Сабақ жоспары :: Физика

Файл қосу

Э л е к т р ж а б д ы қ т а р ы н қ а й т а л а у

Ахметов Рашид
Оңтүстік Қазақстан облысы
Төлеби ауданы, Көксәйек ауылы
№9 Колледж МКҚК арнайы пәндер мұғалімі
«Білім беру ісінің үздігі» медалінің иегері

Оқытудың жаңа технологиясы.

Ең қарапайым жете таныс,оқу үрдісінде кеңінен қолданылып жүрген
«Ойын арқылы оқыту» технологиясы.
|Технологияның аты, |Мақсаты : |Ерекшеліктері : |
|авторы, әдебиеттер | | |
| | |Тұжырымның |Мазмұны |
| | | |мен |
| | | |әдістері |
|«Ойын арқылы оқыту»|- Дидактикалық |Ойындық |М а з м ұ н ы: |
|технологиясы | |іс-әрекеттің | |
| |- Тәрбиелік |психологиялық |1.Білімділік |
|Әдебиеттер: | |механизмі жеке |2.Танымдылық |
| |-Дамытушылық |бастың өзіндік |3.Шығармашылық |
|1.В.Г.Коваленко. | |талап-талғамдарына|4.Репродуктивтік |
|«Дидактические |- Білімділік |сүйенеді. | |
|игры» М. 1990 г. | | |Әдістері: |
| |- Әлеуметтендіру-| |1.Пәндік |
|2.Самоекина Н. |шілік. | |2.Сюжеттік |
|«Организационно-обу| | |3.Рольдік |
|чающие игры» М.1996| | |4.Іскерлік |
|г. | | |5.Драмалық |
| | | |6.Еліктеушілік |
| | | | |
| | | | |

Сайыс сабағы.
Мен өз сабақтарымда «Ойын арқылы оқыту» технологиясын жиі
пайдаланамын.Сайыс сабағын топтар арасында «сұрақ-жауап», «сәлемдесу арқылы
бір-біріне сұрақтар қою» және кезектесіп берілетін тапсырмалар арқылы
ұйымдастыруға болады.Мұндай сабақтарды өткізудің әр түрлі тәсілдері
бар.Олар: «Көңілді тапқырлар тобы» (КВН), «Брейн-ринг», Жұлдызды сағат»,
«Бақытты шақ», «XXI ғасыр көшбасшысы» сияқты атақты ойындар негізінде
ұйымдастырылатын жарыстар,ойындар,эстафеталар,талас-тартыстар.Сайыс
сабақтарын ұйымдастыру мен өткізу төмендегідей үш негізгі кезеңнен тұрады:
«дайындық, ойын сәті, қорытынды».

Пән аты: Автомобиль құрылысы.
Мамандығы : «Автомеханик»
Сабақ жоспары.
Тақырыбы: Э л е к т р ж а б д ы қ т а р ы н қ а й т а л а у .
Білімділік мақсаты: Оқушылардың білімін тексеріп, салыстыру
әдісімен электр жабдықтарының
қызметін, құрылысын, жұмыс істеу принциптерін, ақаулары мен күтімдерін
қайталау.
Тәрбиелік мақсаты: Әр түрлі жарыс элементтерін пайдалана
отырып, оқушылардың пәнге, техникаға
деген қызығушылықтарын арттыру.
еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамыту мақсаты: Оқушылардың ой-өрісін, сана-сезімін,
логикалық ойлау қабілеттерін, техникалық
танымдарын дамыту.
Сабақтың түрі: Сайыс сабағы, ойын арқылы оқыту.
Сабақты өту әдісі: Қайталау, сұрақ-жауап, байыту, жүйелендіру.
Оқыту құралдары: Интер белсенді тақта, оқулықтар, плакаттар, макеттер,
автобөлшектер, тестер,
сызбалар,бүктемелер және т.б.
Пәнаралық байланыс:МТҚК, автокөліктерді басқару негіздері,
физика, электротехника, ұлттық
педагогика,
ЖҚЕ. нарықтық экономика, информатика.

Берілген уақыт: 45минут.

Сабақтың жүруі.
1.Ұйымдастыру кезеңі. 2-3минут.
1.ҚР гимнін орындау.
2.Оқушылардың сабаққа дайындығын, қатысуын тексеру.
3.Кабинетті сабақ өтуге дайындау.
4.Үй тапсырмасы бойынша оқушылардың сұрақтарына
жауап беру.
2.Үй тапсырмасын сұрау. 3-5 минут .
Электронды оқулықтарды, макеттерді, плакаттарды, тесттерді пайдалана
отырып, «сұрақ-жауап» арқылы өткен тапсырмаларды сұраймын.

