуға мүмкіндік жасау.

Дамытушылық: Оқушылардың танымдық, ізденімпаздық, шығармашылық,

топта өз бетімен жұмыс жасау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Ананы құрметтеуге, ананың мейірімділігін, сүйіспеншілігін сезінуге

тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың әдісі: СТО, Ж-Ж сұрақтар, жолды өлең,

Сабақтың көрнекілігі: бейне фильм, суреттер, топтық тапсырмалар,

Күтілетін нәтиже: Өлеңді мәнерлеп оқу арқылы өлеңнің негізгі идеясын ашуға

жұмыстанады. Топта өз пікірін еркін айтуға, топ мүшелерінің пікірн

тыңдауға үйренеді

I. Психологиялық дайындық. ( Шеңберге тұрып, өлең шумақтарын айтып, бір-біріне тілек айту, топқа бөлінеді)

Қол ұстасып бәріміз, 1-топ Мейірімді

Жылылықты сезейік. 2-топ Сыпайы

Күндей болып әрқашан, 3-топ Қамқоршы

Күлімсіреп жүрейік! 4-топ Ақылды

II. Қызығушылықты ояту Ой қозғау Бейне фильмнен үзінді. Ата-ананы құрметтеу туралы

Жуан-жіңішке сұрақтар:

  • Ата-ананы құрметтеу дегенді қалай түсінесің?
  • Қабуснама дөген не?
  • Қайқауыс кім? Қандай еңбек жазған?
  • Ата-ананы құрметтеу барлық адамның міндет, парызы, борышы.

-Кәне балалар, өздерің үшін ең әсем, ең сұлу адамды естеріңе түсіріңіз. Бейне таспадан тыңдату.

Енді көзімізді жұмып, жайланып отырыңыздар да естеріңе түсірген адам сендердің

жан дүниелеріңе күн сәулесін дей, жып-жылы нұр болып енді деп ойллаңыздар.

-Сол жып-жылы нұр енді сіздердің саналарыңызға нұрлануда. Ол сендердің ой-саналарың тек қана жақсылықпен ізгілікке бағытталса екен дейді.

-Енді нұр жылжып сіздөрдің көздеріңізге сәулесін түсірді көздеріңіз тек қана жақсы, әсем нәрселерді көрсе екен дейді.

-Енді нұр құлағымызға сәулесін шашты. Құлағыңыз тек шындықтытыңдап, жақсы хабарды көбірек естісе екен дейді.

-Енді сол жып-жылы сәуле тілімізге түсіп, жақсы мейірімді сөз айтуыңызды қалайды.

-Жып-жылы сәуле жылжып, екі қолыңызға да жетті. Ол қолдарыңыз жақсы, адал, ізгі іс жасаса екен дейді. .

-Сәуле өз нұрын екі аяқтарыңызға да түсірді. Қымбатты балалар, аяқтарың тек қана жақсы жерлерге қадам басса екен дейді.

-Енді сәуле ақырын жоғары көтеріліп келеді. Сендердің мейірімді кішкентай жүректеріңе келді. Енді сол жып-жылы сәулені жүрегімізге ұялатып, сақтап қояйық та, әр кез нұрлы жүрегімізбен айналамызға сәулемізді шашып жүрейік.

-Енді көздеріңді ашыңдар, не сездіңіздер?

-Жылу сездіңіздер ме?

-Ол жылу қайдан келді?

III. Мағынаны тану Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Жылу» (өлеңі)

Бейнефильмнен үзінді « Поэзия падишасы Ф. Оңғарсынова»

(Бейнефильмнен көргендерін айтып және ойларын толықтыру)

-Ф:Оңғарсынова 1939 ж. 25 . 12 . Батыс Қазақстан Атырау обл Манаш аулында дүниеге

келген . Халық жазушысы, парламент депутаты. Мұғалім, газеттерде тілші, журналдарда бас редактор болып қызмет атқарған.

Оқулықпен жұмыс

1-тапсырма Өлеңді мәнерлеп оқиды.