Бақылау сұрақтарының реті:
1.Электр энергиясының көздеріне нелер жатады?
2. Аккумулятор батареясының қызметін, құрылысын түсіндіріңдер?
3.Генераторлар туралы мәлімет беріңдер?
4.Ток көзеріне техникалық күтім көрсету, ақаулары ?
5.Электр энергиясын тұтынушыларға нелер жатады?

С А Й Ы С С А Б А Ғ Ы.
1 кезең: « Дайындық»
2-3 минут.
Сабағымыздың тақырыбы: «Электр жабдықтарын қайталау».
Бұл сабақты сайыс ретінде өтеміз. Яғни, команда аралық жарысты
ұйымдастыру арқылы өткен тақырыптарды қайталаймыз. Топ оқушыларын
2 командаға ( Қыран, Барыс) бөліп, капитандар сайлаймын.
« Қыран»командасының капитаны:.........................................
«Барыс» командасының капитаны:.........................................
Оқушылар арасынан әділ-қазылар алқасын сайлап,сайыс шарттарымен
таныстырамын.Тақтаға командалардың аттарын жазып, бөліп қоямын.
Ұпайлар саны 5 балдық жүйе бойынша есептеледі.
Ойынның әр бөлімінде ұпай санын әділ-қазылар есептеп,тақтаға жазып отырады.
Бұл оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын оятып, сабақтың
тартысты өтуіне септігін тигізеді.
Тақтаға сайыстың түрлерін жазып қоямын.
1. «Сұрақ- жауап» (ширату) сайысы.
2.«Тесттерді шешу» сайысы.
3.«Техникалық домино» (капитандар ) сайысы.
4.«Білімді мыңды жығар» сайысы .
5.«Шешендер» (Дебат) сайысы.
6.«Ғажайып шаршы» сайысы.
7.«Тапқырлар» сайысы.

2 кезең: «Ойын сәті»
25-30 минут.
1. «Сұрақ –жауап» сайысы.
Әр командаға алдын-ала дайындалған 10 сұрақтан қойылады. Әбір дұрыс жауап
бір ұпайға бағаланады.
«Қыран» командасының сұрақтары:
1.Электр тогы дегеніміз не?
Ж: Электрондардың өткізгіш бойымен бағытталған қозғалысын электр
тогы деп атаймыз.
2.КамАЗ-5320 жүк автокөлігінің электр жабдығының жүйесіндегі кернеу
қанша волтьке тең?
Ж: 24 Вольт.
3.Қалыпты жағдайда электр тогын мүлде өткізбейтін материалдарды қалай
атайды?
Ж: оқшаулағыштар (изоляторлар).
4.Жартылай өткізгіш приборларға нелер жатады?
Ж: диод, триод, транзисторлар.
5. Автотракторлардың үш фазалы генераторлары екі топқа бөлінеді. Оларды
атаңдар.
Ж: Қозғалмайтын және айналмалы қоздырғыш орамы бар генараторлар.
6. Оталдыру катушкасының алғашқы орамы қандай металдан дайындалады?
Орамының диаметрі қанша мм-ге тең?
Ж:диаметрі 0.8 мм изоляцияланған мыс сымынан жасалады.
7. Жарықтандыру жүйесінің лампалары толтырылуына қарай қаншаға бөлінеді?
Ж: Бос және газбен толтырылған лампалар болып 2-ге бөлінеді.
8.Фара қандай қызмет атқарады?
Ж: Фара- жүріп келе жатқан машинаның алдыңғы жол учаскесін
жарықтандыруға арналған.
9. Стартерді неліктен аз уақытқа (5-15 сек) ғана қосып қояды?
Ж: Аккумулятор батареясын разрядтамау үшін.
10. Май қысымын көрсеткіш прибор қалай аталады?
Ж: Манометр.

«Барыс» командасының сұрақтары:
1.Тұрақты ток дегеніміз не?
Ж: Электрондардың бір бағыттағы қозғалысы тұрақты ток деп аталады.
2.ГАЗ-53 А автокөлігінің электр жүйесіндегі кернеу қанша вольтқа тең ?
Ж: 12 Вольтқа тең.
3.Генератор негізгі қанша бөліктен тұрады?
Ж: 3 бөліктен: статор, ротор, түзеткіш блок.
4.Айнымалы токты түзеткіш ретінде қолданылатын прибор қалай
аталады?
Ж: Диод.
5. Аккумулятор батареясының заряды мен генератор жұмысын бақылау қызметін
атқаратын прибор қалай аталады?
Ж: Амперметр.
6. ЗИЛ-130 қозғалтқышының қуаты қанша кВт (а.к.)?
Ж: 110,36 кВт (150 а.к)
7. Г-250 Г1 (ГАЗ-53 А) генараторының номинальді тогы қанша амперге тең?
Ж: 28 А.
8. От алдыру катушкасының екінші орамының диаметрі қанша мм? Жіңішке сымы
қанша айналымнан тұрады?
Ж:Диаметрі 0,1мм. 18-20 мың айналымнан тұрады.
9. Үзгіш қандай қызмет атқарады?
Ж: Төменгі кернеулі токты үзу қызметін атқарады..
10. Буданды моторлар дегеніміз не?
Ж: Бір автокөліктің екі түрлі моторды пайдалануы. Мәселен, іштен
жану моторы мен аккумулятормен жұмыс істейтін электр моторы.

2. « Тесттерді шешу » сайысы.
Әр командадан 5 оқушыдан қатысады. Шешімін әділ-қазылар тексеріп,
тақтаға жазады.
3. « Техникалық домино » (капитандар) сайысы.
Қыран ком. капитаны:...........................................
Батареядан оталау жүйесінің төменгі кернеулі ток тізбегін дұрыс
орналастыру.
1.АКБ, Генератор 2.Оталдыру қосқышы
3.Оталдыру катушкасының алғашқы орамы.
4. Үзгіш. 5.Масса
Барыс ком. капитаны:............................................
Батареядан оталу жүйесінің жоғарғы кернеулі ток тізбегін дұрыс орналастыру.
1.Оталдыру катушкасының екінші орамы.
2. Таратқыш 3.Жоғары кернеу өткізгіштері.
4.Оталу свечасы. 5.Масса.

4. «Білімді мыңды жығар» сайысы.
Интер белсенді тақтаны,плакат, макеттерді пайдалана отырып электр
жабдықтарының қызметін, құрлысын, жұмысын, ақауларын түсіндіру.
Қыран командасының сұрақтары:
1.Аккумулятор батереясын талдау. 6ТСТ-182ЭМС (УАЗ-469)
2.Оталдыру жүйесі.
Барыс командасының сұрақтары:
ЗИЛ-130 автокөлігінің электр жабдықтарының схемасы.
ЗИЛ-130 автокөл. АКБ-сын талдау.6 СТ-78 ЭМС
Әр командадан 2 оқушыдан қатысады.

5.«Шешендер» (Дебат) сайысы.
Тақырып бойынша әр шешен 2 минуттан сөйлейді.
Қыран ком. шешені:..........................................
Тақырыбы: « Қазақстанға өз автомобиль заводын салған тиімді»

Барыс ком. шешені:.......................................
Тақырыбы: «Қазақстанға өз автомобиль заводын салған тиімсіз»

Әділ-қазылар 2-ші турда таратқан тесттерді жинап, тексеріп,
қорытындысын тақтаға жазады.

6. « Ғажайып шаршы» сайысы.

|1 |1 |1 |
|2 |2 |2 |
|3 |3 |3 |
|4 |4 |4 |

Сайыскерлер алды- артын оңдасын,
Шешілмеген сұрақтарың қалмасын. «Ғажайып шаршы» бөлімінде,
Таблодан сұрақтарды таңдасын.

Әр командадан екі оқушыдан қатысады. Сайысты ұпай саны аз команда
бастайды. Жауап бере алмаса келесі команда ұтып алуына болады. Ұпай саны
цифрға сәйкес бағаланады.
Сол жақтағы 1 Электротехника.
Ток жиілігінің өлшем бірлігі ? ( Гц)
Оң жақтағы 1. Физика.
Ең аз заряды бар бөлшек? ( Электрон)
Ортадағы 1. Математика.
450 кг бидай қанша центнер болады ? (4,5 ц)

Сол жақтағы 2. Автомобиль
құрылысы.
Дүние жүзінде жылына канша автокөлік шығарылады ? (50 млн.)
Оң жақтағы 2. Нарықтық
экономика.
Жалпы табыстан шығынды шегерсек не шығады?(пайда)
Ортадағы 2. ЖҚЕ
Реттеушінің қолын жоғары көтергені нені білдіреді? (Көлік құралдары мен
жаяу жүргіншілердің барлық бағытта қозғалуына тыйым салынады)
Сол жақтағы 3. Тарих
ҚР-ның ең бірінші еңбек ері атағы кімге берілді? Оның аты-жөні мен
мамандығын атаңыздар? (Алматыдағы № 159 Ы.Алтинсарин атындағы мектеп-
гимназиясының директоры Аягүл Миразова)
Оң жақтағы 3. Химия
Қазақстанда мұнай өңдейтін қанша завод бар? Оларды атаңыздар ?
(3 завод бар: Шымкент, Павлодар, Атырау)
Дизельді моторда жанармай қоспасы қалай тұтанады?
(Өздігінен)

Сол жақтағы 4. Автомобильді
басқару негіздері.
Алғаш рет жол - көлік оқиғасы қашан тіркелді?
(1886ж. Ал 1889ж адам өліміне алып келді)
Оң жақтағы 4. МТҚК
Автокөліктерге жүргізілетін техникалық күтім түрлерін атаңыздар.
(күнделікті,ТК-1, ТК-2, маусымдық)
Ортадағы 4. Автомобильдің
құрылысы.
Автокөліктерде кездесетін ақаулардың 50% -на жуығы қай жүйеге тиесілі?
(электр жабдықтары жүйесіне)

7. «Тапқырлар» сайысы.
Электр жабдықтарының маркаларын дұрыс тауып көрсету.
Әр командадан екі талапкерден қатысады.
Қыран командасы:1........................................
2.......................................
Барыс командасы: 1........................................
2.......................................

Электр жабдықтарының маркалары.

|№ | Сұрақтар |Жауабы (маркалары) |
|1 |ГАЗ-53 А автокөлігінің генераторы. |Г-250Г1 |
|2 |КамАЗ-5320 автокөлігінің электр стартері. |СТ142-Б |
|3 |УАЗ 469 автокөлігінің АКБ-сы |6ТСТ-182ЭМС |
|4 |ГАЗ-53А автокөлігінің реле реттеуіші. |РР-362 |
|5 |ЗИЛ автокөлігінің дыбыс сигналы |С-44 |
|6 |Жүк автокөліктерінің от алдыру катушкасы |Б-114 |
|7 |Транзисторлы комутатор (ЗИЛ-130) |ТК-102 |
|8 |ГАЗ-3102, УАЗ-469 авт.эл. стартері. |СТ-230Б |
|9 |ВАЗ-2121 НИВА авт. Свечасы. |А17ДВ |
|10 |ГАЗ-53А автокөлігінің дыбыс сигналы. |С-56Г |

3 кезең. «Қорытынды»
3-5 минут.

1. Жеңген команданы жариялау, мақтау қағаздарын табыс ету.
2.Сайысқа түскен оқушылардың білімдерін бағалап, саралап, кемшіліктеріне

тоқталып өту, белсенділік танытқан оқушыларды атап өту.
3.Бағаларды естірту. Журналға, күнделіктерге баға қою.
4.Үйге тапсырма беру.

Пайдаланылған оқулықтар :

1.Автомобильдің құрлысы және пайдалануы.
П.Ж.Жүнісбеков Астана-2007.
ІV бөлім, 168-185 беттер.

2.Тракторлар мен автомобильдер.
В.А.Родичев, Г.И.Родичева.
Алматы»Мектеп» 1987.

3.Автомобиль ВСДЕ.
В.М.Кленников, Н.М.Ильин.
Москва «Транспорт» 1988.

4. Автокөліктердің құрылысы.
Ю.И.Боровских, В.М.Кленников.
Москва «Жоғарғы мектеп» 1983.

5. Модульдік оқыту технологиясы.
М.М .Жанпейісова.
Ақтөбе 1999.

6.Ойын арқылы оқыту технологиясы.

Ұқсас жұмыстар
Күш, деформация, динамометр, Гук заңы
8 сынып. қатты денелердің деформациясы
Терезе элементтері
Құстар аймағына арналған сұрақтар
Проценттерге берілген есептер
Тіл дамыту тапсырмалары
Галогендер және олардың қосылыстары
Windows терезелері. Терезе элементтері мен құрылымы
Оқушының ұпайы
Дыбыс және толқындық қозғалыс тарауын қайталау
Пәндер