-Бұл даналық сөзді жазған кім? ( Қазбек би)

2 «Жылу» өлеңді тізбектеп оқиды, топта талдайды

3. Мазмұннын айтады

4. Сөздік жұмыс Өң-бет, ажар, түс,

Жалғанда-дүниеде

Ғұмыр- өмір

IY. Ой толғаныс Топтық тапсырмалар

1-Топ Кесте бойынша өлеңге сүйеніп, сұрақтарға жауап жазып, шыққан сөз

тіркестерінен сөйлем құрап жазады

Сұрақтар
Берілген сөздер
Жауаптары
№: 1
Сұрақтар: Қандай?
Берілген сөздер: анам
Жауаптары:
№: 2
Сұрақтар: Кімнің?
Берілген сөздер: құшағы
Жауаптары:
№: 3
Сұрақтар: Ненің?
Берілген сөздер: нұры
Жауаптары:
№: 4
Сұрақтар: Қандай?
Берілген сөздер: сүті
Жауаптары:
№: 5
Сұрақтар: Кімнің?
Берілген сөздер: жанары
Жауаптары:
№:
Сұрақтар:
Берілген сөздер:
Жауаптары:

2-топ Сурет бойынша әңгіме құрап жазып, сұрақтарға жауап береді

Күн Ана АнаКүн

-Берілген суреттер арасында қандай байланыс бар?

-Ақын ананы не үшін күнге ұқсатады?

-Ана мейірімі туралы не дейсіз?

-Ана сүті туралы ше?

-Ананың алақаны қандай?

3-топ Өлең ұйқасын тап!

. . . сыйлаймын,

. . . тыңдаймын.

. . . аламын,

. . . баламын!

4-топ Ана кім ? Веен диаграммасы (топтастырады; дәлелдейді)

Сергіту сәті «Көңілдді күн»( көрсетілген ырғақпен орындайды)

Қосымша тапсырма; Берілген сөздер бойынша( гүл, күн, ай, отбасы, бесік, жүрек ) анаға қатысты .

Мақал-мәтелдер, нақыл сөздер ойлап жазу, мағынасын айту

Әр топқа берілген бөліктерге оқушылар аналарына тілектер жазып, тақтаға күнді құрастырады

Қорытындылау

-Қыс қандай суық болса да, біздің құрастырған күніміз жарқырап шуағын төгіп тұр.

Күн жер бетіне жылуын сыйласа, анасы баласына өз мейірімін, жылуын еш уақытта

аямайды екен

Формативті бағалау, ( геометриялық фигуралар арқылы) мадақтау

Үйге : Өлеңді жаттау . Эссе жазу « Менің анам»


Ұқсас жұмыстар
3-сыныптағы әдебиеттік оқу сабағы: З. Шүкіровтің Ақша қар өлеңін талдау
Фариза Оңғарсынованың Жылу өлеңін талдауға арналған сабақ жоспары
2-сынып: Фариза Оңғарсынованың Жылу өлеңі бойынша әдебиеттік оқу сабағы - анаға құрмет пен мейірімділікке тәрбиелеу
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Фариза Оңғарсынованың Қанат туралы хикая өлеңін талдау және ата-ана метафорасын таныстыру
4-сынып әдебиеттік оқу сабағы: Абайдың Күз өлеңін оқу және талдау
3 А сынып әдебиеттік оқу сабағы: С. Сейфуллин Ақсақ киік өлеңін талдау және киікті сипаттауды үйрену
Бастауыш сынып әдебиеті: С. Сейфуллиннің Туған ел өлеңін оқу және талдау
Бастауыш сынып әдебиеттік оқу сабағы: Қытай ертегісі Сары ләйлек - мазмұн мен кейіпкерлерді талдау
Әдебиеттік оқу сабағы: Ара мен шыбын өлеңін талдау және А.Байтұрсынұлының өмірімен таныстыру сабақ жоспары
Абай Құнанбаевтың Күз өлеңін талдау және мәнерлеп оқу сабағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz